Детективті хикаят


нағыз дос адам — өзiне сенiм көрсеткен адам. Сол сенiм



бет5/7
Дата19.09.2023
өлшемі1,02 Mb.
#108434
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Сүлеймен қарақшы Ересек

нағыз дос адам — өзiне сенiм көрсеткен адам. Сол сенiм көрсеткен адамның арғы-бергiсiне көз жүгiртiп, «шынында осы кiм?» деген ой төңiрегiнде әсте ойланбайтын. Ал жау деп өзiне қарсы шыққандарды ғана есептейтiн. Қысқасын айтқанда, ол өмiрдегi қыбырлаған пенделердiң iшкi дүниесiне үңiлудi бiлмейтiн. Бәрiн бар күйiнде қабылдайтын. «Батыр аңғал келедi» дегендей, осы аңғалдығынан ол талай рет опық жеген. Дәл қазiр осы жатысының түп мәнiсi неде екенiн ойлаудан гөрi «менi осындай күйге түсiрген бұзақының ендi басын алмай қоймаспын» деп кiжiне:

    • Ей, кiм бар? Ей, бұл қай жер? Мен неге жатырмын мұнда?!

  • деп айқайға басты.

Айқайлап жатып, ары-берi аунады. Екi жаққа аунағанда да қабырғаларға тез соғылды. Осыған қарап, бiр тар қапаста жатқанын пайымдады. Содан қанша тепсiне тыпырлап, қанша бұлқынса да, жiптi үзе алмады. Сiрә, қаскөйлер қол-аяқты бекем жiппен шандып тастаса керек.
Бiр кезде оң жақтан шиқылдап есiк ашылды да, қолына шам ұстаған бiреу кiрдi.

    • Кiмсiңдер-ей? Мен мұнда неғып жатырмын?

    • Неге айқайлайсың сонша?! Өлiгiңе асығып жатырсың ба? Оған еш асықпа. Қазiр бiраз нәрселердi көресiң. Содан кейiн аяқ- қолдарыңды бiр-бiрлеп шауып, қансыратып өлтiремiз.

Сөйлеген адамның даусы жiп-жiңiшке екен. Құлағына жағымсыз естiлдi.

    • Қатынның даусындай үн шығарып, оттап тұрған бұл қай сұмырай? Босат менi тезiрек!

    • Сенi босатып, бiздi ақымақ дейсiң бе? Жұрт сенi «жүдә күштi» дейдi. Күштi болсаң өзiңдi матаған арқанды үзiп көршi. Ә, айтпақшы, бiздi «қорқақ, опасыз» деп айтады екенсiң. Қорқақ пен опасыздықты көрсетем саған. Мә, ал сыбағаңды, — деп әлгi Сүлеймендi екi-үш тептi. — Бiз қорқақ, опасыз емеспiз. Сен сияқты баладай аңқау, түйедей қопал немелердi қалай қолға түсiрудi бiлемiз. Өдiмәт әкам саусағының ұшын тигiзбей-ақ сенi сiлейтiп түсiрген жоқ па?

    • Өдiмәтқа не iстеппiн? Оған еш жамандық қылмаған едiм...

    • Өдiмәтке қылмасаң, бiзге қылдың. Өдiмәт те бiздiң адам. Ай, осы атан бурадай болған қазақпен мен несiне сөйлесiп тұрмын.

«Адам жегiштердi қырам» депсiң ғой. Көрейiк, қырғаныңды. Жоқ, алдымен бiздiң қалай адам жейтiнiмiздi көр. Әйда, жiгiттер, апарыңдар қасапханаға! — деп бұйырды әлгi адам артына бұрылып.
Сүлеймен байқамапты, оның артында төрт-бес жiгiт тұр екен. Бәрi бассалып, мұны есiктiң сыртына дедектете сүйредi. Сүйреп әкеп, жан-жағында бiрнеше шырақ жанған, жап-жарық кең бөлмеге жатқызды.

    • Пәленiң сонша ауырын-ай!

    • Осының өзiн сойып жей салсақ қайтедi? Етi көп шығар.

    • Түк етi жоқ. Денесiнiң бәрi сүйек. Бiз ит емеспiз, сүйек кемiретiн.

Сүлеймен нағыз адам жейтiн жөйiттердiң ортасында жатқанын ендi бiлдi. Бiлдi де, «адам жейтiндер қандай болады екен» деп, оларға бажайлай қарады. Олардың кәдiмгi адамнан еш айырмашылығы жоқ. Бәрi кәдiмгi екi аяқты пенде. Тек белдерiне түскен сақалдары ғана қораштау көрiнедi. Көздерi жанып тұрған анау шырақтар секiлдi жылт-жылт етедi.

    • Әй, сендер адам жейтiн жөйiтсiңдер ме?

    • Сенбей жатырмысың? Қазiр көресiң онда.

Бөлме iшiне қолдарында ақ қойдың терiсiнен иленiп жасалған екi-екiден сыпыра ұстаған үш әйел кiрдi. Әйелдер сыпыраларын жерге жайып-жайып тастады. Содан соң сыпыра үстiне ұн шашты. Осыларды көрiп жатып, Сүлейменнiң есiне Қарынтай айтқан әңгiме түстi. Ендi соны өз көзiмен көрiп жатыр. Көрдi дегенi болмаса, бойы ыза мен кекке толып, iштей назаланып, өртенiп-ақ жатыр. Бiрақ байлаудан босана алмай, мысы құрып, амалсыз шыдауда.
Әлден соң сыпыра айналасына адамдар толды. Әйел-еркегi бар жиырма қаралы адам ұн себiлген сыпыраны қоршай тұрды. Олар айнала тұрғанда Сүлейменнiң бас жағынан әлдеқандай әйелдiң сыңси жылаған үнi шықты. Бiрақ сыңсу ұзаққа созылмады. Екi жiгiт бiреудi сүйреп әкеп, сыпыра үстiне лақтырып тастады. Сүлеймен қараса, тура көз алдында жап-жас қыз жатыр.
Қарсы алдындағы бетi ары қараған қыздың қай ұлттан екенiн ажырата алмады. Өзiн тырдай жалаңаш етiп, шешiндiрiп
тастапты. Байғұста үн жоқ. Тiптi демалысы да бiлiнбейдi. Сiрә, қорыққанынан талықсып кеткен тәрiздi.
Сүлеймен қызға қарағысы келмей, көзiн жұмды. Артынша селт етiп, қайта ашты. Себебi нақ осы сәтте жөйiттер түсiнiксiз тiлмен өлең айта бастады. Қандай өлең екенi белгiсiз, әйтеуiр бәрi қосылып қой маңырап, есек ақырғандай дауыс шығарып, сыпыраны айнала секiрiп биледi. Өлеңдерiн бiраз уақыт айтты. Сонша уақыт секiрдi. Әлден уақытта өлеңдерiн де, секiрулерiн де сап тиып, қайта дөңгелектенiп тұра қалысты. Жалаң аяқ бiреуi сыпыра үстiндегi ұнды басып келдi де, қырынан сұлаған қызды шалқасынан жатқызды. Сөйттi де оның есiн жидырмақ боп, жағынан шапалақпен бiр-екi рет ұрды.
Қыз ыңырси көзiн ашты. Қайқы кiрпiк, қасы-көзi қап-қара сұлу жан екен. Жас шамасы он бес-он алтыларда. Шапалақтың әсерiнен көзiн ашқан ол, айналаға жалтақ-жалтақ қарады да «аһ» деп қайта талықсыды. Жанындағы жөйiт аяғымен iшiнен басып- басып жiбердi.

    • Түнде Бекаба жәкем мұны қатын қылғанда да талып қалған. Ендi мен зорлап, есiн жиғызайын ба? Мұндай әдемi қыздың алдымен тiрi жанын иеленiп алу керек-ә? Қалай қарайсыңдар? Мына дәу қазақтың алдында осының үстiне қона кетейiн бе? — деп ол серiктерiне қарап, жағымсыз күлкiмен ха-ха-халады.

    • Ей, сен, еркектiгiндi көрсетiп, мейрамды бұзба! Тұрғыз оны орнынан! Егер тұрғыза алмасаң, екi-үш жiгiт жабылып қолтығынан көтерiңдер де бiзге жақындатып, сүйреп жүрiңдер. Ұнды қандайық та, — дедi бiреу тұрғандардың iшiнен.

Қыздың жанына тағы бiреу келдi. Екеуi жабылып, қызды қолтығынан көтерiп жағалай тұрғандарға сүйредi. Сыпыра шетiндегi кiшкене бойлы бiр қатын қыздың санына iстiк темiрдi сұғып алды. Ес-түссiз қыз осы кезде жан даусы шыға бұлқынып- бұлқынып кеттi. Шiркiн, жан беру оңай ма? Жандәрмен бұлқынып қалғанда, анау екеуiнiң қолынан сытылып шықты да, керi қашты. Көлденең жатқан Сүлейменнiң аяғынан секiрiп өткенде, бұл жақтағы бiр жөйiт әлгiндей iстiк темiрiн оның қарнына кiрш сұқты. Жандалбасалаған қыз ендi берi жүгiрдi. Бiрақ айнала топталған жөйiттер шетке жiберсiн бе, бiреуi бiз, бiреуi пышақ
ұрып, қызды қандала еттi. Аққан қан сыпырадағы ұнға тамшылап жатыр. Қыз әрi-берi жүгiрген сайын қан араласқан ұн қанданып, илене бердi.
Дәл мынадай жауыздықты көрмеген Сүлейменнiң тұла-бойы түршiгiп, жүрегi аузына тығылды.

    • Тоқтатыңдар! — деп ол үйдi басына көтере айқайлады. — Тоқтатыңдар, өңкей кәпiрлер! Адам баласын бұлайша қорлау не деген жауыздық...

Ақырған арыстанның үнiндей болып шыққан дауыстан селк еткен жөйiттер бiр сәт iркiлдi. Күндей күркiреген дауыстың шеттен емес, байлаулы Сүлейменнен шыққанын iле-шала ұққан олардың бiрi:

    • Үйелеген бұқадай боп жатқан сорлы неме. Қызға жаның ашып жатыр ма? Қазiр өзiң де өлесiң. Бақырмай жата тұр, — деп мұның iшiне бiр тептi.

Тепкi тура асқазанның үстiнен тидi. Қанша мықты болсаң да, ол тұс қатты соққыға төтеп бере алмайтын осал жер емес пе? Сүлейменнiң iшегi түйiлiп, демi тарылды. Ал жөйiттер бұған қайта қарамады. Қызды шырқыратып, сыпыраның ана шетi мен мына шетiне қуып жүр. Аздан кейiн бақыру мен қалбалақтап жүгiруден, оған қосылған тән ауыртпалығына шыдас бере алмаған қыз ортаға құлап түстi. Құлап түстi де, тiстерi-тiстерiне тимей қалшылдап, дiр-дiр етiп, дөңбекши бастады. Жөйiттер оның ендi тұра алмайтынын бiлдi ме, бiрi оған жақын келiп:

    • Қаны түк аққан жоқ. Қан жөндi араласпаған ұнның мантысы

тәттi болмайды, — дедi де қыздың мойын күре тамырының екеуiн де пышақпен осып-осып жiбердi. Ол аздай, екi тiрсектi де қиып тастады. Күре тамырдан атқылаған қан ұн үстiн қып-қызыл түске бояды.
Iшiне тепкi тигеннен, әрi мына қыздың аянышты халiне қатты назаланған Сүлеймен екi қолын бар күшпен екi жаққа тартып жiбергенде, жiп үзiлiп кеттi. Мықты байлау қиған қолдары әп- сәтте қызынып, төмен тартты. Соған қарамай, тұра бердi де, қайта жатты. «Ендi аяқтарымды босатып алайын» деп, тiзе тұсындағы жiптiң байлауын ақырын шештi.
Бұл кезде жөйiттердiң әйелдерi қан араласқан ұнды қамыр етiп домалақтап жатқан. Ал еркектерi қыздың етiн боршалауға
кiрiскен. Олардың iске жан-тәндерiмен кiрiскендерi сондай, Сүлеймен аяғындағы байлауды шешiп тастағанын байқамады. Аяғындағы жiптiң ең соңғы орауын сыпырған Сүлеймен ыршып тұрды. Ыршып тұрып, қызды қаумалай қоршап, сойып жатқан жөйiттерге жетiп барды да, шеттегi бiреуiнiң бүйрек тұсынан бiр соқты. Ол артына қарап та үлгермей, сыпыраны сүзе құлады. Одан соң екiншiсiн, үшiншiсiн... Әп-сәтте жетi жөйiт өлген қызбен қатар жатты. Сүлейменнiң жылдам қимылдағаны сондай, жетi жөйiт жер құшқанша, мұның босанып кеткенiн ешқайсысы байқамады.

    • Ойбай, көтек. Мына дәу қазақ босанып кетiптi ғой, — деп баж еттi сыпыра үстiндегi ұнды домалақтап жатқан бiр әйел осы кезде.

Сүлеймен оны ұстай алды. Қалған жөйiттер секiрiп-секiрiп шетке ығысты да, пышақтарын жалаңдатып, бұған қарсы тұра қалысты. Бәрi мұның қалай босанып кеткенiне таң қалысқандай, аз-маз сәт таңырқасып тұрды. Iшiндегi тез ес жиған бiрi:

    • Жабылайық! — деп айқайлады.

Сүлеймен олардың жабылғанын күтпедi. Қолындағы әйелдi зат секiлдi көтерiп алды да, соларға қарап лақтырып жiбердi. Әйел көлденеңiнен ұшып барып, аналарға тигенде, қатарласқан жөйiттердiң үш-төртеуi шалқасынан түстi. Қалғандары есiкке қарай қашты. Бұл құлағандарға жетiп барып, тұра сап қашуға әрекеттенген бiреуiнiң желкесiнен бүре ұстап, екiншi қолымен басынан перiп қалды. Жөйiт бiрден сылқ еттi. Бiрақ оны жiбермеген күйi көтерiп алып, жерде жатқандарды бiр ұрды. Жатқандар өлмесе де, өлердей болды. Бағаналы берi тұла- бойындағы жиналған ашудың әсерiнен оларды бiр-бiр соғып алды. Жатқандардың бiрi әйел екен. Оны ұрмады.

    • Сен, қатын, берi кел, — деп оның шашынан тартып тұрғызды. Әйел сорлы қалш-қалш етедi. — Қорықпа, сенi өлтiрмеймiн. Маған шығар есiктi көрсет.

Сүлеймен әйелдiң шашын жiбермеген күйi алға итермеледi. Жаңа ғана жөйiттер адам сойған кең бөлменiң бiр шетiнде киiзбен жабылған есiк бар екен. Әйел үн-түнсiз солай жүрдi. Ол жерден өткесiн, қап-қараңғы қуыспен бiраз жүрдi. Одан соң жоғары көтерiлдi. Бiр кезде қуыс тарыла түстi де алдағы әйел қолымен
сипаланып, бiрдеңенi ысырып қалғанда жарқырап дала көрiндi. Әйелдiң әлгi сыпырып ашқаны да киiз екен. Кiре берiс тесiктi сонымен тұмшалап қойыпты.

    • Бұл қай жер? — дедi Сүлеймен сыртқа шыққасын.

    • Ескi қорғанның орны ғой.

    • Шаһар алыста ма?

    • Анау өзендi жағалап жүрсеңiз, демде жетесiз.

    • Ол қай өзен?

    • Салар.

    • Жаңағы қашқан жөйiттер қайда кеттi?

    • Бiр жерге тығылып қалған шығар.

    • Бекаба осында ма?

    • Жоқ, ол кiсiнiң үңгiрi Бозсудың бойында.

Сүлеймен айналаға көз тастады. Жан-жақтың бәрi төбешiк- төбешiк болып үйiлген ескi тамдардың орны. Шетте айнала ескi қорғанның үйiлген қалдығы көрiнедi. Табан астында ескi қыштардың сынықтары шашылып жатыр. «Сұм жөйiттер адам жейтiн орынды құп тапқан екен».

    • Жүр, маған шаһарға баратын жолды көрсет.

Әйел алда, Сүлеймен артта жүрiп, жиырма қадамдай өткенде, алдыңғы үйiндiнiң тасасынан бiр еркек шыға келiп, оң жаққа қашты. Сүлеймен әйелдi тастай салып, қуып бердi. Анау желаяқ екен. Бұл оған жете алмасын бiлдi де, бiр қыштың сынығын ала сап, лақтыра ұрды. Қыш қашқынның тура жон арқасына тиiп, етпетiнен түсiрдi. Сүлеймен жүгiрiп барып, шап бердi.

    • Өлтiрмең, өлтiрмең. Қызды әкелген мен емес, — деп жалынды ол.

    • Ә, өлiмнен қорқасың ғой тағы. Жаңағы қыз өлiмнен қорықпады деймiсiң. Басыңды жұлып алайын сенiң, — деп ұрайын деген оймен қолын көтерiп тұрып, сабыр сақтады.

    • Айтқанымның бәрiне жауап берсең, өлтiрмеймiн.

    • Сұраңыз, сұраңыз. Бiлетiнiмнiң бәрiн айтайын.

    • Менi шаһарға қарай алып жүр. Сұрайтынымды жолай сұраймын.

Сүлеймен оның артқы етегiнен ұстап алды. Екеуi ескi қорғанның үйiндiсiнен асып түсiп, өзен жағасындағы жалғыз аяқ жолға шықты.

    • Бұл жерде қашаннан берi адам жейсiңдер?

    • Мен бұлардың қатарында бала кезден берi бармын. Сол уақыттан берi осында адам әкеп жеймiз.

Осы сөзi үшiн Сүлеймен оны мыжғылап тастағысы келдi.
Бiрақ бәрiн бiлiп алайын деген оймен өзiн-өзi тежедi.

    • Адам жеу сендерге кәсiп пе? Қай ұлтсыңдар өздерiң? Бәрiң осы жердiң адамдарына ұқсайсыңдар ғой?

    • Бiздiң түбiмiз Бұхара жақтан. Осыдан қанша жыл бұрын екенiн бiлмеймiн, бiр кездерi Бұхара ханы бiздiң адам жейтiн қауымды қырып салған екен. Содан аман қалған бiр топ аталарымыз бас сауғалап, осында қашып келiптi. Солардан өрбiген бiздер де адам жеудi жалғастырып келемiз.

— Өкiмет бiлмей ме бұларыңды?

  • Бiлуiн бiледi ғой. Бiрақ бiздi ұстауы қиын. Қайбiр жылы бiраз туыстарымыз ұсталып қалған.

  • Оларды қайттi?

  • Көбiсi ату жазасына кеттi. Ал қалғандарын итжеккенге айдап жiбердi.

  • Сендердi ата салу — аз. Өздерiң адамды қалай сойсаңдар, сендердi де солай сойып, қинап өлтiру керек. Осы келе жатқан жерiңде қазықтай қаға салайын ба?! — деп Сүлеймен тiстене қолын көтердi. Жөйiт қолдарымен басын қорғаштап, төмен бұқты.

  • Сұмның жанының тәттiсiн қара тағы... Адам жеу сендерге не үшiн кәсiп болып жүр? Күнде жесеңдер, бiр күнi Тәшкендегi әйелдер мен жас балалардан түк қоймайтын шығарсыңдар.

Өзiне әзiрше таяқ тимейтiнiн бiлген жөйiт бойын тiктедi.

    • Бiз адамдарды күнде жей бермеймiз. Әр ай жаңарғанда, бiздiң қауымның құрбандық мерекесi болады. Құрбандыққа адам шалып, етiн жеймiз...

Сүлейменнiң жыны тағы қозды. «Етiн жеймiз» дегенiн есiткенде, жөйiттi қалай бiр ұрғанын өзi де бiлмедi. Етпеттей құлап түскен оны көтерiп тұрғызды да, сiлкiп-сiлкiп жiбердi.
Реңi құп-қу болған ананың аздап жаны кiрдi. Содан бiр-екi рет зорға дегенде терең тыныстады:

    • Ұрмаңызшы ендi...

    • Мерекелерiңдi адам жемей өткiзсеңдер болмай ма?

    • Адам етi тәттi болады. Әсiресе семiз әйелдер мен жас қыздардың. Бiлмеймiн, үйренiп қалғандығымыздан ба, әйтеуiр соған аңсарымыз ауып тұрады.

    • Адам етiне аңсарыңды аудырған тәбетiңдi бiраздан кейiн өз қаныңды iшiп басатын боласың. Әзiрше әңгiмеңдi айта бер. Жейтiн адамдарыңды қай жақтан ұрлап әкелесiңдер?

    • Кейде шаһарға таяу ауыл-ауылдардан ұрлаймыз. Ал көбiне Тәшкендегi базарлардан әкелемiз.

    • Қайтiп?

    • Үлкендерiнен сәл көз жазып қалған балаларды жылы сөзбен, болмаса тәттi мәмпәси берiп алдап, үлкендеулерiн аңдып жүрiп, оңашада қапыда бас салып, ұрып талдырамыз да арбаға артып аламыз. Ұрлаудың түрi көп қой. Көктемде, жазда шаһарға қаңғып кеп қалатын долылар да кейде бiзге көмектеседi. Тiптi олардың кейбiр уақыттарда өз балаларын да сатып жiберетiн кездерi болады. Қазiр Шымкент жақтан ауып кеп жатқан аш қазақтар да, бiзге жүдә оңай олжа боп жүр.

    • Адамдарды дәл сол мерекелерiңнiң алдында ұрлайсыңдар ма?

— Қай кезде болса да ұрлай беремiз. Жаңа өзiңiз болған үңгiрдiң iшiнде қуыс-қуыс бөлмелер көп. Мерекеге дейiн ұрланғандарды сол жерде бағамыз.

    • Оларды қашырмай, қайтiп ұстайсыңдар?

    • Қол-аяқтарын байлап қоямыз да. Содан соң оларға көбiнесе қан көбейтетiн шөптiң қайнатпа суын беремiз. Соятын адамның қаны көп болса, соғұрлым жақсы.

    • Қазiр сенi тура мiлисаға апарып өткiзем. Бәрiңнiң көздерiңдi құртсын. Әй, жоқ, мiлиса сендердi жеңiл-желпi жазамен соттап жiберуi мүмкiн. Абақтыдан келген соң кәсiптерiңдi тағы жалғастырып, талай адамның түбiне жетесiңдер. Одан да барлықтарыңның көздерiңдi өзiм құртам. Бiрiншi сенен бастаймын. Жоқ, бұл да болмайды екен. Егер сенi өлтiрiп қойсам, басқа жөйiттердi таба алмай қалам. Осыдан өлмей, тiрi қалғың келсе, соларды көрсет маған. Уай, айтпақшы, басты нәрсенi

ұмытып барады екенмiн. Шорадағы керуен сарайда Өдiмәт маған не iшкiзiп есiмнен тандырып тастады?

    • Сiзге меңдуана мен көкнәрдiң қайнатпасы қосылған судан арнайы палау пiсiрiлдi. Шәйдi де сол қайнатпадан демдеп, өзiңiзге берiп отырды. Ондайдан пiсiрiлген тамақ пен демдеген шәйдi iшкен адам түк бiлмей ұйықтап кетедi.

    • Менi үңгiрге қалай жеткiздiңдер?

    • Түндi күттiк. Жетi-сегiзiмiз жабылып, арбаға зорға салдық. Бiз сiздi қанша көтерiп, қанша сүйрелеп жатсақ та, тұп-тура бiр күн тұяқ серiппей ұйықтадыңыз.

    • Пайымдауымша, Өдiмәт сендердiң адамдарың-ау деймiн. Ол да адам жей ме? Менiмен бiрге отырған базардың ұлықтары да жөйiт болғаны ма?

    • Өдiмәт жөйiт емес. Оған сiздi «ұстап бер» деп бұйырған Бекаба. Ал сiзбен бiрге отырғандардың да ешқайсысы ұлықтар емес. Сiзге сырттай кектенiп жүрген бiздiң адамдар.

    • Өдiмәт Бекабадан қорқа ма?

    • Қорықпай көрсiншi. Бiр күнде түп-тамырымен құртып жiберсiн. Өзiңiзбен отырғандар Бекабаның ең сенiмдi адамдары. Бүгiн кешiрек олар сiздi союға келуi керек едi. Осыдан бiраз жыл бұрын Тәшкенде Қараман деген қарақшы қазақ болатын. Оны да бiр рет жей жаздағанбыз. Бiрақ ол да құтылып кеткен. Ол сiз секiлдi дәу, әрi күштi болмаса да сұмдық айлакер, оқ жылан сияқты шапшаң екен. Шетiмiзден ұрып, қашып кеттi...

    • Қараман бұл жайын айтқан жоқ едi. Кейiн сендерден кек алды ма?

    • Көбiмiздi танымай қалды-ау деймiн. Сонда да болса, үш- төрт бауырымыздың көзiн құртты. Қалай құртқанын бiлмеймiз. Әйтеуiр олар зым-зия жоқ болып кеттi. Сөзiңiзге қарасам, оны танитынға ұқсайсыз ғой.

    • Онда шаруаң болмасын. Қараман содан кейiн неге үңгiрлерiңнiң тас-талқанын шығармады?

    • Оны басқа жерге апарғанбыз. Қараман құтылып кеткеннен кейiн ол жерге бармай қойдық. Бiздiң тәсiл солай. Егер iнiмiзден бiр адам сытылып кетсе, ол iнге қайта бармаймыз. Шаһар төңiрегiнде өзiмiзге лайық жерлер көп.

    • Бекаба қай жерде отырады? Алдымен соған ертiп бар!

    • Ой, ол байпатшаның отыратын жерiн мен бiлмеймiн. Керек десеңiз, өзiн көрген де емеспiн. Оған ең жақын серiктерi ғана бара алады. Бiз секiлдi майда-пашақты байпатша не қылсын.

    • Қанiшердi «байпатша» деп ұлықтайсыңдар ма? Осыдан қолыма түссiн... Сен жаңа «бүгiн кешiрек сiздi союға бiр жөйiттер келуi керек едi» дедiң. Менi қалай соймақшы едiңдер?

    • Сiздi бағанағы қыз секiлдi соя алмас едiк. Байлаулы күйiңiзде ұн үстiне қансыратып тастар едiк те.

    • Ендi шеттерiңнен өздерiң қансырайсыңдар. Сенiң әңгiмеңдi тыңдаймын деп, шаһарға да келiп қаппыз. Ойпырай, әкеңнiң аузын...дер. Үңгiрлерiңдi қаладан әжептеуiр алыс жерден таңдағандарыңды қараңдар. Күн ендi кешкiрдi. Бiз екеумiз түн болғанша, анау жаман тамның iшiне тығыла тұрамыз. Әйтпесе менi көрген жөйiттер үйлерiнен қашып кетер. Ал түн болысымен серiктерiңнiң үйлерiне бiр-бiрлеп ертiп барасың. Түсiндiң бе-ей, қанқұмар жөйiт! — деп Сүлеймен оны нұқып қалды.

Бағаналы берi иманы ұшып, бар шынын айтқан жөйiт:

    • Ләппай, ләппай, — деп басын идi.

Шаһар шетiндегi жаман там iшiнде Сүлеймен қашан түн болғанша, жөйiттiң етегiнен тас қып ұстады да отырды. Жөйiт сорлыда ләм деуге шама қайда? Сүлеймен оны анда-санда ермек үшiн мыжғылап-мыжғылап қойса да, ол қорыққанынан түн түсiп, қашан орындарынан тұрғанша мыңқ етпедi.

    • Ал, айт, кiмнен бастаймыз?

    • Мен бiлсем ендi олардың барлығы сiздiң қашып кеткенiңiздi естiп, дүрлiгiп жатқан болар. Қазiр үйдi-үйлерiнде отырмаған шығар дегенiм ғой...

    • Әй, менi қашып кеттi деп намысыма тиме. Мен ешуақытта қашпаймын! — деп Сүлеймен оны тағы бiр ұрды.

Жерге жалп етiп құлаған жөйiт тұруға қорыққандай тым- тырыс жатты. Құдды бiр қыран тырнағына iлiккен түлкiдей дыбыссыз.

    • Тұр орныңнан! Мұндайда серiктерiңнiң қайда болуы мүмкiн?

    • Олар қазiрше Бекабаға бармайды. Бекаба сiздiң аман кеткенiңiздi есiтсе, шетiнен қырып салады. Ә, таптым! Егер ол жерге ертiп барсам, бiр өзiңiзге қиын болмай ма?

    • Кегiмдi қайтармай тынши алман. Апар, апаратын жерiңе.

    • Жаяу ұзақ жүремiз. Шаһардың арғы шетiне бару керек.

    • Нақты қай жерге?

    • Шағатай қақпасы жаққа. Сонда ескi зындан бар. Қиын- қыстау, көлденең бiр жағдайлар болған кезде сонда жиналатынбыз. Сүлеймен ойланып бiраз тұрды. Шынында, бiр өзiне қауiптi емес пе? Алайда қасына ерте қояр бәрiбiр ешкiм жоқ. Парманқұл мен Абдан келгенше күтейiн десе, iштегi қайнаған кек маза бермей тұр. Әрi олардың қашан келерi белгiсiз. Бiрақ қашанда

Сүлеймен өзiне сенген. Бұл жолы да солай болды.

    • Шағатай қақпаға дейiн көп болса екi сағат жүремiз. Түн iшiнде бiреу бiзге ат берер деймiсiң. Түс алға!

Жөйiттi алдына салған Сүлеймен түн iшiнде Тәшкеннiң қиқы-жиқы көшелерiiнiң бiрiнен соң бiрiнен өтiп, шаһардың батыс жағындағы кең алапқа шықты. Бұл алап көне шаһардың орны. Мұнда да үйiндi-үйiндi болып, кiшкене-кiшкене төбешiкке айналып жатқан ескi тамдардың орны көп. Сол төбешiктердiң шетiн ала ұзыннан-ұзақ созылған қорғанның құландысы бар. Құландының орта тұсы ертеректе қақпа болған. Сүлейменнiң естуiнше, iлкiде Тәшкен шаһарының айналасы түгел қорған болыпты. Қорғанның он екi жерiнде қақпа болыпты. Әр қақпаның

  • өз аты, өз билеушiсi болады екен. Осы тұстағы қақпа — “Шағатай қақпасы” деп аталған. Қараман: “Менiң — Қошық атам датқа болып тұрған кезiнде “Шағатай қақпаны” билеген” деп айтып едi. “Қақпаның астында ұзыннан-ұзақ созылған жертөлесi көп” дегендi де сонда айтқан. Сол әңгiме есiне түскен Сүлеймен жанындағы жөйiттен сұрады:

    • Серiктерiң тығылатын жер ескi қақпа астындағы жертөле ме?

    • Онда жертөле бар екенiн қайдан бiлдiңiз? Әлде мұнда бұрын болған ба едiңiз?

    • Сен қарсы сұрақ қоймай, айтқаныма жауап бер. Әйтпесе…

    • Ә-ә-ә. Иә, мекенiмiз сол жертөле ғой.

    • Оған кiрер есiкте қарауыл тұра ма?

    • Әлбетте. Онсыз болмайды емес пе?

    • Бағаналы берi сенiң атыңды да сұрамаппын. Ныспың кiм өзiңнiң?

    • Уақит.

    • Әке-шешең өзiңдi уақ, ұсақ итке ұқсатып, атыңды да құп қойған екен. Қап, кеше “Өдiмәт Құдайыға шақырып жатыр” дегенде ештеңенi ойламай, қонышымнан үнемi тастамай жүретiн дәу қанжарымды да ұмытып жүре берiппiн. Бағана ана жерде сендердiң бiреулерiңнiң де пышақтарыңды iле шықпағанымды қарашы. Ай, өкiнгенмен пайда жоқ ендi. Қазiр жертөледе қанша адам отыруы мүмкiн?

    • Бүгiнгi мерекемiздiң быт-шытын шығардыңыз. Ендеше, тобымыздағы бас көтерерiмiздiң бәрi сонда болса керек.

    • Оларда пышақтан басқа қару бола ма?

    • Басқа қаруды не қыламыз бiз.

    • Жүр. Кiре берiс есiктi көрсет.

Уақит кiшкене төмпешiктердi айнала жүрiп, жартылай құлаған қорғанның қасына тоқтады.

    • Мына қорғанның басына шығып, одан соң төменге түсуiмiз керек.

    • Баста.

Жартылай құлаған қорғанның төбесi жайпақ екен. Бiраз жүргеннен кейiн ескi қыш баспалдақпен төмен түстi. Төмендегi көне дуалдың түбi үлкен тесiк. Уақит зып берiп, тесiктен өтiп кеттi. Сүлеймен одан айрылып қалмайын деп, жалма-жан оның артынан тесiкке ұмтылды. Тесiктен өте бергенде, қақ шүйдесiнен ауыр соққы тидi. Бiр қолымен шүйдесiн ұстап, екiншi қолымен жер тiреп, жандәрмен ышқынып, тесiктен өте шықты. Осы кезде соққы тағы бiр тидi. Ұрып жатқанның кiм болса да, оң жағында тұрғанын сезген бұл, аса шапшаңдықпен тұра сап, сол жаққа атылды. Сәтiн салғанда, дуал түбiнде жасырынған қаскөй қолына оңай iлiге кеттi. Ұрып тұрған Уақит екен. Жыны қозған Сүлеймен оны бiр ұрып, жазым еттi.
Осы мезетте артқы тұстан өзара сөйлескен кiсiлердiң дауыстары естiлдi. Дауыстар бiрте-бiрте жақындап келедi. Сүлеймен жанындағы үлкен үйiндiнiң тасасына тығылды.

    • Рахман да айта бередi. Дәу қазақ ол жерден бағана-ақ құрып кеткен шығар. Үңгiрге барғанда не қыламыз ендi? — дедi келе жатқандардың бiрi.

    • Бағана алды-артымызға қарамай қаша берiппiз ғой. Қанша адамымыздың майып болғанын да бiлмеймiз. Кеше айттым

сендерге “сол пәленi ұйықтап жатқанында сойып тастайық” деп,

  • дедi екiншiсi.

Сүлеймен жөйiттердiң әңгiмелерi өзi туралы екенiн бiлдi. Қаннен-қаперсiз сөйлескен екеу тесiк тұсына жақындады. Олардың бiрi тесiктен өту үшiн еңкейе бергенде, Сүлеймен артындағысының шекесiнен бiр қойды. “Аһ” деуге шамасы болмай, жерге гүрс еткен оның дыбысынан тесiктен өтпек болғаны бұрылып қараған сәтте, оны да бiр соққымен жерге жабыстыра салды. Бiрақ кейiнгiсiн өлiп қалмасын деп қатты ұрмады. Сонда да болса, ол есiн бiрауықтан кейiн жиды.

    • Сендердiң әрқайсыңды тергеп жататын менде уақыт жоқ.

Қазiр тұр да, шыққан iндерiңе менi ертiп бар!
Анау сорлының таңданысында шек жоқ. Дегенмен Сүлеймен оны сөйлетпедi. Содан жөйiт бiр ауыз сөз айтпаған күйi Сүлеймендi жертөленiң кiре берiсiне ертiп келдi.

    • Iште қанша адам бар?

    • Оншақты.

    • Қалғандарың қайда?

    • Барымыз осы ғой мұндағы. Қалғандарымыз Бозсу үңгiрiндегi Бекабаның маңында. Ал қатындарымыз қазiр мұнда жоқ.

    • Бұл жердегi басшы кiм?

    • Рахман.

    • Қандай мәселенi кеңесiп отырсыңдар?

    • Сiздiң көзiңiздi жою хақында.

    • Менен бұрын өздерiң жойыласыңдар. Рахмандар отырған жерге дейiн қанша есiк?

    • Қазiр тiке он бес қадамдай төмен түсемiз. Одан алға сәл жүрген соң оңға қарай бұрылып, кiшкене баспалдақпен жоғары көтерiлемiз. Содан сол жаққа кететiн ұзақтау айналма дәлiзбен бiраз жүрiп, тағы төменге түсетiн баспалдаққа жетемiз. Сол баспалдақ мереке өтетiн, яғни бiз адам жейтiн үлкен бөлмеге апарады.

    • Оған жеткенше қап-қараңғы жерлермен жүремiз бе?

    • Өзiмiз жиналған кезде жүрер жолдың әр тұсына шам жағып қоямыз. Себебi жолдан жаңылысып қалмауымыз керек.

Неге десеңiз, тiке түсiп, алға жүрген соң жертөле үш бөлiкке бөлiнедi. Оның екi бөлiгiнде қанша қуыс бар екенi белгiсiз. Әрi онда ордалы жылан көп. Бiрақ берi қарай шықпайды. Баратын жерiмiзге жету үшiн оңға қарай бұрылғанымызда, тек сол жақтағы дуалды жағалай жүру ләзiм. Өйткенi оң жақпен жүрсеңiз, көз алдау үшiн бетiн қамыс баумен жауып, аздап топырақ сеуiп қойған ұраға түсiп кетесiз. Бiр түссеңiз, ол жерден шығу жоқ. Бiздi аңдып келген талай милиция сол жермен жүремiн деп, қолымызға оп-оңай түскен. Кiшкене баспалдақпен жоғары көтерiлiп, айналма дәлiзбен өткенде, оң жақтағы дуалға дененi немесе қолды тигiзбеу қажет. Онда төбеден сарт етiп түсiп, адам денесiне қадалып қалатын ағаш қадаларға байланған жiптердiң ұштары iлiнген қазықтар бар. Қазықтардың бiреуiн түртiп кетсеңiз, өмiрмен қош айтыса берiңiз. Ал ең қиыны — мереке өтетiн үлкен бөлмеге кiре берiс есiктен өту. Есiк жақтауында екi тiреуiш тұр. Тiреуiшке байқамай тиiп қалсаңыз, жоғарыдағы сол тiреуiштердiң үстiндегi салмағы жиырма-жиырма екi пұттық кәтта тас құлап, кiм болсаңыз да мыжып тастайды.

    • Осының барлығын ойдан құрап айтып тұрған жоқсың ба?

    • Өзiмiз құрбандыққа шалатын адамдардың талайын сол өткелдерден өткiзiп, көп сынап көргенбiз.

    • Осынша пәленi қалай ойлап тауып жүрсiңдер?

    • Ойлап тапқан бiз емес. Олар Қоқан хандығы кезiнен бар.

    • Ал, жүрейiк, Рахман отырған бөлмеге. Егер менi алдайтын болсаң, менiмен бiрге сен де өлесiң. Айтқан тiлiмдi алсаң, екеумiз де қайта аман шығамыз. Одан кейiн өзiңдi қалаған жағыңа жiберемiн.

Жөйiт алға түстi. Тура жаңа өзi айтқан жерлермен жүрiп, кең бөлменiң аузына таяды. Бөлменiң ағаш есiгi бар екен. Арғы жақтан күбiрлескен дауыстар естiледi.

    • Рахмандарда мылтық бар ма?

    • Жоқ. Қаруымыз — пышақ. Кiре берiстегi есiк жақтауында екi шоқпар дуалға сүйеулi тұр.

Сүлеймен оның желкесiнен ұстады.

    • Есiктi ашып, iшке кiр!

Жөйiт есiктi ашқанда, ар жақтан жап-жарық кең бөлме көрiндi. Бөлменiң төрiнде оншақты адам отыр. Алғашқыда өздерiнiң адамымен келгеннiң кiм екенiн ешқайсысы байқамады. Тек Сүлеймен жарық бөлмеге жөйiттiң соңынан еңгезердей болып кiрiп келгенде:

    • Әй, сен, неге тез оралып қалдың? — деп айқайлай берген бiреуiмен қоса бәрi өре түрегелдi де, белдерiндегi қанжарларын суырып-суырып алып, қатарласа қалысты. Сүлеймен жанындағыны итерiп жiберiп, есiк жақтауында сүйлеулi тұрған екi сойылды қолдарына алды.

    • Менi өлтiрудi жоспарлап отыр ма едiңдер? Мiне, өзiм келдiм. Қане, қайсың шығасыңдар жекпе-жекке?!

Онсыз да үрейленген жөйiттер Сүлеймен екi сойылды қолдарына алғанда, кейiн шегiнiп, төргi дуалға жабысты.

    • Ей, жөйiттер! — деп ақырды Сүлеймен тағы. — Мен сендердiң бiрiңдi де өз қолыммен өлтiрмеймiн. Сендер бiрiңдi- бiрiң өздерiң өлтiресiңдер. Рахман деген қайсың? Рахманға пышақ ұрып өлтiрген адамды аман қалдырамын. Қане, қайсың барасың сондай батырлыққа?!

Жөйiттерде үн жоқ. Қозғалмады да. Сүлеймен сол қолындағы сойылды тастай сап, жанында тұрған жөйiттi ескi жақтауына қарай итерiп жiбердi. Ол тiреуiшке сарт тидi. Құдай салмасын, дәл осы кезде төбеден жалпақ дәу тас жерге құлап түстi. Ана жөйiт тас астына мыжылды да қалды. Сүлеймен екiншi қолындағы сойылды қоя салып, әлгi тастың екi шетiнен ұстады да “ауп” деп көтерiп, жөйiттерге қарай лақтырды. Салмағы екi жүз келiден асатын дәу тас онша алысқа ұзамаса да, жетi-сегiз қадамдай жерге ұшып барды.

    • Болыңдар, тез! Айтқанымды iстеңдер!

Мынадай салмақты тасты көтерiп, лақтырып жiберген Сүлейменнен зәрелерi одан бетер ұшқан жөйiттер бiр-бiрiне алақтап қарап, отыра-отыра кетiстi. Олардың бұл қылықтарына ызасы үдеген Сүлеймен сойылдарды қолдарына ала салып, жөйiттерге ақыра ұмтылды. Ақырып келе жатқан одан аман қалудың амалы осы дедi ме, шетте отырған бiр жөйiт жанындағысының қарнына пышағын сұғып алды. Анау да
жанкештi екен. Пышағымен қарсыласының мойын күре тамырын осып үлгердi. Қан көрсе, арқалары қозып кететiн жөйiттер емес пе, жоқ, әлде, қайсысы болса да аман қалуды ойлады ма, әйтеуiр содан кейiн адам жегiштер бiр-бiрiн пышақтауды бастап кеп бердi. Бiрi ақырып, бiрi — өкiрiп, оншақты адам қан майданға түстi де кеттi. Жөйiттердiң бiр-бiрiмен пышақтасып қырылыса кеткендерiне риза болған Сүлеймен:

    • Осылай, осылай, ұрыңдар бiр-бiрiңдi! Өй, сен, қопалдау екенсiң ғой. Пышағыңды қаттырақ серме! Әйтпесе өлiп қаласың,

  • деп шаттана айқайлады.

Шаттанғаны сондай, бағаналы берi iшiне толған ыза-кек лезде тарап, құдды бiр ауыл балаларын төбелестiрiп, рахат алатын ересек бозбаладай, риясыз күлкiге батты. Бұл күлкiге батып тұрғанда, өз серiктерiмен жекпе-жек пышақтасқан бес жөйiт шаһит болды. Қалған бесеуi де сау емес. Әр жерлерiнен қан тамып, “ендi не iстеймiз?” дегендей, қан-қан пышақтарын жалаңдатып, Сүлейменге қарап тұр. Сүлеймен күлкiсiн сап тиды.

    • Жарайсыңдар! Бұл жолы бесеуiң ер шықтыңдар. Шартым бойынша, осы жерден бiреуiң-ақ менiмен бiрге аман шығуларың керек. Айтпақшы, жаңа сұрап едiм, жауап бермедiңдер. Рахман қайсың? Ол әлi тiрi ме?

    • Мынау, — дедi шеттегi жөйiт жанындағы ұзын бойлыны көрсетiп.

    • Өлтiр!

Анау бiр сәт кiдiрмедi. Ұзын бойлының бүйрек тұсына пышақ сұқты да, ар жағында тұрғанға ұмтылды. Лезде оны да сойып тастады. Үшiншiсiне жақындай бергенде, ол мұны бiр теуiп сiлейтiп түсiрдi. Құлаған жөйiт қазiрше өзiне еш қауiп қылмайды деп ойлады ма, үшiншi тұрған өз жанындағысына бассалды. Екеуi алыса кеттi. Бiрiн-бiрi ала алмай, тiресе алысып бiраз тұрды. Осы кезде әлгi сiлейiп түскен жөйiт тұра келдi. Бiр-бiрiнiң қолдарынан ұстап, тiресе алысқан аналарға жетiп барып, екеуiн де пышақтап тастады. Өзара жұлысып, әлек болған екi сорлы жерге өкiре құлады. Ал анау олардың үндерi өшкенше пышақтай бердi. Тек олар жансыз қалғанда Сүлейменге қарады:

    • Ендi менi тiрi қалдыратын шығарсыз?!

    • Тiрi қалдырам. Тек менi тап қазiр Бекабаға ертiп барсаң болды.

    • Ой, көке. Оның отырған жерiне бiздiң топтан Рахманнан басқа ешкiмдi кiргiзбейдi. Тiптi ол маңға мен жолаған да емеспiн.

    • Шын айтасың ба?

    • Оллаһи, шыным.

    • Мейлi. Жоламасаң, жоламаған шығарсың. Бiрақ ол жердi сырттай бiлесiң ғой.

    • Сырттай емес, үңгiрiне апаратын жолды да бiлемiн. Тек үңгiрге кiрген емеспiн.

    • Бекабаны көргенсiң бе?

    • Көрген емеспiн. Әйтеуiр “дәу” дейдi. Бiзге Рахман “Бекаба өйт дедi, Бекаба бүйт дедi” деп, ол айтқан небiр бұйрықтарды алып келедi. Бiз оны орындауға мәжбүрмiз.

    • Сендердiң бәрiң оны көрмесеңдер, ол отырған жерге кiрмесеңдер, сонда оның сыртпен байланысын кiм жүргiзедi? Кiмдер күзетедi оны?

    • Кiмдер күзететiнiн де, Рахманнан басқа оған кiмдер кiрiп- шығатынын да бiлмеймiн.

    • Қалай ойлайсың, Өдiмәттiң онымен қатынасы бар ма?

    • Ол жағын да бiлмедiм, көке.

    • Өдiмәттiң үйiн де бiлмейсiң бе?

    • Оны да бiлмедiм.

    • Сен сонда не бiлесiң? Адам жеуден басқаны бiлмейтiн болғаның ба?! Жүр, далаға шығайық.

Жөйiт қуанып, қолының қандарын дуалдағы iлгiшке iлiнген орамалға сүрте сап, Сүлейменге жақындады. Пышағын тастамай, белбауына қыстырды.

    • Таста пышағыңды!

Сасқан жөйiт, пышағын лақтырды.

    • Алға түс!

Кең бөлмеден шығып, айналма дәлiзбен жүргенде, Сүлейменге “бағанағы жөйiттiң айтқандарын тексерiп көрейiншi” деген ой келдi.

    • Сен оң жақтағы дуалды жағалай жүр, — дедi жөйiтке.

    • Ойбай, көке. Ол жақпен жүруге болмайды. Төбедегi қадалма ағаштарға жалғасып тұрған жiптердiң қазығына тиiп кетуiм мүмкiн.

    • Сондай қазықтардың мен бiрiн де көре алмай келемiн.

Қайда олар?

    • Қазiр көрсетем.

Жөйiт дуалға iлiнген шамды алып, жарықты оң жаққа түсiрдi.

    • Мiне, көрдiңiз бе? Бiр қазық, екi қазық, үш қазық… Бұл жер қаракөлеңке болған соң қазықтар көзге онша көрiнбейдi.

Сүлеймен дуалдың ең пәсiне қағылған жуандау ағаш қазықтарды ендi көрдi. Оларға байланған жiптер де дуалға жабысып тұр.

    • Осы қазықтарға байланған жiптердiң ұштары жоғарыдағы қадалма ағаштарға қалай жалғасатыны белгiсiз. Оны Рахманнан басқа ешкiм бiлмейдi. Бiрде бiр әйелдi осы жақпен әдейi жүргiзiп, төбедегi қадалма ағаштардың қалай жұмыс iстейтiнiн көргенбiз. Сонда Рахман бiзге көрсетпей, қадалма ағаштарды қайта орнына қойып, жiбiн қазыққа жалғаған. Не құдiретi бар екенiн бiлмеймiн, мынау қазықтарға сәл тисеңiз болды, төбеден iстiк ағаштар сарт етедi.

    • Тиiп көрсең, берi қашып үлгересiң бе?

    • Жоқ. Екеумiз де өлемiз. Себебi қадалма ағаштар осы дәлiздiң екi шетiн тұтастай ала құлайды.

Айналма дәлiз бiткен кезде жөйiт оң жақтағы дуал түбiндегi қазықтардың бiрiн түртiп қалды да берi қарай секiрiп кеттi. Қанша жылдам секiрсе де, сорлы зорға үлгердi. Өйткенi қалай қазықты түрттi, солай төбеден көлденең қатарласа бекiтiлген, екi ұштары iстiк бiлектей-бiлектей темiр торға ұқсас қадалма ағаштар сарт етiп, әткеншекше ары-берi тербелiп тұрды. Егер бұл бiреуге қадалса, оның тiрi қалмасы анық.

    • Ойпырмай, нәлетiлер. Қалай ойлап тапқан? — дедi Сүлеймен таңқалып. — Мұның сырын Рахман қалай бiлiп жүр?

    • Әкесi үйреткен. Әкесiне атасы айтқан. Бiлуiмше, Рахманның

арғы аталары Қоқан ханы кезiнде осы қорғанда қызмет еткен көрiнедi. Қоқандықтар қолға түскен жауларын жаңа бiз шыққан бөлмеге қамайды екен. Солар қашып кетпесiн деп, олар осындай пәленi ойлап тапқан да.
Екеуi тағы бiр баспалдақпен төмен түсiп, жертөленiң үш бөлiкке бөлiнетiн тұсына келдi.

    • Сыртқа шығу үшiн қалай жүруiмiз керек?

    • Бұл тұста iшке кiргенде, тек сол жақпен, ал сыртқа шыққанда, тек оң жақпен жүру керек. Сол жақта терең ұра бар. Сiз осы жертөледегi жолдарды жақсы бiлесiз-ау деймiн. Әлде бiреу айтты ма?

Сүлеймен жауап бермедi. Оң жақпен келе жатты да, жөйiттi сол жаққа итерiп қалды. Жөйiт сорлы айқайлап та үлгере алмады. Табан астындағы топырақ опырылып түстi де өзi төменге күмп бердi.

    • А-а-а, неге итердiңiз? Дауыс сонау алыстан естiлiп, ұра iшiнде жаңғырып бiраз тұрды.

Соған қарағанда, ұра өте кең, әрi ұзын болса керек. Жөйiттердiң айтқандарының бәрi дәл екенiне көзi жеткен Сүлеймен неге екенi белгiсiз, ұраға құлаған ана сорлыға жаны ашып кеттi.

    • Әй, өзiң тiрiмiсiң? Майып болған жоқсың ба? — деп айқайлады опырылған тесiкке үңiлiп. Жөйiт қолындағы шаммен құлап едi. Сол шам он құлаштай тереңдiкте жалтырап жатыр.

    • Тiрiмiн, тiрiмiн. Тек менi шығарып алыңызшы. Әйтпесе өзiм шыға алмаймын. Бiреудiң көмегiнсiз бұл жерден ешкiм шыға алмаған.

    • Қазiр. Күте тұр.

Сүлеймен жаңа баспалдақ тұсында дуалға iлiнген арқанды байқап едi. Неғылған арқан екенiнде жұмысы болған жоқ-ты. Тағы да ештеңе ойламай, соны алып келдi.

    • Мына арқанның ұшын белiңе байла. Өзiм тартып аламын. Сөйтiп, оны тартып сыртқа шығарды.

    • Бiр жерiң сынған жоқ па?

    • Жоқ. Ұра табанына қамыс төселген екен.

Қосарланып далаға шықты. Қорғаннан асып, шаһарға жеткен соң:

    • Көрдiң бе? — дедi Сүлеймен. — Мен сөзiмде тұрдым. Сен серiктерiңнiң iшiндегi ең мықтысы болып, қарсыласқандарды жеңген соң, өзiңдi тiрi қалдырдым. Ендi қалған жөйiттерiңе сәлем айт. Әсiресе, анау Бекабаңа. Бiр күнi оның да көзiн құртам. Жалпы, бәрiңдi, адам жегiштердiң бәрiн құртпайынша, тынши алман. Серiктерiңе осылай дегейсiң. Кет ендi!

Аман кететiнiне шынымен сенген жөйiт:

    • Мақұл, мақұл, айтам. Бiрақ бұдан кейiн өзiм адам жемеймiн,

  • дедi де қараңғы көшелердiң бiрiне түсiп, қарасын батырды.

Ендiгi кектi Өдiмәттан алмақ боп бекiнген Сүлеймен, ертесiне әдеттегiден ерте тұрып, Шорабазарға келдi. Күн сенбi болатын. Бүгiн және ертең мұнда базар әбден қызады-ақ. Жолай бiр сарттың жүн артқан арбасына мiнiп, базарға жеттi. Базардың кiре берiсiнде Парманқұл жолықты.

    • Қашан келiп қалдың? Пархат қайда?

    • Кеше кешкiсiн келдiк. Саған барайық деп едiк, “сенi үйде бола ма, болмай ма” деп ойладық. Пархат ағасының үйiне кеткен. Өзiңдi бүгiн осы жерде кездестiретiн шығармын деп едiм. Құдай оңдап, оңай жолықтың. Бiз кеткелi жалғызсырап, iшiң пысқан жоқ па?

    • Қайдағы iш пысқан. Бiр ажалдан қалдым.

    • Не дейдi? Тағы да бiреулер тиiстi ме?

Сүлеймен болған оқиғаның бәрiн айтты. Үнсiз тыңдаған Парманқұл Сүлейменнiң әңгiмесiндегi оқиғалардың iшiнде өзi жүргендей боп, бiресе тiстенiп, бiресе жұдырықтарын түйе күшенiп, қатты дегбiрсiздендi. Әңгiменiң аяғына дейiн әзер шыдады.

    • Жүр, Өдiмәт жаманның басын кесiп алайық.

    • Өзiм де соны дiттеп келгем. Бiрақ бүгiн базарда мiлиса көп.

Бәлкiм алдымен Мамажанға хабар берермiз.

    • Ұсталып бара жатсақ көрермiз.

Екеуi базар ортасын кесiп, керуен сарайдағы шайханаға жеткенше, бiраз уақыт өттi. Өтпегенде қайтсiн. Базардағы күллi жұрт екеуiне иiлiп сәлем берiп, бiр ауыз хал-жағдай сұрауға ынтығып, жолдарын бөгей бердi. Екеуi қанша мықты болса да, бiреудiң сәлемiн алмай кететiн көкiректiктерi жоқ.
Шайханаға жеткенде алдарынан қызметшi жүгiрiп шықты.

    • Қожайының қайда?

    • Өдiмәт дәдәмдi айтасыз ба?

    • Ендi кiмдi айтам?

    • Төргi тамда бiр қонақтармен отыр.

Төргi тамға кiрiп барды. Мұнда бес-алты кiсi қарқылдаса күлiп, ауқаттанып отыр екен. Әсiресе аяқ жақта отырған Өдiмәт
мәз. Дастархан үстiнде ас-сумен бiрге буда-буда ақша жатыр. Сiрә, отырғандар бiр сауданы бiтiрiп, ендi ақша бөлiс жайын әңгiмелеп жатса керек.
Қазақтың қос қарақшысын көргенде, бәрiнiң күлкiлерi сап тиылды. Өдiмәттiң зәре құты қалмай, iшiп отырған шайына қақалып, реңi қашты. Парманқұл белiндегi қылышын суырып алып, Өдiмәтқа ұмтыла берiп едi, Сүлеймен оны жiбермедi.

    • Тоқтай тұр, Парманқұл. Мен бұдан алдымен бiр нәрселердi сұрап алайын. Сосын Өдiмәтқа қарады: — Сен мынаған жауап бер. Менi жөйiттерге не үшiн саттың?

Ананың тiл-аузы байланғандай, жауап беруге шамасы келмедi.
Реңi құп-қу, екi көзi ойнақшып, дiр-дiр етедi.

    • Айт, айт деймiн!

Тамдағылардың бiрiнде үн жоқ. Осы кезде iшке бiр қолына үш-төрт жасар баланы жетектеп, бiр қолына жылаған сәбидi көтерiп, үстi-басы әлем-жәлем, кiр-қожалақ әлдеқандай долы қатын кiрдi. Отырғандардың қасында түрегеп тұрған Сүлеймен мен Парманқұлды Өдiмәттiң адамдары деп ойласа керек, бiрден сөйлей бастады:

    • Мiне, сiздерге екi бала әкелдiм. Әрқайсысын елу сомнан сатам. Өдiмәт жәке, кеше осылай уағдаласып едiк қой-ә. Балаларды алып кететiн жөйiттерiңiз келдi ме?

Түкке түсiнбеген Парманқұл Сүлейменге бiр, отырғандарға бiр қарады. Ал, Сүлеймен бұл долы қатынның кiм екенiн түсiндi. Күнi кеше жөйiт Уақит: “Кейде долылар жас балаларын сатып жiбередi. Бiз ондай балаларды бағып-қағып, әбден семiртiп жеймiз” деген.
Ендi, мiне, сондай долыны өз көзiмен көрiп тұр.
— Өй, мынау не айтып тұр? — дедi түкке түсiнбеген Парманқұл. Сүлейменнiң тұла-бойын ашу биледi. Сол ашумен долы қатынды да, отырғандарды да мыжғылап өлтiргiсi келдi. Өлтiрiп қояр ма едi, ұмтылып барып, еш уақытта әйелге қол көтермейтiн
әдетi тосқауыл боп, кiлт тоқтады.

    • Түсiнбей тұрмысың, Парманқұл? Долы қатын балаларын жөйiттерге, жөйiттерге емес, мына отырған делдалдарға сатып тұр. Ал мыналар балаларды жөйiттерге үстеме бағасымен сатады.

Әй, қатын, құры көзiме көрiнбей! Ендiгәрi балаңды сататын болсаң, шашыңмен дарға асамын.
Сүлейменнiң қаһарланған түрiнен ыққан долы қатын бұрыла сап, шығып кеттi.

    • Ойпырмай, Сүлеймен. Тәшкенде қанша жүрсем де жөйiттермен жолым қиылыспапты. Сөйтсем, олардың кiсi таңқаларлық iстерi көп екен-ау. Әй, Өдiмәт! Сенiң жөйiттермен құпия қатынасыңның бар екенiн бұрын бiлген болсам, басыңды шауып тастар едiм. Өй, нәлетi…

    • Ол хайуанға сөзiңдi қор қылып неғыласың? Осы күнге дейiн шабылмаған басы қазiр шабылады. Бiр бұл емес, отырғандардың барлығы да осы жерден тiрi шықпайды.

Өдiмәт шапшаң жылжып кеп, Сүлейменнiң аяғына жығылды:

    • Ойбай, Сүке. Рахым ете көрiңiз, рахым ете көрiңiз. Бекабаның адамдары қорқытып, “өзiңiздi қолға түсiрiп бер” деген соң амал жоқ, айтқандарын iстеп едiм.

Парманқұл оның басынан бiр тептi. Өдiмәт тепкiнi елемей, Сүлейменнiң аяғынан ажырар емес.

    • Бiреу қорқытты деп, әркiмнiң обалына қала бересiң бе?

    • Қайтем, ендi. “Айтқанымызды iстемесең, бала-шағаңмен қоса, құртып жiберемiз” деген соң, меңдуана мен көкнардың қайнатпа суынан дайындалған палау мен шәйдi берiп едiм сiзге.

    • Опасыздық жасадың ба, жасадың. Ендi қанша ақталсаң да, менi кешiредi деп ойлама. Сөзiңе сенiп мүсiркейдi деп және үмiттенбе. “Бекабаның адамдары саған қастандық жасайын деп жүр” десең болмай ма, сонда. Сенi олардан өзiм-ақ құтқарып алар едiм.

    • Сiздерде, қазақтарда, “Аяғыңа жығылса, бауырыңды өлтiргендi де кеш” деген мақал бар емес пе? Басын иiп, табаныңызды жалап жатыр ғой. Ендi бiр жолға кешiре салыңызшы, — дедi төрде отырған тақиялы бiреу.

    • “Араша түсiп, арамыздағы дауды шеш” деген жоқ ешкiм саған. Менiң ұстанған жолым бойынша, опасыз әр кезде өз iсi үшiн жауап беруге тиiстi.

    • Сонда немене, осы жерде басын кесiп алмақсыңдар ма?

Тақиялы бiреу қорқатын емес. Осылай өктем-өктем сөйлеп қояды. Өктемсiнгендi еш уақытта көтермейтiн Сүлеймен шарт кеттi:

    • Басын кессем, қолымды қағайын деп пе едiң?

    • Қолыңды қағуға менiң әлiм келмесе, өкiметтiң әлi келедi.

    • Не оттап отырсың?! Мына сұм менi жөйiттерге талауға бергенде, сол жөйiттер күнәсiз балалар мен әйелдердi жеп жатқанда, айтып тұрған өкiметiң қайда қарап қалды?

    • Барып, соған шағымыңды айт. Сонда ол қарап қалмайды.

    • Мен бiреуге шағым айтатын қатын емеспiн. Сен осы, неге сөзден қалыспай отырсың? Әлде бiрдеңе көргiң келiп отыр ма?

    • Шағым айтқанның бәрi қатын емес. Одан соң мен неге сенен бiрдеңе көруiм керек. Тамырым Өдiмәтқа болысу — парызым шығар.

Сүлеймен бұдан ары шыдай алмады. Әлгiге жетiп барды.

    • “Басқа пәле — тiлден” дейдi бiздiң қазақ. Тамырың үшiн араша емес, пәле тiлеп алдың, — деп тiстенiп тұрып, оны мытып жiбердi.

Заматта ес-түсiнен айырылған ол, дастархан үстiне құлап түскенде, қалғандары өре түрегелдi. Бұл ай-шайға қарамай, түрегелгендердiң шетiнен қиратты. Бiреуi зып берiп, далаға қашып үлгердi. Парманқұл оны қылышымен бiр ұрды. Анау тигiзбей кеттi. Өз-өзiнен шығып кеткен Сүлеймен:

    • Парманқұл, Өдiмәттiң басын шаба сал! — деп айқайлады.

Парманқұл сөзге келмедi. Жерде опасыз тiрлiгi үшiн өкiрiп жатқан Өдiмәттiң басын қылышпен бiр шапты. Сатқынның басы кесiлiп түстi. Ал бассыз қалған дене орнынан ұшып тұрды да, мойнынан қаны шапшып, үш-төрт қадам басып барып, гүрс еттi.

    • Хайуанның жүрегiнiң мықтысын қара.

Дiрiлдеп барып, тыншыған бассыз дене мен сұлап жатқандарға көз салған Сүлеймен:

    • Нәлетi Өдiмәттi өлтiремiз деп ойлаған жоқ едiм. Бәрi мынаның кесiрi болды, — деп өзi бiрiншi ұрып құлатқанды бiр тептi.

    • Болар iс болды. Сатқындарға осы керек. Жүр, бұл жерден шығып кетейiк,— дедi Парманқұл қылышындағықандыдастархан

шетiндегi орамалға сүртiп тұрып. — Өдiмәттiң өлгенiне өкiнбе. Өзiң жөйiттерге таланып, о дүниелiк болғаныңда қайтер едiң.
Өздерiне зияндық iстеген опасыздарды әр уақытта қатал жазалайтын қос қаһарман далаға шыққан кезде алдарынан мылтықтарын кезенiп бес-алты мiлиса шықты. Жандарында мана қашып құтылып кеткен кiсi бар.

    • Мiне, осы баскесерлер қылышымен қорқытып, бәрiмiздiң үрейiмiздi ұшырды. Мына бiр дәуi шетiмiзден ұрып, қан- даламызды шығарды. Ұстаңыздар екеуiн де, — деп аналарға жалпаңдап өлiп барады.

    • Таста, қылышыңды! — деп бұйырды мiлисалардың бiрi. — Қару асынып жүретiн баяғы заман өткен. Қазiр — кеңес заманы.

    • Бұған қылыш асынып жүруге кiм рұқсат берген? — дедi екiншiсi.

    • Өткен жолы саған “бұдан былай қылышыңды көрмейтiн болайын” деп ескертiп едiм ғой. Мынаусы анада осында

төбелес шығарып жүрген дәу болса керек. Қолыма түспей жүр едi, тәуiр болды. Түрмеге қамап, көресiнi көрсетейiн ендi, — деп үшiншiсi Сүлейменге шүйiле қарады.
Осы кезде мана iшке кiрiп кеткен мiлиса шықты. Өңi құп-қу.

    • Анда, анда, — деп қолымен iшкi жақты нұсқап, сөйлей алмай бiраз тұрды да: — Өдiмәттiң басын кесiп тастапты. Қалғандары да жайрап жатыр.

    • Не дейдi? — деп таңырқаған екi мiлиса шайханаға қойып- қойып кеттi. Артынша, жүгiрiп қайта шықты: — Масқара, масқара… Шынымен бiреуiнiң басын шауып тастапты. Ей, сен, бөлiмшеге жүгiр! Командирге хабарла. Оған дейiн бiз хаттама жасап, мыналардан жауап ала берейiк.

Дүрлiккен мiлисалардың бiрi бөлiмшеге жүгiрдi. Қалғандары мылтықтарын оқтап, Сүлеймендердi ертiп, шайханаға кiрдi. Бiреуi болған жайдың мән-жайын сұрап, қағазға жаза бастады. Бiр-екеуi Өдiмәттiң өлiгiн көрпешемен жапты. Сүлеймен ұрғандардың бәрi тiрi екен. Мiлисалардың сүйеуiмен әзер тұрып, бергi бөлмеге барып отырды.
Шайханадағы жұрт та дүрлiгiп, бiр-бiрiмен күбiрлесiп, қос қарақшыға қарап-қарап қояды. Бiраздан соң жағасында екi жұлдызы бар бiр мiлиса келдi. Қасында бағанағы шабарман.

    • Не болып жатыр?

Қағаз жазып отырғаны қолын шекесiне апарып, оған бар жағдайды түсiндiрдi.
Келген мiлисалардың бастығы болса керек. Өлiп жатқан мен оңбай таяқ жеген кiсiлерге қарады.

    • Мынау кiсi өлтiргендердiң қолдарын байлап, арбаға салыңдар!

Үш мiлиса кеп, қолдарын байлап жатқанда:

    • Сен бе, осылардың дөкейi? — дедi Сүлеймен.

    • Әзiрше — мен. Анда менен де зор дөкейлер бар. Не айтпақ едiң?

    • Айтатынымды сенен зор дөкейлерге айтам. Апар соларыңа. Мiлисалар қос ат жегiлген үлкен арбасына Сүлеймендердi отырғызды. Ат айдайтын бiр мiлиса ғана арбаға мiндi де,

қалғандары оны қоршай жүрдi.
Мiлисаханаға келгенде, екеуiн камераға қамады. Бұл мiлисаханада Сүлеймен өткен жолы болған. Онда Мамажан құтқарып әкеткен едi. Сол есiне түстi.

    • Ендi Мамажанға қалай хабар беремiз?

    • Бiр мәнiсi болар. Сыртқа кiрiп, шығатын “құлақтар” бар.

Солардан хабар айтармыз.

    • Мұнда бұрын қанша рет түстiң?

    • Есебiн өзiм де бiлмеймiн. Оншақты рет түсiп қойдым-ау.

Жататын жерi, отыратын орындығы жоқ мұздай камерада бiр күн отырды. Ертеңiне Сүлеймендi тергеушiге апарды. Бұрын сотталған емес пе, Сүлейменге мұндағы жағдайлардың бәрi белгiлi.
Тергеушi қартаң келген өзбек екен. Бiрден сұрақтың астына алды. “Тәшкенде неғып жүрген жансың?” “Өдiмәттi не үшiн сойдың?”
Сүлеймен оған бұрын сотталғанын айтпады. “Қыдырып келген қыр қазағымын” дедi. Одан соң Өдiмәттiң не iстегенiн, жөйiттердiң қылықтарын айтып бердi.

    • Адам жегендерi үшiн оларды қырып салсам, несi бар? Сендер, менi ұстағанша, солардың көздерiн неге құртпайсыңдар?

    • Кеңес одағының заңымен өмiр сүрiп жатқан бiздiң қоғамда “адам жейтiндер бар” деп айтуға қалай аузың барады? Тәшкенде жөйiттер патша заманында болған. Қазiр жоқ. Түсiндiң бе? Жалпы, сен маған сұрақ беруге тиiстi емессiң.

    • Мен сұрақ берiп жатқаным жоқ. “Жөйiттердi неге құртпайсыңдар?” деп отырмын.

    • Ондай жоқ дедiм ғой, Тәшкенде. Қылмысыңды ақтауға басқа себеп таба алмадың ба? Одан да iстеген iсiңе жауап бер.

…Не керек, бұлар он бiр күн тергеуде жатты. Сүлеймен мен Парманқұл өздерiн ақтап ала алмады. Ақтап ала алмады емес, тергеушiлер дегенiне жеттi. Ертең сот деген күнi:

    • Осы мiлисалардың Тәшкендегi жөйiттердi бiлмейтiнiне таңым бар, — дедi Сүлеймен.

    • Бiледi. Бәрiн бiледi. Тiптi олармен сыбайластықтары да бар. Керек десең, жөйiттерден өздерi қорқады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет