Детективті хикаят


Иә, қадiрлi оқырман! Тәшкен мен оның төңiрегiнде өткен



бет6/7
Дата19.09.2023
өлшемі1,02 Mb.
#108434
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Сүлеймен қарақшы Ересек

Иә, қадiрлi оқырман! Тәшкен мен оның төңiрегiнде өткен ғасырдың отызыншы жылдары “жөйiт” деп аталған адам жейтiн қауым болды дегенге кейбiреулер сенбейтiн де шығар. Бiрақ бұл ақиқат нәрсе. Қоқан хандығы кезiнен бар жөйiттердi, кеңес өкiметi тек отызыншы жылдардың аяғына таман ғана ауыздықтай алған. Десек те, олардың бiраз қауымы алпысыншы, жетпiсiншi жылдарға дейiн жасырын жұмыс iстеген…

ТӨРТIНШI БӨЛIМ




I


Он екiншi күнi сот болды. Бес-ақ адам қатысқан сот Сүлеймен мен Парманқұлды он жылға кестi. “Жазаларын Табақсай түрмесiнде өтесiн” деген шешiм шығарды сот.

    • Ойпырмай, Парманқұл. Бiздiң iсiмiздiң ақ-қарасын да тексермей жатып, он жылға кесе салғандары несi? Тергеушiге “жөйiттердiң апандарын көрсетейiн” деп қанша айтсам да, құлақ аспады. Әдiл деген өкiметтерiнiң сиқы осы ма?

    • Көп нәрсенi түсiнбейсiң, Сүлеймен. Олар жөйiттердiң апандарын сен айтпасаң да бiледi. Тергеушiнiң де, соттың да шикiлiгiн көрмейсiң бе? “Бай-құлақтар мен ұры-қарыны аяусыз қырамыз” деп кәрiне мiнген өкiмет, адам өлтiргенге ату жазасын, болмаса жиырма бес жыл беруi керек. Ал бiзге он жыл бердi. Жалпы, сот үкiмi бiзге Өдiмәттiң өлiмiн ғана таңды. Басқа жөйiттер жайында жұмған аузын ашпады. Демек, соттың iсi шикiлiкке толы. Бiз қайта оның он жыл бергенiне қуанайық. Ату жазасын бергенде қайтер едiк? Ешкiмге хабар берiп үлгертпей, ертең-ақ атып тастар едi. Ал түрмеге барған соң Мамажанға хабар беремiз. Арғы жағын ол өзi ептейдi.

    • Екеумiздiң жағдайымыз оның құлағына тимей қалды-ау деймiн. Әйтпесе, осы жерден құтқарып әкетер ме едi…

    • Ендi есiткен күнде де ештеңе iстей алмайды. Тек бiз түрмеде бiраз жатқаннан кейiн ғана әрекет жасайды.

    • Табақсай деген қай жер?

    • Тәшкенен онша алыс емес. Ондағы түрме — менiң үйреншiктi жерiм. Сол түрмеде маған қастасып жүрген бiраз адамдар жатыр. Барған соң солармен кейбiр дауларды шешуге тура келедi. Өткен жолы мен ерте шығып кетiп, ерегiсуiмiз аяқталмай қалған.

    • Түрмеде жатқандардың арасындағы дау — мiлисалармен арадағы дау емес қой. Оны шешуге болады Сiбiрде небiр пәлелердi бастан өткергенбiз.

    • Иә, ендi қасымда өзiң барсың. Маған қыр көрсетiп жүргендерге оңайлықпен берiле қоймаспыз.

    • Олар кiмдер едi?

    • Ол жердегi баскесерлер — таулықтар. Таласымыз — “түрменi кiм билейдi?” деген даудан басталған.

    • Бiр басшысы бар шығар өздерiнiң.

    • Бар. Ахмад деген билеушi бар онда.

    • Денесi үлкен бе?

    • Бойы онша ұзын емес. Бiрақ жуан. Түрi зәрдей. Қолына ұстаған адамын мытып, бiр жерiн сындырып жiбередi. Өткенде екеумiз жекпе-жектi белгiлеп қойған едiк. Сол күнге жетпей, мен кетiп қалғанмын. Ендi барсам, ол сол ерегiстi қайта қозғайды.

    • Осы жолы жекпе-жекке шықсаң, бетiн қайтарып таста.

    • Бара көрермiз.

Ертесiне мiлисалар екеуiнiң қолдарын байлап, камерадан шығарып, қос өгiз жегiлген биiк шарабалы арбаға салды. Қолдарын байлағандары аздай, ұзын арқандармен бүкiл денелерiн арбаға тағы шандып матады. Аяң жүрiстi өгiз арбаға мылтықты төрт мiлиса iлесiп, түстiк жақты бетке алды. Содан дiттеген жерлерiне кешке бiр-ақ жеттi. Жолда Сүлеймен Табақсай түрмесiн “Сiбiр абақтысы секiлдi биiк қорғаны бар, жан-жағы тiкенектi сымтемiрмен қоршалған шығар” деп ойлаған. Бiрақ мұндағы түрменiң сыртқы көрiнiсi Сiбiрдегiден бөлектеу екен. Бөлектеу болғанда, түрменiң сыртқы қорғаны түгелiмен таспен соғылған. Қорғанда үлкен бiр-ақ дарбаза бар. Соған қарап:

    • Бұл түрме шағын ғана екен-ау, — дедi Парманқұлға.

    • Саған бұл бiр жағынан қарағанда ғана кiшкентай көрiнiп тұр ғой. Әйтпесе, iшi ат шаптырымдай, ой, ат шаптырымдай деппiн-ау, құла дүз. Бұнда мыңнан аса адам жатыр.

    • Сiбiрде ғой, ағаш кесетiн едiк. Ал мұнда түрмедегiлерге не iстетедi?

    • Шәниiп жатқызып қоймайды. Бiрақ бiлектiлер жақсы өмiр сүредi…

—Ай,тоқтатыңдарсөздi!Iштерiңжарылыпөлiпбаражатсаңдар, қазiр түрмеге жайғасқан соң айтарсыңдар айтатындарыңды, — деп мiлисаның бiрi бұлардың сөздерiн бөлдi.
Онымен айтысуға арланған қос қаһарман сөздерiн тыйды. Өгiз арба түрме қақпасына жеткенде, бесатар карабин асынған
екi солдат бұларды тоқтатты. Мiлисаның бiрi оған әлдеқандай қағаз көрсеттi. Әлгi солдаттар қақпаны ашты. Өгiз арба қақпаға таяу барып тоқтады.
Iш жақтан бес-алты қарулы солдат шықты. Олар Сүлеймен мен Парманқұлды босатып, iшке алып кiрдi. Содан екеуiн бiраз тексерiстен өткiзген соң, түрменiң кiре берiсiндегi үлкен тамға кiргiздi. Үлкен тамның iшi бiрнеше камераларға бөлiнедi екен. Солдаттар екеуiн солардың бiрiне қамады.
Қаракөлеңкелеу камера iшiнде оншақты адам жатыр. Қазақтың қос қарақшысы кiрiп келгенде, олардың бiразы орындарынан тұрды. Төрде жатқан екеу тұрмады.

    • Уа, Парманқұл әкә, амансыз ба? Уа, әкә, хош келдiңiз! — деп тұрғандар Парманқұлдың қолын алып жатыр. Одан кейiн Сүлейменмен амандасты.

Парманқұл өзiнесәлембергендермен шүйiркелесiп, хал-жағдай сұрастырып жатыр. Сөз арасында өздерiнiң не үшiн түскендерiн де айтып өттi. Сүлейменнiң байқауынша, мұндағылардың бәрi бұрын түрме көргендер секiлдi. Барлығы жайбарақат, тура өз үйлерiнде жатқандай, еркiн әңгiме айтып отыр.

    • Сүлеймен, осы жiгiттердiң бәрiмен бұрындары осы түрмеде дәмдес болғанмын. Шеттерiнен сенiмен таныстырып өтейiн, — деп Парманқұл отырғандардың аттарын атап шықты.

Сүлеймен сегiз адамның аттарының бәрiн бiрден жадында сақтап қала алмады. Тек Кәрiмбек, Пәрiмбек деген ағайындылардың, Адамбай атты кiсiнiң аттарын санасына бiрден құйып алды.
Парманқұл олардың аттарын атап қана қоймай кiм екендiктерiн де айтып жатыр.

    • Мынау Кәрiмбек пен Пәрiмбек қаңлының миям атасынан. Елдерi — жоғары Шыршықтағы Қияңқыдан. Бүкiл Шыршық, Қамшық, Алай тауларының төңiрегiнде бұлардан асқан баукеспе жоқ. Арғы жағы — қырғыз, бергi жағы — тәжiк ауылдарының бай-манаптары бұлардан көресiнi әбден көрген. Сонау Ош жақтан үш-төрт үйiр жылқыны екеуi-ақ бiр түнде тау асырып, айдап келе бередi. Ал, Жалалабад пен Ходжент маңынан айдаған малдарды екi-үш күнде қырғызға бiр-ақ асырып тастайды. Әлi де

сол кәсiптерiн тастамай келедi. Ұрлық үшiн қанша рет сотталдың, Кәрiмбек?…

    • “Сол кәсiптi әлi тастамай келедi” деп артық айтып қойдың, Парманқұл. Баяғыда байдың малдарына ұрлық жасаушы едiк. Онда бiздiкi ұрлық емес, барымта болушы едi. Ал, қазiр ұрлайтын ондай малдар жоқ. Өкiмет кедей. Кәлхүз, әртiлдердiң малдары өңкей арық-тұрық бiрдеңелер. Ұрлауға тұрмайды. Iрi- iрi барымта болмаған соң айналдырғанымыз — базар. Базарда хәртүрлi iстерге араласамыз. Ондайда ешкiмге билiк бергiмiз келмейдi. Осы жолы екi қоқандықты сойып тастадық. Сөйтiп жетiншi рет осы — Табақсай түрмесiне келдiк.

    • Келгендерiңе қанша күн болды?

    • Ертең бiр жетiге толады.

    • Ендiгi жетiде бәрiмiздi арғы түрмеге бiрге кiргiзедi екен ғой.

    • Осы, мен таңмын. Анада Сiбiрде де бiздi бiрден түрмеге кiргiзбей, бiр айдай осындай камераға қамап қойып едi. Бұл қандай тәртiп өзi? — дедi Сүлеймен.

— Сiбiрдi бiлмеймiн, мұндағы тәртiп осылай. Сотталушыларды алдымен осы жерде бiраз ұстайды да одан соң барып, iш жақтағыларға қосады. Ал, бұрын сотталғандарды алдымен осы өзiмiз отырған камераға қамайды. Бiрiншi түскендер басқа камераларда. Мiлисалардың мұнысы — сотталған адам осында бiршама уақыт жатып, түрме өмiрiне үйренсiн дегенi-ау.
— Ал мынау Адамбай не үшiн жатыр мұнда? Бұл да барымташы ма?
Адамбай “менi таныстыр” дегендей, Парманқұлға қарады.

    • Е, бұл сабаз да оңай адам емес. Төрт кiсiнi сойған. Ал, бұл жолы не үшiн түскенiн әлi сұрап үлгермедiк.

    • Қойлықта бiреумен ерегiсiп қалып, қамшымен басына екi рет ұрып едiм, осал екен дәйiс. Өлiп қалды. Сол себеппен осында бесiншi рет келiп отырмын.

Адамбайдан кейiн отырған қазақтардың бәрi өздерiнiң не үшiн сотталғандарын айтып өттi. Тек әңгiмеге араласпай, төрде шалқайып жатқан екеу ләм демедi. Сүлеймен оларға қарап едi,
екеуi де таулық сияқты. Қаба сақалдары бет-ауыздарын түгел басқан.
Осы камерада Сүлеймендер бiр жетi жатты. Сегiзiншi күнi бәрiн түрме iшiне кiргiздi. Сiбiр түрмесiнде темiр кереуеттер бар едi. Мұндағы барактың еденiне ши төселген. Сотталғандар сол ши үстiне жатады екен. Көрпе, жастық атымен жоқ. Әркiм сырт киiмдерiнiң бiрiн жастық, бiрiн көрпе етiп жата бередi. Барак саны — он бiр. Бiр топ солдат бұларды ортаңғы баракқа әкеп кiргiзгенде, орын бөлiп берген жоқ-ты. “Жататын жерлерiңдi өздерiң тауып алыңдар”, — деп олар бұрылып жүре берген.
Парманқұл бастаған топ кiрген барактағы қазақтардан гөрi бөгде ұлттар басым екен. Бiрлi-жарым қазақтар болмаса, бұларға көпшiлiгi сәлем де бермедi. Дегенмен, отырғандардың бәрiнiң көздерi Сүлейменде. “Бұл не деген дәу адам” деп таңданған сыңайлы.
Парманқұл отырғандарды жағалай “қай жер бос, қай жер бос?” деп көп жүрдi. Бiр кезде:

    • Сүлеймен, мұнда келiңдер. Мына жер бос екен,— деп айқалады.

Барак басында топтанған бұлар солай қарай барды. Алайда Сүлемендер онда жеткенде, арғы жақта отырған бiр топ таулық
орындарынан тұрды да, Парманқұл дiттеген бос орынға келдi.

    • Өй, сендердiң өз орындарың бар емес пе? Бұл жерге неге келдiңдер?

    • Мұнда ешқандай бос орын жоқ. Жататын жер iздесеңдер кiре берiс есiктiң алды бос, сонда барып жайғасыңдар, — дедi төртпақ келген бiреуi Парманқұлға көздерiн алартып.

    • Менiң келе салып ешкiммен ерегiскiм келмейдi. Мүмкiн өз орындарыңа қайта барарсыңдар.

    • Сен қай жерге жайғасу керектiгiн алдымен менен сұрауың керек едi. Бұл казармада менiң рұқсатымсыз шыбын да ұшпайды. Ендi мен қай жердi көрсетсем, сонда жайғасыңдар. Әйдә, барыңдар, кiре берiске!

    • Атың кiм сенiң?

    • Уа жiгiттер, — деп шаңқ еткен әлгi жанындағыларға бұрылды.— Мынау тiкелей мененатымды сұрайды. Айтыңдаршы,

осында өзiме тiке келiп, атымды сұрайтын адам бар ма едi? Жоқ, бұл қазақтар түкке түсiнбей тұр екен. Өздерiн есiк алдына қуып, бұл жердiң тәртiбiн үйретiп қойыңдар!
Осы кезде сотталушы бiр қазақ жүгiрiп келдi:

    • Ойбай, көкелер, үндемей айтқан жерiне бара берiңiздер. Атын сұрағандарыңыз не одан? Бұл атақты Шурхат қой. Барыңыздар ендi, тезiрек ана жаққа. Әйтпесе, бәрiңiздi оңдырмай қояды.

    • Сен араға түспей-ақ қой, бауырым. Шурхатың пiрiн танымай жүр екен, — дедi Парманқұл әлгi қазаққа.

Шурхаттың серiктерiнiң бәрi iрi-iрi денелi. Әсiресе, алдындағысы Сүлеймен секiлдi алып. Ол шеттегi Парманқұлды салып жiбердi. Парманқұл тәлтiректеп кеткенiмен құламады. Бiрақ оған қалған таулықтар жабылып кеттi. Ал, дәу таулық Кәрiмбек пен Пәрiмбектi, Адамбайды, сондай-ақ басқа қазақтарды пұшпақ құрлы көрмей, бiр-бiр ұрып құлатып түсiрдi. Сосын ыржиып Сүлейменге жақындады. Сiрә, “мұны бiр перiп, сiлейтiп салайын” деп ойласа керек. Сүлеймен ол қазақтарды ұрып құлатып жатқанда әдейi араласпай, сабыр сақтап, оның өзiне келуiн күткен. Анау таяй бергенде «шоқпар тимей жүрген асау бұқа екенсiң өзiң» деп тiстенiп тұрып, маңдайынан бiр соқты. Таулық төрт-бес қадам артқа теңселiп, шалқасынан гүрс еттi. Ол гүрс еткенде құлаған қазақтар тұра сап, басқа таулықтармен төбелесiп жатқан. Парманқұл бiреуiн қылқындырып, жанын көзiне көрсетiп тұр едi. Сүлеймен қарсыласын шалқасынан түсiргенде, олардың бәрi төбелестерiн тия сап, шетке ығысты. Барлығы шешушi төбелес осылардiкi деген сияқты. Бiр олар емес, баракта жатқандар түгел орындарынан көтерiлiп, осы жаққа қараған.
Құлаған дәу әп-сәтте тұрды. Тұрды да, екi қолын жұдырықтап,
алға соза Сүлейменге жақындады.

    • Қаныңды судай ағызамын қазiр.

Сүлеймен жайбарақат тұр. Аюдай болған анау неме секiрiп келiп, мұны бiр соғып үлгердi. Сүлеймен бiр жағына қарай қисайып барып, әзер құламады. Бағаналы берi ашуы көтерiлмеген Сүлеймен өзiне соққы тигенде, қаны басына шапшып шыға келдi.
Ақырып тұрып, өзiн екiншi рет ұруға ыңғайланған ананың дәл тұмсық түбiнен қойып жiбердi. Ашуланған кезде мұның күрзiдей жұдырығының соққысына өзi секiлдi алыптар шыдай алмаса, басқаның төтеп беруi мүмкiн емес. Бiрақ таулық осал адам емес. Дегенмен Сүлейменнiң жаңағы соққысынан есiнен танып, бүк түстi. Сүлеймен оны қоя салды да, қатар тұрған таулықтарды бiр-бiр соққымен баудай түсiрдi. Қашып бара жатқан бiреуiн шап ұстап, қап сияқты жоғары көтердi де, төрде манағы басынып сөйлеп отырғанға жетiп барды. Өзiнiң сенген дәуiн бiр-ақ соққымен талдырып түсiрген Сүлейменнен зәре-құты қалмаған ол, өзбектер жаққа қаша бергенде, бұл қолындағы көтерген адамымен оны бiр ұрды. Лақтырылған адам көлденең ұшқан күйi қашқынның желкесiне барып тидi. Жер құшқан екеуiн қырандай бүрген Сүлеймен сiлкiп-сiлкiп орындарынан тұрғызды.

    • Әй, нәлетi, — дедi Сүлеймен Шухратқа шүйiлiп. — Осы түрменi өзiң тұрғызып, баяғыдан өзiң билеп келе жатыр ма едiң? Неге бiрiншi келгендерге адамға ұқсап сөйлеспейсiң? — деп оның желкесiнен мытып-мытып жiбердi. Шухрат талып қалды ма, әйтеуiр былқ-сылқ. Оған қараған Сүлеймен болмады. Жағына шапалақтап-шапалақтап жiбердi. Анау есiн жиғандай, көзiн ашты.

    • Бүгiннен бастап маған бағынатын боласыңдар. Бағынбайтындарың өлдiм дей берiңдер. Естiдiңдер ме-ей?!

Таулықтар бастарын изедi. Шурхаттың басынан Сүлеймен тағы бiр ұрып, етпетiнен жалп еткiздi.
Қатты ашуланғанда Сүлеймен ентiгiп кетушi едi. Осы жолы ентiгiн зорға басты.

    • Құп қираттың-ау, бәрiн. Жаман айғырдай кiсiнеген сұмдарға осы керек едi. Жүр, ендi бiз бұлардың төрдегi орындарына барып, жайғасып алайық, — дедi Парманқұл.

Екеуi тобын ертiп төрге беттегенде, қастарына бiр жағымпаз жүгiрiп келдi.

    • Уа, әкә. Бүгiннен бастап, бұл барактың қожайыны — сiзсiз. Ал, қожайын ең төрдегi жұмсақ орынға жату керек. Жүрiңiз, сол орныңызды көрсетейiн, — деп ол жағымпаздана иiлiп, алға жорғалай жөнелдi.

Сiбiр түрмесiнде мұндайларды “шестерка” дейтiн. “Шестеркалар” кiм мықты болса, соның аяғын жалап күн көредi. Түрмеде болған оқиғалардың бәрiн билеушiге жеткiзiп тұрады. Сондай-ақ билеушiнiң кiр-қоңын жуып, жататын жерiн тазартады. Бiр сөзбен айтқанда — қатынша жұмыс iстейдi. Сүлеймен әлгiнiң сондай адам екенiн бiрден бiлдi. Тағы бiр бiлетiнi — билеушi “шестеркалардың” аттарын атауға тиiс емес. Басқа, қорлау аттармен атай беруге болады. Бiрақ Сүлеймен бiреудi мазаққа айналдыруды жек көредi. Дегенмен бұл жер — түрме. Қанша мықты болсаң да, түрме заңын ұстау керек.
Жағымпаз төрдегi жаюлы үш-төрт көрпешенi қағып-қағып, қайта салды.

    • Бүкiл баракта бар көрпеше осылар-ақ. Бұрын бұларға Шурхаттар жатушы едi. Ендi бұлар — сiздердiкi. Жақсылап жайғасып алыңыздар. Бұдан былай бiр нәрсе керек болса, қызметтерiңiзге дайынмын.

    • Сен мынаны айт, — дедi Парманқұл оған қарап. — Пияз бен Ахмад қай баракта жатыр?

    • Уа, Паяз бен Ахмад әкәмдар екiншi баракта. Ол кiсiлер бүкiл түрменiң билеушiлерi ғой. Шурхат солардың адамы. Оның сiздерден таяқ жеп қалғанын қазiр-ақ есiтедi. Сосын… Иә, ол жағын өздерiңiз шеше бересiздер ғой. Сiз Парманқұл әкәм емессiз бе? Сiздi бiлем. Ахмад әкәмен ерегiстерiңiздi де бiлем. Бiрақ мен үлкен кiсiлердiң iстерiне араласпаймын ғой.

Бұл уақытта таяқ жегендер үстi-бастарын қағып, шетiнен далаға шығып жатты. Дәуi бұл жаққа бiр қарады да сүйреттiлiп барып, таулықтардың ортасына жатты. Сiрә, қатты соққының әсерiнен әлi өз-өзiне келе алмаған-ау.

    • Сенiң үлкен кiсiлердiң iсiнде, әлбетте, шаруаң болмайды. Бiрақ үлкен кiсiлердiң айтқанын iстеуге мiңдеттiсiң. Қазiр далаға шық та, анау таулықтарды аңды. Олар Паяз бен Ахмадқа бара ма, барса, не жайлы әңгiмелеседi, нендей iстi ойластырады, соның бәрiн бiлiп кел.

    • Менi өз қорғауларыңызға аласыздар ма? Әйтпесе, аналар өлтiрiп қояды.

    • Қорықпа. Айтқанымды iстей бер.

Қолын қусырап, басын қайта-қайта изеген жағымпаз ары кеткенде:

    • Ахмадты айттың. Ал, Паяз дегенiң кiм едi? — дедi Сүлеймен.

    • Әнеукүнi саған “түрмеде бiреулермен ерегiсiм бар едi” деп едiм ғой. Паяз, Ахмад деген билеушiлермен өткенде ерегiсiп қалғанмын. Жаңа Шурхат менi танып, бiзге әдейi тиiстi. Бiрақ сенiң арқаңда жеңiске жеттiк. “Жеңiске жеттiк” дегенiммен, олар осымен тыныш қалмайды. Сондықтан да айқастың бәрi алда. Түрме iшiнде ары-берi жүргенде, дүзге шыққанда сақ болу керек. Бұлардың тығылып тұрып, тасадан пышақтап кететiн әдеттерi бар. Бәрiнiң пәпектерiн басып, жуасытып қоймайынша, далада жалғыз-жарым жүрмеңдер.

    • Иә, ойламаған жерден пышақ ұрып кететiн сатқындықтары бар бұл пәтшағарлардың, — дедi Кәрiмбек.

    • Олар түгiлi қаруға бiз де сүйенемiз ғой. Бiз қарусыз болсақ, тым қауқарсыз екенбiз. Жаңа Сүлеймен болмағанда, быт- шытымыз шығар едi.

    • Оның рас, Парманқұл.

Шурхат бастаған топ далаға шығып кеткенде, барактағылардың бәрi Сүлейменге келiп, сәлем бере бастады. Бәрiнiң жүздерiнде жағымпаздықтың табы бар. Сүлейменге қошемет көрсетiп, өлiп барады.

    • Парманқұл, мен Сiбiрде қара Ибанды ұрып жыққанда, ондағылар маған бұлай қошемет көрсеткен жоқ едi. Ал, мыналар бiр таулықты сiлейтiп салғаным үшiн менi қаһарманға балап жiбердi-ау.

    • Е, ол жақта бұл жердегiдей жәдiгөйлер жоқ та.

    • Осы мен барған, жүрген жерлерiмiздегi адамдардың мiнез- құлықтарына назар аудара бермеймiн. Шынында таулықтардың басқаға, әсiресе өзiнен күштiлерге деген көзқарастары мен қарым-қатынастары өзгеше болады-ә.

    • Иә. Бiрақ өздерi әлi келетiндерге, ой, күн бермейдi-ау, пәлелер.

Бұдан кейiн әркiм опасыз таулықтар туралы өз пiкiрлерiн айтып отырды. Сүлеймен Шурхаттың орнына жайғасқан соң, қалған жiгiттерi де оның айналасындағы орындарды иемдендi.

    • Бiз таулықтардың орындарын алдық. Ендi ол сорлылар қайда жайғасады?

    • Туһ, Сүлеймен, оларға жанашырлық сөз айтпай-ақ қойшы. Кiм бiзге тиiссiн деген. Ендi қайда жайғасса, онда жайғассын. Өз обалдары өздерiне. Мүмкiн бәрiн жаңа өздерi бiзге айтқан кiре берiске жатқызып қоярмыз.

    • Шынында, Парманқұл, солай зорлық көрсетемiз бе?..

    • Бiздiкi — зәбiр емес. Бiздiкi шайқас үстiндегi — таза жеңiс,

  • дедi Кәрiмбек.

Бiр кезде бағанағы “шестерка” келдi.

    • Сiздерге жақындауға бола ма? — дедi ол анадай жерде тұрып.

    • Кел. Ахмад пен Паяз жақтан не хабар бар? — дедi Сүлеймен дауыстап.

    • Ойбай, қожайын, жай сөйлеңiз. Менiң сiздерге не айтатынымды бөтендер естуге тиiс емес.

    • Атың кiм сенiң? — деп сұрады Кәрiмбек.

    • Рахматолла.

    • Айт әңгiмеңдi. Не көрiп, бiлдiң?

    • Айтсам былай: Шурхат осы жерден шыққаннан кейiн тура Ахмад пен Паязға барды. Бiрақ қастарына жақындай алмадым. Сондықтан не айтқандарын естiмедiм. Дегенмен Шурхат болған оқиғаның бәрiн айтты-ау деймiн. Ахмад ашуланып кетiп, Шурхатты да, жанындағыларын да ұрып тастады. Ұрып-ұрып алды да: “Сол қазақтарды ендi мен барып төбелеуге тиiспiн бе? Өздерiң қатырыңдар. Ертең солардың бiрiнiң басы менiң алдымда жататын болсын”, — деп айқайлады. Шурхаттар бастарын изеп, тұра бергендерiнде менi көрiп қоймасын деп сыртқа шығып кеттiм. Бар көрiп, бiлгенiм — осы.

    • Оттапты хайуандар. Бiздiң басымызды кесiп үлгергенше, өздерiнiң бастары кесiлер.

    • Әзiрше ашуланба, Парманқұл. Бар нәрсенi уақытында көремiз. Шурхаттар бiзге қайтiп тиiсуге беттей қоймас. Бiрақ Ахмад пен Паяздың айтқанын орындайтын болса, олар бiздiң бiреуiмiзге қапыда бiр зияндық жасап қалуы кәмiл. Сондықтан да

олар мақсаттарына жету үшiн кез келген мүмкiндiктi пайдаланып бағады.

    • Менiң қауiптенетiнiм, Сүлеймен, түн мезгiлi. Сол үшiн де бүгiн, бүгiн ғана емес, алдағы түндерде де сергек ұйықтауымыз керек.

    • Бұлар кәнiгi баскесерлер. Қанша сергек ұйықтасаң да, бауыздап кетудiң бiр амалын табары хақ, — дедi Адамбай Парманқұлдың сөзiне қосылмайтынын бiлдiрiп. — Одан да әр түнi әрқайсымыз кезектесiп қарауылдыққа тұрайық.

    • Е, мұның жөн. Бiз бүгiн Сүлеймен екеумiз қарауыл болайық.

Басшы әрқашанда тобының мiндетiн бiрiншi атқаруға тиiс қой.
Сүлеймен оны қостағандай ишара бiлдiрдi.

    • Мына Парманқұл бiледi, менi бiреу сөзге айналдырып отырмаса, ұйықтап қаламын. Ал, бiр ұйықтасам, Құдай салмасын, бiр жерiмдi кесiп әкетсе де, түк бiлмей қатамын. Ал, ендi, менi дереу оятып жiберетiн бiр тәсiл бар. Соны сендерге айтып қояйын. Ұйықтап жатқанымда алқымымнан сәл қысып қалсаңдар болды, атып тұрамын.

Кешке жақын Шурхаттар келiп, орты тұстағы бос орынға жайғасты. Олардың бәрiнiң жүздерiнде “қайтсек те сендерден кек аламыз” дегендi бiлдiрiп тұрған өшпендiлiктiң табы бар. Қазақтарға қарап-қарап қойып, өзара күбiрлесiп жатыр.

II


Бiр уақытта казармаға тексерушi солдаттар кiрiп, сотталушыларды түгендеп шықты. Жұмыстарын тындырғасын, қабырғаларға iлiнген шырақтарды сөндiрiп шығып кеттi.

    • Сен ендi менi әңгiмеге айналдырып жат, — дедi Сүлеймен Парманқұлға.

Парманқұл не жайында айтсам екен дегендей бiраз уақыт үнсiз жатты.

    • Не айтарыңды бiлмесең, өзiм аузыңа әңгiме салып берейiн. Анада Тәшкенде бiр кiсiлер сендер туралы бiрдеңе айтып едi. Сендер дегенiм — Сыр бойында сенен басқа тағы бiр Парманқұл бар екен ғой. Айтушылар сенi — “батыр Парманқұл”, ал оны “осал Парманқұл” дедi. Соны есiтiп, “анау Парманқұл не сенiң құрдасың, не қастасың шығар” деп ойладым. Өйткенi, халық бiр нәрсенiң себебiнсiз аттас адамдарды екi бөлек атаумен атамайды.

    • Дұрыс пайымдаған екенсiң. Жұрттың сол Парманқұл екеумiздi басқа Парманқұлдардан бөле-жара атауында бiр себеп бар. Ел iшiнде Парманқұлдар көп қой. Бiрақ Сыр бойының әмбе жұртына бiз екеумiз белгiлi Парманқұлдармыз.

Ол Парманқұл шынында да менiң құрдасым. Өзi сен сияқты дәу. Алайда сенен жұқалау. Түсi зәрдей. Қолдары күректей. Бұрындары жорыққа бiрлесiп шығатынбыз. Бiрде екеумiзге бiр бай қатты қысастық жасады. Бай деп отырғаным — оразгелдi, жандардың Әкiмбай деген болысы. Парманқұл екеумiз қысастығы үшiн Әкiмбайдан кек алуды ойладық. Дегенмен болысқа жету оңай емес. Жанынан үнемi жандайшаптары мен шабармандарын тастамайды.
Бiр күнi оның үйiн аңдуға кiрiстiк. Үшiншi күнi болыс тоқалының үйiнде жалғыз қонып қалды. Тоқалымен жатқан жерiнде бассалуға арландық та, далаға шығатын мезгiлiн күттiк. Қас қылғанда, қуығы бекiтiлiп қалды ма, сол түнi болыс далаға шықпады. Ал, бiз үйiнiң сыртындағы ағаш түбiнде күтiп жата бердiк.
Таң атты. Жалшы-малайлар болыстың малын өрiске айдап, тiрлiкке кiрiскен уақытта ол үйден шықты. Үстiнде ақ дамбал, ақ көйлек. Зәрi қатты қыстап жiбердi ме, болыс аулағырақ бармай,
үй артына тұра сап, шаптыра бердi. Сәл кешiксек, ол iсiн бiтiрiп iшке кiрiп кетуi мүмкiн. Мен қылышымды қынабынан суырып алдым да: “Мә, жүгiрiп барып, мына қылышпен болыстың басын шауып таста” — дедiм Парманқұлға. Ол қылышты ала сап, тұра жүгiрдi. Оның жүгiрiп келе жатқанын болыс байқап қалды да, малайларын шақыра бастады. Өзi сиiп болмаса да, асығыс- үсiгiс дамбалын кие сап, анадай жердегi арбаға жеттi. Арба үстiнде бесақа жатыр екен. Ол соны ала сап, Парманқұлға қарсы ұмтылды. Ол бiр жақтан ұмтылғанда, қолдарында сойылдары бар екi жалшы екiншi жақтан ұмтылды. Сәл шапшаңдық, болмаса батылдық көрсеткенде Парманқұл болысты шауып тастар едi. Бiрақ ол қылышын тастай салып, керi қашты. Бәлкiм үш жақтан қарсы тұрған аналардан қаймыққан шығар. Бәлкiм кiсi өлтiргiсi келмеген шығар. Осыдан кейiн мен оны “осал” деп ат қойып едiм, аузым дуалы ма, бiлмеймiн, ел де оны солай атап кеттi.

    • Ол шынымен “осал” болса, бұрындары сенiмен қалай жорыққа шығып жүрдi?

    • Ол осал емес, нағыз қаһарманның өзi. Сол жолы неге бұндай қылық көрсеткенiн бiлмеймiн.

    • Ол байдан қашып кеттi. Сен кейiн не iстедiң?

    • Парманқұл маған қарамай қашып кеткесiн, қарусыз қалған мен, анадай жерде жатқан ұзын таяқты алып, олар-ға жүгiрдiм. Болыс өзiн аңдыған тағы бiреудiң бар екенiн ойламаса керек. Парманқұл қашқасын, өзара жайбарақат сөйлескен олар менi көргенде, сасып қалды. “Бiр Парманқұл қашып едi, екiншiсi де осы жерде екен ғой. Әйдә, жабылайық бұған үшеулеп”, — деп айқайлады.

Шынымды айтсам, сонда “қашып кеткен Парманқұл артына бiр бұрылып қараса, оларға жүгiрген менi көрiп, көмекке келер” деп ойлағанмын. Ол көрiнбедi. Мен сол жүгiргеннен қолдарындағы сойылдарын ары-берi сермеген жалшылармен айқасқа түсе кеттiм. Бiрiншi кездескен жалшы сойылын маған сiлтей бергенде, таяғымды көлденең тосып қалдым. Сойыл таяққа тидi. Ол екiншi рет ұрмаққа әрекеттенгенде, таяқтың ұшымен iшiне қойып жiбердiм. Жазған iшiн басып, отыра кеттi. Арт жағымнан келген екiншi жалшы менi ұрып үлгердi.
Оның сойылы тура жауырыныма тидi. Ұруы қатты болмады ма, әлде бары сол ма, әйтеуiр соққы аса қатты тимедi. Дегенмен сойылдың аты сойыл емес пе, ауырсынып қалдым. Бiрақ ашуым қатты қозып кеттi. Айқайлап жiбердiм де, таяғымды олай-бұлай сермеп, оған ұмтылдым. Ол пәле де жанкештi екен. Сойылымен тура басыма ұруға әрекеттенiп, тiкесiнен ұрды. Мен жалт бердiм. Жалшының сойылы ауа құшып, жерге сарт еттi. Осы сәтте оны таяқпен бiр пердiм. Сорлы жалп еттi. Бұл кезде Парманқұл тастап кеткен менiң қылышымды алып алған болыс: “Екеуiң жабылып, осыған түк iстей алмадыңдар-ә, нәлетiлер. Қане, тұрыңдар, тез орындарыңнан!” деп ақырып, өзiме шапты. Семiз адам қайбiр тез қимылдап оңдырсын. Қорбаңдап келе бергенде, таяқты лақтыра жiберiп ұрдым. Таяқ бетiне тидi. Болыс қылышты тастай сап, бетiн басып, тұрып қалды. Жүгiрiп бардым да қылышыма жармастым. Оны алып үлгергенiм сол едi, жалшының бiрi келiп килiктi. Килiккенде, сойылымен менi ұрып қалды. Қас қалғанда, сойыл қылыш ұстаған оң қолыма сарт еттi. Жаңағыдай емес, бұл жолғы соққы күштi болды. Қолымнан қылышым түсiп кеттi. Құдайдың қалай маған көмектескенiн, әрi не ойлағанымды бiлмеймiн, қолымның ауырғанына қарамай, жандәрмен болысқа атылып барып, бетiн басып тұрған оны құшақтай алдым. Құшақтай алдым да, жалшының екiншi рет ұрған соққысына болысты тоса қойдым. Осының бәрi көз iлеспес жылдамдықпен болғаны соншалық, жалшы сiлтеген сойыл болыстың басына тақ еттi. Ол заматта құлап түстi. Оны көрген жалшылар не iстерлерiн бiлмей, жан-жақтарына алақ-жұлақ қарап, шарасыз хал кештi. Мен еңкейiп қылышымды көтердiм. Екi жалшы сойылдарын тастай салып, болысқа да қарамай, қаша жөнелдi. Мен жерде ес-түссiз жатқан оның басын шауып кетейiн деп тұрдым да райымнан қайттым. Себебi ол қорғансыз, қарусыз жатты. Әйтсе де “менiң кегiмнiң белгiсi болып жүрсiн” деп бiр аяғының тiрсегiн қиып жiбердiм. Талып жатқан ол осы сәт селк етiп, ес жиды, да бақырғандай дыбыс шығарды. Мен қылышыма жұққан қанды оның үстiне сүртiп-сүртiп, сай жақтағы байлаулы атыма беттедiм…

    • Аяғының тiрсегiн қиып жiберсең, бай сорлы кейiн ақсақ болып қалған шығар.

    • Сөзiмдi бекер бөлдiң. Мейлi, бөлiп қойдың ғой. Сұрағыңа жауап бере салайын. Болыс сол құлағаннан қайта тұрмапты. “Сол құлағаннан” дегенiм, жатқан жерiнде өлген емес. Басына тиген соққыдан он-он бес күн өз-өзiне келе алмай, жүрiп кетiптi. Әйтпесе, тiрсегi қиылғаннан адам өлушi ме едi, тәйiрi.

    • Өлгенiн сенен көрген жоқ па?

    • Әрине, көрдi. Ағайындары Шымқала мен Тәшкеннен қайта-қайта жасауыл шығарып, менi әбден iздетiптi. Ал, мен, ол оқиғадан кейiн Жызаққа кетiп қалғам.

    • Жызақ та осы Тәшкен сияқты шаһар ма?

    • Жызақтың өзi кiшi-гiрiм елдi мекен. Ал оның маңындағы құс ұшып жетпес, ат айналып өтпес ұланғайыр даланың бәрiн Жызақ жерi дей бередi. Ол жақтың түпкiлiктi халқы — қоңыраттар. Мен сол ағайындардың арасында көп жүрдiм. Айтпақшы, сенен сұраймын деп үнемi ұмытып кетемiн. Сен Төле бидiң нешiншi ұрпағысың?

    • Төле бидiң бесiншi әйелiнен Қожамжар, Алдамжар деген екеу туған. Алдамжардан тұқым жоқ. Ал Қожамжар Төле бидiң шаңырағын ұстаған кiсi. Қожамжардан — Дербiсәлi. Мұратәлi, Сүгiр, Дауылбай атты төрт бала. Бұлардың Дербiсәлiсiнен тарағандардың көпшiлiгi датқалықты ұстаған атақты кiсiлер болған. Бiз Дауылбайдан тараймыз. Одан — Олжабай, Құлжабай, Кенжебай атты үш бала. Құлжабайдан — Сұлтан. Сұлтаннан — Мәмен, одан — мен. Сонда Төле би менiң алтыншы атам болады. Бұдан кейiн екеуi түрме жайындағы әңгiмеге ауысты. Ахмад пен Паяздың кiмдер екенiн және олар осы Табақсай түрмесiнiң

қалай басшысы болып жүргендiктерi жайында әңгiме бөлiстi.

    • Мен мұнда алғаш рет жиырма екi жасымда келдiм. Онда кеңестiң орнағанына төрт-бес жыл болған. Тәшкен маңындағы басмашылардың бәрiнiң тоз-тозы шығып, көп бөлiгi тау асып кеткен кез. Мен келгенде, мұнда бұрын сол басмашылардың қатарында болған баскесерлер жүдә көп едi. Расул деген сондайлардың бiрi осы түрмеге билiгiн жүргiзедi екен. Түрме басшылары мен қызыл солдаттар онда жатақханалардағы

сотталушылардың iшкi тәртiптерiн көп тексере бермейтiн. Күнде тексермейдi дегенiм ғой. Тiптi тексергеннiң өзiнде де түрмедегiлер өз-өздерiне дегендерiн iстейдi. Былайша айтқанда, түрме зәкүнiмен күн кешедi. Ал зәкүн дегеннiң бәрi Расулдың қолында. Өзi еңгезердей, жүзi қап-қара едi. Ал көздерi тұздай көкпеңбек. Сақалы кеудесiне түседi. Жалпы, рәпәтi жаман едi, сұмның. “Сұм” деппiн-ау. Мейлi, Құдай өзi кешiрсiн. Өлген адамға қаратып жаман сөз айтпайды деушi едi. Әй, бiрақ ол менiң туысым дейсiң бе. Одан да әңгiмемдi айта берейiн.
Сол Расул еркектердi кәдiмгi қатынша зорлауға сондай құмар- ды. Түрме iшiнде аяғын сәл шалыс басқанды немесе байқамай өтiрiк сөйлеп қойғанды көтек қылып жiберетiн. Талай адамның ажалына да жеттi. Бiрақ өзiме зияндық iстеген емес.
Мен сол жолы үш жыл жатқам. Шығуға екi-үш ай қалғанда түрмеге елушақты таулық келдi. Құрғырлар, топтасып алса, жүдә, жаман. Келе сала, бұл жердегiлердi адам құрлы көрмей, әркiмдi басынып, қоқаңдай бастады. Мұны Расул тiрi көтерсiн бе. Дереу оларды жөнге салып қоюға кiрiстi. Бiрақ жеңе алмады. Өзi ажал тапты. Ол былай болған-ды:
Жаңағы Ахмад пен Паяз дегендер сол уақытта келген. Расулдың адамдары таулықтың бiрсыпырасын ұрып-соғып, түрме заңына үйретiп қоймақ болды. Алайда елушақты таулық ұйымдасып, әлгi өздерiн ұрып-соққандарды қиратып тастады. Содан бұзықтарды қалайда жусатып салуды ойлаған Расул, олардың топ басшысымен жекпе-жекке шығуды ойластырды. Таулықтарды Ахмад пен Паяз басқарып жүрген. Ол екеуiнiң жастары бiз құралпы. Сол кезде жиырма алты-жиырма жетi жастағы жiгiттер едi. Расул болса, қырық беске таяған. Ахмад Расулдың ұсынысын бiрден қабылдап, былай дедi. “Сен осындағы ең кәттә бастық екенсiң. Сенен кейiн Рахымжан дегенiң тағы бар екен. Мен — сенiмен, ал менiң Паяз бауырым — сенiң Рахымжаныңмен шықсын. Егер сен жақтан — бiреу, мен жақтан — бiреу жеңсе, жеңгендер жекпе-жекке қайта шықсын. Сонда кiм жеңсе, түрменi сол билейтiн болсын. Егер Паяз екеумiздi сендер бiрдей жеңсеңдер, бiз сендерге бағынамыз. Ал бiз жеңсек, сендер бағынасыңдар”, — дедi.
Расулдың оған көнбеуге амалы қалмады. Сөйтiп бiр күнi кешке анау шеткi барактың артындағы тегiске Паяз бен Рахымжан жекпе-жекке шықты. Төбелестi түрмедегi қатын еркектерден
басқаларының бәрi тамашалап тұрды. Төбелес шарты — өлiмге дейiн едi. Жарты сағаттай төбелесте Паяз анадан басым түстi. Басмашы болып жүргенде, әбден көкнар iшiп, қорқор тартқан Рахымжан алдында әжептеуiр қарсылық көрсеткенiмен, соңынан шаршап қалды. Паяз оны сұлатып түсiрiп, тепкiнiң астына алды дейсiң. Ананың бет-аузын қан жуып кеттi. Бiрақ Паяз сонда да тоқтамай, басына тепкiлей бердi, тепкiлей бердi. Қарап тұрғандардың ешқайсысы да, тiптi Расул да ара түсейiн демедi. Ал менiң Рахымжанға жаным ашып кеткенi соншалық, ортаға жүгiрiп шықтым да, теуiп тұрған Паязды ары итерiп жiбердiм. “Ой, нәлетi-ау. Жатқан адамды тепкендi қай мұсылмандықтан көрiп едiң. Жеңiлгенiн бағана мойындап қойды ғой”, — деп ақырдым.
Құданың құдiретi, сонда маған таулықтар тиiспедi. Тек Ахмад: “Расул, бүгiнгi жеңiс — бiздiкi болды. Осыны мойындайсың ғой-ә”, — дедi. Расул басын изедi. Ахмад тобын ертiп, шетке шықты. Шығып бара жатып: “Ей, қазақ, бүгiн бiз өзбектермен төбелестiк. Сондықтан саған әзiрше тиiспеймiз. Ертең мен Расулды жеңсем, одан кейiн жұмысым сенiмен болады”, — дедi. Мен одан қорықпадым. “Жұмысыңды көрiп алдым сенiң”, — дедiм мен де. Сосын Рахымжанды түрттiм. Әлi жаны бар екен. Ыңырсып көзiн ашты. Өзбектер оны көтерiп баракқа алып кеттi.
Екi күннен кейiн ол қайтыс болды.

    • Ал Ахмад пен Расул төбелеспедi ме?

    • Қызықтың бәрi ертесiне болды. Кешке Паяз бен Рахымжан төбелескен жерде екеуi жекпе-жекке шықты. Төбелестiң бас жағында Расул Ахмадты қаңбақша үйiрдi. Дегенмен Ахмад пәле жылдамдық қылып, ананың қатты соққыларын тигiзбей жүрдi. Қанша дегенмен жасы қырықтан асқан адамның шамасы белгiлi емес пе. Ахмадты қуа-қуа шаршап қалды. Содан шабуылға Ахмад шықты. Расулдың сақалынан ұстап еңкейтiп, әбден тепкiледi. Сосын тiзелерiнен тепкiлеп, тiзерлеттi. Тiзерлеткен соң жығу оңай ғой. Жығып алып, бас-көз демей ұрып-соқты. Расул да жанкештi екен. Ананың ұрғанын елемей, тұрып кетуге қайта- қайта әрекеттендi. Бiрақ тұра берсе, Ахмад желкесiнен, болмаса арқасынан тартып, ойлағанына жеткiзбедi. Ол да кешегi Паязға ұқсап, оны тепкiлеп өлтiрмек болды-ау деймiн. Алайда Расул

тепкiге төтеп берiп, сұлай қоймады. Қайта бiр-екi рет Ахмадты ұстап қап, құлатып тастағысы келдi. Ал Ахмад жығыла қоймады. Ары секiрiп, берi секiрiп, Расулға дес бермедi.
Егер Расул сонда тұрып кетiп, ананы бiр ұстап алғанда, жеңiс сонiкi болар едi. Еңгезердей болған пәле қопал екен. Құлаған соң тұрудың амалын таппады.
Оның не сұлап түспей, болмаса талып қалмай, өзiмен алыса бергенiне жыны келген Ахмад төбелес шартын бұзды. Бұзғаны

  • мынау: төбелесте қару қолданылмайтын болып келiсiлген. Ал Ахмад төбелестi қызықтап тұрған өз серiктерiнiң бiрiне жүгiрiп барды да, одан пышақ алды. Бұл кезде Расул тұрып үлгерген едi. Бiрақ кеш қалды. Ахмад оған айқайлап жүгiрiп келiп, iшiне пышақ сұғып алды. Расул екi бүктелiп отыра кеттi. Ахмад оны желкесiнен тартып шалқасынан құлатты да тамағын осып жiбердi. Содан соң: “Ендi бiреуiң бiзге, жоқ, маған қарсы шығатын болсаңдар, бәрiңдi осылайша бауыздаймын!” — деп бақырды. Қараймын, ешкiмде үн жоқ. Бұған жыным келген мен: “Ахмад, сен төбелестiң шартын бұздың. Неге пышаққа жүгiнесiң?” — деп айқайладым.

“Сен қазақ кеше де бiзге қарап айқайлап едiң. Бүгiн де соныңды қайталап тұрсың. Осы үшiн сенi де сойып тастайын ба?” — деп бақшиды ол маған. Мен тайсалмай, оның iстегенi еркектiк еместiгiн қайталап айттым. “Бүгiн екi адамды соймай-ақ қояйын. Бiрақ келесi кезек сенiкi”, — деген ол тобының алдына түсiп, казармасына беттедi.

    • Расулды өлтiргенiне түрме бастықтары еш шара қолданбады ма?

    • Ахмад пен Паязды бiраз күн жертөлесiне қамады. Бар болғаны — сол. Сiрә, мiлисалар да Расулдан құтылғандарына қуанса керек. Әрi онда түрме қожайындары сотталушылардың бас араздығына көп араласа бермейтiн.

    • Таулықтар жертөледегi қамаудан шыққан соң өзiңе тиiстi ме?

    • Мен онда бұлардың соншама кекшiл болатынын бiлмеушi едiм. Оның үстiне шығатын мерзiмiм де таяп, “бiр пәлеге iлiгiп қалмасам екен” деп ойлап та жүргем. Бiр күнi кешке әлдеқандай

таулық келiп: “Сенi сыртта Ахмад шақырып жатыр”, — дедi. “Керек болса, Ахмадыңның өзi келсiн”, — дедiм мен. Ол кеттi. Аздан соң қасына үш таулықты ертiп, қайта келдi. Бұл жолы ол сөйлемедi. Қасындағы сидиған арық бiреуi: “Сен неге Ахмадтың тiлiн алмайсың? Әлде өлгiң келiп жүр ме?” — деп дiңкiлдедi. “Мен Ахмадтың тiлiн алатын оның құлы емеспiн. Керек екенмiн, өзi келсiн”, — дедiм тағы. Арық таулық басқа сөз айтпады. Жанындағыларға қарап, “жабылыңдар бұған” дегендей, басымен белгi жасады. Сол-ақ екен, аналар жабыла кеттi. Үшеуiне де бой бермей, шашып тастадым. Одан кейiн арықты алып ұрдым да, табаныммен аузын езгiледiм. Сөйтiп тұрғанда, баракқа оншақты таулық кiрiп келдi. Кiре сала менi тоқпақтай жөнелдi. Қайсыбiрiне төтеп берейiн. Сандаған соққыдан құлап түстiм… бiраздан соң талып қалыппын.
Есiмдi жисам, жанымда жататын Олжабай деген қазақ бетiме су бүркiп тұр екен. Сүйретiле орнымнан тұрдым. Таулықтар кетiп қалыпты. “Құдай сақтады, Парманқұл сенi. Олар өзiңдi өлтiрдiк деп кетiп едi, әйтеуiр тiрi қалдың”, — дедi Олжабай. “Сендер маған неге болыспадыңдар?” — дедiм оған. Бiр ол емес, баракта жиырмашақты қазақ бар едiк. Сөзiмдi естiген олар бастарын төмен салып, үнсiз тұр. Бiрақ ешқайсына ұрыспадым. Денемдi ауырсынып, жатып қалдым.
Содан үш-төрт күн тұра алмадым. Денемнiң ауырғаны басылып, жүрiп-тұруға жараған соң Ахмадты iздеп, барагына бардым. Ол бес-алты серiктерiмен көкнар iшiп, мәз болып отыр екен. Мен қастарына барғанда жанындағылар ұшып-ұшып тұрды. Ахмад пен Паяз тұрмады. “Сонша тепкiден тiрi қалған мына қазақ шынында ер екен. Тағы бiр өзi келiп тұрғанын қара. Айт, неге келдiң? Келуiңдi ойлапсың, бiрақ қалай кетуiңдi ойламапсың-ә. Осы жерде басыңды кесiп алайын ба?” — дедi. “Кiмнiң басы кесiлетiнiн көремiз. Шық далаға!” — дедiм. “Жүр”

  • дедi ол да.

Қатарласа далаға беттедiк. Есiктен сыртқа аттай бергенде, ол менi құлаштап бiр ұрды. Еңкейiп үлгердiм. Қолы басымнан асып барып, есiк жақтауына сарт еттi. “Ойбай, қолым, қолым”, — деп тыжыранды ол қолын сiлкiлеп. Осы кезде тұмсығының астынан перiп жiбердiм. Мықты екен, құламады. Тағы бiр соқтым. Теңселiп кеткенiмен, тағы құламады. Үшiншi рет ұрғанда оған ерiп шыққан серiктерi өзiме бассалды. Аянбай соққыласып
жатырмыз. Осы кезде ысқырықтарын ойбайлатып, бес-алты солдат келiп қалды. Олардың келгенi мен үшiн тәуiр болды. Әйтпесе тағы таяқ жеп қалар ма едiм…

    • Солдаттар бәрiңдi жертөлеге апарып қамаған шығар?

    • Жоқ. Қолдарындағы таяқтарымен бәрiмiздi сабалап, таратып жiбердi. Менi және бiраз таулықтарды ұрғандарымен, найсаптар Ахмад пен Паязға тимедi. Қайта Ахмадтың айтуымен менi көбiрек сабады.

    • Демек, Ахмадтың түрме бастықтарымен қарым-қатынасы жақсы болғаны да.

    • Солай екен. Мұны кейiн бiлдiм.

    • Со күйi оған ештеңе iстей алмадың ба?

    • Менi ертесiне түрмеден босатты. Неге екенiн қайдам, сол жолы мерзiмiмнен сәл ертерек босандым. Екi жылдан кейiн бiр сартты ұрып тастағаным үшiн iстi болып, осында қайтым келдiм. Сонда үш ай отырдым. Үш ай iшiнде қалайда Ахмадтан кек алуды ойладым. Неге екенiн қайдам, ол да үш ай бойы маған қарсы ештеңе iстемедi. Сөйтiп, бiр нәрсе тындыра алмай, түрмеден шықтым. Үшiншi рет келгенде де оны сiлейтудiң ретi келмедi. Төртiншi рет осы түрменiң табалдырығын аттағанымда таулықтардың саны бұрынғыдан көбейiп қалыпты. Мен де қазақтардың басын қосып, бiр ортаға ұйымдастырдым. Үш-төрт мәрте олармен топтасып төбелестiк. Ол жақтан да, бiз жақтан да таяқ жегендер көп болды. Бiрақ Ахмад та, Паяз да менiмен жекпе-жекке шығудан ылғи тартынып жүрдi. Бiр күнi бұл жерге бағана сенен таяқ жеген дәу таулық келдi. Алғашқыда бұл жазған момындау едi. Ешкiммен жұмысы болмай, өзiмен-өзi жүретiн. Кейiн мыналар миын әбден айналдырып қойды ма, қазақ-өзбектерге басымдық көрсететiндi шығарды. Екеумiз талай ерегiстiк. Бұл да бiздiң ауылдағы қорқақ Парманқұл сияқты күшi болса да, батылдығы жоқ жүрексiздеу ме, әйтеуiр менiмен төбелеске түсе қоймады. Бiрақ шындап төбелессе, менi жеңiп кетуi әбден мүмкiн.

Күндер өте Ахмад ол екеумiздi жекпе-жекке шығармақ болды. Бiр төбелесетiн күнi қатты боран соқты да, ұрысымыз болмай қалды. Екiншi жолы түрмеден бiреулер қашып, солдаттар барактардағы тәртiптi қатты нығайтқандықтан, жекпе-жегiмiз тағы болмады. Көп ұзамай мен шығып кеттiм де, сол жоспарымыз
аяқсыз қалған-ды. Мiне, ендi бесiншi рет Ахмадпен кездесуге тура келiп отыр.

    • Содан берi осы түрменiң билiгi Ахмадтың қолында ма?

    • Иә, осыған дейiн одан өтер ешкiм болмай тұр.

    • Өзiнiң денесi дәу ме?

    • Бойы онша ұзын емес. Менiмен қатарлас. Бiрақ кең иықты, жалпақ. Паяз да сондай. Сүйектерi iрi. Екеуiнiң де түстерi суық. Бақырайып қарағанда, зәрлi жүздерiне адам қарап тұра алмастай. Ертең-ақ көресiң, олардың қандай екендiктерiн. Туһ, уақыт қанша болды? Менi ұйқы қыстап бара жатқанын қарашы.

    • Мен де әзер шыдап жатырмын.

    • Онда, Сүлеймен, сен ұйықтай бер. Таң қылаң бергенше, мен ұйықтамауға тырысамын. Таң сәл атса болды, қауiп жоқ, — дедi Парманқұл даусын көтерiп. Сосын Сүлейменнiң құлағына сыбырлады. — Әдейi қатты сөйледiм. Таулықтар да ұйықтамай жатыр. Өтiрiк ұйықтағынсып қалайық. Не iстер екен. Бiрақ қара басып, ұйықтап қалма.

Екеуi ұзақ уақыт өз ойларымен болып, ояу жатты. Парманқұлды кiм бiлген, Сүлеймен ұзақ ойлана алмайды. Ояу жата беруге шыдамы жетпедi. Көзi iлiнiп кеттi.
Әлi қатты ұйықтамаған едi. Басынан тиген қатты соққыдан оянып кеттi. Бәлкiм ажалы жоқтығынан осылай болды ма, кiм бiлсiн, көзiн ашса, Парманқұлдың бас жағында бiреу төнiп тұр. Бiреу емес, екi адам тұр. Сүлеймен сәл кешiксе, бiр қатердiң төнетiнiн сездi де: “Ой, Парманқұл, мыналар кiмдер?” — деп атып тұрды. Тұра бергенде, бас жақтағы бiреу өзiн бiр ұрды. Қолын тосып үлгердi. Қолы оның қолына тигенде, алақаны шым еттi. Ананың пышағы бар екенiн бiрден сездi. Ойлануға шамасы болмады. Екiншi қолымен оны құлаштай соқты. Анау “ойбай” деп жатқан қазақтардың үстiне гүрс құлады. Осы кезде Парманқұл да тұра бердi. Ал бас жақта тұрған екiншiсi ары қашты. Сүлеймен үш аттап, оны желкесiнен бүрдi. Сосын басынан аямай соққылап, жер жастандыра салды.
Бұл уақытта өздерiнiң үстiне құлаған адамның бақырғанынан оянып кеткен қазақтар: “Әй, кiм бұл? Әй, не болды өзi?” — деп дабырласып жатқан. Қараңғылыққа әбден көзi үйренген
Сүлеймен қолындағы адамды тартып тұрғызды да, перiп қалды. Соққысы сәл қиыстау кетiп, дәл тимедi. Осыны пайдаланған анау пышағын бұған қарата сiлтеп кеп жiбердi. Абырой болғанда, ол да мүлт кеттi. Сүлеймен тағы ұрды. Бұл жолы соққы дiттеген жерге тидi. Тура басына күрзiдей жұдырық тиген қаскөй дыбыс шығаруға мұршасы келмей, жер қапты.
Осының бәрi жарты минуттың iшiнде болды.

    • Ей, қайсыңда кеуiрт бар? Жағыңдаршы. Мыналардың кiмдер екенiн көрейiк, — дедi Парманқұл дауыстап.

    • Маған “ұйықтай бер” деп, өзiң ұйықтап қалғаның қалай?

Сәл болмағанда сен де, мен де сойыла жаздадық.

    • Ойпырмай, Сүлеймен. Бiр Құдай сақтап қалыпты-ау. Япыр-ау, қалай көзiм iлiнiп кеттi? Әй, өзi, маубаспын ғой мен, маубаспын, — деп Парманқұл өзiн-өзi кiнәләп сөйледi.

Қазақтардың бiрi кеуiрт жағып, құлап жатқандарға жарық түсiрдi. Екеуi де таулық. Бұларды көрген Сүлеймен:

    • Әйдә, жiгiттер, ерiңдер соңымнан. Түн жамылып келiп, бас кеспек болған бұлардың қалған серiктерiн талқандап шығайық

  • деп таулықтар жатқан жерге қарай жүрдi.

Таулықтардың бәрi ояу ма, әйтеуiр шетiнен тұра сап, есiкке қашты.

    • Тоқтаңдар, хайуандар, тоқтаңдар! — деп айқай салды Сүлеймен.

Қайдан. Олардың қараңғы барак iшiн дүрсiлдетiп қашқан дыбыстарынан ұйықтап жатқандар тегiс оянды.

    • Ой, кiмдер-ей, жүгiрiп жүрген?

    • Не болып қалды, өзi?

    • Тағы төбелес басталды ма?

    • Ойбай, мына бiреу аяғымды мыжып кеттi.

    • Аяғың ешнәрсе емес қой. Бiреу менiң тура iшiмнен басып өттi, — деп сотталғандар бiрiнен соң бiрi дабырласты.

    • Бұл баракта шырақ бар ма? — дедi Сүлеймен дауыстап.

    • Шырақты солдаттар әкетiп қалған, — деп жауап бердi көпшiлiк iшiнен бiреу.

    • Әй, Парманқұл, Адамбай, Кәрiмбек… тағы қайсың бар, бәрiң жиналыңдар жатқан жерiмiзге. Тастай қараңғылықта

қашқандардың қайсыбiрiн ұстаймыз. Таң атсын. Содан соң дау салармыз оларға.


III


Сол түнi қазақтар таңға дейiн ұйықтамай шықты. Таңға дейiн қашқан таулықтар да келмедi. Тек солдаттар келiп, сотталушыларды тұрғыза бастағанда, олар баракқа кiрдi. Солдаттардың көзiнше өздерiне ешкiм тиiсе алмайтындарын бiледi.
Бiр сағаттан кейiн солдаттар бәрiн сапқа тұрғызып, асханаға әкелдi. Асханаға бiрден кiргiзбей, топырлатып тұрғызып қойды. Әлден соң басқа барактардағы сотталушылар да тiзiлiп кеп, асхана алдына тұрды. Сүлеймен жан-жағына қарап, “тұрғандардың саны мыңнан асады-ау” деп ойлады. Олардың бiреуiнiң бойлары бұған жетпейдi екен. Тек кешегi өзiнен таяқ жеген таулық қана серейiп, мұнымен тұрғылас болып тұр.

    • Бүкiл түрмеде ең ұзын адам мен болғаным ба.

    • Ұзының не? Ең дәуi де сен. Өзiн дәумiн деп жүргендер сенiң жаныңда мысықтай екен, — дедi Адамбай.

    • “Мысықтай” деп тiптi кiшiрейтiп жiбердiң-ау.

    • Мысықтай болмаса да, өзiн дәумiн дегендер сенен бес қарыс кем.

    • Иә, Парманқұл. Мына сөзiң қатып кеттi.

Тамақтан соң солдаттардың қоршауымен баракқа қайта келдi. Сосын топ-топ етiп, бұларды жұмысқа бөлдi. Кешегi келген қазақтарға тағы екi-үш адамды қосып, түрме шетiндегi зауыт секiлдi бiр үлкен үйге кiргiздi. Үйдiң iшiнде неше түрлi темiр кесетiн станоктар бар екен. Сүлеймен мен Парманқұлды бiр станоктың басына қойды. Станоктың тiлiн бiлетiн бiр адам бар. Бұл екеуi оған көмекшi.
Станок темiр жонып, әртүрлi құрал-сайман iстейдi. Сүлеймендер станок басындағы адамға темiр тасып, дайын болған құралдарды бiр шетке жиыстырады. Бар мiндеттерi — осы.
Бұл жердегi жұмыс кестесi Сiбiр түрмесiндегiдей екен. Түскi тамақ кезiнде бiр сағат демалыс. Бiрақ бiр сағат тамаққа барып,
келгенше өтiп кетедi. Ал кешкi сағат сегiзде жұмыс тоқтатылып, сотталушылар баракқа қайтады.
Екi-үш күн өттi. Сүлеймендер жұмыстың кезiнде де, түнде де ешқандай оқыс оқиғаға кезiкпедi. Таулықтар моп-момақан күйлерi тыныш жүр. Олар тыныш жүргесiн, бұлар да оларға тиiспедi.
Төртiншi күнi жұмыстан қайтып келе жатқанда Сүлеймен Парманқұлға айтты:

    • Анау таулықтар сабасына түстi-ау деймiн. Жүдә, тыныш қой. Саған қастасқан Ахмад пен Паяздан да бiр хабар жоқ.

    • Мен олардың бұлай тыныш жүре беретiнiне сенбеймiн.

Көресiң, бiр күнi бiзге қарап бiр лаңды салары кәдiк.
Парманқұл дұрыс айтқан екен. Сол түнi жатар алдында бұларға Шурхат келдi. Қасында анау дәуi бар. Келе салып:

    • Уа, Сүлеймен, Парманқұл әкәлар. Бiздiң анадағы тiрлiгiмiзге қапа болып жүрсiздер ме? Ол үшiн сiздерден кешiрiм сұраймыз. Бұдан былай тату болайық, — дедi.

Сүлеймен аңғал ғой. Олардың кешiрiм сұрап келгендерiне шын сендi.

    • Ә, бiздiң қазақта “ер шекiспей бекiспейдi” деген сөз бар. Кешiрiм сұрап келсеңдер, кештiм. Бiрақ ендi құтырушы болмаңдар. Мына дәуiңнiң аты кiм?

    • Аты — Низам. Мұны күштi ме деп жүрсек, сiз одан да күштi екенсiз.

    • Кешiрiмдi шын көңiлдерiңмен сұрап келдiңдер ме? — деп сұрады Парманқұл.

    • Әрине, әкә.

    • Бiз кешiргенiмiзбен, Ахмад пен Паяз бiзге бас игендерiңдi кешiредi деп ойлайсыңдар ма?

    • Бiз бұдан былай оны тыңдамаймыз. Қайта сiздермен дос болып, оларға қарсы тұрсақ па деймiз. Себебi, Ахмад пен Паяз бiздi адам құрлы көрмей барады. Ит секiлдi жұмсағысы келедi. Мықты болса, сiзбен өзi төбелеспей ме?

    • Маған тек адалдық керек. Өзiме арамдық iстегендердi, болмаса басынғандарды ешқашан аямаймын.

    • Оны көрдiк, Сүке. Ендi бiз сiздермен бiргемiз.

Олар Ахмад пен Паязды тағы бiраз жамандап, бұдан былай қазақтармен дос болатындықтарына ант-су iшiсiп, орындарына кеттi.

    • Сен, Сүлеймен, осылардың сөзiне сенiп отырсың ба?

    • Иә, Парманқұл. Мен жiгiттiң еркектiк сөзiне сенемiн. Алда- жалда сөздерiнен тайып кетсе, өз обалдары өздерiне.

Екеуi осылай сөйлесiп отырғанда, Шурхаттың жанында жататын екi таулық сыртқа шығып кеттi. Бұған Сүлеймен де, Парманқұл да назар аудармады. Жатқанша сотталушылардың казармадан бiрi шығып, бiрi кiрiп жатады. Бiраз уақыттан соң олар қайта оралды. Оралған екеу Шурхатқа бiрдеңе айтты да, сыртқа ертiп кеттi. Сүлеймендер оған да мән бермедi.
Уақыт өтiп, солдаттардың сотталушыларды түгендеп, жатқызатын кезi де болды. Бiрақ солдаттар келе қоймады. Сағат он екiге таяды. Олар әлi жоқ. Шурхаттар да оралмады.

    • Солдаттар бүгiн мiндеттерiн ұмытып кеткен бе?

    • Бiлмеймiн ғой, Сүлеймен. Бiлетiнiм — бұл тегiн нәрсе емес…

Парманқұл сөзiн аяқтап, үлгермедi. Даладан бес-алты сотталушы жүгiрiп келдi.

    • Ахмад пен Паяз осында келе жатыр. Қолдарында бiреудiң кесiлген басы бар. Ал Шурхаттың дамбалын шешiп, жалаңаш артына теуiп, алдарына салып алыпты, — дедi олар.

Сол-ақ екен, әр жерде күбiрлесiп, әңгiмелескен сотталушылардың дымдары өшiп, әркiм өз орындарына жата- жата кеттi. Сөйтiп лезде барак iшiнде өлi тыныштық орнады.

    • Не дейдi? “Бiреудiң басын кесiп, қолына ұстап алыпты” дей ме? — дедi Сүлеймен.

    • Жаңа айттым ғой, “Солдаттардың кешiгiп жатқандары тегiн емес” деп. Демек, Ахмад пен Паяз түрме қожайынымен келiсiп қойған. Түрмеге бүгiнгi тәртiптi өздерi орнатпақ болған да.

Кешiкпей баракқа оншақты таулық сау еттi. Алдарында — Шурхат. Ол сорлының бұты жалаңаш. Бет-аузының бәрi қан- қан. Оның желкесiнен бүрiп келген таулықтың екiншi қолында адамның басы бар. Кесiлген бастың құлағынан ұстап алыпты.
Тамағынан қан әлi сорғалап тұр. Ал арттағы таулықтың бәрiнiң қолдарында сойыл iспеттес бiр-бiр қысқа таяқ.

    • Нәлетiлер, ойламаған жерден басқандарын қарашы, — дедi Парманқұл күрсiнiп.

Сүлеймен кесiлген басқа қараса — Низамның басы. Сорлының көздерi бақырайып, жұмылмай да қалыпты. Тiлi сыртқа шығып кетiптi. Сiрә, өлгенде тiлiн тiстеп қалған-ау.

    • Сүлеймен деген қайсың? Берi шық! Парманқұл, сен де шық? — деп айқайлады басты салбыратып ұстағаны.

    • Бұл кiм? — дедi Сүлеймен.

    • Ахмад деген — осы.

    • Шақырды ғой, шығайық.

    • Қап, қолымызда ештеңе болмай қалғанын қарашы.

    • Менiң қолдарым олардың таяқтарынан мықты, — деп Сүлеймен Ахмадтың алдына жетiп барды.

Сүлеймендi көргенде Ахмад селк етiп, қолындағы басты түсiрiп алды. Артынша есiн тез жинады. Тiксiнiп қалғанын басқаларға бiлдiргiсi келмедi ме, кiжiне сөйледi:

    • Менiң бұл түрменi билегенiме он жылға таяды. Содан берi ешкiм де айтқанымды екi еткен емес. Жолымды да ешкiм кеспейдi. Кесе алмайды. Сен де кесе алмайсың. Бүгiн мына көтек Шурхат пен басы кесiлген Низам сенiмен дос болмаққа сөз берiптi. Маған осындай хабар жеттi. Мен бұл түрмеде адам түгiлi, қай тышқан қай жерде жорғалап бара жатқанын да есiтiп отырамын. Алдымен мына екi сатқынның бiрiнiң басын кесiп, бiрiн көтек қылдым. Ендiгi кезек — сендердiкi. Бүгiн Парманқұл екеуiңнен бастап бар қазақтың басы кесiледi. Болмаса, көтектер қатарына қосылады.

    • Не дейсiң-ей?! — деп ақырды Сүлеймен мұны естiгенде. — Не деп оттадың, сен хайуан?! Кiмдi көтектер қатарына қосқалы тұрсың?

Шыдай алмай кеткен ол, Ахмадтың бетiнен аямай бiр соқты. Ахмад шалқалай құлап, өз адамдарына тiрелдi. Таулықтар аяқтарын оңтайлап ұмтыла бердi. Сүлеймен саспады. Ахмадты тағы бiр ұрып, сұлатып түсiрдi де, қалғандарына шүйлiктi. Олардың таяқтарының соққыларын елең де қылмай, жайпап
шықты. Осы кезде Парманқұлдар да таулықтарға жабылды. Лезде қоқаңдап келгендер тепкiнiң астында қалды. Бiреулерi бақырып, жалынып жатыр. Сүлеймен Ахмадты басынан асыра көтерiп алды да жерге бiр ұрды. Ахмад сонда да есiн жоғалтпай тұруға әрекеттенiп, көтерiле берген. Сүлеймен оның сақалынан тартып тұрғызды. Сосын шекесiнен қойып қалды. Ахмадтың тiлi шығып, мұрнынан боғы ақты. Сақалынан жiбермеген күйi Сүлеймен тағы бiр ұрды. Денесiнен жан кетiп, қиралаңдай бергенде, оны көтерiп тұрып, анадай жерге лақтырып жiбердi. Қабырғаға барып соғылған Ахмад дуал түбiне көлденең сұлады. Бұл уақытта қазақтар оның адамдарын әлi төбелеп жатқан.
Бiр кезде Адамбайдың: “Ойбай, мынау маған пышақ сұғып алды”
деген ащы даусы шықты. Сүлеймен сол жаққа бұрылды. Қолында пышағы бар Паяз оны екiншi рет ұрмаққа дайындалып тұр екен. Бес-алты қадамдай тұрған Сүлеймен оған бiр сәтте жетiп барды. Барды да пышақ ұстаған қолына шап бердi. Паяздың қолынан әл кетiп, пышағын түсiрiп алды. Ал өзi бұлқынып, босанбақ болды. Ашуы тарамаған Сүлеймен оның қақ төбесiнен бiр ұрып, кескен ағаштай жалп еткiздi.
Бұрындары мұның құлаған адамды ұратын әдетi жоқ едi. Осы жолы көзiне түк көрiнбей кеткен ол, жерде жатқан Паяз бен оның пышағын бiрдей көтердi.

    • Әбден дандайсып кеткен екенсiңдер. Сәл нәрсеге бола адам өлтiруге әдеттенген сен найсапты да қатыра салайын, — оны да көтерiп алып, лақтыра салды.

Парманқұлдар да қалған таулықтарды өлгенше таяқтады. Бiр де бiр дұшпан тұруға жарамады. Сүлеймен болса, оларды шетiнен қолына iлiп ап, лақтырып жатыр. Бұлай ете берсе, олардың бiр де бiрiн тiрi қалдырмайтынын сезген Парманқұл оның алдына келiп тұра қалды:

    • Болды, Сүлеймен, болды. Шетiнен қиратып тастадық. Уай, болды деймiн.

Сүлеймен әзер тоқтады. Таулықтардың бәрi қирап жатыр. Ахмад та, Паяз да қанға бөгiптi. Қалғандары да шалажансар. Қимылдап-қимылдап қояды. Ал барактағылардың жүздерiн үрей басқан. Дымдарын iштерiне тартып, тынып қалған.
Осы сәтте баракқа оншақты солдат жүгiрiп кiрдi. Оң қолының қарына қызыл мата байлаған алдыңғысы:

    • Мыналардың бәрiн өлтiрiп қойғансыңдар ма? Қане, сап түзеп тұра қалыңдар! Кiм төбелестi бастаған? Кезекшi қайдасың? Шақыр, қосымша күштердi! — деп бұйырды.

Барактағылар сапқа тұрғанша, мұнда тағы отыз солдат келдi. Бәрiнiң қолдарында мылтық. Бiрақ олар сотталушыларға жоламай, алысырақ жерде тұрды. Олармен қоса қатырма жағасына үлкен бiр жұлдыз қадаған солдаттардың ұлығы да келдi.

    • Түрменiң екiншi бастығы, — дедi Парманқұл оны көргенде.

    • Бұның не қазаққа, не өзбекке ұқсамайды ғой.

    • Татар ол.

Не керек, сол түнi таң атқанша, баарктағылардың бәрiнен жауап алынды. Қатты жараланған таулықтар мен Адамбайды, Шалажансар Ахмад пен Паязды зембiлге салып, ләзiретке әкеттi. Таң ата Сүлеймен мен Парманқұлды түрме ортасындағы бiр кiшкене үйге айдап келдi. Татар бастық “бәрiне кiнәлi осы екеуi” деп шештi.

    • Бұл не үй? — деп сұрады Сүлеймен Парманқұлдан.

    • Бұл үйдiң астында дуалдары таспен қаланған ұра бар. Түрмеде тәртiпке бағынбағандарды осында қамайды. Бiздi де осында қамамақ.

    • Солдаттар iстiң ақ-қарасына қарамай ма? Олар да Тәшкендегi сот сияқты екен де.

    • Бiр-екi күн осында жатамыз. Одан кейiн жауапқа тағы шақырады. Сонда ақталып көрермiз.

Екеуi тас дуалды ұра iшiнде екi күн жатты. Үшiншi күнi алдымен Парманқұлды, сосын Сүлеймендi сыртқа шығарды. Сүлейменнiң қолын артына байлаған төрт солдат оны түрме қақпасы маңындағы ұзынша тамға әкелдi. Там iшiндегi бiр солдат бөлмеге iшiне кiрiп шықты да Сүлеймендi кiргiздi.
Бөлме ортасында үстел тұр. Үстел басында бiр тал шашы жоқ әскери киiм киген кiсi отыр. Мұны көргенде Сүлейменнiң есiне баяғы Сiбiр түрмесi түстi. Онда да осындай бөлмелер, бөлмелердегi үстел басында дәл мынау сияқты бiр әскери адам отыратын. Түрме мен ондағы да, мұндағы да әскери адамдар бiр- бiрiне қатты ұқсайды. Тiптi терезедегi темiр торлар да бiр-бiрiнен
аумайды. Осыған қарап, сонау қияндағы Сiбiр түрмесi мен осы Табақсай түрмесiн бiр адам салған ба деп қаласың.
Бұл Сүлейменнiң ойы. Ал үстел басындағы әскеридiң ойы бөлек. Оның ойы — барактағы төбелестiң себебiн ашу.

    • Аты-жөнiң кiм?

Сүлеймен нақты жауап бердi.

    • Төбелестi кiм бастады?

    • Таулықтар.

    • Не үшiн?

    • Бiздi бағындырғысы келдi.

    • Осы үшiн оларды өлтiре соқтың ба?

    • Жоқ. Басқа себебi болды.

    • Қандай?

Сүлеймен болған оқиғаны бастан-аяқ айтып бердi.

    • Таулықтар “Низамның басын кескен Ахмад емес — сен” дейдi ғой.

    • Бұған барактағы күллi жұрт куә.

    • Егер олар сендердi басынып жүрсе, бiзге, яғни түрме бастықтарына неге шағым айтпадыңдар?

    • Бастық, баланың сөзiн айтпашы. Түрме заңын менен жақсы бiлесiң ғой, — дедi Сүлеймен бойын қысқан ашуды әзер тежеп.

Мұның бұлай сөйлегенiне тергеушi ашуланып шыға келдi.

    • Не деп отырсың, сен маған? Аһ, албастыдай болған неме. Мұрныңа шынжыр өткiзген бұқадай қып, “одиночкаға” қамап, көзiңе көк шыбын үймелетермiн қазiр. Қара мұны. Менi “балаша сөйлеме” деп мазақтауын. Жауап бер сөзiме. Ахмад пен Паязды не үшiн ұрдың?

    • Жаңа айттым ғой, саған, — деп Сүлеймен орнынан ұшып

тұрды.
Ол қатты ашуланғанда көзiне түк көрiнбегенiмен қатар, жүзiне адам қарай алмастай сұстанып, қаһарланып кететiн. Қазiр де сондай боп кетсе керек, тергеушiнiң екi көзi бақырайып, артқа қарай шалқасынан түстi. Сосын тыпырлап, орнынан тұра берiп: “Қарауыл, қараруыл”, — деп айқайлады.
Екi солдат iшке жүгiрiп кiрдi. Сүлеймен бұл уақытта орнына отырып қойған. Ал тергеушi түрегеп, үстерiнiң шаңдарын қағып жатқан.

    • Жолдас бастық, не болды? — дедi анау екеуi қолдарын шекелерiне апарып. — Шақыруыңызбен келiп тұрмыз.

Тергеушi өз iсiне өзi ұялып қалды.

    • А-а, ештеңе емес. Бара берiңдер, бара берiңдер.

Солдаттар керi бұрылды. Олар кеткесiн, орнына жайғасқан тергеушi, қолына қаламын алып, әлдене жаза бастады. Сүлеймен байқап отыр. Ол заты қорқақ адам екен. Жазу жазған қолдары дiр- дiр етiп, ырқына көнбедi. Тек бiраз уақыттан соң ғана басылды.

    • Сөйтiп сен, Низамның басын кескен де, бiзге келiп тиiскен де Ахмадтың өзi дейсiң ғой.

Бұл жолғы үнi бәсең шықты. Манағы әкiреңдеген қарқыны басылғандай.

    • Тап солай.

    • Ал Ахмад пен Паязды мүгедек еткенiңдi мойындайсың ба?

    • Оларды мүгедек етем деп ойлағам жоқ. Ашумен қаттырақ ұрыппын… Егер мен ұрмағанда олар менi, бiр менi ғана емес, бәрiмiздi өлтiрер едi. Менiкi қорғану ғана болды.

    • Қорғанған адам сен секiлдi болмайтын шығар. Пышаққа қарсы пышақ жұмсау — совет заңына қайшы.

    • Сонда “iсiмiз заңға қайшы” деп өле беруiмiз керек пе. Заңдарың мықты болса, неге Ахмад пен Паязды бұрын ауыздықтап қоймадыңдар?

    • Сұрақты сен емес, мен беруге тиiспiн.

Содан тергеушi бiраз уақыт жазумен болып, тiл қатпады. Үш- төрт беттi толтырып жазған соң:

    • Сауатың бар ма? Оқып, жаза аласың ба? — дедi.

    • Аздап арапша жаза аламын.

    • Арапша жазу — молдалардың iсi. Бiз жаңа жазуы бар жаңа өкiметтiң адамдарымыз. Жарайды. Мына сияны бармағыңа жақ та, қағаздың шетiне бас.

    • Не деп жаздың мұнда?

    • Сенiң жауаптарыңды жаздым.

    • Мұнша жазатындай менен көп сұрақ алған жоқсың ғой.

    • Не жазылғанды сұрай беру шарт емес. Бас деймiн бармағыңды!

    • Неге басамын. Не жазғаныңды оқып бер. Одан соң көремiн.

    • Жаңағы солдаттарды қайта шақырайын ба? Олар келсе, өзiңе не көрсететiнiн бiлесiң бе?

    • Олар не көрсетсе, соны көрсете берсiн. Бiрақ сен оқымай, мен қағазға бармағымды баспаймын. Кiм бiледi, сен онда бар пәленi маған үйiп-төгiп жазған шығарсың.

    • Қарауыл! — деп айқайлады тергеушi. Iшке қолдарында мылтықтары бар бағанағы екi солдат кiрiп келдi.

    • Шақыруыңызбен келiп тұрмыз.

    • Мынау қағазға қол қоймай жатыр. Қол қоюды үйретiңдершi. Алдындағы солдат жанындағысына мылтығын ұстата сап,

Сүлейменге жақындады.

    • Мұндай қабандардың терiсi қалындау келедi. Бiрақ жанды жерiн оп-оңай табуға болады, — деп ол Сүлейменнiң құлақ астынан бiр ұрды.

Қапысыз отырған бұған соққы қатты батты. Мұндай кезде Сүлеймендi ешкiм тоқтата алмайды.

    • Уай, атаңа нәлет. Көрсетейiн саған ұрғанды, — деп орнынан атып тұрды да әлгi солдатты басымен қойып жiбердi. Солдат еденге гүрс құлады. Сосын тергеушiге бұрылды: — Хайуан сенi де өлтiре салайын.

Шошып кеткен тергеушi үстелдi айнала қашты.

    • Ат, атып таста! — деп бақырды ол солдатқа.

Солдат мылтығын оқтады. Сүлеймен сұсты жүзбен оған қарап едi, солдат қолынан мылтығын түсiрiп алды. Сiрә, ол да Сүлейменнiң ашулы бет-жүзiнен зәре-құты қалмаса керек. Түсiп кеткен мылтығын алуға да жарамай, есiктен атып шықты. Артынан тергеушi де зу еттi. Сүлеймен солдаттың түсiп кеткен мылтығын есiкке қарай бiр тептi.

    • Хайуан, сужүректер. Қолым байлаулы болмағанда екеуiңдi де есiктен шығармас едiм.

Осылай кiжiнiп кеп, үстелiне отырды. Жерде жатқан солдат қозғалып, есiн жиды. Бұның оған жаны ашып кеттi. Жиырма екi- жиырма үштердегi жас жiгiт.

    • Нең бар едi менi ұрып?

Солдат басын көтерiп, сiлкiп-сiлкiп алды.

    • Мыналар қайда?

    • Қашып кеттi.

Орнынан тұрған ол, үн-түнсiз есiкке беттедi. Есiкке жете бергенде арғы жақтан топырлап бес-алты қарулы солдат кiрдi. Олар Сүлейменге мылтықтарын кезенiп, дуалды жағалай тұрды. Артынан кiрген тергеушi таяқ жеген солдаттқа қарады.

    • Ей, сенi тағы ұрған жоқ па? Солдат басын шайқады.

    • Қалай ұрамын. Қолым байлаулы емес пе.

    • Сен, қабан, жап аузыңды. Айда, солдаттар, мұны жеке жертөлеге қамаңдар! Бес күн бойы сонда жатсын.

    • Орныңыздан тұрыңыз! — дедi бiр солдат.

    • Тұрамын. Бiрақ артымда жүрсеңдер, атып тастасаңдар да жүрмеймiн. Ал алдымда жүрсеңдер, қайда апарсаңдар да iлесiп жүре беремiн.

Тергеушi мұның сырын бiлсе керек.

    • Мейлi, алда жүрiп-ақ апарыңдаршы, апаратын жерге. Солдаттар оны бағана өзi шыққан кiшкене үйге алып келдi.

Бiрақ күнде жатқан жерiне емес, басқа қап-қараңғы тар камераға кiргiздi. Сүлеймен мұнда кiргенде бiр-ақ байқады. Камера iшi өте тар екен. Табаны да, дуалы да тас. Дуалға арқа сүйеп отырмасаң, жатуға болмайды. Былайша айтқанда, Сүлеймен жатса бұл жерге сыймайды. Еш болмаса ары-берi жүретiн кең болсайшы. Бұрындары түрмелерде осындай камералар бар деп көп еститiн. Ендi мұны да көзi көрдi.

Бiресе тұрып, бiресе жүрелей отырып, бiр түндi зорға өткiздi. Қанша қиналса да дуалға сүйене отырып, ұйықтай да алмады. Тек бостандықты ғана жаны сүйетiн бұл жарылып кетердей күй кештi. Бiрақ адам неге болса да шыдайды емес пе. Шыдап бақты. Бар ермегi — ой ғана. Осы бiр түннiң iшiнде ойына нелер келiп, нелер кетпедi десейшi. Қанша мықтымын десе де, тағдыр алдында осал екендiгiн ендi мойындады. Бiрақ Сүлейменнiң осал болғысы келмейдi ешқашан… Алайда мынадай шарасыз халде тұрғанда тау қопарып, тас жаратын мықтылық туралы ойлау да әбес екенiн бiледi. Дегенмен, бәрiбiр, Сүлеймен жасуды сүймейдi…


Камера iшi қап-қараңғы. Сыртта күндiз бе, түн бе, уақыттың қай мезгiл екенiн бiлу де қиын. Камераның бiр жерiнен жылт етiп сәуле түспейдi. Құдды көр дерсiң.
Бiр кезде сықырлап есiк ашылды. Ашылған сыртқы есiк. Одан соң бұл жатқан камераның есiгi ашылды. Камера iшi жарыққа толды. Есiктiң бергi жағында темiр торлы тағы бiр есiк бар. Келген солдаттар оны ашпай тұрып:

    • Мәменов, екi қолыңды артыңа ұстап, торға жақында, — дедi.

Бұл олардың айтқандарын iстедi. Екi солдат темiр торлы есiктiң арғы жағында тұрып, мұның қолын байлады. Содан соң темiр торды ашты.

    • Ер соңымыздан!

Сыртта тағы төрт солдат тұр екен. Олар артына ере берiп едi, Сүлеймен тоқтай қалды.

    • Неге тұрып қалдың? — дедi бiр солдат. Сосын есiне бiрдеңе түстi ме: — Ә, мұны артынан айдауға болмайды. Екеуiң жанында, қалғандарың алдында жүрiңдер, — деп өзi бiрiншi боп алға түстi. Бұл жолы да тергеушiнiң бөлмесiне келдi. Қасында әскери киiмдi тағы екi адам отыр. Әдетте сотталушы кiргенде тергеушiнiң бет-әлпеттерiнен сұстары төгiлiп, қаһарланып отырушы едi. Ал

мыналар бүгiн жайдарлы секiлдi.

    • Отыр, ә, жоқ, отырыңыз, — дедi олардың бiрi үстелдi нұсқап.

Сүлеймен отырды. “Бүгiн не сұрар екен? Тағы да Ахмад пен Паяз туралы әңгiме айтылатын шығар”.

    • Мамажан әкә сiзге кiм болады? — дедi жана үстелдi нұсқаған тергеушi.

Тергеушiлердiң кейде әлдененi алдап сұрайтынын Сүлеймен жақсы бiледi. “Мамажанды да түрмеге тарту үшiн менен әдейi сұрап отырған шығар” деп топшылады.

    • Ондай кiсiнi танымаймын.

    • Оны танымасаңыз, ол сiздi таниды екен.

    • Менi танитындар көп қой.

    • Қысқасы, сол кiсiнiң көмегiмен бiзге жоғары жақтан сiздi босатуға үкiм келдi. Бүгiннен бастап азатсыз. Сендер бұл кiсiнiң

қағаздарын толтырып, шығарып салыңдар, — деп манадан берi сөйлеп отырған тергеушi орнынан тұрып, жанындағыларға қарады да, Сүлейменге жақындады: — Мамажандай танысыңыз бар сiз, жолы болғыш адам екенсiз. Тек бұдан былай тыныш жүрiңiз. Анау шыға берiсте сiздi Парманқұл күтiп отыр. Бiрге кетесiздер.
Сүлеймен iштей қатты қуанды. Онысын сыртқа бiлдiрмедi. Тергеушi қағазын жазып толтырып бiткенше, мызғымай отыра бердi. Әлден соң жазып бiттi.

    • Баракта қандай заттарың бар едi?

    • Ешқандай затым жоқ.

Бұдан соң ол қарауыл солдаттарды шақырып, Сүлейменнiң қолын шештiрдi.

    • Сыртқа дейiн шығарып салыңдар.

Солдатқа iлесiп, асыға басып, сыртқа шықты. Шыға берiсте Парманқұл отыр екен.

    • Мамажан бiзге күйме жiберiптi. Мұндай күймеге мiнiп көргенiң бар ма едi?

    • Анада Мамажанмен бiрге осындай күймеге мiнгем.

Екеуi күймеге отырды. Божы ұстаған айдаушы аттарға “шу” деп қамшы басты. Күйме шаһарға қарай зулай жөнелдi.
Күйме бiр сағатқа жетпей-ақ Мамажанның үйiне жеттi. Екеуiн есiк алдында Мамажанның өзi күтiп тұр екен. Құшағын жайып қарсы алды.

    • Бұзықтықты бiр жаныс пен бiр құлшығаш iстейдi. Ал оларды бiр алғи құтқарып алады. Бұрындары бiр құлшығашты құтқарам деп шаршаушы едiм. Бұл жолы “бiреу едi — маям, екеу болды — қаям” дегеннiң керi келдi. Жә, мейлi, қалай, аман- саусыңдар ма, әйтеуiр?

Сол күнi үшеуi түн ауғанша әңгiмелестi. Жатар кезде Мамажан:

    • Сендердi құтқару маған оңай болған жоқ. Сол үшiн қазiрше сендерге Тәшкенде жүруге болмайды. Қоқандағы қатыныңды сағынған шығарсың, Сүлеймен. Екеуiң де ертең сол жаққа аттанып, сонда бiр жылдай тұрып келiңдер, — дедi.

    • Қоқанға емес, өзiмнiң ел жағыма барсам қалай болады екен? Бiр-екi белсендiден алатын кегiм бар едi. Әлi кедейлердi

шулатып, басынып жүрген шығар. Айтпақшы, сен бiлесiң ғой, Мамажан. Елде аштық әлi жүрiп жатыр ма екен? Жоқ әлде жағдай жақсарайын деп пе?

    • Жалғыз өзiңнiң қолыңнан күллi елдi тойдыру келе қоймас, Сүлеймен. Дегенмен естуiм бойынша, Қазақстанға жаңа басшы келiп, жұрт тойына бастаған сыңайлы.

    • Сен не десең, о де. Менiң бiр өкiнiшiм — елiмдi аштық жайлаған кезде нәр таппай қырылған жұртқа титтей де көмек бере алмағаным. Орта шаруаның соңғы лағына дейiн тартып алған белсендiлердiң көзiне көк шыбын үймелете алмаған болсам, менiң күштiлiгiм қайда. Өмiрдiң бәрi кiлең баскесерлермен алысумен өтiп барады. Әй, Парманқұл, айтшы. Сен екеумiз қазақ игiлiгi үшiн қашан тiрлiк қыламыз?

    • Е-е, Сүлеймен, бiле бiлсең, қазақ намысы үшiн аз тiрлiк iстеген жоқсың. Жөйiттердi жайратып, басынған бұзықтарды сабасына түсiрiп жүргенiң, Тәшкендегi ауғынды аш қазақтарға көмектескенiң — халқыңды биiкке көтергенiң емес пе? Қай қазақтың қаһарманы саған ұқсап, оларға қарсы тұра алды. Рас, сен бiр ұлттың аузына iлiккен, бетке ұстар батыры да, ел бастаған көсемi де емессiң. Бiрақ бәрiбiр, баскесерлер арасында әдiлдiк орнатсам деп, ылғи күресiп жүретiн қаһармансың. Заманыңа қарай пешенеңе жазылғаны осы болса, қылар амалың бар ма? Әттең, қалың жауға қарсы найза бiлеп, атойлап қол бастайтын дәуiрде тумаған екенсiң. Сол кезде қаһарыңнан қалың жау ығатын хас баһадүрдың нағыз өзi болар едiң. Ал мына заман сенiң ерен күшiңе тұсау салған кер кезең болып тұр. Сендегi бұла күштiң тасқыны бөгесiн таппай арқыраған сел ғой. Құдай өзiңе осындай қасиет берген. Оның берген тағы бiр жақсы қасиетi

  • сенi ақылды тентек қылып жаратқаны. Өздiгiңнен ешкiмге тиiспейсiң. Бiреудi бiреу басынғанын жек көресiң. Бiр есерсоқ сәл шамыңа тисе, басын кесiп алуға дайынсың. Иә, қайсыбiрiн айтайын. Дегенмен кейде артық кетiп қалатын жерiң де бар. Иә, бiрақ, қалай айтсам да, сенде бiр құдiреттiң бары рас...

    • Мұның құдiреттiлiгi қара күшiнде ғой, — дедi Парманқұл.

    • Бiр ғана қара күшiнде емес, жүректiлiгiнде де бар. Әйтпесе, қазақта бұдан да мықты жiгiттердiң болуы кәмiл. Тек

оларда жаужүректiлiк, содан соң бұл сияқты бiр ұрғанын қатыра салатын соққы жоқ. Ең ақыры ондайлардың көбiнде бұндағы сияқты сұстылық жоқ. Түрiне қарашы, дәулiгiн былай қойғанда, көзiне адам тiктеп қарай алмайды. Сүлейменнiң жанында сенiң, Парманқұл, жүзiң әшейiн шақар баланың бетi-әлпетi сияқты.

    • Шақар баланың бет-әлпетi секiлдi болса да, бұдан да талай адам ығады.

    • Жай айтып жатқаным да, Сүлеймен. Әйтпесе, екеуiң қатар келе жатсаңдар, айналаның бәрiн қара бұлт басып тұрғандай болады. Жүрiстерiң ауыр, түрлерiң суық, жүздерiң зәрлi.

    • Жә, Мамажан. Бiздi түрмеден шығаруыңды шығарып алып, ендi бой тұрқымыз бен дене пiшiмiмiздi сынайын дедiң бе, — деп күлдi Парманқұл. — Бұрындары менi түрмеден мезгiлiнен бұрын шығарып алғаныңда, “Бiр жаққа кетiп, бас сауғалай тұр” демеушi едiң. Бұл жолы басқа шешiмге келгенiңнiң төркiнiн аңдамай отырмын.

    • Менi өкiмет басқа жұмысқа ауыстырып жатыр. Сендер үшiн ол қызметтi құпия етпей-ақ қояйын. Ташкендегi милициялардың бастығы болмақшымын. Менiң де досым бар, дұшпаным бар дегендей, артымнан көп сөздiң ере бергенi де жөн емес. Сол үшiн уақытша бұл жерден кете тұрыңдар. Ертең екеуiңдi бiреулер Ташкеннен көрсе, өздерiңдi түрмеден мен шығарғанымды бiрден бiледi. Жан-жағымыз күйiп тұр. Бәрiмiз бiрдей жанып кетпейiк. Орайлы iс болса, жең астынан жалғаса берермiз.

Сүлеймен де, Парманқұл да үнсiз. Тек бiраздан соң екеуi:

    • Е, жаңа орынтағың құтты болсын! — дестi.

    • Орынтағымның құтты болуы сендерге байланысты болып тұр. Сондықтан да тiлiмдi алып, Ташкеннен кетiңдер. Сүлеймен, сен “елiме барсам” дегендi қой. Екi-үш жылға дейiн ол жақты ұмыт. Қоқанға барғыларың келмесе, Самарқан жаққа кетiңдер.

    • Ол жақта не қыламыз? Барсақ, Қоқанға барамыз, — дедi Сүлеймен.

IV


Мамажан дайындап берген екi атқа мiнген Сүлеймен мен Парманқұл ертесiне Қоқанды бетке алды. Қоқанға жету оңай емес. Алда ұзақ жол.

    • Ал Құдай алдарыңнан жарылқасын. Тек жол-жөнекей абай болыңдар. Заманның тынышы кетiп тұр. Жол торыған ұры- қары да көп. Жә, сендерге оны үйретiп қажетi не. Әйтеуiр аман оралғайсыңдар.

    • Рахмет, Мамажан саған. Түрмеде жатқаннан гөрi көкжал бөрiдей дала кезiп жүрген мың есе артық. Алла жазса, кешiкпей дiттеген жерiмiзге жетiп қалармыз. Бiз үшiн алаң болма, — дедi Парманқұл.

Сол күнi кеш бата екеуi Тойтөбеге жеттi. Парманқұлдың бiр танысының үйiне бiр қонып, Әнгрен асты. Әнгренде Парманқұлды танитындар көп екен. Соларға кезек-кезек екi-үш қонды. Соңғы қонғандары Бектемiр деген кiсiнiң үйi едi. Бұлардың Қоқанға кетiп бара жатқанын бiлген ол:

    • Қыс ауасында олай қарай жол жүру қиын. Ең қиыны – мына асудан өту ғой. Мұнда қар жұқа боғанымен тауда қалың, әрi тап қазiр аң-құс та құтырып тұр. Осында қыстай салсаңдар қайтедi?

  • дедi.

    • Сенiң ас-суыңа ортақтасып, талыстай боп жатып алу — бiз үшiн ұят. Ниетiңе рахмет. Асудан төрт-бес күнде өтiп кетермiз. Шамаң келсе, бiзге бiраз азық дайындап бер.

Бектемiр басқа ештеңе демей, Парманқұлдың айтқандарын дайындап, қоржынына салып бердi. Онымен қоштасқан қарақшылар Құрама асуына қарай жолға түстi.

    • Бұрын сен, Қоқанға қай жолдармен жүрiп, барып едiң? — деп сұрады Парманқұл жолай.

    • Барғанда Түлкiжортқанның үстiмен өтiп, Тарақорған арқылы жетiп едiк-ау. Ал қайтарда Наманганның батыс бетiмен өтiп, Шыршық тауымен асып түскенбiз.

    • Осы жолы да Тарақорғаннан өтемiз. Бергi жақтағы тәжiк ауылдарға екi-үш түнесек, Құрмантөбенi басып, Сырдарияға құлаймыз. Сырдариядан өтсек, Қоқанға тез-ақ жетемiз.

Жолаушылар тоқтамастан үш-төрт сағат жүрдi. Бiр кезде Сүлейменнiң астындағы ат шаршағандай, артқы екi аяғы қайта- қайта бiр-бiрiне шалынысып, қисалаңдай бердi.

    • Мына жануар менi ауырсынып келедi-ау. Иә, маған алыс жолға төтеп бере алатын ат сирек. Аттың бәрi баяғы өзiмнiң қарагерiмдей болар ма едi, шiркiн. Осы, Парманқұл, жақын маңда ауыл болмаса да бiр жерге түсiп, аттарды демалдырып алмасақ болмас. Әйтпесе мына аттың құлап түсерi кәдiк.

    • Оның шаршағанын бағана-ақ сезгем. Өй, өзiңдi де шешең өгiздей етiп туғанын қарашы. Әй, өгiздей болғаныңның пайдасын да талай көрдiк-ау, — деп Парманқұл әзiлдеп, жан-жағына қарап тұрды: — Әне бiр жартастың түбiнде бiзге пана болар қуыс табылар. Сонда ат шалдырайық.

Жартас түбiнiң табанына қар тимеген қуыстау екен. Қоржындарын астыларына төсенiп, отыра кетiстi. Айналада аттар да оттай алатын боздар мен жас тал шыбықтары қылтиып тұр. Бұл жақтың тауларын қар онша көп баса бермейдi. Әлде тау тұтас емес, әр-жер — әр-жерде шоқиған құз-шыңдардан ғана құралған жоталы болғаннан соң ба, әйтеуiр, қыста ойдағы қар қандай болса, мұнда да сондай болады. Бiрақ бұл жер елсiз. Елсiз болған соң небiр қауiп-қатердi күтуге болады. Оның үстiне бұл жерде жыртқыш аңдардың неше түрi кездеседi. Әсiресе, тау қабыланы мен жолбарысы өте қауiптi. Парманқұл соны сезгендей, мылтығын жанына ала отырды.

    • Бүгiн осында түнеп шығамыз.

    • Әлбетте. Ендi кеш болғанда, жол жүрмейтiнiмiз хақиқат қой.

Қарақшылар Тәшкеннен шыққанда, бiраз артық-ауыс сыртқы киiмдер де алып шыққан-ды. Солардың бiрiн төсенiп, бiрiн жамылып, жартас түбiне жайғасты. Қоржындағы ауқаттарын бiразын жедi.

    • Ал, Парманқұл, әңгiме айт. Сен менен гөрi әңгiмешiлдеусiң ғой.

    • Алдымен аттардың шiдерiн қысқартып келейiн. Әйтпесе алысқа ұзап кетер, — деген Парманқұл аттарды қайта шiдерлеп,

орнына келдi. Содан екеуi әрдеңенiң басын бiр шалып, ұзақ отырды. Одан соң жатты.

    • Ертеректе бiздiң елдегi алғи руының Қонас деген байының бiр жүйрiк биесi бар едi. Биеден туған жылқылар да еркек- ұрғашысына қарамай, аламан бәйгеге түсетiн сәйгүлiктер болып шығатын. Қонас сол биенi он үшке толғанда, Шыршық маңындағы дулаттардың iшiндегi бiр құдасына сыйлапты. Дәл сол ауылда ертеректе тай кезiнде Қонастан сатып алынған Ақжал деген атақты бiр жүйрiк бар екен. Тай кезiнде кетiп қалған жылқыны бес-алты жылдан кейiн кiм танысын. Бiрақ Қонастың дулаттағы құдасы Ақжалдың өз құдасы берген биеден туған жүйрiк екенiн бiледi. Алайда Ақжалдың иесiне ол жайын айтпайды. Жүйрiк бие өз қолына тиген соң бiр күнi ол жануар күйлейдi. Ол биеге ешбiр айғырды жолатпай, Ақжалдың иесiне барады. Олар ағайынды адамдар екен. Бара сала, “Осылай да осылай, Сырдағы қоңыраттардан құдалық мiнiске келген бiр жүйрiк бием бар едi. Соны күйек шалып тұр. Соған Ақжалды салайық. Жүйрiк бие

  • тұлпар Ақжалдан тоқтаса, екеуiнен желден озар сәйгүлiк туар” — деп ананы айналдырып, Ақжалды биеге алып келедi. Әдетте күйлеген бие мен шабар айғыр кiсiнесiп, бiр-бiрiне тебiсе жақындайды ғой. Ал Ақжал мен әлгi бие бiр-бiрiне оқырана, мұрындарымен иiскесiп, құдды бiр көптен көрiспеген ағайын адамдардай, шұрқырай кiсiнесiп, қасынасып табысады. Ақжал оған шаппайды. Олардың мұндай сырларын түсiнбеген адамдар таң қалысады. Бұл сырды ұққан биенiң иесi ғана: “Мен бiлсем, Ақжал мынаған шабуға намыстанып тұр. Оны биеге көзiн байлап салайық” дейдi. Содан Ақжалды аулағырақ әкетiп көзiн байлайды да, биеге қайта әкеледi. Бұл жолы айғырлығын көрсетiп, биеге шабады. Түк ұқпаған Ақжалдың иесi ол iсiн бiтiрiп болған кезде көзiндегi байлауды шешiп жiбередi. Осы сәт өзiнiң не iстегенiн бiлген Ақжал екi аяғын аспанға көтере тебiнiп, күңiрене кiсiнейдi де тауға қарай шаба жөнеледi.

Ұзақ шапқан Ақжал содан бiр құздың басына шығып, жартастан өзiн-өзi тастап жiбередi.

    • Ойпырмай, жануар, арада талай жыл өтсе де, өз анасын танып, оған шауып қойғанына қайсар адамдай қатты намыстанған

тектi жануар екен-ау. Пай-пай, “жылқының ақылдысында намыссыз адамнан артық ес, арлы өжеттiк болады” деген рас-ау.

    • Иә, жылқының тектiсi ғана мұндайға ақылы жетедi. Дегенмен, мен бұл әңгiменi неге айтып отырмын де? Сөзiмнiң төркiнiн түсiнген жоқсың ба?

    • Бiр нәрсенiң шетiн шығарғалы тұрғаныңды сезiп жатырмын. Сiрә, сол жүйрiк биеден туылған бiр жылқыға ауыз салайын деп отырсың-ау.

    • Дәл таптың. Әнеукүнi Әнгренде болғанымызда осы нәрсенiң есiмде болмағанын қарашы. Ендi керi жүруге тура келедi.

    • Керi жүргенде, қайда барамыз? Ойыңды жұмбақтамай, ашып айта берсейшi.

    • Қонастың құдасына берген жүйрiк биеден қазiр жасы онға толған Желтимес деген атақты тұлпар бар. Желтимес бұл күндерi Шымған маңындағы Ақсай кәлхөзiнiң бастығының астында жүр. Егер оны қолды қылсақ, екеумiзге Құдайдың бергенi дей бер.

    • Бұл аса қиын шаруа емес шығар.

    • Сен солай айтасың. Әлгi бастық түнде Желтиместiң тура жанына жатып қарауылдайды екен. Кей кездерi өзi бiр жаққа кететiн болса, оны күзетшiлер күзететiн кәлхөздiң мал базасының iшiне байлап қояды екен.

    • Егер мен шындап кiрiссем, Желтиместi алты қорғанның астынан, жетi жотаның жырасынан да алып шығармын.

    • Иә, қалай күзетсе де, тұлпарды қолды етуiмiз керек. Бұл ертеңгi амал. Ал қазiргi амал — жатып ұйықтау. Сен жаурайын деген жоқсың ба?

    • Далада түнегенiм бiр осы деймiсiң. Маған тақалыңқырап жат. Бораннан ыққан түз бөрiсiндей бұйығып жатсақ, жылы жатамыз.

Бұдан кейiн қарақшылар бiрдей қор етiп, ұйқыға кеттi. Сүлеймен Парманқұл оятқанша, тұяқ серiппей ұйықтады.

    • Саған қай жерде жатсаң да, бәрiбiр ме деймiн? Мен ғой, түн баласы мың оянып, мазасызданып шықтым. Ауық-ауық аттарды да қарап тұрдым.

Сүлеймен орнынан тұрып, қармен бетiн ысқылап-ысқылап алды. Сосын екеуi қоржындағы еттен бiраз жеп, атқа қонды. Әудем жер жүрген соң Парманқұл, Сүлейменге бұрылды:

    • Бұрын Шыршықта болғансың ғой, ә?

    • Уа-ха, Шыршық менiң сергелдең өмiрiмдi бастатқан жер емес пе? Мен Шыршыққа алғаш рет үлкен ұрлыққа аттанғам. Сонда бiздi Көбек нағашым жорыққа бастап келген едi. Құраманың бiр байының елу қаралы жылқысын ұрлаған едiк. Кейiннен менi талай қауiп-қатерден құтқарған баяғы қарагерiм сонда жол бойында туған құлын едi.

Қайран, қарагер-ай! Ондай қазанат жоқ ендi өмiрде.

Сүлеймен терең күрсiндi. Дегенмен, Сүлеймен қандай қиындықтарды көрсе де, басына қаншама iстер түссе де көп күрсiнбейтiн. Оның жасуды бiлмейтiн жаны нәзiк ойларға да көп берiлмейтiн. Бiрақ сол қарагер есiне түссе болды, күрсiнiп сала беретiн. Сүлейменнiң қарагердi айтқанда бiртүрлi беймаза күй кеше қалатынын бiлетiн Парманқұл бұл жолы үндемедi.


Екеуi үш күндей жүрiп, Түлкiжортқан тауының беткейiне iлiктi. Бұл жер Шыршықтың етегi. Ендi тағы екi-үш сағаттай жүрсе, Шымғандағы Ақсайдың тура үстiнен түспек.

    • Ат шалдырып аламыз ба, Сүлеймен?

    • Осыны айтуды мен де ойлап келе жатыр едiм.

Бие сауымдай демалыстан соң аттарына қайта қонып, Ақсайға беттедi.

    • Ақсай кәлхөзiн бiлетiн бе едiң? — деп сұрады Сүлеймен.

    • Е, бiлмегенде ше? Ол жердiң әрбiр жотасы мен тас-құмына дейiн маған таныс. Мал базасының да қай сайда екенiн бiлемiн.

    • Бұрындары мынау етекте шоғыр-шоғыр боп отыратын ел көп болушы едi. Қазiр бәрi бiр жаққа көшiп кеткен бе?

    • Елдiң бәрi былтыр Ташкен ауып кеткен жоқ па. Қалғандарын өкiмет кәлхөздандырамыз деп, бiр орталыққа жиған. Қазiр сол өкiмет бұл жерге Бостандық ауданы деп ат қойыпты. Нәлетi белсендiлер өз халқын өздерi қырып алып, жұртты тамұқтан азат еткендей, бұл жердi “Бостандық” деп атағандарын қарасайшы. Кiм кiмнен бостан? Құдайым бiлсiн.

    • Жалаң ұранды белсендiлердiң ығында жүрген осы қазақ әлi тойынған да жоқ шығар. Бiр ғана Желтиместi емес, базадағы малдарды да айдап кетiп, жұртқа таратып жiберсек қалай болады?

    • Ай, Сүлеймен. Ленгiрде осылай iстеймiн деп қармаққа iлiнген жоқ па едiң. Жарайды, малдарды жұртқа таратуға әрекеттенiп көрейiк. Бiрақ екеумiз бұған үлгере аламыз ба?

    • Үлгергенiмiзше тырысып бағайық.

    • Мейлi, алдағы iстi жағдайға қарап көремiз.

Кеш бата екеуi Ақсайдың iргесiндегi жыраға келiп, ат ауыздығын тартты. Бұл жерде әлi қар жаумапты. Жыра iшi жапырақсыз сидам-сидам долана ағаштарға толы. Қарсы беткейде қалың арша. Еңiс жақ жазық дала. Жазықтың төр тұсында жүз елудей қаралы үй тұр.

    • Ақсай кәлхөзi — осы,— дедi Парманқұл сол үйлердi нұсқап.

  • Ал мына беткейдiң астында мал базасы бар. Сен осында қал. Менiң Ақсайда жақсы танысым бар. Соны iздегенсiп барып, Желтиместiң қай жерде екенiн бiлiп қайтайын. Екеулеп барсақ, көзге түсiп қалармыз.

Парманқұл кеттi. Содан түн ауа бiр-ақ оралды. Қасында өзi секiлдi төртбақ денелi бiреу бар.

    • Неге кешiктiң сонша? Ендi болмағанда ұйықтап қалатын едiм.

    • Е, мына досым қой сойып күттi. Бас пiскенше бұған сырымды ақтардым. Бас жеп болғанша осынша уақыт болды. Мә, жас еттен сен де жеп ал. Желтиместiң амалын содан соң айтармыз.

Сүлеймен Парманқұл әкелген еттi асап-асап жiбердi. Оның бiрталай еттi екi-үш-ақ асағанына Парманқұлдың досы таңқалып тұр.

    • Мына жiгiттiң аты — Айдабол. Қазiр Желтиместi ұрлауға үшеумiз бiрдей барамыз.

    • Ол қайда екен?

    • Мал базасында.

    • Базада қанша күзетшi бар екенiн бiлдiң бе?

    • Онда қанша күзетшi бар екенiн айтшы, Айдабол.

    • Базада төрт күзетшi бар. Олардың екеуi мылтықпен қаруланған.

    • Олай болса, алуымыз тез екен оларды.

Үшеуi беткейден асып, таспен қаланған ұзын дуалға келiп тiрелдi. Дуалды жағалай бiраз жүрген соң солға бұрылды. Бұл жерде де тағы дуалды қуалап, көп жүрдi.

    • Мұнша дуалды қашан тұрғызып үлгерген?

    • Дап-дайын тасты қалап шығу қиын деймiсiң. Мұны тұрғызуға он емес, жиырма емес, жүздеген адам жабыл-ған.

    • Әй, Парманқұл, жай сөйлесеңдершi. Түнгi дауыс алысқа кететiнiн өздерiң бiлесiңдер ғой, — дедi Айдабол.

Сол жақтағы дуал бiткенде қорған оңға қарай тағы созылған екен.

    • Ендi сәл жүрсек, қақпаға тiрелемiз, — деп Айдабол атының басын тежедi. – Ары қарай жаяу барайық. Аттарды ана ағаштарға байлап кетейiк.

Үшеуi дыбыссыз басып, база қақпасының маңына келдi. Осы жерде, Сүлейменнiң есiне Ленгiрдегi базадағы малдарды босатып, ауылға қарай айдап жiбергендерi түстi. Сол база мен мына база ұқсас тәрiздi. Онда күндiз, ал қазiр түн болса да қарайып көрiнген мына дуалдар Ленгiрдiң базасындағы дуалдар сияқты.
Айдаболдың қақпа дегенi ұзын шарбақ есiк екен. Шарбақ есiктiң ар жағында кiшкене үйшiк тұр. Үйшiк терезесiнен жылтыраған жарық көрiнедi.

    • Анау үйшiк қарауылдар отыратын жер, — деп сыбырлады Айдабол. — Ал Желтимес базаның сонау түкпiрiндегi қамба қорада. Оған жету үшiн сиыр қорадан өтiп, қойлар қамалған тұсқа жетуiмiз керек. Желтимес тұрған жерде мылтығы бар тағы бiр күзетшi отырады.

    • Базада қанша жылқы бар?

    • Жүзге тарта бар-ау деймiн.

    • Бекерге сыбырласа бергенше, мына күзетшiлердi қалай байлап тастаймыз? Соны айтсаңдаршы.

Сүлеймен мен Айдабол тым-тырыс қалды.

    • Бұларды улатпай-шулатпай байлау керек. Әйтпесе Желтиместiң жанында отырған күзетшi есiтiп қоюы мүмкiн. Қанша дегенмен оның мылтығы бар ғой.

    • Үйшiкке баса-көктеп кiрiп барайық. Айдабол, сен сойылыңды, Парманқұл, сен, мылтығыңды оңтайла. Бұлай тұра берсек, бекерге таңды атырамыз.

Сүлеймен шарбақ есiктен асып түстi. Артынан аналар iлестi. Үйшiк есiгiне келгенде тұра қап, тың тыңдады. Iштегiлер
күбiрлесiп сөйлесiп отыр. Кейде қарқылдасып күлiсiп қояды. Бәрi қаннен-қаперсiз. Сүлеймен есiктiң тұтқасын бар күшпен тартты. Есiк iштен байланбапты. Шалқалай ашылды. Осы кезде бiрiншi боп, өзi iшке кiрiп барды. Үйшiкте жанып тұрған шамды айнала төрт кiсi отыр екен. Түрi адам шошырлық еңгезердей Сүлеймендi көргенде олар сасып қап, аңтарыла қалысты. Екiншi боп кiрген Парманқұл оларға мылтығын кезендi:

    • Бiреуiң қит етсеңдер, атып саламын. Айдабол, мыналардың

мылтықтарын тез жиып ал.
Күзетшiлердiң мылтықтары төр жақта болуы керек деп ойлаған Айдабол, оларды айналып өте берген. Осы сәт күзетшiнiң бiрi орнынан қарғып тұрып, Айдаболға бассалды. Оның шапшаңдығы сондай, әп-сәтте Айдаболдың арт жағынан құшақтай алып, бiр қолымен оның тамағын қысып, тырп еткiзбедi.

    • Нәлетi ұрылар. Ендi атып көрiңдершi. Мыналарыңның желкесiн үзiп жiберейiн.

Парманқұл не iстерiн бiлмей, Сүлейменге бiр, аналарға бiр, алақ-жұлақ қарады. Осы кезде күзетшiлердiң бiрi төр жаққа еңбектей жөнелдi. Сiрә, қаруына ұмтылып бара жатыр-ау. Сәл кешiксе, өздерiнiң опық жеп қалатындарын бiлген Сүлеймен атылып барып, оның желкесiнен бүре, шап бердi. Екiншi қолымен ауына жармасты. Сол күйi оны қаңбақ құрлы көрмей көтерiп, отырған екеудiң үстiне былш еткiздi. “Ойбай” деген үнi шықты бiреуiнiң. Қирап түскен үшеуi де тұрмады. Тұруға да шамалары болмады. Сүлеймен оларда iсi де болмады. Екi аттап, Айдаболды құшақтағанға жеттi. Ол сорлы Айдаболды ары айналдырып, берi айналдырып, Сүлейменнiң алдына тоса бердi. Сүлеймен қолын Айдаболдың басынан асыра созып жiберiп, ананың иығынан ұстай алды. Сосын шетке қарай тартып қап едi, ол жазған құлаған теректей қиралаң еттi.

    • Менен айлаңды асырайын дедiң бе, — деп тiстене сөйлеген Сүлеймен оны жатқан жерiнде дүңк еткiзiп бiр қойды. Ана жазғанның бiрден аяқ-қолдары жансызданды. Оны жайғаған соң: — Сендердi де қырып тастайын ба, осы, — деп анау үшеуiне ұмтылған едi, ол сорлылар қолдарымен бастарын жауып, жата- жата кетiстi. Осыған қарамай, “күзетшiлердi төмпештеп тастар” деп ойлаған Парманқұл:

    • Әй, әй, тоқта, Сүлеймен! Ашуыңды бас, ашуыңды бас. Бiреуiн өлтiрiп қоярсың, — деп жолын кес-кестедi. Содан соң

жатқан күзетшiлерге қарады: — Бәрiң байынан таяқ жеген қатындарға ұқсап, етпеттеп жатып алмай, ана бұрышқа барып отырыңдар. Егер қарсылық көрсетпесеңдер, сендерге тимеймiз. Жатқан үшеуi тұруға қорқып, Парманқұл көрсеткен бұрышқа еңбектеп жеттi. Жеттi де бiр-бiрiне тақаса отырды. Жүздерiн
үрей жайлапты.

    • Мылтықтарың қайда?

    • Анау бұрыштағы киiздiң астында.

Айдабол күзетшi көрсеткен бұрыштағы киiздiң астындағы екi мылтықты шығарды. Мылтықтар кәдiмгi аңшы мылтықтары екен. Мылтықтарда бiр-бiр оқ бар.

    • Басқа оқтарың жоқ па?

    • Барымыз — осы.

    • Арқандарың бар ма? — дедi Парманқұл.

    • Арқан деген көп. Анау кiре берiсте iлулi тұр.

    • Айдабол, арқандарды әкел де, мыналарды байла!

Әп-сәтте Айдабол үш күзетшiнi бiр-бiрiне қосақтап, матап тастады. Оларды матап болғанда, Сүлеймен ұрған күзетшi ес жиып, қозғалақтай бастады. Айдабол оны сүйретiп әкеп, аналарға қосақтады. “Айқайлап жүрмесiн” деп, жiңiшке арқанмен ауыздарын да керiп байлады.
Күзетшiлердi осылай жайғаған соң Сүлеймен мен Айдабол олардан олжалаған мылтықтарды арқаларына iлдi.

    • Есiктi сыртынан бiр нәрсемен тiреп кетейiк, — дедi Парманқұл далаға шыққандарында.

    • Тiреп кететiн сол нәрсе табылса де, — деп Айдабол жан- жағына қарады. Анадай жерде бiрдеңе дүңкиiп қарайып жатыр. Жақындап барып едi, дәу тас екен.

    • Сүлеймен, мынаны көтере аласың ба?

    • Не нәрсе екен? Алдымен көрейiк те, — деп Сүлеймен Айдаболға жақындады. – Тас па, немене жатқан? Иә, тас екен ғой. Ары тұршы, көтерiп көрейiн, — деген ол тасты сәл қозғап көрдi. Сосын “ауп” деп көтердi де, оны үйшiктiң есiгiне тiреп қоя салды.

    • Парманқұл, мынауың шынымен алып қой.

    • Бiзбен бiрге жүре берсең, мұның алыптығын әлi талай көресiң. Сен, бiздi ендi Желтимес тұрған жаққа баста.

База iшi атшаптырымдай кең екен. Қарақшылар сиырлар тұрған қорадан өтiп, қойлар қамалған шарбаққа жеттi. Алда келе жатқан Айдабол тоқтап, қолымен оң жақта тұрған төбесi жабулы, атхананы көрсеттi.

    • Желтимес осы атхананың iшiнде. Бiр нәрсеге соқтығысып қалмай, абайлап жүрiңдер.

Аздан кейiн үшеуi атхананың ауыз есiгiне жеттi.

    • Әй, Байкелдi, берi шық! Iштен бiреу күркiлдей жөтелдi.

    • Ай, қайсың бұл? Омат сенбiсiң? Не болып қалды? Тағы бiр қойды жасырып сойып, бас пiсiрiп жатырсыңдар ма? Омат сенбiсiң деймiн. Даусыңды ажырата алмай тұрмын.

    • Мен, мен ғой.

    • Берi кiре берсейшi. Есiк байланбаған.

Айдабол бiрiншi кiрдi. Оның артынан күзетшi байқап қоймасын дегендей, Сүлеймен мен Парманқұл бұқпантайлап ердi. Бұқпантайлап келе жатып, сол жақта жылқылардың көп екенiн байқады.

    • Келе бер, келе бер. Мен қазiр шырақты жағып жiберейiн, — дедi күзетшi тағы сөйлеп.

    • Жақпай қоя тұр, — дедi Айдабол.

    • Неге жақпаймын. Жоқ, бiрден үйшiкке барамыз ба!

Айдаболды өз адамы деп ойлаған ол сорлы орнынан көтерiле берген. Осы сәт оны Айдабол бассалды.

    • Әй, әй, кiмсiң, кiмсiң?

    • Кiм екенiмiздi кейiн танисың. Кеуiртiңдi әкел берi!— дедi Парманқұл.

Бұл кезде оған Сүлеймен де жабыла кеткен. Қараңғыда өзiн әзiрейiлдей боп басқан Сүлейменнен зәресi ұшып кеттi ме, күзетшi: “Астапыралла, астапыралла, Ағузи биллаһи мин аш шайтани ражим” деп күбiрлей жөнелдi.

    • Дұғаны қор қылмай-ақ қой. Бiз шайтан емеспiз, — деп Парманқұл оның өн-бойын тiнткiлеп, кеуiртiн тауып алды.

Шырақты жаққанда көргендерi — күзетшiнiң жатқан жерi қораның тура шетi екен. Бас жағындағы ақырда бiр ат байлаулы тұр. Оның Желтимес екенiн Сүлеймен бiрден бiлдi. Шырақ
жарығы әлсiз болса да оның сұлу мүсiндi жылқы екенi бiлiнiп тұр.

    • Ей, қайдан келген ұрысыңдар? — дедi осы кезде өз-өзiне келген күзетшi.

    • Бiз ұры емеспiз, — деп бiр ұрды Парманқұл оны. — Бiз ел-жұртты тонаған сендер сияқты харам ұрылардан өш алатын қаһармандармыз. Айдабол, жiбер оны. Сен, Сүлеймен, бұған бiздi “ұры” дегенi үшiн көресiнi көрсетшi.

    • Өй, мынау Айдабол ма? О, баукеспе неме. Ертең Мырзатай белсендiге айтып, итжеккенге айдатып жiберемiн сенi, — деп шаңқ еттi күзетшi.

— Мына күзетшi, Парманқұл, қырсық па деймiн. Қырсықтығын қазiр-ақ сығып алайын, — дедi де Сүлеймен оның тамағын мытып жiбердi.
Күзетшi өлгеннен ары болды. Сол сұлап жатқан жерiнен Айдабол оны байлап тастады. Сосын Желтиместi ақырдан босатып, жетектеп Сүлеймендердiң алдына әкелдi:

    • Жылқының қандай екенiн түр-тұрқынан танисың ба? Қарашы, жануар қандай өзi? Пай-пай, аяқтарын көршi. Жалы мен жамбасын қара. Тұлпар ғой жануар, тұлпар.

Сүлеймен Желтиместен көзiн ала алмай тұр. Шынында, келiстi ат екен. Жал-құйрығы төгiлген. Мұндай атты күнделiктi мiнiске салу обал-ақ.
Желтимеске салатын ер-тоқым да осында екен. Айдабол Желтиместi ерттеп болғанша, бұл аттан көз алмады.

    • Ал Сүлеймен ойымызды iске асырдық. Ендi не iстеймiз? Желтиместi жетекке алайық та, қорадағы жылқылардың бiразын айдап кетейiк. Ал Айдабол, сен атқа мiн де, анау қойларды шығарып, ауылдың iшiне кiргiзiп жiбер. Жұрт шетiнен ұстап жей берсiн.

    • Бұл да бiзбен бiрге кетедi ғой.

    • Бала-шағасын қайтпек?

    • Мұның үйiнде шешесiнен басқа ешкiм жоқ.

    • Белсендiлер ертең оған зияндық iстеп жүрмей ме?

    • Олар өлмелi кемпiрдi неқылсын.

    • Мейлi, онда далаға шығып, аттарымызға мiнейiк те, жылқыларды айдайық тауға қарай.

    • Мен қойларды ауыл шетiне кiргiзiп келгенше, сендер ұзап кетпейсiңдер ме? — дедi Айдабол.

    • Бiз жайлап Аршасаймен жоғары өрлей беремiз. Сен қуып жетерсiң.

Үшеуi Желтимеске мiнбей, сыртқа жетектеп шығарды. Өз аттарына мiнген соң базаға қайта кiрiп, Айдабол қойларды, Сүлеймен мен Парманқұл елушақты жылқыны айдап шықты. “Жылқыларды не iстеймiз? Қай жерге дейiн айдап барамыз?” деп бiр-бiрiнен сұрамады. Қарақшылар мұндайда бiр-бiрiне сұрақ қоймайды.
Елушақты жылқыны айдаған қарақшылар сол түнi Шыршық тауынан асып, Шатқал жоталарына жеттi. Бұл өңiр де таулы жер. Қырғыз бен Қоқанға асатын төте жолдың үстi. Таң ата терең шатқалға жылқыларды қамап, өздерi аттан түстi.

    • Бiз түнде жүрiп өткен тау аңғарын ақсайлықтар жақсы бiледi. Егер қазiр ол жақтан артымызға қуғыншы түссе, олар түс мезгiлiнде осы маңға жетiп қалары хақ. Сол үшiн де үш сағаттан артық мұнда аялдап қалуға болмайды, — дедi Айдабол.

    • Бұл өңiрдi Парманқұл екеуiң бiлмесеңдер, мен жақсы бiлмеймiн. Ендi айтыңдаршы, Желтимес пен мына жылқыларды не қыламыз?

    • Анау қар басып жатқан шыңдарды көрдiң бе? — дедi Айдабол күнгей беттегi тауларды нұсқап. – Таудың осы бөлiгiн Ғарамты дейдi жергiлiктi халық. Ал Ғарамтының ар жағындағы жазық Бестоғай деп аталады. Бестоғайда қаңлылар мен бiраз сейiт қожалар тұратын үш қазақ ауылы бар. Былтырлар қазақ даласын ашаршылық жайлаған кезде Қаратау мен Сарысу жақтан ауып келген көптеген қазақтар сол ауылдарға келiп тұрақтады. Ата қоныстан ауған жұрттың жай-күйi бiрден оңала қойсын ба? Мына жылқыларды соларға таратып берейiк.

    • Е, мұның жөн. Ал Желтиместi қайтемiз?

    • Бестоғайда Бейiсқожа деген тамырым бар. Соны тауып алсақ, Желтиместiң жайын содан кейiн ойластырамыз. Ал қазiр бiр сәт мызғып алайық.

Түс қайта аттарына қойта қонып, шатқалдан жылқыларды айдап шығарғанша, бiрталай уақыт өттi. Содан Ғарамты тауларына қарай барымта жылқыларды айдаған үшеу, кеш батқанша аттан түспедi. Ғарамтыға тек қараңғы түсе жеттi.

    • Бағана бұл таулар жақын көрiнген сияқты едi. Ұзақ екен-ау.

    • Сен байқамапсың, Сүлеймен. Бiз төте жолмен жүрмей, көптеген қия-беткейлердi айналып өттiк. “Себебi артымыздан қуғыншы түскендей болса, iзiмiзден адастырайық” деп ойладық мына Парманқұл екеумiз.

    • Бестоғай әлi алыс па?

    • Жолдың қиыны ендi басталады. Дегенмен үш күнде жетiп қалармыз.

Шынында сол түнi Ғарамты етегiне ат шалдырған бұлар үш күн бойы небiр құз-жартастардың арасындағы қиын өткелдерден өтiп, Бестоғай жазығына тұяқ iлiктiрдi. Бестоғай деген жан- жағын тау қоршаған кең алап екен. Таудан өтiп, жазыққа тiрелген қарақшылар, тағы да аттан түстi. Осы жерде жатып, бiраз көз шырымдарын алған соң Айдабол Парманқұлды сонадайдан көрiнген ауылға жұмсады.

    • Бұл ауыл қырғыз өкiметiне қарайды. Менiң естуiмше, қырғыз өкiметiнiң ауыл-ауылдарға әлi онша көп белсендiлiгi жоқ. “Бұл маңда осы күнге дейiн басмашылар жұрттың мазасын алып тұр” деп естiгенмiн. Мейлi, қалай болса да, мұнда Қазақстандағы сияқты зiркiл қаққан шолақ белсендiлер жоқ. Қобалжымай ауылға бара бер. Ауылдың бас жағында қаңлы Мұрсат деген кiсi тұрады. Соны тауып ал да, Бейiсқожаны шақырт. Содан соң екеуiн осында ертiп кел.

Парманқұл кеш түсе бiр-ақ оралды. Қасында екi кiсi бар. Олар аттарынан түсе сап, Айдаболмен құшақтасып көрiстi. Бiрауық амандық-саулық сұрасып болған соң оларды Сүлейменге таныстырды:

    • Мынау ұзынтұра — Бейiсқожа. Ал мынау тәпелтек —

Мұрсат. Екеуi қай жағынан болса да, осы өңiрге белгiлi адамдар. Батыр десең — батыр. Қаһарман десең — қаһарман. Ал ендi, Мұрсат, жағдайларыңды айтыңдар. Елдерiңде не гәп?
Мұрсат пен Бейiсқожа елдерiндегi жағдайды айта бастады. Олардың айтуынша, қазақтардың үш ауылы үш колхоз боп құрылыпты. Бiрақ үшеуiнiң де бастықтары сырт жақтан келген адамдар екен. Олар елге жайлы болғанымен, ауылдарға түн мезгiлiнде ауық-ауық шабуыл жасап, жұрттың барын тонап кететiн басмашылар мен бандыларға болысып кетедi екен. Басмашылардың денi таулықтар болғасын, жергiлiктi қазақтарға қырғидай тиiп, кей кездерi жас қыз-келiншектердi әкетiп қалады екен. Сондайда жергiлiктi жұрт Шұстыдағы, Терексайдағы мiлисаларға хабар берейiн десе, әлгi қорқақ бастықтар қазақтардың жолына тұрып, ол жаққа жiбермейдi екен...
Бейiсқожа бұдан басқа да көп жайттарды айтты. Бiрақ қандай әңгiме айтса да, қазақтардың таулық басмашыларынан көрiп жүрген зәбiрлерi жайына қайта-қайта тоқтала бердi.

    • Қырғыз, өзбек мiлисалары басмашылардың зомбылығын жұрт айтпаса бiлмей ме? — деп сұрады Айдабол.

    • Бiлмеушi ме едi. Бiрақ көздерiн құрта алмайды. Осыдан бес- алты жыл бұрын Хоженттен, Тәшкеннен көп отрәд келiп, оларды тас-талқан еткен едi. Алайда басмашылардың тас-талқандары шыққанымен, солардан қалған азғантай-аз-ғантай топтар тау шатқалдарына тығылып алып, өкiметке қарсы әлi күресуде. Олардың “өкiметке қарсы күресемiз” дегендерi жәй далбаса. Олай болатұғын болса, анау үш колхоз бастықты өлтiрiп кетпей ме. Бастықтарды өлтiрмейтiн себебi — олар өздерiн асырап отыр. Бастықтар бандыларды немен асырайды дейсiң. Жұрттың жиған-тергенiмен асырайды. Қит етсең, сол түнi басмашылар келiп, жаныңды шығарады. Осыдан запы болдық. Қазiр мына жылқыларды жұртқа таратып берсек, ертең-ақ басмашылар келiп, бәрiн сыпырып әкетер.

    • Олар бiр келгенде қаншау болып келедi?

    • Әртүрлi. Кейде он шақты, кейде он бес шақты.

    • Үш ауылдың адамдары он-он бес басмашыдан қорқып жүр ме?

    • Жұртта қару жоқ. Ал бандылардың бәрiнде мылтық, пүлiмөт бар. Былтыр тал түсте бiр басмашының өзi ауыл үстiне пүлiмөтпен оқ жаудырып, күллi халықты жерге жатқызып қойған.

    • Басмашыларды кiм басқарып жүргенiн бiлмейсiң бе? — деп сұрады Сүлеймен Бейiсқожадан.

    • Бұрын тәжiк жерiндегi Жылыкөл жақта өкiметпен әбден шайқасып, ақырында ауған қашып кеткен Отанбек құрбашының оң қолы болған Озғар деген таулық басқарады оларды. Озғардың өзi мейiрiмсiз, қатал, әрi қатынқұмар адам. Ауылға келген сайын бiр қызды сүйремей кетпейдi.

    • Баяғыда өзiм басмашылық қылып жүргенде Отанбек жайында талай естiгенмiн. Көр Шермет, Егембердi батыр, Махмұтбек, Есенжарты дегендер де болушы едi.

    • Не дейсiз? Сiз де басмашы болып па едiңiз?

Бейiсқожаның таңырқай берген сұрағына Сүлеймен күлiп, өзi жайында аз-кем айтты.

    • Бiз тауда жүргенде кедей-кепшiкке, жазығы жоқ ауылдарға шабуыл жасаған емеспiз. Кiмге тиiсудi бiлетiн едiк. Арамызда әлгiнде сен айтқан Озғар секiлдi озбырлар болса, бiр пәсте жөнге салып қоюшы едiк. Озғардың өзi мен бандысы қай таудың қай шатқалында тығылғанын бiлесiңдер ме?

    • Ойбай, Сүлеймен-ау, олар сенi бiр-ақ оқпен жайрата салар,

  • деп шап еттi Мұрсат. – Озғар деген қорқу-үркудi һәм адамды аяу дегендi бiлмейтiн жауыз. Одан соң оның дәулiгi де сенен кем емес.

    • Ретi келсе, ондай жауыздарға олардың өздерiнен өткен жауызбын мен. Ал оның дәулiгi менi қорқыта аламайды.

    • Мұрсат, — деп сөзге араласты Парманқұл. — Сүлейменнiң не ойлап қойғанын мен бiлiп қойдым. Мұны ешқандай жауызбен қорқыта алмайсың. Бiз сендерге жылқы таратып бiр көмектессек, сол Озғарыңды ауыздықтап, екi көмектесейiк. Сендер бiзге Озғардың тұрағын көрсетiңдер.

    • Мен сенi сыйлаймын, Парманқұл. Бiрақ жаңағы айт- қандарыңды iске асыра алмайсыңдар-ау деп қорқам.

    • Сен осыны iске асырудың амалын ойлан. Басмашыларға қыздарыңды күң, ұлдарыңды құл етiп, ал өздерiң қашанғы қорқумен күн кешiп жүре бермексiңдер?

    • Сен, Парманқұл, дұрыс айтасың, — дедi Бейiсқожа Мұрсат үшiн жауап берiп. — Әттең, ауылда Озғарға қарсы бас көтерер

бiр ердiң болмай жүргенi жанымызға батады. Өзiм бастайын десем, мына Мұрсат қолдамайды. Мұрсат қолдаса, басқалар соңымыздан ермейдi. Содан жүрмiз, iшiмiз күйiп, сыртымыз жанып. Мына Сүлеймен досың ештеңеден тайынбайтын батырға ұқсайды екен. Ұқсайды емес, хас батырдың өзi. Осындай хас батыр бiздiң кегiмiздi қайтарып берем деп тұрса, Мұрсат, неге көнбеймiз? Егер осы отырған бәрiмiз Озғарға қарсы тұрайықшы, қаны қарайса да мәжбүрлiктен бұғып жүрген жұрт соңымызға ерiп, ду көтерiледi. Қане, Озғардан кек алудың жолын ойластырып көрейiкшi. Анамыз бiздi “жиырмашақты басмашыдан өмiр бойы үрейлерi ұшып өтсiн” деп туған жоқ шығар.

    • Әп, бәрекелдi, — дедi Парманқұл. – Осы жол нағыз еркектiң сөзiн айттың. Ал ендi, ел сендердiкi, ауыл өздерiңдiкi, тауларың да өздерiңе таныс. Озғардан қалай кек алуға болатынын болжамдап көрiңдер.

Парманқұлдың сөзiнен кейiн Бейiсқожа әртүрлi болжамды айтты. Алғашқыда көңiлiне күдiк ұялатқан Мұрсат та бiрте- бiрте ашылып, Бейiсқожамен бiрге сөйлей бастады. Бiр кезде Бейiсқожа былай деп байлам айтты:

    • Былай етейiк: Тап қазiр сендердiң айдап келген жылқыларыңды кембағал отбасыларға таратып берейiк. Сөйтiп өзiмiз ауылдан ұзақтау кетiп, жасырына тұрайық. Елге таратылған жылқылар жайлы колхоз бастықтары заматта-ақ есiтедi. Әлбетте, оларға жылқы бермеймiз. Олар жылқылардың қай жақтан келгенiн сан-саққа жүгiртiп, iштерi әбден күйедi. Бәрiн жұрттан тартып алуға дәттерi бармайды. Терексайдан мiлиса шақыртып әуреге де түсе қоймас. Олай етсе, өздерiне бiр де бiр жылқы тимейдi. Ал жұртқа таратылған жылқылардың бiр-екеуiне еге болып қалулары үшiн олар Озғарға хабар берерi анық. Өйткенi Озғар өздерiне қалаған жылқыларын қалдырып кетуi әбден мүмкiн...

    • Бастықтар басынып, жұрттан жылқыларды өздерi-ақ тартып алып қоймай ма? — деп Бейiсқожаның сөзiн бөлдi Айдабол.

    • Ондайға шамалары жетпейдi. Сендердiң Қазақстандарыңда бастықтардан жұрттың жүрегi ұшып кетедi бiлем ғой. Бұл жерде

олар халыққа ашық түрде тiзе батыруға қорқады. Бiреуден өш алу керек болса, басмашылар арқылы iстейдi.
Бейiсқожа өзболжамына серiктерiн көндiрiп, бәрiорындарынан тұрды. Отырған жерлерiне Желтимеспен бiрге Айдаболды қалдырды. Жылқыларды елге таратып болған соң, бәрi осында қайта оралып, Желтиместiң жайын одан кейiн ойласпақ болды. Ертесiне барлық нәрсе Бейiсқожаның болжамдағанындай болды. Жылқыларды үй-үйге таратып болған соң ауылға Мұрсатты қалдырып, қалғандары Айдабол мен Желтимес қалған
жерге келiп түнеген. Түс ауа атын қамшылап Мұрсат жеттi.

    • Не болды? — деп сұрады Бейiсқожа.

    • Сенiң кешегi айтқаның тура келдi. Әлгiнде ғана ауылға Озғар оншақты бандысымен келiп кiрдi. Жұрттың басына қамшы үйiрiп, аспанға мылтық атып, таратылған жылқыларды тартып алмақ боп, дүрбелең салып жатыр. Пұштай бастық оларға менi ұстап бермек едi, зорға қашып үлгердiм. Озғар “Бейiсқожа қайда?” деп саған сұрау салуда. Түрi қай кездегiден де жаман нәлетiнiң.

    • Пүлiмөттерi бар ма?

    • Ол жағын байқай алмадым.

    • Мен бiлсем, қазiр бандылар екi-үшеуден бөлiнiп, үй-үйден жылқыларды жинауға әрекеттенiп жатқан шығар. Бiз олардың әр жер-әр жерде бөлiнiп жүрген кездерiн пайдаланып, шетiнен қиратып салайық, — дедi Сүлеймен.

Қарақшылар тоғай iшiмен ауылға беттедi. Сүлеймен кеше көп жылқының iшiнен өзiне лайық бiр дәу атты таңдап, мiнiп алған. Дәу аттың жүрiсi жайсыздау болғанымен, Сүлейменнiң салмағына шыдамды. Тiптi мұны ауырсынбай шаба да алады. Шапқанда да төрт аяғын кең тастап, көсiле шабады. Дәу ат бiрiншi болып, ауыл шетiне жеттi. Сүлеймен атының басын тартып, артындағыларды күттi.

    • Үйлердi тасалап жүрейiк, — дедi оған бiрiншi жеткен Бейiсқожа.

    • Ауылда қанша үй бар? Үйлер көше-көше болып орналасқан ба?

    • Жүз елудей үй бар. Бiрақ шаһардағыдай көше бар деймiсiң мұнда. Үйлер қалай болса солай орналасқан. Бiр жерлерде тамдар бiр-бiрiне жақын, ал бiр жерлерде алыс орналасқан. Бiрақ ауыл арасы тегiс. Ұрыс жүргiзуге жеңiл.

Осы кезде жақындау тұрған үй жақтан бiр әйелдiң сыңсуы естiлдi. Артынша бiр еркектiң әлдекiмдi балағаттап, боқтаған даусы шықты. Сүлеймендер шеткi тамды тасалап, дауыс шыққан жаққа барды. Тамды айнала бергенде, алдарынан бiр әйелдiң бұрымын тақымына басып, сүйрелеп бара жатқан аттылыны көрдi. Аттылы жалғыз емес. Жанында өзi сияқты торы атқа мiнген, арқасына мылтық асынған қаба сақалды бiреу бар. Онысы әйелдi қамшысымен сабап-сабап қояды.

    • Әй, қаншық, өлейiн демесең айт! Жылқы қайда? Мұны көргенде Сүлеймен шыдамады. Атына қамшысын басып,

ол екеуiнiң жанына жетiп барды. Аналар әйелдiң сыңсуынан мұның атының дүбiрiн есiткен жоқ-ты. Тек Сүлеймен жандарына жеткен кезде ғана байқады. Артта келе жатқаны қамшысын тақымына тыға сап, арқасындағы мылтығын ала берген. Бiрақ үлгермедi. Үлгермеген себебi Сүлеймен оның желкесiнен шап бердi де атынан жұлып алды. Аттан жұлынғанның аяқтары жерге тие бергенде Сүлеймен оның басын тақымына басты. Ал екiншiсi әйелдi жiбере сап, ары қашпақ болған-ды. Алайда қасына жеткен Парманқұл мылтықтың дүмiмен оның бетiнен бiр соғып, жерге жалп еткiздi. Бейiсқожа аттан түсе сап, оны шоқпарымен екi- үш мәрте перiп-перiп жiбердi де мылтығын алды. Демде басы қан-жоса болған басмашының демi бiттi. Сүлеймен де тақымына басқан басмашыны өлтiрiп қояр ма едi, егер:

    • Оны өлтiрме, Сүлеймен, оны өлтiрме. Ауылда Озғардың қанша адамы бар екенiн бiлiп алайық, — деп Бейiсқожа жүгiрiп кеп, араша түспегенде.

    • Алдымен мылтығын алсайшы, одан соң жiберемiн бұл

найсапты.
Бейiсқожа оның мылтығын алғанша, тақымындағы басмашыны жiбермей тұрды. Бейiсқожа оны қарусыздандыр- ғанда, тақымын көтерiп қап едi, анау сорлы екi құлағын басып, шалқасынан түстi. Сүлейменнiң бiр қысқанынан тiл-аузынан
айрылып қалғаны былай тұрсын, екi мұрнынан қан сорғалап, екi көзi төңкерiлiп қалыпты.

    • Шамаң келсе, сөйлет оны.

Бейiсқожа басмашының екi бетiн шапалақтап, ары-берi сiлкiлеп, есiн жидыруға қанша әрекеттенсе де, анау өзiне-өзi келмедi. Былқ-сылқ күйi қорылдап жатты.

    • Сен тақымыңа бiр қысқанда, сорлының миына қан құйылып кеткен-ау, шамасы. Ендi қалсын осылай. Жұртқа бекерден- бекерге зәбiр көрсеткеннiң қандай болатынын ұғып, қиналып жатсын. Ой, жаңағы әйел қайда? Мұрсат, сен байқамадың ба, оның қайда кеткенiн?

    • Үйiне қашып кеттi. Бiздi таныса да, мына Парманқұлды басмашы деп ойлады-ау, деймiн. Жә, не қыласың оны. Мына екеуiнiң денесiн анау арыққа сүйреп, тастай салайық. Басқалары байқамасын.

Екi басмашыны оңай жайғаған қарақшылар ауыл iшiн аралап, бес-алты үйден өткенде, оншақты жылқыны қуып келе жатқан үш басмашыны көрдi. Бiр тамның тұсына олар жылқыларды иiрiп, бiреуi тамның ауласына кiрдi. Басмашылар үй-үйдегi жылқыларды шетiнен жиып, айдап келе жатқан сияқты. Сүлеймен тобы тағы да бiр тамның тасасына жасырынды.

    • Басмашылардан басқа жан адам көрiнбейдi ғой. Ауыл тұрғындары қайда кеткен?

    • Сүлеймен, тұрғындардың бәрi үйдi-үйiне тығылып алған да. Бұлар келгенде сыртта бiр адам жүрмейдi, — дедi Мұрсат.

    • Жаңағыларды оп-оңай алдық. Мыналарды қалай алсақ екен?

Әркiм “не iстесек болады?” дегендей үнсiз. Қиыннан жол табатын Парманқұл да жуық арада ештеңе айта қоймады. Осы кезде басмашы кiрген үйден айқай-шу шықты. Айқай-шумен бiрге тарс етiп атылған мылтықтың даусы бiрге естiлдi. Бергi жақта жылқыларды иiрiп, бетiн қайтарып тұрған екi басмашының бiрi мылтық даусы шыққан сәтте қаруын оңтайлады да, атын тебiнтiп, үй жаққа шапты. Ал айқай-шу басылар емес.

    • Әй, осылай шарасыз тұра беремiз бе. Жақындайық та аналарға, — деген Сүлеймен жылқы иiрген басмашыға қарай құйғыта жөнелдi.

Айқай-шу шыққан үйге мойнын созып, атын ары-берi ойқастатып тұрған басмашы Сүлеймендi өзiне жақындаған кезде
ғана байқады. Дәу аттың үстiнде алпамсадай болып отырған Сүлейменге көзi түскенде, ол сорлы сасып қалды ма, атын бұра берiп, қамшысын қолынан түсiрiп алды. Тiзгiн ұстаған қос қолымен атының мойнын ұра бастады. Алайда астындағы аты иiрiлiп тұрған жылқылардан ұзағысы келмегендей, табандап жүрмедi.
Басмашы қорыққанынан мылтығын алып, кезенудi де ұмытты. Аты ыңғайына көнбеген соң жерге секiрiп түстi. Ойы

  • серiктерiне қарай қашпақ едi. Онысы орындалмады. Өйткенi бұл кезде Сүлеймен жанына жетiп қалған. Басмашының қап- қара сақал-мұрты болғанымен жас жiгiт екен. Атын өңмеңдетiп қасына жетiп келген Сүлейменнен жүрегi ұшып кеттi ме “Ә-ә-ә” деп бiртүрлi үн шығарып, аттың тура алдына жата кеттi. Шауып келген Сүлейменнiң аты оны басып қалуға шақ қалды. Зады ат адамды баспайды. Дәу ат екпiнiмен келсе де, шетке бұрылып үлгердi.

Ат шалт бұрылғанда, тақымын бос ұстаған Сүлеймен ерден ауып түстi. Ерден ауғанда тура жерде жатқан басмашының үстiне түстi. Басмашы бұның салмағынан жаншылып қалғандай, “уә-ә” деген бiр дыбыс шығарды да талып қалды. Ендi оның қауiпсiз екенiн көрген Сүлеймен орнынан тұрды. Бұл сәтте Парманқұлдар да жетiп үлгерген. Ал аула жақтағы басмашылар жұртты әлi шулатып жатқан.
Бейiсқожа жерде демсiз сұлаған басмашыға қарады:

    • Қалғандарының берi шығуын күтейiк те, келе бергенде тарпа бас салайық, — дедi.

Үй жақтан мылтық тарс етiп, тағы бiр рет атылды.

    • Ойбай, хайуан. Өлтiрдiң ғой, өлтiрдiң, — деген әйелдiң ащы даусы естiлдi артынша.

Мұрсат жердегi басмашының мылтығын алды.

    • Мен бiлсем, мыналар бiреудi атып өлтiрген тәрiздi. Тасалап барып, өз мылтықтарымен өздерiн жайратып салайық.

Осы кезде тағы да мылтықтың даусы шықты. Әлгiнде ғана ойбайлаған әйелдiң үнi бiрден өштi. Сiрә, басмашылар оны да атып тастаған секiлдi.

    • Бұл кiмнiң үйi едi? Отағасын танитын ба едiңдер?

    • Сен де болмайтын сұрақты бередi екенсiң, Парманқұл. Мұның кiмнiң үйi екенiн бiлмеушi ме едi, бұлар. Кiм болса да бұл жердiң тұрғындары қазақтар ғой. Оларды улатып-шулатып қоямыз ба?

Сүлейменнiң артынан серiктерi iлестi. Бiрақ бұлар үйдiң бұрышына жеткенде, аула жақтан үш жылқы шауып шықты. Жылқылардың артынан екi басмашы көрiндi. Мұрсат мылтығын жылдам оқтап, екеуiн екi оқпен жайратып салды.

    • Ойпырмай, Мұрсат, мерген екенсiң-ау.

    • Уа-а, Сүлеймен, құралайдың көзiн ататын мерген ғой бұл.

    • Осыларға қашаннан берi қаным қарайып жүр едi. Көргенде шыдай алмай кеттiм, — дедi Мұрсат аттан ауып түскен екi басмашыны аяғымен кезек-кезек түртiп. — Оқты тура шекелерiнен тигiзген екенмiн.

Сүлеймен үйдi айналып, аула жаққа барды. Есiк алдында бiр еркек, бiр әйел өлiп жатыр.

    • Алда, жазғандар-ай! Бұ байғұстар осы ауылға былтыр ғана келген кiсiлер едi. Мына кiсiнiң аты — Оңғарбай. “Сарысу жақтың ыстысымын” деушi едi, бейшара. Нәлетi басмашылар, өзiн де, әйелiн де атқан екен ғой.

    • Қап, Бейiсқожа. Араша түсуге үлгере алмағанымызды қарашы.

    • Қойыңдар, бұлай тұра беруге болмас. Басмашылардың ерттеулi аттарын осында әкеп, панаға байлап қояйық та, қалғандарын ауыздықтауға әрекеттенейiк.

    • Менiң де, жоқ, бәрiмiздiң де ойымыз сол ғой, Парманқұл,

  • деген Бейiсқожа ауладағы қораны нұсқады:

    • Аттардың барлығын анау қораға қамайық. Басмашыларды бiр жақты қылсақ, бәрiн қайтадан елге таратып беремiз.

    • Мына өлiктердi осылай ашық күйлерiнде тастап кете беремiз бе?

    • Сүлеймен, оларды жерлеуге қазiр мүмкiндiгiмiздiң жоқ екенiн бiлесiң. Жаңағы айтқанымыздай, басмашыларды бiр жақты қылайықшы.

Бесеуi жылқыларды қораға айдап кiргiздi.

    • Бағана сен мұндағы басмашыларды он шақты деп пе едiң? Бесеуiн жайғадық. Ендi бесеуi қалды ма? — дедi Парманқұл Мұрсатқа үйден шыға бере.

    • Нақты санын кiм бiлген. Маған солай көрiнген. Бәлкiм одан да көп шығар.

Әр жерге шашыла салынған тамдардың бiрталайын айналып өткен Сүлеймен тобына басқа басмашылар кездесе қоймады. Тiптi ауыл адамдарының бiр де бiрi ұшыраспады. Ойнап жүрген бала атаулы да көрiнбейдi. Ит екеш иттер де ұяларына тығылып алғандай ма, қалай, алдарынан шықпады. Осындай тыныштыққа таңырқаған Сүлеймен:

    • Бейiсқожа, Мұрсат, ауылдарыңның балалары мен иттерi де басмашылардан ығып, үйлерi мен үйшiктерiне тығылып алған ба? — дедi.

    • Мылтық даусынан алдымен бала мен ит қорықпаушы ма едi. Басмашылар бүкiл ауылдың үрейiн ұшырып қойған. Мұны мана айттым ғой.

    • Әне бiр үйдiң бұрышынан сығалап тұрған кiм?

Бейiсқожа Сүлеймен нұсқаған үйге қарады. Сығалап тұрған кiсiнi көрген соң:

    • Ей, Елемес, берi кел! — деп қол бұлғады.

Анау бұрыштан атып шықты да берi жақындады. Жүзiнде үрей бар сияқты.

    • Беке, “сiздi Озғардың адамдарына қосылып кеткен бе” десем, жаныңыздағылар өзiмiздiң қазақтар екен ғой. Мұрсат көкем де сiзбен бiрге екен. Жол болсын? Озғармен атысуға бара жатырсыздар ма?

    • Олар көрiнбейдi ғой. Қайда өздерi?

    • Екi-үш басмашы қазiр ғана кеше сiздер бiзге берген жылқыларды айдап әкеттi. “Бiз ауылдан шығып кеткенше, бiр де бiреуiң үйлерiңнен шығушы болмаңдар” деп кеттi. Мен зәр қыстап далаға шығып едiм, сiздердi көрiп қалдым. Олар сiздермен кездескен жоқ па?

    • Жоқ, әлi кездеспедi. Озғардың өзi қайда екенiн бiлмейсiң бе?

    • Ол Пұштай бастықтың үйiнде-ау деймiн.

    • Басмашылар жылқыларды қайда айдап кеттi?

    • Пұштайдың үй жағына. Сiрә, оларды колхоздың қорасына жинап жатыр-ау деймiн. Айтпақшы, бағана бiр басмашы “сiздi тап” деп Әнесқожаны әбден сабады. Жеңешемдi де аямады.

    • Әйтеуiр өлтiрiп қойған жоқ па? — деп шап еттi Мұрсат Бейiсқожадан бұрын.

Бейiсқожа ерiнiң қасын қолымен сығымдай ұстап, тiстенiп отырды.

    • Әнесқожа деген кiм?

    • Бейiсқожаның iнiсi ғой, — дедi Елемес Мұрсат үшiн жауап берiп.

    • Бiрақ Бәке, басмашы оны қатты ұрмады. Қамшымен екi рет салып жiбердi. Ал жеңешемдi бiр-ақ рет ұрды. Мен “әбден сабады” деп қатты айтып жiберiппiн. Шынын айтқанда, оларға ештеңе де болған жоқ.

Бейiсқожа әлi үнсiз. Түнерген қалпынан айнымай отыр. Мұрсат та сөз айтпады. Оның да бетiнен ашудың табы байқалады. Болмашы нәрсенi айтып қойғаны үшiн өзiн мына екеуi таяқтап тастай ма деп ойлаған Елемес:

    • Атаңа нәлет ит басмашылар. Адамды сөзiнен де жаң- ылыстырып қояды ғой. Одан соң сiздiң жаныңыздағы мына бiр дәу кiсiнi көрiп, жүрегiмнiң ойнап кеткенi. Жалған айтсам, кешiресiз, — деп қипақтады екi көзiн Сүлейменнен алмай.

    • Әнесқожа басмашыларға не дедi?

    • “Көкемдi кешеден берi көргенiм жоқ” дедi. Басқа ештеңе айтпады.

    • Сен жұрттың бәрiне хабарла. Қорықпай үйлерiнен шығып, Пұштайдың там жағына келсiн. Бiз қазiр сол жерде Озғардың басын кесемiз.

    • Е, мейлi, көке. Мен айтуын айтам ғой. Бiрақ олар барса деңiз.

Бейiсқожа қайтып оған сөйлемедi. Өз серiктерiне бұрылды:

    • Есiттiңдер ғой, басмашылар Пұштайдың үй жағына кетiптi. Олар бiз жайратқан сарбаздарын күтiп отырған болар. Сәл кешiксек, басмашылар оларды iздеп шығуы мүмкiн. Ал бiз бұрын қимылдап, Озғарды бандысымен қоса, өзiн де қолға түсiруге ұмтылайық.

    • Сонда Пұштайдың үйiне қарай осылай ашық жүре беремiз бе?

    • Саған “ашық жүрейiк” деген ешкiм жоқ, Мұрсат. Сақтық амалдарын жасап жүретiнiмiз хақиқат қой.

Пұштайдың үйi еңiстеу жерде екен. Еңiске түсе берiс жердегi бiр үйдiң жанына келгенде Бейiсқожа атын тоқтатты. Төменгi еңiстегi бес-алты үй алақандағыдай көрiнедi. Арғы жақтағы таспен қоршалған колхоз қорасы да көзге айқын шалынады. Қора iшi жылқыға толы. Ал оның маңында мылтық асынған үш-төрт кiсi жүр. Олар жылқыларды қарауылдап жүрген басмашылар екенiн бұлар бiрден сездi.

    • Алдымен соларды қолға түсiрейiк.

    • Мұның жөн, Сүлеймен. Бейiсқожа, Пұштайыңның үйi қайсы? — дедi Парманқұл.

    • Бес үйдiң ортасындағы үлкенi соныкi. Үй алдында бес- алты ат байлаулы тұр ғой. Көрдiңдер ме?

    • Көрдiк.

    • Көрсеңдер, “құрбашымын” деп, өз көкiрегiн өзi қағып, өзiн осы өлкенiң қожайыны санайтын Озғар сол үйде отыр. Бiз осы жерге аттарымызды қалдырайық та, қораға жаяу жақындайық.

Аттарын Бейiсқожа көрсеткен жерге байлаған қазақ қарақшылары, бұқпантайлап қораға жеттi. Осы жерде бiраз ойласып алды да, қораның дуалынан асып, iшке түстi. Ойлары

  • қораның iшiндегi жылқыларды тасалап, ауызда отырған басмашыларға жету. Мылтықтарын оңтайлап алған бесеуi дiттеген жерлерiне тез келдi. Қора аузында ағаш есiк бар екен. Ар жағында үш басмашы мылтықтарын алдарына қойып, беймарал сөйлесiп отыр. Бейiсқожа мен Парманқұл шарбақ есiкке асылып тұрып:

    • Қолдарыңды көтерiңдер! — деп айқайлады оларға. — Кiм де кiм мылтығына қол созса, атып саламын.

Үш басмашы сасқалақтап, не қолдарын көтермей, не мылтықтарына жармасарларын бiлмей, бiр-бiрiне қарады. Мұрсат шарбақ есiктен жылдам асып, отырғандардың мылтықтарын жинап алды.

    • Қолдарыңды көтерiңдер дедiк ғой сендерге, — деп бiреуiнiң iшiне мылтықтың ұңғысымен бiр ұрды.

Анау екi бүктетiлдi. Қалған екеуi қолдарын көтердi. Мұрсат оларды да бiр-бiр тептi. Iшiн басып, бүктетiлген бойын тiктеуге шамасы болмаса да, екi қолын басынан асыра көтердi. Басмашылардың ендi қауқарсыз екенiн бiлген Бейiсқожа мен Парманқұл да шарбақтан берi өттi. Одан кейiн Сүлеймен келдi. Бұл кезде мылтықтың ұңғысы iшiне тиген басмашы бойын жазып, бұларға қарады:

    • Уай, Бейiсқожа әкамбiсiз? Сiздi бағаналы берi Озғар әкам iздетiп жатыр.

    • Iздесе қайтем. Менi тапқанда атып тастамақ па едiңдер?

Ендi өздерiңдi атамын. Озғар қайда?

    • Пұштайдың үйiнде.

    • Онда тағы кiм бар?

    • Ерсiн мен Ордаш бастықтар да келген анау ауылдардан.

Қазiр бәрi көкнәр iшiп, кәйiп қылып отыр.

    • Озғарда мылтық бар ма?

    • Пүлiмөт бар.

    • Сүлеймен, бұларды не iстеймiз?

    • Үшеуiн де атып тастайық, — дедi Мұрсат Сүлеймен аузын ашып үлгергенше.

    • Уай, Бейiсқожа әка. Ататындай сiздерге не жаздық? Жiбере салыңыздаршы. Тура қазiр Озғарға да қарамай, тау жаққа кетiп қалайық. Бiлесiз ғой, Озғар бiздi зорлықпен қарамағына қосып алған. Соданқұтылсақ, мылтығымыздытастап, қышлақтарымызға тарап кетер едiк.

    • “Озғар өзiне зорлап қаратып алды бiздi” дейсiң-ә?

Қолдарыңда — мылтық. Қышлақтарыңды сағынып жүрсеңдер, оны атып өлтiрiп, тарап кетпейсiңдер ме? Сен, қатынның сөзiн айтпа. “Өзiмде билiк жоқ итаршымын” десейшi, одан да. Айтшы, қанша қазақты, бiр ғана қазақты емес-ау, қанша жазығы жоқ адамды өлтiрдiң? Қанша адамның қатынын тартып алдың?

    • Уә, әка, мен өздiгiмнен күнә iс iстегенiм жоқ. Бәрi Озғардың айтуыменболған.

    • Мiне, көрдiң бе, сен бiреу айтақтаса шаба беретiн нағыз иттiң өзiсiң. Қожайының жұмсаса — адам өлтiресiң, қыз зорлайсың. Бiрақ осының бәрiне бiреудi кiнәлi санайсың. Ай,

сенiмен неге айтысып тұрмын мен. Әйда, анау қораның дуалына қаз-қатар тұра қалыңдар. Тiзiп қойып, атып тастайын.
Бейiсқожаның сөзiне басмашылар не айтарларын бiлмей, аһiлеп-үһiлеп күрсiне бастады. Аздан соң жаңағы сөйлегенi Бейiсқожаның аяғына жығыла кеттi.

    • Ойбай, әка, бiз сiзге жаманшылық қылған жоқ едiк қой. Рахым қыла көрiңiзшi. Керек болса, қазiр барып, Озғарды атып келейiн. Басын кесiп, алдыңызға әкеп тастасам, күнәмдi кешесiз бе?

Бейiсқожа оның басына бiр тептi. Бiр тепкенiмен тоқтап қалмады. Онымен қоса, анау екеуiн де оңдырмай тастады. Сүлеймен Мұрсатқа қарады:

    • Мынау бағаналы берi қақсап жатқанның аты кiм өзi?

    • Бейiсқожа, осы сұмның аты кiм?

Ол бiраз ойланып тұрды. Жауапты басмашының өзi бердi.

    • Ә, менiң атымды сұрап тұрсыз ба? Құрбан — менiң атым.

Менi осындағылардың бәрi бiледi.

    • Онда, Құрбан..., әй, Бейiсқожа, қоя тұршы тепкiлей бермей. Сен, Құрбан, жаңа не дедiң? Озғардың “басын кесiп әкелейiн” дедiң бе?

    • Иә, иә, әка. Егер менi өлтiрмей тiрi қалдырсаңыздар, қазiр барып, Озғарды атып саламын. Оның онсыз да күнi бiтiп барады.

    • Осы сөзiңде тұрасың ба?

    • Өй, Сүлеймен, сенбе бұған. Ит иесiн қабушы ма едi?

    • Жоқ, жоқ, мына әкам “сөзiңде тұрасың ба” деп дұрыс айтады. Әлбетте, тұрам. Тек жiберiңiздершi.

    • Онда, тұр орныңнан!

Құрбан орнынан көтерiлiп, үстi-басын қақты. Оған iлесiп, анау екеуi де тұра берiп едi, Бейiсқожа оларды тепкiлеп-тепкiлеп, қайта жатқызып қойды.

    • Сендерге әлi ешкiм тұр деген жоқ.

Содан кейiн қазақ қарақшылары өзара айтысып бiраз тұрды. Бейiсқожа мен Мұрсат Құрбанды Озғарға жiберуге қарсы болды. Екеуiнiң ойынша, бұл сатып кетедi. Ең жақсысы — бұларды атып тастап, Озғарға өздерi шабуылдауы керек. Сүлеймен болса, өз айтқанынан қайтар емес.

    • Сен екеуiң мынаны ойлаңдаршы. Мақұл, үшеуiн де атып тастайық. Сосын Озғарды өлтiрейiк те, жылқыларды жұртқа қайта

таратайық. Ал сонда, колхоз бастықтарына не iстейсiңдер? Бiз Парманқұл, Айдабол үшеумiз ертең бұл жерден кетемiз. Сендер қаласыңдар. Сол кезде колхоз бастықтары өздерiңе тыныштық бередi деп ойлайсыңдар ма? Бұл — бiр. Екiншi, Озғардың тауда қалған сарбаздары келiп, шауып жүрсе, не iстемексiңдер? Екеуiң- ақ оларға қарсы тұра аласыңдар ма?
Бейiсқожа мен Мұрсат үндемедi. Шынында Сүлеймен айтқан жәйттердi ойламаған сияқты.

    • Сонда не iсте дейсiң? Бiрақ бұларға қарсы ақыры бас көтердiк пе, ендi оны аяғына дейiн апарамыз. Дегенмен, расында, колхоз бастықтары туралы қаперiмiзге кiрмептi.

— Күнi ертең iс насырға шауып бара жатса, колхоз бастықтарын қарабет қылатын бiр амал бар. Ол амалды қазiр жасап алуларың керек. Ал қазiр Озғарды бiр жақты етiп алайық. Менiң әдетiм бар, өзiме жалынған қауқарсыз адамға қол көтере алмаймын. Егер шектен шығып, жынымды бiр қоздырып жiберсе, онда оның өлгенiне қарамаймын. Мына сорлыларға қазiр жаным ашып тұр. Бәлкiм бұлардың қылмысын көрмеген соң солай боп тұрған шығар.

    • Осылар жасаған күнәһарлықты көрсең, болмаса естiсең, төбе шашың тiк тұрады. Қазiр ғой, сұмдар моп-момақан болып тұрғаны.

    • Сонда да қолымызды қанға мала берген жақсы емес. Одан да басмашылар бiр-бiрiн өлтiрсiн.

Сүлейменнiң сөзiнен өзiнiң аман қалатынын бiлген Құрбан, екi қолын қусырып, тiзерлеп отыра кеттi.

    • Жөн айтасыз, әка, жөн айтасыз. Өз кiнәмдi мен Озғарды өлтiрiп қана жуа аламын. Жiберiңiздершi менi оған тезiрек. Тура барамын да, ай-шай жоқ, қақ шекесiнен атып саламын. Сөйтiп басын кесiп аламын да, дәл сiздiң аяғыңыздың астына тастаймын.

    • Сүлеймен, сенбе оған.

    • Қоя тұршы, Бейiсқожа, бiр сөздi қайталай бермей. Алдаса, өз обалы өзiне. Құрбан “сөзiмде тұрамын” деп Құдай атымен ант-су iшшi.

    • Ант етем, ант етем, — деп Құрбан бетiн қайта-қайта сипады. Ол аздай жердi алақанымен қайта-қайта сабалады: — Анттан тайсам, қызығымды қара жер көрсiн, қызығымды қара жер көрсiн.

    • Ендi орныңнан тұр! Қолыңа мылтық пен бiр-ақ оқ беремiн. Мылтықты қолыңа, оқты қалтаңа саласың. Үйге жеткенде мылтықты оқтап ал. Мынау Мұрсат құралайды көзге ататын мерген. Сен үйге кiргенше, бұл сенi қарауыл-ға алып тұрады. Антыңнан тайып, шалт кетсең, о дүниелiк болдым дей бер. Парманқұл, мылтығыңдағы оқтарды шығар. Бiр оқты қалтасына сал. Сен, Мұрсат, iлiп тұр мұны қарауылыңа.

Құрбан қуанып кетiп, Парманқұл берген мылтықты иығына iлдi. Оқты қалтасына салды.

    • Аз уақыттан кейiн Озғардың басы аяғыңыздың астында жататын болады.

    • Мен сенi сөзiңде тұратын еркек деп жiберiп отырмын. Ал мына екi серiгiң бiзде кепiлде болады. Осыларды аясаң, айтқаныңды iсте.

Құрбан Пұштайдың үйiне қарай жүгiрдi. Бейiсқожа мен Айдабол екi басмашыны дуал түбiне отырғызды. Сүлеймен мен Парманқұл жүгiрiп бара жатқан Құрбанның артынан қарап, ал Мұрсат оны мылтығымен қарауылға алып тұр. Құрбан үйге жақындағанда, алдынан иығына мылтық iлген бiр кiсi шықты. Ол сол кiсiмен азырақ сөйлестi де, Сүлеймендерге қаратып, қолдарын сермеп-сермеп қойды. Сосын екеуi үйдi айналып кеттi...

    • Ой, анау басмашы мылтығын оқтаған да жоқ қой. Қасындағысына бiз туралы айтты-ау. Үйдi айнала бергенде бекер ата салмаппын да. Бұлай ашық тұрмай, қалтарысқа паналайықшы. Кiм бiледi, не боларын. Құрбан бiздi сатып қойса, Озғар бәрiмiздi пүлiмөтпен жайпап салар.

Бәрi Мұрсаттың сөзiн жөн көрiп, дуал түбiне жасырынды. Бiрақ көздерiн үй жақтан алмады. Ал үй жақ тым-тырыс. Атылған мылтықтың даусы да естiлмедi. Ешкiм берi шықпады да.

    • Қызық, Құрбан серiктерiне не айтып жатыр екен? — дедi Бейiсқожа.

    • Соның өзiн бекер жiбердiк. Сен, Сүлеймен, сенбейтiн адамға сенедi екенсiң.

    • Қазiрше бүлiнiп бара жатқан ештеңе жоқ, Мұрсат. Сәл сабыр сақтайық та. Сөзiнде тұрмаса, өзiнiң анты ұрады.

    • Бұлар антқа тұратын адамдар деймiсiң. Ей, айтыңдаршы, сендер антқа берiксiңдер ме?

Мұрсат екi басмашыға қарады.
Басмашылар қазақтарға жауап бермек түгiлi, тура қарауға да қорқатын сияқты. Жүректерi ұшып отырған сорлылар не десiн? Осы кезде Құрбан кiрген үйден төрт кiсi шықты. Алдында — Құрбан. Бәрiнiң қолдарында мылтық. Үй артына қаз-қатар тұра қалған олар Сүлеймендерге қаратып оқ ата бастады. Бұлар жата- жата қалысты. Мұрсат кіжінді:

    • Қап, жаңа айттым ғой –сенбеңдер Құрбанға деп.

    • Жә, болды. Қазiр айтысатын уақыт емес. Одан да шын мерген екенiңдi көрсетiп, аналарды бiр-бiрлеп жер жастандыршы. Бейiсқожаның сөзiнен кейiн Мұрсат мылтығын алға кезенiп, басмашыларды көздей бастады. Үш-төрт рет оқ атқан басмашылар берi қарай ентелей жүрдi. Қорықпайтын сияқты.

Ашық келе жатыр.

    • Нәлетi таулық, жаңа “антымды бұзсам қызығымды жер көрсiн” деп пе едi. Көрсiн, ендi, жер қызығыңды.

Алдағы Құрбан шалқасынан түстi. Оны көрген қасындағылар бiр сәт тоқтап қалысты. Осы мезет Мұрсат екiншi бiреуiн жер құштырды. Оның өкiре құлағаны сондай, даусы бұларға анық жеттi. Тiк тұрған екi басмашы ол сұлап түскенде, оған қарауға да шамалары келмей, артқа қашты. Мұрсат тағы бiр рет атты. Ендi қашқанның бiрi етпетiнен түстi. Сол-ақ екен төртiншi басмашы жата қап, алға еңбектей бастады. Ал жаңағы құлағаны әлi тiрi екен. Ол да жер бауырлай алға жылжыды.

    • Нәлетiлердi еңбектеген күйлерiнде жерге қадай салайын.

Мұрсат мылтығын тағы оқтай бергенi сол едi, үй бұрышынан үлкен жүн қалпақ киген бiреу шыға келдi. Еңбектеген басмашы оған бiрдеңе деп айқайлады. Жүн қалпақты зып берiп, үй бұрышына тығылды. Бұл кезде Мұрсат мылтығын оқтап үлгерген-дi. Жараланса да, жандәрмен алға жылжығанды бiр атып, қозғалтпай тастады. Оның алдындағыны да бiр атып, сеспей қатырды.

    • Мынау шынымен-ақ мерген ғой.

    • Ә, менi бекерге айтады деймiсiң, Сүлеймен.

Бейiсқожа сөзiн аяқтағанша, үй бұрышынан манағы дәу қалпақты қайта шықты. Қолында жуандау бiрдеңе бар. Сонысын қазақтарға қаратты.

    • Пүлiмөт, пүлiмөт. Кейiн шегiнiп, дуалдың арғы жағына өтiңдер, — деп айқайлады Мұрсат.

Дүрсiлдеген пүлiмөт даусы жер-көктi жарып жiбердi. Артқа еңбектей шегiнген қазақтардың үстiлерiнен ысылдап оқтар өтiп жатыр. Денесi ауыр Сүлеймен серiктерiнiң соңында қалып қойды. Ең алдағы Айдабол дуал бұрышына бiрiншi жетiп, ары бұрылып, көрiнбей кеттi. Сүлейменге ол бұрышқа жету үшiн әлi бiраз жер. Өмiрiнде қанша қауiп-қатердi көрсе де, дәл бұлай қашпаған бұл тоқтай қалды да артына қарады. Тура үй бұрышында тұрып алған дәу қалпақты пүлiмөтiнен оқты бiр жаудырып, бiр тоқтатып тұр. Сүлеймен артына қарағанда, ол атуын тоқтатып тұр едi. Артынша қайта атты.
Бiрнеше оқ ысылдап мұның тура құлақ үстiнен өттi. Не iстеудi ойлауға мұршасы келмеген бұл, басын төмен бұғып, дуалға қарай аунап түстi. Сонда байқады. Бағана өздерi отырғызып қойған екi басмашының жанына келiп қалған екен. Дуал түбiнде қатар отырған екеуi бiр жаққа бiрдей қисайыпты. Бiреуiнiң басы мылжа-мылжа. Сорлыға пүлiмөттiң оғы тиiптi. Ал бiреуi тiрi. Соны паналап жатыр. Сүлеймен жатқан күйi тiрiсiн өзiне қарай тулақша тартып алып, жанына жатқызды. Оққа қалқан болсын дегенi ғой. Бiрақ осы сәтте пүлiмөт атуын тағы тоқтатты.

    • Атып тұрған кiм? — дедi Сүлеймен басмашыға.

    • Озғар ғой, — дедi анау үнiн әзер шығарып. — Ойбай, ол қазiр жүгiрiп келсе, менi де атып тастайды.

    • Несiне жылайсың? Бәрiбiр өлетiн адамсың.

Алайда Озғар жүгiрiп келмедi. Қайта оқ та атпады. Сүлеймен басмашының белiнен басын асырып, үй жаққа қараса, Озғар жоқ. “Пәле бiр шеттен келе жатқан жоқ па” деп жан-жаққа көз салды. Озғар еш жерден көрiнбедi. Бiрдеңенi тасалап келетiндей, алдыңғы жақта сай-сала, ор-жар да жоқ.

    • Әй, сенiң Озғарың қайда кеттi?

    • Оғы таусылған шығар. Бағана белдемшесiндегi пүлiмөттiң оғы азғантай-ақ едi.

    • Шынында солай ма едi?

    • Оқ тола белдемшенi тауда қалдырып кеткен.

    • Сендердiң ешқайсыңның сөздерiңе сенуге болмайды екен.

Ант-су iшкен Құрбанды көрдiң ғой. Демде-ақ ант ұрды.

    • Мен оған ұқсап алдамаймын сiздердi. Шынымен-ақ, Озғарда пүлiмөттiң оғы азғантай-ақ болатын.

    • Анау төртеуден басқа Озғардың жанында кiм бар?

    • Ауылда жылқыларды жинап жүргендер келiп қалмаса, үйде колхоз бастықтарынан басқа ешкiм қалмады-ау.

    • Ей, сен, мұнымен не сөйлесiп жатырсың? — деген дауыс шықты осы кезде төбе жақтан.

Сүлеймен басын көтердi. Сөйлеген Парманқұл екен. Дуалдың ар жағынан асылып, бұларға қарап тұр.

    • Бұл қай тұрысың-ей, сенiң?! Озғар өзiңдi бiр оқпен жайрата салсын деп тұрсың ба? Түс, ары. Әй, тығыл деймiн саған!

    • Келсейшi, берi. Не iстейтiнiмiздi ақылдасайық та, — деп Парманқұл ары сырғып түстi.

Сүлеймен орнынан көтерiлдi. Тiк жүрiп, бұрышқа жеттi. Дуалдың арғы бетiнде серiктерi отыр. Сүлеймен оларға жаңағы басмашыдан есiткенiн айтты.

    • Оған сенуге болатын сияқты. Расында, Озғарда оқ көп болса, тағы бiраз атар едi.

    • Сен, Парманқұл, Сүлеймен екеуiң жүдә, сенгiш екенсiңдер. Озғарда оқ жоқ екен деп, ендi үйге қарай ашық жүгiрейiк, — деп кейiдi Мұрсат.

    • Қалай болғанда да, бiр амалын жасауымыз керек. Парманқұл осылай дегесiн, не iстеу керектiгiн ақылдасып,

бiраз отырды. Ақыры бесеуi бес жақтан үйге жақындамақ болды. Осыған келiсiп, орындарынан тұрғанда, үй жақтан айқайлаған дауыс естiлдi.

    • Бейiсқожа, Мұрсат жандарыңдағы кiмдер едi тағы... Мейлi, кiм болса ол болсын. Атпаңдар. Менiң сөзiмдi тыңдаңдар. Жоқ, алдымен көрiнiңдер маған. Айтатынымды содан кейiн айтамын.

    • Кiм айқайлап тұрған? — Бейiсқожа дуалдан сығалап қарады. — Айқайлап тұрған — Пұштай. О, сорлы. Бұл бiзбен атысқан жауға ұқсап, қолына ақ орамал көтерiп алыпты. Сiрә, мұны Озғар жұмсап тұр-ау.

    • Бiлшi, не айтар екен?

    • Ей, Пұштай! Сен де басмашы болып кеткенсiң бе? Ақ орамал көтерiп, не көрiндi саған? Кiмнiң жаушысысың?

Пұштай Бейiсқожаның даусын таныған сияқты:

    • Ей, Бейiсқожа! Мен ешқандай жауың емеспiн. Мен ауылда ешқандай қан төгiлмесе екен деймiн. Атысты тоқтатып, мәмлеге келiңдер.

    • Мына сүмелек қашаннан берi ақжүрек болып қалған? Былай тұршы, Бейiсқожа. Бiр атып, көрге тыға салайын, — деп Мұрсат алға ұмтылды.

Бейiсқожа алдын кес-кестедi.

    • Тұра тұр, тұра тұр. Не айтар екен, соны тыңдайықшы...

    • Оны тыңдап керегi не? Сатқын сатқындық сөзден басқа не айтады дейсiң. Озғарды қазақтарға басындырып жүрген сол емес пе? Ендi келiп, кiмдi қорғағысы келедi. Озғарды қорғап тұр да. Былай тұршы, Бейiсқожа. Қақпашы қолымды.

    • Оның сазайын беретiн мезгiл келер. Бейiсқожа дұрыс айтады. Пұштай не дейдi екен, тыңдайық — дедi Сүлеймен.

    • Ей, Пұштай айта бер. Құлағымыз сенде.

    • Көрiнсейшi көзiме, Бейiсқожа!

    • Неге мен сенiң алдыңда қасқиып тұруым керек? Арт жағындағы Озғарыңа менi оңай нысаны болсын дейсiң бе?

    • Озғар үйде отыр. Мен — жалғызбын. Сендерге Оз-ғардың сөзiн жеткiзгелi тұрмын.

    • Айт. Ол не дейдi?

    • Бағана Құрбан айтты: “Сендердiң араларыңда аю секiлдi дәу бiреу бар” деп. Озғар “сол дәумен жекпе-жекке шығамын” дейдi. Дәуiң кiм қасыңдағы? Айт оған, Озғармен жекпе-жекке шығар ма екен?

    • Ол басмашың неғып жекпе-жекке шыққыш бола қалды?

    • Бiлмеймiн. Мен тек оның сөзiн жеткiзушi ғанамын. Бұны есiткен Сүлеймен елең еттi:

    • Не дейдi? Озғар менiмен жекпе-жекке шығуға сұранды дей ме? Қане, шақырсын онысын.

    • Қоя тұр, Сүлеймен. Мен бiлсем, бұлар бiр қулықты ойлап тұр. Бiрақ кiм бiлген, Озғардың денесi де сенен кем емес. Соған қарағанда, айтуы да мүмкiн. Дегенмен...

    • Ей, Бейiсқожа. Келiсiп болдыңдар ма? Болсаңдар, шығыңдар берi!

    • Ой, мынау бiзге бұйрық бередi ғой. Қап... әй, жiберiңдершi менi. Тiлiне топырақ сеуiп тастайын.

Алға тағы ұмтылған Мұрсатты бұл жолы Сүлеймен ұстады. Сүлеймен мұндай сәттерде көп ойланбайтын. Яғни, айналадағы оқиға қалай өрбитiнiне көз жiбере бермейтiн. Өзiмен бiреу күш сынасам десе болды, ай-шай жоқ, сонымен алыса кетуге бейiм тұратын. Осы жерде де сол мiнезiне салды.

    • Шақыр Озғарды, Бейiсқожа! Көптен берi ешкiммен жекпе-

жекке шыққан жоқ едiм. Қолдарым жұмсарып қалған жоқ па екен, сынап көрейiн.

    • Жә, тоқташы, сен де, — деп кейiдi Бейiсқожа оған. — Алдымен аналардың қулығы бар ма, жоқ па, соны бiлейiк. Мүмкiн Озғар бiздi алдап тасадан шығарып алып, пүлiмөтiмен қырып салатын шығар. Не болса соған сене беретiнiңе таңмын, осы.

    • Онда Озғардың өзi бiзге көрiнсiн.

    • Ол көрiнер-ау. Бiрақ оның артында бiреу тұрмағанына кiм кепiл. Пүлiмөттi одан басқа ата алатын басмашы жоқ дейсiң бе?

    • Бейiсқожа, мен жауап күтiп тұрмын, — деп айқайлады Пұштай тағы.

    • Жауапты естiгiң келсе, алдымен мынаны айт. Үйде Озғардан басқа кiм бар?

    • Ерсiн мен Ордаш бастықтардан басқа ешкiм жоқ. Озғардың бар адамдарын өздерiң атып тастадыңдар ғой.

    • Озғар шынымен бiздiң дәумен төбелескiсi келсе, анау екеуiн ертiп, берi шықсын. Қаруын тастап келсiн. Бiз оны қарауылға алып тұрамыз. Ешқандай айлакерлiк ойламай-ақ қойсын.

    • Жоқ, пүлiмөтiн алып шықсын да, бiздiң көзiмiзше шетке лақтырсын де, — дедi Мұрсат.

Бейiсқожа өз серiктерiнiң шартын Пұштайға жеткiздi. Шартты жеткiзгелi ол Озғарға кеттi. Көп ұзамай, үйден үш адам шықты. Үшеуi де колхоз бастықтары. Орталарында Озғар жоқ. Үш бастық қолдарын көтерiп алыпты. Қазақ қарақшылары мына көрiнiске таң қалып, бiр-бiрiне не айтарларын бiлмей тұр. Артынша, үй бұрышынан дәу көк атқа мiнген Озғар көрiндi. Қолында — тапанша. Анау үшеуiн айдап келедi.

    • Ей, Бейiсқожа! — деп айқайлады Озғар. — Егер айтқанымды iстемесең, мына үш бауырыңды атып саламын. Бұлардан айрылғың келмесе, көрсет қасыңдағы дәудi!

    • Атсаң, ата бер. Бұлар маған бауыр емес, сенiң достарың

ғой. Бiрақ одан кейiн “өзiм құтылып кетемiн” деп ойлама.
Бiр-бiрiне дауыс анық естiлер тұсқа келгенде, аналар тоқтады. Үш бастық қолдарын түсiрер емес. Озғар оларға тапаншасын кезенiп тұр. Сүлеймен оған қарап едi, ол шынында нән адам екен. Аттың үстiнде таудай боп, өңкиiп отыр.

    • Озғар, тұрған жерiңде жалп еткiзейiн бе?

    • Қалтарыста тұрып, ашық жерде тұрғанды атып жiберу оңай. Шын жаужүрек болсаңдар, берi шығыңдар!

    • Сен қашаннан берi ашық шайқасқа шығатын батыр болып қалдың? Мейлi, шығайық. Кел, жақында бiзге!

Бейiсқожа осыны айтты да, Мұрсатқа бұрылды:

    • Өңкиген неменi қарауылға алып тұр. Арамдық қылатындай болса, басып қал.

Сөйтiп өзi бiрiншi болып, бұрыштан шықты. Артынан серiктерi ердi. Серiктерi иығынан ғана келiп тұрған Сүлеймендi көргенде, Озғар тапаншасын лақтырып жiбердi. Сосын атынан секiрiп түстi.

    • Мынау ма, дәуiң? Шығар берi ортаға!

    • Озғар, қулық қылсаң, бiрiншi өзiң ажал табасың.

    • Қойшы, Бейiсқожа, соған әрдеңенi айта бермей. Артында маған десе он адамы тұрсын. Шығамын мен ортаға. Әр нәрседен күдiктенiп тұратын менi қорқақ деймiсiң.

Сүлеймен алға атып шықты. Аттан түскен Озғар бұл уақытта бұларға қарай жүрген. Сүлеймен де оған қарсы жүрдi. Бейiсқожалар соңынан iлестi. Әп-сәтте екi алып бiр-бiрiне қарама-қарсы тұрды. Бiрiншi болып Озғар сөйледi:

    • Сен бе, менiң адамдарымды қырып салған?

    • Мен.

    • Бәсе, мен келгенде алдымда тышқанша жорғалайтын мыналар бүгiн неғып құтырды десем, сен екен ғой, бұларды әңгiдей ақыртып жүрген. Қазiр басыңды кесiп аламын. Содан соң беремiн бұл екеуiнiң жазасын.

    • Тiлiңдi тарта сөйле, Озғар. Бiз сенiң алдыңда ешқашан тышқандай жорғалаған емеспiз.

    • Бейiсқожа, қоя тұр. Бұл оттай берсiн, — дедi Сүлеймен.

Сосын Озғарға қарады: — Қане, айт, қандай шартың бар?

    • Ешқандай шартым жоқ. Арманым сенi — өлтiру. Бұл өлкеде менiң алдымда тұратын ешкiм болмауы керек. Тұрған адам — азаппен өледi.

    • Басқа айтатын ештеңең жоқ қой.

    • Жоқ.

    • Қалай төбелесемiз? Жалаң қолмен бе, әлде пышақпен бе?

    • Менiң қолдарымның өзi — пышақ. Қорықсаң, қолыңа қалағаныңды ал.

Бет-әлпетi жаман екен найсаптың. Аузы-басын жапқан сақал- мұрты тiкiрейiп, көздерi құтырған бұқаның көздерiндей қып- қызыл болып кетiптi. Бiрде тiстерiн шықырлата тiстенiп, бiрде тiлiн жалақтатып, шығарып-шығарып қояды. Тайсақтайын демейдi. Қайта мысымен басқысы келгендей, ұмтылып-ұмтылып тұр. Оның бұл қылығын Сүлеймен басынғандық деп ұқты. Ал бiреудiң мұндайын көрсе, Сүлейменнiң шыдай алмай кететiнi бар.

    • Жақында берi, ит басмашы! Кiмнiң-кiм екенiн көрейiк қазiр. Таясып қалған екеуi бiр-бiрiн құлаштай соқты. Екеуiнiң де соққысы бастан тидi. Екеуi екi жаққа тәлтiректедi. Өз-өзiне тез келген Озғар айналып тұрып, бiр ұрып үлгердi. Соққысы сойылмен соққандай екен. Сүлеймен тағы тәлтiректеп, құлауға шақ қалды. Озғар құлатам деп ойлады ма, ақырып тұрып және ұрды. Сүлеймен қолын тосып үлгердi. Екi жуан қол бiр-бiрiне тигенде, тақ еткен дыбыс шықты. Озғар қолын ауырсынып қалды ма, дереу кейiн шегiндi. Сосын қолын сiлкiп-сiлкiп жiберiп, Сүлеймен шабуылдаса, қарсы алуға дайын болайын дегендей, екi қолын алға жiберiп, сәл еңкейдi. Сүлеймен бiрден шабуылға шықпады. Аңысын аңдып, сәл тұрды. Алайда Озғар шыдай алмай, тағы айқайлап ұмтылды. Сүлеймен перiп жiбердi. Жүгiрiп келе жатқан Озғар, бiр жағына жалп еттi. Оны жатқан жерiнде ұрмады. Тұруын күттi. Озғар сүйретiле әрең көтерiлдi. Осы кезде желкеден тиген соққыдан жер сүзе құлады. Бiрақ жаны бекем екен. Қолымен жер тiреп зорға орнынан көтерiлдi. Қаны қарайған Сүлеймен тұмсықтан бiр пердi. Озғардың аяғы жерден көтерiлiп

барып, шалқасынан құлады. Дәу адамның құлағаны да жаман. Жер ойылып кеткендей гүрс еттi.
Озғар сонда да тыпырлап, тұрмаққа әрекеттендi. Алайда миы шайқалып кеткен бе, басын көтере алмады. Оң аяғын жиып, қолын етегiнiң қонышына жүгiрттi. Оның қонышынан бiр қару шығаруға әрекеттенгенiн сезіп, жетiп барды да, қолының бiлек тұсын табанымен басты. Озғар айқайлап жiбердi.
Айқайлауын айқайлағанымен артынша үнi өшiп, Сүлей- меннiң табанынан қолын тартып алмаққа әрекеттенiп, бұлқына бастады. Босқа бұлқынды. Қанша әрекеттенгенiмен қолын шығара алмады.

    • Ей, дәу қазақ, менi бәрiбiр жеңе алмайсың. Айқас әлi бiткен жоқ, — деп екi аяғын көтерiп алып, бiр тептi.

Қарын тұсынан тиген тепкiден Сүлеймен артқа теңселдi. Осыны пайдаланған Озғар атып тұрды. Атып тұрды да, бiрден атылды. Екеуi тағы да ұстаса кеттi. Бұл жолы екi дәу күреске түскен балуандардай бiр-бiрiн ары-берi бiраз ырғасты. Аздан соң Озғар жамбасқа алып, атып ұруға ыңғайланды. Алайда тәсiлi iске аспай, өзi етпеттей құлады. Бiрге құлаған Сүлеймен дереу оның үстiне қонып, басынан аямай үш-төрт мәрте соқты. Алдымен жұдырықпен соққан-ды. Кейiн шынтағымен екi рет ұрды. Бағаналы берi дүлей соққыға төтеп берген Озғар, осы жолы серейдi де қалды. Мұны көрсе де әлi ашуы басылмаған Сүлеймен:

    • Ит басмашы. Пiрiңдi танымай жүр екенсiң, — деп және бiр- екi рет сабалады. Сосын дереу көтерiлiп, Пұштайдың жағасынан алды.

    • Сен, итаршы сүмелек! Мына басмашыны ат құйрығына алып, ауылдың арасымен сүйре! Қазiр өлмесе, сонда өлсiн. Әйдә, iсте айтқанымды!

Сүлеймен өлтiрiп қоя ма деп қалтыраған Пұштай:

    • Мақұл, көке, мақұл, — деуден басқаға шамасы келмей, анадай жердегi Озғардың атына жүгiрдi. Ол атқа жеткенде, Сүлеймен не iстерiн бiлмей аңтарылған Ерсiн мен Ордашқа жақындады.

    • Сендер неге өз жұрттарыңды жылатып, басмашыларға болысып жүрсiңдер? Екеуiңдi де қазiр жер жастандыра салайын ба? — деп қатар тұрған екеуiн екi қолымен ұстап, бiр-бiрiне соғып жiбердi.

Ұрмақ түгiлi, айқайлап жiберсе де жүректерi жарылуға шақ тұрған Ерсiн мен Ордаш жерге жалп-жалп еттi. Бұл кезде Пұштай Озғардың атын әкеп, ердiң қасындағы iлулi арқанмен жердегi басмашыны байлауға кiрiскен. Арқанды Озғардың мойнына байлай берген оған Сүлеймен:

    • Ай, итаршы. Арқанды мойнына емес, қолына байла. Әлi жаны бар өзiнiң. Мойнына байласаң, бiрден өлiп кетедi. Ал қолынан байлап сүйрелесең, шыбын жаны көзiне көрiнiп, жұртты қинаған қандай қиын болатынына көзi жетiп өлер, — дедi.

Қарсы бiр сөз айтуға шамасы болмаған Пұштай дiрiлдеп тұрып, Озғардың қолдарын байлады. Сосын аттың тартпасын жақсылап тартты да ерге қонып, арқанның бiр ұшын тақымына басты.

    • Тура осы бойда шауып, ауылды бiр аралап өт те, осында қайта орал! Егер әудем жер ұзаған соң Озғарды тастай қашсаң, жердiң астына кiрiп кетсең де тауып аламыз. Әйда, шап?

Пұштай атқа қамшы басты. Озғардың денесi ат соңынан сүйретiле кеттi. Ол кеткесiн, Сүлеймен Ордаш пен Ерсiнге бұрылды:

    • Ал, сенген Озғарларың өлдi. Ендi кiмнiң артына кiрiп өмiр сүресiңдер? Жә, сендерге сұрақ берiп, нем бар. Өз қазақтарыңды басмашылармен бiрге тонап жүрген екеуiңе зауал келетiн күн туды бүгiн. Бейiсқожа, Мұрсат, айтыңдаршы, бұларға не iстеймiз?

    • Қатар қойып, екеуiн де атып тастай салайық.

    • Жоқ, Мұрсат, қатын, бала-шағаларын жетiмсiретiп не қыламыз. Одан да бұларды да ат көтiне байлап ауыл арасымен сүйрейiк. Қаны қарайған ауыл жұрты екеуiнiң беттерiне түкiрсiн. Осыған келiскен қазақ қаһармандары Пұштайдың есiк алдындағы байлаулы аттарды әкелiп, екеуiнiң қолдарын байлады. Мұрсат пен Бейiсқожа атқа қонып байлаулы екеудi ауылға жаяу сүйретiп әкеттi. Содан Озғардың өлiгiн сүйреткен Пұштай, Ерсiн мен Ордашты жаяу сүйрелеген Бейiсқожа мен Мұрсат

келгенше, Сүлеймендер аман қалған басмашыға әлгiнде ғана өлген Озғардың адамдарын көмдiрдi. Пұштай үстiнiң бәрiн дал- далын шығарып сүйрелеп келген Озғарды да, солардың жанына көмдiрiп тастады. Басмашы оны көмiп болған кезде Сүлеймен сұрады:

    • Кәне, Бейiсқожа, Мұрсат, айтыңдаршы. Жұрт екеуiнiң бетiне түкiрдi ме?

    • Қатындар беттерiн жұлып, балалар арттарына теуiп, әбден мазақ қылды. Ендi бұлардың бұл ауылда тұруға дәттерi жетпейтiн шығар.

    • Бейiсқожа-ау, бұларда бет бар деймiсiң? Масқара болғандарына қарамай, көресiң, екеуi де осында тұра бередi. Тәшкен асып кетпесе, баратын жерлерi жоқ, — дедi Мұрсат. Ат құйрығына байлаулы күйде сүйретiлiп келу оңай ма?

Өкпелерi өшкен Ерсiн мен Ордаш ентiге демалып, жерде етпеттей жатыр. Сөйлеуге шамалары жоқ. Осы кезде ауыл жақтан берi шұбырған адамдар көрiндi. Еркектер бiр топ, әйелдер бiр топ. Оларға қосылмаған балалар бiр бөлек.

    • Мына жұрт жүдә, жақсы келе жатыр, — дедi Сүлеймен. — Қазiр қорадағы жылқыларды бәрiне бiр-бiрлеп таратамыз.

Асыққан жұрт қора алдына тез жиылды. Сақалы белiне түскен бiр қария алға шықты. Көзiнен жас ағып тұр.

    • Осы ауыл жұрты талай уақыттан берi Құдайдан күндiз- түнi «басмашылардан құтқара көр» деп жалынып жүрушi едi. Сендердiң арқаларыңда сол тiлегiмiз қабыл болды-ау деймiн, қарақтарым. Сендердi осы ауылға тап қылған Құдайға мың алғыс...

Қария сөзiн ары қарай жалғастыра алмай, еңкiлдеп кеттi.
Сүлеймен қасына барып, арқасынан қақты. Көз жасын тыйған қария тағы сөйледi:

    • Бiз бұл Бестоғай жерiне менiң жiгiт кезiмде келген едiк. Ол кезде Сыр бойына келген орыстар қазақтарға қатты тiзе батырған соң әкем рахметтiк оларға қарсы қол жинап, шайқасқа түскен-дi. Бiрақ от қаруы бар орыстар қазақтардың қолын быт-шыт қылған соң туған жерден бiр ауыл боп үдере көшiп кеткенбiз. Осында келiп тұрақтағалы берi бұл ауыл жұрты тау паналаған қарақшылар мен жергiлiктi басбұзарлардан тыныштық көрген емес. Мiне,

он жылдай болды, сол қарақшылардан қалған сарқыншақтар басмашы болып, елдi жүндей түтiп жүр едi. Озғарға күндiз-түнi нәлетi айтушы едiк. Сол қарғысымыз бүгiн оған тап келдi. Сен, қарағым, баяғының батырындай екенсiң. Атаңа мың алғыс, сенiң! Бiрақ ертең сен кеткен соң бұл елдiң күнi не болмақ? Қалған басмашылар келiп, тағы ту-талапайымызды шығармай ма?..
Сөйлеген қарияның сөзiн Бейiсқожа бөлдi:

    • Жоқ, Әнуар көке. Озғар өлдi. Ендi келiп, бiздi басынатын басмашылар жоқ. Қазiр мынау Ордаш пен Ерсiн бастықтарға өздерiнiң басмашыларға болысып, елдi қинайтын жүгенсiздiктерi туралы өз қолдарымен хат жаздырып аламыз да, екеуiн мiлисаға өткiзiп жiберемiз.

Бейiсқожаның сөзiн жұрт iлiп әкеттi.

    • Дұрыс, екеуiн абақтыға жаптырып, тәубелерiне келтiрейiк.

    • Өз жұртын сатқан мұндайларға аяушылық етпейiк.

    • Жұртқа әкiреңдеп, құдайсынған екеуi сазайын әбден тартсын.

    • Абақтыға жiберерден бұрын қос сатқынды бiраз төмпештеп алайық та.

    • Өздерi абақтыға кеткен соң, үй-жайларын ауылдан көшiрiп жiберейiк.

    • Жә, тоқтаңдар! — деп қолын көтердi Бейiсқожа. — Ордаш пен Ерсiндi төмпештеп, болмаса бала-шағаларын елден көшiрiп жiбергенде ұтпағымыз не?! Онсыз да бұлар ендiгi — қарабет. Ал қазiргi өздерiңiзге болысқан мына Сүлеймен «қорадағы жылқыларды елге таратып жiберейiк» дейдi. Ендеше, жұртым, тараңдар да жылқыларды екi-үш үйден бiрiгiп, сойып алыңдар. Ал Ордаш пен Ерсiндi қазiрше қамай тұрамыз.

Әрдеңенi күбiрлескен жұрт тарай бастады. Бәрi кетiп болған кезде Бейiсқожа колхоз бастығына бұйырды:

    • Пұштай, баста, сенiң үйiңе барайық. Бiлемiн, үйiңде ауқат мол. Бiздiң қарнымыз ашты. Сыйла бiздi. Мына екi сатқынды да бiрге алып жүремiз. Үйiңде қағаз-қалам бар ғой. Үшеуiң жасаған қылмыстарыңды баяндап, өкiметтiң атына хат жазасыңдар. Ертең Мұрсат екеумiз үшеуiңдi сол хаттарыңмен бiрге Терексайға айдап барамыз.

Одан соң Пұштай, үйiңе барғанда бiзден құтылайын деп бiр қулықты ойласаң, мына Мұрсатты бiлесiң ғой, бiр атып жер
жастандыра салады. Болды, кеттiк жiгiттер! Ой, айтпақшы, мына басмашыны да Ордаштарға қосып байлап алайық. Мiлиса алдына барғанда, бұл тiрi куә болады.


V


Сүлеймен, Парманқұл, Айдабол үшеуiнiң Қоқанда жүргенiне он айға жуықтады. Былтырғы Бестоғайдағы оқиғадан кейiн бұлар сол ауылда үш-төрт күн болып, Қоқан асқан. Озғардың бандыларын күйреткен соң Бейiсқожа мен Мұрсат Желтимес жүйрiктi еш жаққа өткiзе алмайтындықтарын айтқан-ды. Содан жүйрiктi Қоқанға өздерiмен бiрге ала келген. Ала келгендерi тәуiр болды. Сүлеймен мұнда баяғы досы Пұсырманқұлмен табысты. Пұсырманқұл Желтиместi бiр тәжiкке сатып бердi. Тәжiк ауған- тәжiк шекарасынан ары-берi жасырын өте алатын саудагер екен.
«Мұндай атты ауған асырып жiбермесек болмас. Бұл жерде мұны мiнiп жүру қауiптi. Өкiметтiң көзiне түсiп қаламыз», — деген ол. Сөйтiп ол Желтимес үшiн қомақты ақша бердi. Сүлеймендер Желтиместi қимай бiраз тұрған. Алайда, амал не,
оны бағып-күтуге шамалары жоқ.
Сүлеймен Қоқанға келе сала-ақ, жайсыз хабар естiген. Оны айтқан Пұсырманқұл. Алғашқы күнi ол бұларға Қоқанның басқа жаңалықтарын айтып, Дилда жайына келгенде кiбiртiктей берген. Осыдан-ақ бiрдеңенi сезгендей едi. Ертесiне Дилда жайында ашық сұраған. Пұсырманқұл күмiлжiп бiраз отырды да: «Е, Сүлеймен, өздерiң кеткен соң Тұрдақтың артында қалған сарқыншақтары бiраз лаң салды. Олар алдымен Дилданың көзiн жойды. Содан соң менi өлтiрмекке әрекеттендi. Екi-үш мәрте төнген қауiптен Құдайдың арқасы ма, әйтеуiр аман шықтым. Олардың Дилданы өлтiргенiн кейiн бiлдiм. Екi-үш күн сайын бiр хабар алып тұратын Дилда бiрде жетi-сегiз күн көрiнбедi. «Неге бұлай көрiнбей кеттi? Әлде баласы ауырып, шыға алмады ма?» деп үйiне бардым. Есiгiнде қара құлып тұр екен. «Бiр жаққа кеткен шығар» деген оймен қайтып кеттiм. Ертесiне тағы бардым. Есiгi әлi құлыптаулы. Ойым әрi-сәрi болып тұрғанда, жаныма қоңсысы келдi. Мен одан Дилданы сұрадым.
«Қайда кеткенiн бiлмеймiн. Бiр жұмадан берi көзiме түспедi. Бiр жұмадан бұрын үйiне пәренжi жамылған екi адам кiргенiн көргем. «Таныс әйелдерi шығар» деп, оларға мән бермегем. Со күнi кешке бiр жұмысым болып, Дилдаға бардым. Есiгiнде құлып iлулi екен. Содан күнде қараймын, үйге ешкiм кiрiп, шықпайды. Сiз кiм боласыз? Үй жағына кiрiп көрейiкшi. Тегiн емес-ау, осы. Дилда мұнша күн жоқ болып кетпеушi едi», — дедi ол.
Екеумiз есiкке жақындап, құлыпқа назар аудардық. Құлыптың көптен берi ашылмағаны бiлiнiп тұр. Шаң басып қалыпты. Әлгi қоңсысы екеумiз тесiктен iшке сығаладық. Бiрiншi анау сығалаған едi. «Қараңызшы, пеш түбiнде адамның аяғы көрiнiп жатыр», — деген оның сөзiнен кейiн тесiктен қарасам, шынында, адамның екi табаны мен саусақтары көрiндi. Бiр сұмдықтың болғанын бiрден сездiм. «Сен тағы екi-үш көршiңдi шақыр. Құлыпты бұзып iшке кiрейiк», — дедiм мен. Ол екi-үш емес, бес-алты адамды ертiп, тез келдi. Құлыпты бұздық та, iшке кiрдiк. Iшке кiргенiмiзде, Құдай салмасын, қанның жаман исi мүңк ете қалды. Иiстен iшке кiру мүмкiн емес. Содан жаңағы көршi екеумiз мұрнымызға орамал байлап, арғы бөлмеге кiрдiк. Қарасам, масқара, пеш түбiнде тура тамағынан сойылған Дилда жатыр. Оң қолтығында баласы. Оны да пышақтап өлтiрiптi. Киiмiнiң қарын тұсына қан қатып қалыпты.
Қойшы, қазiр олардың өлiктерi со кезде қандай күйде болғанын айтқым келмейдi. Әйтеуiр әлiмiз келгенше, бар рәсiмiн жасап, екеуiн «Құдияррабаттың» үстiндегi молаға бiрге жерледiк. Ал өлтiргендер туралы еш дерек таба алмадым. Расын айтқанда, табу қолымнан келмедi. Мiлисалар да iстi жаба салды. Дегенмен бiр адамнан күдiгiм бар», — деген-дi.
Дилда мен баласының өлiгiне қатты қайғырған Сүлеймен, ертесiне-ақ Пұсырманқұл күдiктенген адамды ұстауға кiрiскен. Бiрақ ол пәле еш ұстатпай-ақ қойды. Сүлеймендер ендiгi одан күдер үзгендей болып, Тәшкенге қайтуға жиналған. Ертең атқа қонамыз деген күнi азанымен үйге Пұсырманқұл келдi. Амандық- саулықтан соң ол:

    • Былтырдан берi ұстатпай жүрген кiсiнi кеше орталық көшеде көрiп қалдым. Найсап, менен күдiктендi ме, қалың адамның арасынан адастырып кеттi. Мен көргенде ол базар алдында отыратын етiкшiмен сөйлесiп тұрған. Сол етiкшiге бiраз

ақша берiп, оның тұрағын бiлдiм. Шынымен сонда тұра ма екен деп, етiкшi айтқан мекен-жайға бардым да әбден аңдыдым. Нәлетi қашғарлық, расында сонда тұратын болып шықты, — дедi.

    • Үйi қай жерде екен? — деп орнынан атып тұрды Сүлеймен.

— Хансарайының астындағы махаллада. Тура қазiр барамыз ба?

  • Әлбетте. Он ай соны iздеп, уақытымыз бекерге өткен жоқ па?

Төртеуi үйден асығыс шығып, хансарай тұрған төбе етегiндегi махаллаға келдi. Пұсырманқұл көрсеткен үйге жеткенде, күн сәскеге көтерiлген кез едi.

  • Үйiне баса-көктеп кiре беремiз бе, әлде берi шақырасың ба?

  • дедi Сүлеймен Пұсырманқұлға дарбаза жанында.

    • Шақырсам, шыға ма, шықпай ма, кiм бiлсiн. Оның үстiне ол найсап үйiнде жалғыз ба, ол жағын да бiлмеймiз. Бәлкiм қарулы да шығар. Әй, не болса ол болсын, апыл-ғұпыл кiрiп барайық.

Сүлеймен дарбазаны бiр теуiп ашты. Бәрi топырлап iшке ендi. Ауладан өтiп, төр жақтағы үйге таяғандарында, есiктен ұзын сақалы белiне түскен орта бойлы бiр кiсi шықты. Ол дереу iшке енiп, есiктi жауып қалмақ болды.

    • Ұста, Сүлеймен. Аңдып жүрген кiсiмiз — осы. Сүлеймен iшке ене берген ананың иығынан ұстай алды.

    • Қайда қашпақсың, ит? — Анау Сүлейменнiң қолынан босанбаққа ниеттенiп, бұлқына түстi. — Өй, мынау маған қарсылық көрсетпек пе? — деп оның желкесiнен бiр қойды. Сақалды кiсi бетiмен есiкке соғылды да, жерге құлеағанда желкесiнен ұстап қап, бойын тiктедi.

Осы кезде iш жақтан қолында ұзын қылышы бар бiреу көрiндi.

    • Әй, жiбер оны. Әйтпесе шауып тастаймын сенi.

Сүлеймен ойланбады. Қолында ұстап тұрған кiсiсiн көтерiп алып, соған қарай лақтырып жiбердi. Сақалды анаған көлденеңiнен соғылды да, екеуi де сұлап түстi. Жетiп барған Сүлеймен екеуiн екi қолымен баса қойды:

    • Парманқұл, Айдабол, байлаңдар мыналарды!

Парманқұлдар оларды байлап жатқанда, Сүлеймен жердегi қылышты алып, арғы бөлмеге кiрдi. Там үш бөлмелi екен. Үшеуiн де қарап шықты. Бөтен ешкiм жоқ.

    • Парманқұл, әкелiңдер екеуiн берi!

Айдабол мен Парманқұл қосақталып байланған екi қашғарлықты Сүлейменнiң алдына сүйреп әкеп, дуалға сүйеп отырғызды. Қосақталған екеу келген қазақтардың кiм екендiктерiн әлi бiлмегендей, таңырқаулы жүзбен қарап отыр.

    • Неге қалшылдайсың?

Сүлеймен бұлай әдейi сөйледi. Себебi кiнәсiз адам нағыз қорқақтың өзi болмаса бұлай қалшылдамай, сөзбен болса да қарсылық көрсетiп бағар едi. Ал мынау iстеген iсiне зауал келгенiн түсiнiп, ендi құтылмасын бiлгендей күйге түсiп отыр. Сүлейменнiң жәй сөйлегенiнiң бiр мәнiсi — оны сәл де болса қорқыныштан сейiлту едi. Әрi сұрағына дұрыс жауап алайын деген ойы бар-ды. Алайда анау қалшылдауын қояр емес.

    • Әй қалшылдама деймiн саған! Атың кiм?

Сүлейменгүжеткенде,дiрiлдегенқашқарлықжанындағысының кеудесiне басын тықты. Паналағаны ғой оны.

    • Не сұрап тұрмын сенен?! Атыңды айт!

    • Жақар, — дедi ананың тiлi әзер сөзге келiп.

    • Сенiң атың Жақар болды. Ал мынаның аты кiм?

    • Қорасан.

    • Жақар, бiз саған тиiспеймiз. Тек менiң сұрақтарыма дұрыс жауап берсең болды. Ал егер өтiрiк айтсаң, өздерiңнiң мына қылыштарыңмен бастарыңды шауып кетемiз.

Жақар осы сөзден кейiн дiрiлiн сәл басты.

    • Сiздердiң кiм екендерiңiздi бiлмеймiн. Ал мынау жәкемдi танимын. Пұсырманқұл жәке, былтырғы татар қатынның өлiмiне менiң қатысым жоқ. Сiздер осыны бiлмекке келiп тұрсыздар ғой-ә?.

    • Сол iспен келгенiмiздi қайдан бiлдiң?

    • Бiлем. Сiздiң менi iздеп жүргенiңiздi есiтiп, осылай ойлағам.

    • Дұрыс ойлапсың, хайуан. Содан бiр жыл бойы қашып жүрдiм де. Сүлеймен, мұның зарын тыңдап тұратын уақытымыз жоқ. Дилданы кiм және не үшiн өлтiргендерi туралы тезiрек айтып берсiн. Оған мұның да қатысы бар.

    • Ә, Пұсырманқұл жәке. Айттым ғой, “оған қатысым жоқ” деп. Ал кiмдер өлтiргенiн айт десеңiздер, айтып берейiн.

    • Айт.

    • Айтсам былай: Қайбiр жылы осындағы Исламқұл құрбашы мен “Тұмарабаттағы” Тұрдақ байпатшаны Шыршық жақтан келген бiр қазақтың дәуi өлтiрiп кеткен едi. Ол дәудi мен көрген емеспiн. Бәлкiм ол мына кiсi болар. Мейлi, сол дәу жаңағы кiсiлердiң көзiн жойған соң Қоқаннан кетiп қалыпты. Ол кеткенiмен, осында екiқабат қатыны қалған екен. Тұрдақтың өлiмiне кектенiп жүрген оның туған iнiсi Жардақ бiр күнi маған келдi. “Саған Ташкендегi Бекаба дөкей сәлем айтып, мына кiсiнi жiберiптi, — деп өзiмен ертiп келген қап-қара, үлкен денелi жiгiттi көрсеттi. — Бекаба осы Қоқанға Исламқұл мен Шалпарды, Тұрдақ көкемдi өлтiрген бiр қазақтың дәуiн көзiн жоюға Құрақ деген жансызын жiберген екен. Бiрақ Құрақ әлгi қазаққа сатылып кетiп, Бекаба жәкемдi жерге қаратыпты. Саған анау дәу қазақты табуға осы жiгiтке көмектессiн дептi”, — дедi.

Сөйтiп бiз сол дәу қазақты көп iздедiк. Бiрақ таппадық. Таппағанымызбен, оның мына Пұсырманқұлдың жақын досы болғанын бiлдiк. Пұсырманқұлды жақсы бiлетiн адамдардан сұрастыра жүрiп, дәу қазақтың Қоқаннан кетiп қалғанын, осында әйелi мен туылған бiр баласы бар екенiн есiттiк. Осыны естiген соң мен Тәшкендегi Бекабадан келген жiгiтке айттым: “Көрдiң ғой, дәу қазақ кетiп қалыпты. Ендi Тәшкенге қайт”, — деп. “Жоқ, бұл бекерге қайтпайды, — деп шап еттi Жардақ. — Ағамды өлтiрген дәу қазақтың қатыны мен баласының көзiн құртып қайтады бұл. Жақар, сен де бiрге жүресiң. Егер менiмен бiрге жүрмесеңдер, Бекабаға сәлем жiберемiн екеуiңдi айыптап”.
Мен оның айтқанына көнбедiм. “Жас бала мен жазығы жоқ әйелдi өлтiруге қалай қолың барады? Құдайдан қорықсайшы” — дедiм. “Ә,Құдайдан қорқасың ба?”— деп Жардақ менi бассалып, ұрып тастады. Анау жiгiт те қарап қалмады. Екеулеп соқты менi. Олардың соққысынан есiмнен танып қалыппын. Есiмдi жисам, бiр аяқ пен бiр қолымды сындырып кетiптi. Олардың кейiн әйелдiң үйiн қалай тапқанын бiлмеймiн. Қол-аяғым таңулы, үйде жүре алмай жатқанымда мына Қорасаннан болған сұмдықты есiттiм. Ал өзiм жақында қол-аяғым сауығып, көшеге шыққам.

    • Қол-аяғыңды емес, мойныңды бұрап кеткенде болар едi сенiң. Егер Қоқаннан тапқандарыңда менi өлтiруге қатысар едiң ғой-ә, — деп Сүлеймен оған шүйлiккенде Жақар бүрiсе түстi.

    • Жо-жоқ... Көке, менiң еш кiнәм жоқ қой.

    • Тура қазiр маған Жардақты тауып бересiң. Әйтпесе, екеуiң де өмiрмен қоштасасыңдар.

    • Жардақты табуын тауып беремiн-ау. Бiрақ ол сiздердi

көргенде үйiнен шықпай ма деп қорқам.

    • Ал сен үйiнен шығатындай айла тап. Бiз оған көрiнбей тұрамыз. Егер жолай көшеде қашатын болсаң, мына Айдаболдың қойнында шолақ мылтық бар. Тура желкеңнен атып, топырақ құштыра салады. Ал, жүр еңдi! Жардақтың үйi қай жерде?

    • Қазiр сәске мезгiлi болып қалды. Ол қазiр дүкенiне келген шығар.

    • Ол қай жердегi дүкенде iстейдi?

    • Құдиярсарайдағы дүкенде. Қант, май сатады.

    • Сол дүкенге күндiз адамдар көп баратын шығар-ә? — деп Сүлеймен Пұсырманқұлға бұрылды.

    • Әлбетте. Егер оның мынау айтқандай, дүкеншi екенi рас болса, оны сонда ұстау қиын. Басқалар байқап қойса, мiлисаға айтып жүрер. Ең оңайы — кешке үйiне қайтып бара жатқанда ұстау. Сен Жардақтың үйiн бiлесiң бе? — деп Пұсырманқұл Жақарға қарады,

    • Бiлемiн. Үйi шаһар шетiндегi тәжiк қышлақта. — Пұсырманқұл ендi Сүлейменге бұрылды: — Мынаны ертiп, Жардақтiкiне түнде барсақ қайтедi?

    • Сонда түнге дейiн осында отыра беремiз бе?

    • Басқа амал жоқ. Жақар мен Қорасан да үйден шықпай, бiзбен бiрге отырады. Осылай етсек, секемсiз отырамыз.

    • Мейлi, айтқаның болсын. Ей, Жақар үйiңде ет-пет, нан-шай бар ма?

    • Бар, бәрi бар. Пұсырманқұл жәкем “кешке дейiн осында боламыз” дедi ме? Жарайды, болыңыздар. Түн түсе, Жардақтiкiне ертiп барайын. Ал ендi бiздi босатыңыздаршы. Қорасан екеумiз сiздерге дастархан жасап, ауқат iстейiк.

    • Әй, сенiң қатын, бала-шағаң жоқ па? Қайда олар?

    • Менiң әйелiм алдыңғы жылы бала туа алмай, қайтыс болған.

Содан берi лайықты әйел iздеп таба алмай жүрмiн.
Парманқұл мен Айдабол екеуiн байлаудан босатты. Жақар төргi тамға кiрiп, дастархан жасаудың қамына кiрiстi.
Қорасан дәу самауырынға су құйып, шәй қойды.

    • Мен сиырымды әлi сауған жоқ едiм. Шәй қайнағанша, соны сауып келейiн, — деп Жақар шелегiн алып, тысқа беттедi.

    • Ей, тоқтай тұр, — дедi Сүлеймен даусын көтере. — Парманқұл, Айдабол! Анау Қорсанды, ә, кiм едi, Қорасан ба, иә, соны далада шәй қойып жатыр деп беймарал отырмыз ғой. Қараңдаршы, қашып кеткен жоқ па, ит? Содан соң сиыр сауып болғанша, Жақардан да көз жазбаңдар. Бiз үйде отырғанда кiм бiледi, бұлардың сыртта не iстеп, не қоятындарын.

    • Әсiлi, Сүлеймен дұрыс айтады. “Шәй қоям” деген қашғарлық үйге әлi кiрмедi. Жақар, анауың қашып кеткен жоқ па? Осыдан қашып кетсiн, көресiнi көрсетемiз саған, — дедi Айдабол.

    • Жоға, Қорасан ешқайда кетпейдi. Мен де қашпаймын. Сенбесеңiздер, тұрыңыздар қасымызда. Сиырымды сауып келейiншi ендi.

    • Жүр. Бiз де бiрге барамыз.

Үшеуi далаға шықты. Қорасан есiк алдында самауырынның отын үрлеп отыр екен. Жақар қорасына кiрiп, бұзауын байлаудан ағытты да, сиырға бiраз емiздi. Сосын оны сауды. Ұзақтау сауды. Сиыры сүттi екен. Сүтi дәу шелекке толды. Осы кезде Сүлеймен үйден шықты.

    • Көке, сiздерге сүт пiсiрiп берейiн бе? — дедi Жақар.

    • Сүттiң керегi жоқ. Одан да тезiрек шәйiңдi қайнатшы.

    • Ә, жарайды. Сүттi кейiнiрек пiсiрейiн. Қорасан, шайың қайнайын дедi ме? Оттыққа үстiн-үстiн от салсайшы. Тезiрек қайнасын. Мен жертөледен ет алып шығайын да қазанға салайын. Айтпақшы, қазанға су құйып, от жаға бершi.

Жақар сүт толған шелектi есiк алдындағы ұстынның iлгiшiне iлiп, жертөлеге кiрдi. Айдабол одан бiр елi қалмайды. Парманқұл болса, Қорасанды аңдып тұр. Жертөледен бiраз ет алып шыққан Жақар оны жуып, қазанға салды. Бұл кезде шәй де қайнап, бәрi дастархан басына жайғасты. Төрт қазақ анау екеуiнен әрдеңе сұрай отырып, шайға әбден қанды.
Ет пiскенше, бiрталай уақыт өттi. Ауыз тамдағы қазан басына барып, келiп жүрген Жақарға Сүлеймен бүй дедi:

    • Ей, сен, бiзге құры еттi ғана пiсiрiп бермекшiмiсiң? Оған бiрдеңе қоспайсың ба?

    • Уа, көке-ау! Етке қосатын үйде ештеңе жоқ. Кеше қаптың түбiн қағып, соңғы ұнмен көже iстеген едiм. “Бүгiн базарға шығып, аз-маз азық тауып келем” деп ойлағам. Оған сiздер келiп қалдыңыздар да...

    • Е, мейлi. Еттi нанмен қосып жеп, сорпасын iшсек те болады.

Ақыры қатының жоқ екен, саған не айып.
Мезгiл шаңқай түс болды. Осы уақытта ет те пiстi. Жақар мен Қорасан төрт табаққа ет салып, төртеуiне тартты. Сүлейменге етi майлы сүйек түсiптi. Нан қосып, оны соғып алды. Басқалар да несiбелерiн ашқарақтана жедi.
Ет жеп болған соң бәрi кешке дейiн ұйықтап алмақ болып келiстi.

    • Бiз ұйықтаймыз деймiз. Ал мына екеуiн не iстеймiз?

    • Байлап тастаймыз, Айдабол. Байлап тастасақ та, сен екеуiн бiраз күзетiп отыр. Ұйқың келсе, менi оятарсың. Одан соң мен күзетемiн, — дедi Парманқұл.

    • Ә, көкелер бiздi байламай-ақ қойсаңдаршы. Сiздермен бiрге жата беремiз. Уай, ештеңе iстей алмаймыз ғой, сiздерге. Дәу көке, айтыңызшы серiктерiңiзге. Бiздi байламай-ақ қойсыншы. Үйбай-ау, байлап қойсаңыздар, менiң сынған аяқ-қолдарым ауырады. Қатты қиналамын сосын. Жалынамын, көкелер. Бос жата берейiншi, — деп Жақардың Сүлейменге қарап шыж-быжы шықты.

    • Ақыры бiреуiң күзететiн болсаңдар, екеуiн байламай-ақ қойсаңдар қайтедi.

    • Байламай болмайды. Кiм бiледi, екеуi не ойластыратынын. Ей, Жардақ, әкел қол-аяғыңды. Байлаудан сынған жерлерiң ауыратын болса, аяқ-қолыңның сол тұстарын қыспай байлаймыз,

  • деп Парманқұл мен Айдабол оған қосып, Қорасанды да байлады.

Сүлеймен отырған жерiне жата кеттi. Айдаболдан басқалары да бастарын жастыққа қисайтты.
Қанша уақыт өткенi белгiсiз, ұйықтап жатқан Сүлеймен өзiн бiреу қылғындырғандай сезiнiп, тұншыға демалып, көзiн ашып
жiбердi. Көзiн ашқанда сезiнгенi — тамағын ащы нәрсе қырнап, лоқсып жатыр екен. Басы да мең-зең. Құлағы шуылдап тұр. Парманқұл бiреуге айқайлап жатқан сияқты. Ал Пұсырманқұл өзiне бiрдеңе айтып, жағынан салып-салып жiбердi. Осы кезде түк естiмей тұрған құлағы “мыналар сендерге у берген” деген Парманқұлдың даусын шалды. Басын сiлкiп-сiлкiп жiберiп, алдына қараса, Айдабол шалқалай жатқан Қорасанның кеудесiнде көлденең етпеттей жатыр. Жақардың бет-аузы қан дала. Осыны көргенде Сүлейменнiң түйсiгiне “уланған екенмiн” деген ой келдi. Бiрақ артынша талмаусырап кеткендей болды да, ышқына демалып, қайта есiн жиды. Басының мың-дыңы шығып, есi бiр кiрiп, бiр шығасылы болып тұрса да, есiне есiк алдындағы ұстынға Жақар iлген сүт түстi. Дереу соған жетпек болып, тұруға әрекеттендi. Тұра алмады. Парманқұлға сол жайында айтпақшы едi, тiлi сөйлеуге келмедi. Сөйлемек тұрмақ, жүрегi қысылып, ауа жетпей, маңдайынан суық тер бұрқ еттi.
Басы қатты айналып, көзi жұмылды. Бiреу қолтығынан демеп
көтермек болып едi, көтере алмады. Дәл осылай қауқарсыз отыра берсе, мiне, мiне, ажал құшатынын санасының ең соңғы түйсiгiмен сезген ол, ышқына орнынан қозғалды. Тұрып кеттi. Көзi түк көрмесе де теңселе басып, дуал жағалап, сыртқа шықты. Далаға шыққанда көзi сәл-пәл ашылды. Ұстында iлулi тұрған шелектi көзi шалды. Үш-ақ қадам аттаса, оған жетерi хақ. Бiрақ аяқтары құрғырлар қалтырап, бастырмады.
Есiк жақтауына сүйенгенде, құлай жаздады. Құламауға тырысты. Бар күшiн сарқа, бойын тiктедi де ұстынға жақындады. Қолын созып едi, шелекке iлiктi. Ала сап, шелектегi шикi сүттi қотара сiмiрдi. Қанша iштi белгiсiз, бiр қезде лоқылдатып, құса жөнелдi. Ұзақ құсты. Әлден соң есi кiрдi. Аяқ астына қараса, құсқан сүтi көкпеңбек. Шелекке көз салып едi, сүт әлi көп екен. Тағы iштi. Тағы құсты.

    • Тоқтамай iше бер, тоқтамай iше бер, — деген дауысты есiттi осы кезде.

Оның кiмнiң даусы екенiнде шаруасы болмады. Жоқ, оған бұрылып қарауға шамасыз едi. Құсқан сайын аяқ-қолдары дiрiлдеп, өн-бойын тер басты. Сүттi бiр-екi ұрттаса, төрт-бес мәрте құсып, әбден мазасы кеттi. Алайда әр құсқан сайын, сүттi
iше бердi, iше бердi. Сөйтiп бiр шелек сүттi iшiп қойды. Құса- құса өкпесi суырылып, өңешi жарылардай болды.
Бiраз уақыт өткенде басының айналғаны қойып, құлағының
шуылы басылды. Өз-өзiне келдi. Ал лоқсуы тоқтамады. Лоқсып тұрып байқаса, Парманқұл мен Пұсырманқұл мұны айнала жүгiрiп жүр екен.

    • Ой, нәлетi, қашғарлықтар! Ой, нәлетi, қашғарлықтар! Бәсе, “бiздi байламаңдаршы” деп, сонша жалынып едi. Ойпырмай, Сүлеймен, сүт қалай есiңе түстi? Бiз абдырап ештеңе iстей алмай қалыппыз ғой. Сендерге берген уды бiзге қалай бермеген? Ай, осы, барып анау Жақардың басын кесiп тастай салайын ба? — деп Парманқұл кiжiнiп, тепсiнiп жүр.

    • Жақарды өлтiру қашпас. Мынау шарадағы айранға мұздай су қосып, шалап жасап қойдым. Сүлеймендi етпетiнен жатқызып, ендi осыны iштiрейiк. Iшiндегi заһар әбден жуылсын, — дедi Парманқұл. — Жүр, Сүлеймен. Анау нардың үстiне етпетiңнен жатып, шалапты iшшi. Саған әлi де құсу керек.

    • Сүттi iшкен соң адам болып қалған сияқтымын. Шалапты тағы iшуiм керек пе?

    • Керек, керек. Сен әзiрше шалапты iше бер. Парманқұл, апаршы Сүлеймендi нарға. Мен самауырынға от қойып, су жылытайын.

    • Әй бұл қалай болды өзi? — дедi Сүлеймен нарға жата берiп.

    • Әзiрше сөйлеме. Болған жәйттi кейiн айтамыз. Мә, iш, мына кеседегi шалапты.

Шалаптың бiр кесесiн емес, үш-төрт кесесiн бiр-ақ iштi. Iшкiсi келмеп едi, Парманқұл қыстап қоймады.

    • Мұны неге iшiп жатырмын? Түк құстырған жоқ қой.

    • Қазiр құсасың, Сүлеймен. Тағы да көбiрек құсуың керек.

Ендi мынаны iшшi, — дедi Пұсырманқұл басқа кесе ұсынды.

    • Бұл не?

    • Жылы су ғой. Мұның да үш-төрт кесесiн бiрден iш.

Жылы суды iшкен соң ал құссын кеп тағы. Құсуын тоқтатса, анау екеуi шалап пен жылы суды тағы төрт-бес мәрте берiп, әбден құстыртты. Құса-құса сiлесi қатты.

    • Болды, ендi iшкiзбей-ақ қойыңдаршы. Өмiрiмде ауру дегендi бiлмейтiн мен ешуақытта бұлай қиналған емеспiн.

    • Iшектерiң, өкпелерiң ашып жатқан жоқ па?

    • Қойған сияқты. Тек, көрiп тұрсыңдар ғой, дiрiлiм басылатын емес.

    • Дiрiл кетер. Сонда да мен барып, Жамал тәуiптi ертiп келмесем болмас. Ай, “оны ертiп келемiн” деймiн. Анау екi өлiктi не iстеймiз, Парманқұл?

Сүлеймен елең етiп басын көтердi.

    • Немене, екi қашғарлықты өлтiрiп қойдыңдар ма?

    • Қашғарлықтар өлсе жақсы болар едi. Айдаболдан айрылып қалдық қой.

Сүлейменнiң өн-бойы шымырлап кеттi.

    • Қалай?

    • Аналар уды екеуiңнiң табақтарыңа салған екен. Бәрiмiзге бiрдей салмағандарына шүкiр де. Мен ұйықтап жатқанда бiреу жұлқылап оятты. Көзiмдi ашсам, Айдабол дем ала алмай, бүкшиiп қиналып отыр екен. Аузы-басы қисайып, реңi қашып кетiптi. Бiрдеңе айтайын деп едi, айта алмады. Сол қолымен жүрек тұсын ұстаған күйi, оң қолымен қонышындағы пышағын шығарды да, жанында жатқан Қорасанның кеуде тұсына кiрш еткiзiп қадап, өзi оның үстiне сұлады. Мен не болғанын түсiнбей, дереу Пұсырманқұлды ояттым. Бұл да аң-таң отырғанда, Жақар шыңғырып қоя бердi. Екеуiңнiң табақтарыңдағы етке у салғанын айтты. Ашумен оны өлтiрiп қояр ма едiм, Пұсырманқұл ұстап қалды. Сөйтiп тұрғанымызда, сен теңселiп далаға шықтың. Сүт есiмiзге келмептi. Жақардан айран сұрап жүргенiмiзде сен сүттi iшiп, құсып жатырсың. Қасыңнан кете алмадық. Айдабол жазғанның жатысы анау. Ендi оны қалай, қайда жерлеймiз? Ал сен екi-үш күн жатып, өз-өзiңе келмесең болмайды. Ол үшiн Пұсырманқұл тәуiп ертiп келмесе тағы болмайды.

    • Алда, жазған-ай! Бiзге еремiн деп, ажал тапты десейшi. Әй, анау Жақар әлi тiрi отыр ма? Мойнын неге үзiп алмайсыңдар оның?

    • Оны өлтiру қашпас. Айдабол текке өлген жоқ. Бiр жауын өзiмен бiрге ала кеттi. Қой, бiр жағына шығайық та. Не iстеймiз? Әлде үйге кетемiз бе? Тәуiптi сонда алдырамыз.

    • Айдаболды бiр жақты етейiк алдымен. Қазiр екеумiз барып, анау өлiктердi жертөлеге апара тұрайық. Содан соң Сүлеймендi үйге кiргiзiп жатқызайық.

Қиналған Сүлейменге мына хабар оңай тимедi. Тән ауруына жан ауруы қосылып, бей-жай күйге түстi. Парманқұлдар айтқандарын iстеп, өзiн үйге жатқызғанда да үн шығармады. Кешке дейiн жақ ашпады. Айдаболдың өлiмiне қатты қайғырып, ойына қайдағы-жайдағы түсiп, аһ ұра күрсiндi. Тек кеш бата Парманқұл шырақ жаққанда ғана сөйледi.

    • Парманқұл, жалғызбысың? Пұсырманқұл қайда? Қашғарлықтың бiрi тiрi деп едiңдер. Оны не iстедiңдер?

    • Пұсырманқұл тәуiпке кеткен. Ал Жақарды қол-аяқтарымен қоса, аузын да байлап, жертөлесiне қамап қойдық. Өлiктердi күзетiп отыр.

    • Айдаболды не iстейтiн болдыңдар?

    • Пұсырманқұл келсiншi. Содан кейiн ақылдасармыз.

Көп ұзамай Пұсырманқұл келдi. Қасында кiшкене бойлы, арық кiсi бар.

    • Жамал тәуiп деген осы. Менiң бауырым. Руы — Қыпшақ. Сенiмдi адам. Екеумiз бағаналы берi құры жүрмей, көрқау iздедiк. Екеуiн таптық. Ақша берiп, шаһар шетiндегi молаға жұмсадық. Қазiр олар Айдаболға арнап, мола қазып жатыр. Әзiр Жамал Сүлеймендi қарап болсын, Парманқұл екеумiз Айдаболды жерлеп келемiз. Күндiз жерлей алмаймыз. Бұл үйден қалай шығарамыз оны. Дұрыс па, ойым, Сүлеймен?

    • Өзiң “басқа амал жоқ” деп тұрсың ғой. Қайтемiз ендi. Айдаболды жерлеуге мен де барайын.

    • Саған әзiрше жүруге болмайтын шығар. Жамал, көршi сырқатын, қатты уланған ба, өзi?

Жамал Сүлейменнiң тамырын ұстап, не күйде болғанын, қалай құсқанын сұрады.

    • Жүрегiңiз өте мықты екен. Денеңiз де шағындау болғанда аман қалуыңыз неғайбыл едi. Пұсырманқұл, сұрадыңдар ма? Қашғарлықтар бұларға қандай у берген екен?

    • Сұрауға да мұршамыз болмады.

    • Мейлi, кейiн сұрарсыңдар. Ал бұл кiсi ендi тырп етпей үш күн жатуы керек. Тек айран мен сүт, одан соң майлы сорпаны берiңдер. Ет дегендi қазiр жемейтiн болсын. Биенiң саумал сүтi болса, қатып кетер едi. Құса бергеннен тамағы iсiп қалған. Майлы сорпа мен жылы сүт сол үшiн керек. Айранды, биенiң сүтiн көбiрек iшсе, өтiн, бауырын, iшектерiн әбден тазалайды. Оларды қанша сұраса да, бере берiңдер. Тағы айтамын, үш күн тапжылмай жатсын.

Осылайша, Жамал тәуiп Сүлейменге үш күнге дейiн қозғалуға тиым салды. Сөйтiп, Айдаболды жерлеуге бара алмады. Оны қолдарынан келгенше рәсiмiн жасап, үшеуi жерлеп, таң атар кезде келдi. Сол күнi түнде үйiнiң артынан Жақарға көр қаздырып, Қорасанды көмдiрiп тастады.
Тек айран мен сүт, Парманқұл iстеп берген майлы сорпаны үш күн бойы орнынан қозғалмай iшкен Сүлеймен, төртiншi күнi аттай боп тұрды.

    • Парманқұл, сендер жертөледегi қашғарлыққа нәр сыздырмай, аштан қатырып қойған жоқсыңдар ма? Тiрi болса, сүйреп әкелiңдершi. Жауап алайық.

    • Е, үш күн бойы жуынды берiп, әйтеуiр өлтiрген жоқпыз. “Алып кел” десең, қазiр алып келейiн.

Арада аз уақыт өткенде Жақарды желкелеп әкелдi. Жақар келе сап, Сүлейменнiң аяғына жығылды.

    • Еркек болсаң, өксiмей, мынаған жауап бер. Көп нәрсе сұрамаймын. Уды неге тек Айдабол екеумiзге ғана бердiңдер?

    • Уды етке сепкен — Қорасан. Оның неге тек екi табаққа ғана у салғанын бiлмеймiн.

    • Тағы бiр сұрақ. Жардақтың Құдиярсарайдағы дүкенде iстейтiнi рас қой.

    • Рас, рас. Оллаһи, рас. Бүгiн кешке оны сiздерге ұстап

беремiн.

    • Ұстап бермей-ақ қой. Сен ендiгi сенiмнен шыққан адамсың. Парманқұл, жертөлеге қайта апарып қама. Жата берсiн сол жерде. Аяқтарын да байлап таста. Аузына мақта тығып қой. Жертөленiң есiгiн сыртынан мықтап бекiт.

Жақар бұрынғыдан бетер өксiп бердi. Оған назар аударған Парманқұл болмады. Сүйрей жөнелдi. Олар кеткесiн, Сүлеймен Пұсырманқұлға өтiнiш айтты:

    • Пұсырманқұл, сен Құдиярсарайға барып, Жардақты жақсылап танып келшi. Оны бiреуден емес, сезiк тудырмай, бiрнешеуден сұра. Сөйтiп түнде көрсең де, жазбай танитын бол. Кейiн басқа адамды ұстап жүрмейiк. Бiз сенi осы жерде күтемiз.

Пұсырманқұл сол кеткеннен бесiн ауа бiр-ақ оралды. Келе сала көрпешеге сұлай кеттi.

    • Құрысын, ат, арба секiлдi көлiгiм болмағасын, сонау Құдиярсарайға жаяу барып келдiм. Жардақ деген анық сол жерде iстейдi екен. Әбден танып алдым. Ендi оны түнде түгiлi, тастай қараңғы көр iшiнде көрсем де жазбай танимын. Парманқұл, даяр шәйiң бар ма? Аңқам кеуiп, бiр жағы қарным да ашты.

    • Қай жерде тұратынын бiле алмадың-ау, ә, бiрақ. Жұмыстан қай мезгiлде қайтады екен?

    • Жақар дұрыс айтыпты. Жардақ тәжiк қышлақта тұрады екен. Ал жұмыстан кешкi сағат жетiден асқанда қайтатынға ұқсайды. Жалпы, бiздiң оның үйiне баруымыздың қажетi жоқ. Сағат жетiге таман, ол дүкендi жабар кезде сонда барайық. Жардақты ұстасақ, оны қалай тергесек те, жан адам көрмейтiн қуыс таптым сол маңнан.

    • Жетiде күн әлi жарық болып тұрмай ма? Жардақты ұстап алғанымызды бiреу-мiреу көрiп қойса...

    • Ойыңды түсiндiм, Парманқұл. Бiз оны жан адам көрмейтiндей етiп, жаңағы қуысқа кiргiзбеймiз бе.

Парманқұл әрi қарай дүкеннiң есiгi қай жаққа қарап тұрғанын, өзi айтқан қуыстың қай жерде екенiн екеуiне түсiндiрiп айтты. Оның айтуынша, егер Жардақ дүкендi жабар уақытта бiр өзi болса, оны қуысқа апару оп-оңай екен.

    • Егер сол кезде қасында бiреу болып қалса ше?

    • Онда, Сүлеймен, қуысқа екеуiн де алып кетемiз. Басқадай амал жоқ. Қалай десек те, Жардақты үйiнен ұстағаннан гөрi, дүкен маңында қолға түсiрген әлдеқайда абзал.

Осыдан кейiн үшеуi алдағы iстерiн бiраз пысықтап, орындарынан тұрды.

    • Айтпақшы, жертөледегi Жақарды солай қалдыра беремiз бе?

    • Бар ойым Жардақта болып, ол жайын ұмытып бара жатқанымды қарашы. Иә, Парманқұл, екеумiз iсiмiздi бiтiрсек,

Қоқаннан кетемiз. Ал мына Пұсырманқұл осында қалады. Әгәрки, Жақар тiрi қалса, кейiн пәлесi осыған тиiп жүрер. Өзiң қалай ойлайсың? Көзiн жоя саламыз ба?

    • Солай ете салайын, — деп Парманқұл жертөле жаққа бұрылды.

    • Әй-әй, қоя тұр. Маған бiр ой келдi. Байлаулы адамды өлтiру — қатынның iсi. Оны түн жарымына дейiн аман қалдыра тұрайық.

    • Немене, Сүлеймен, түннiң жарымында осында қайта келемiз бе?

    • «Қоя тұршы» дедiм ғой. Жүрiңдершi, жолымыздан қалмайық.

Үшеуi Қоқанның қуыс-қуыс көшелерiн аралай өтiп, сағат жетiге таяғанда, Құдиярсарайға келдi. Сарай маңында адам қарасы аз. Бергi жақта екi-үш өгiз арба тұр. Олардың жанында дөңгелектерi шарабасынан биiк есек жегiлген тағы бiр арба тұр.

    • Анау есектi қоқанарба Жардақтiкi, — дедi Пұсырманқұл.

  • Бағана бұл арба анау бұрышта тұрған. Қазiр есiк алдына әкеп қойыпты. Сiрә, Жардақ дүкенiн жабуға дайындалып жатыр-ау.

    • Оның арба айдаушысы бар ма? Әлде өзi айдай ма?

    • Айдаушыны не қылсын. Жүрiңдер, дүкенге барған адамдарға ұқсап, сарайға кiрейiк.

Сарай бастырмасына жете бергендерiнде, алдарынан қап көтерген үш-төрт кiсi шықты. Қаптарын арбаларға салған олар, өгiздерiн қамшылап, жүрiп кеттi. Пұсырманқұл қатар есiктердiң үшiншiсiне кiрдi. Артынан Сүлеймендер iлестi. Бұлар дүкен iшiне кiргенде қарасұр жүздi, үлкен кiсi таразысын жиыстырып жатыр екен.

    • Дүкеннiң жабылатын уақыты болды. Ертерек келмейсiң- дер ме? Не алатын едiңдер? Тез-тез айтыңдаршы. Мен асығып тұрмын, — дедi ол шақ-шақ етiп.

    • Сенiң атың — Жардақ па? — дедi Сүлеймен.

    • Не қылайын деп едiң?

Осы сөздi айтты да есiне бiрдеңе түскендей, Сүлейменге қарап тұрып, шекесiн сипады.

    • Қоқанда сен сияқты дәу қазақ жоқ сияқты едi. Өзiң кiмсiң?

Баяғыда Тұрдақ әкәмдi...
Сөзiн аяқтатпаған күйi таразы тұрған тақтайдың астына қол жүгiрттi.
Оның қару iздеп жатқанын бiрден түсiнгендей, үшеуi оған жабыла кеттi. Әлбетте, ол осы үшеуiнiң қайсысынан да мықты емес. Сонда да болса, қолын қаруына жеткiзбеудi ойлаған үшеуi оны тақтайдан берi тартып алды. Үш қазақтың кiм екенiне ендi көзi жеткен Жардақ босанбақ ниетпен бұлқынып бердi. Мұнысынан түк шықпады. Сүлеймен желкесiнен бiр қысқанда, тiлi салақтап, көздерi жұмылды.

    • Абайла, Сүлеймен. Өлiп қалмасын.

    • Өлетiндей қысқан жоқпын. Пұсырманқұл, әлгiндегi қуысың қайда?

    • Мұны онда апарардан бұрын мен арбасын жасырайын. Сендер әзiрше осында тұра тұрыңдар. Сырттарыңнан құлыптап қояйын. Әй, Жардақ, құлпың қайда? Ә, мынау жатыр екен ғой. Мен кеттiм. Жауыздың дымын шығармай, ұстаңдар.

Пұсырманқұл тез оралды.

    • Арбаны сарайдың артына апарып қойдым. Жардақты алып жүрiңдер. Маңайда қазiрше ешкiм жоқ.

Жардақ дүкен төрiнде түнерiп отыр, Сүлеймен оған қарады.

    • Далаға шыққанда айқайлап, болмаса қашамын деп әрекет етсең, бiттiм дей бер. Өлгiң келмесе, үндемей жүр.

Сүлеймен Жардақтың қолтығынан алып, далаға сүйредi. Парманқұл да Жардақпен қатар жүрдi. Бiрақ Жардақ өлермен екен. Далаға шыққанда, сол жанындағы Парманқұлды оң қолымен перiп жiбердi. Күтпеген жерден тиген соққыдан Парманқұл бетiн басып, бiр сәт iркiлдi. Оны бiр ұрған Жардақ заматта Сүлейменнен де құтылғысы келсе керек, тiзесiмен бұтының арасына бiр тептi. Қанша дегенмен бойы биiк Сүлейменнiң жанды жерiне тепкi жөндi тимедi.

    • Өй, мынау менi теуiп кетем дей ме? — деп Сүлеймен ақырып, Жардақтың құлақшекесiнен бiр қойды. — Пұсырманқұл, апаратын жер әлi алыс па? Сол жерге дейiн аяғынан сүйреп апарайын.

    • Сарайды айналсаң болды.

Парманқұл құлаған Жардақтың басына бiр тептi.

    • Қазiрше тимешi? Сорлы өлiп қап жүрер, — деп Сүлеймен Жардақтың аяғынан сүйрей жөнелдi.

Пұсырманқұлдың қуыс дегенi — сарайдың артқы жағындағы қаңырап тұрған бес-алты бөлме екен. Жардақты сүйреткен үшеу түпкi бөлмеге келiп тоқтады. Парманқұл кеуiрт жақты.

    • Көрдiңдер ме? — дедi сосын иегiмен бөлме бұрышын нұсқап. — Анау қарайған тесiк сарай астындағы жертөлеге түсетiн есiк. Жардақты сонда түсiрейiк.

    • Жертөлеге түсiп не керек? Мұны осында тергей берсек, бiреу көрiп қояр деймiсiң?

    • Уай, Сүлеймен, “сақтықта қорлық жоқ” демейтiн бе едi.

Пұсырманқұл үңiрейген тесiкке жақындады. Бұл кезде Жардақ ыңырсып, көзiн ашқан. Пұсырманқұлдың үңгiрге кiрiп жатқанын байқаған ол, бiр нәрседен секемденгендей, қинала тiл қатты.

    • Ей, менiң қазынамды бәрiбiр таппайсыңдар. Сол үшiн келiп пе едiңдер?

    • Мынау не деп сандырақтап жатыр? — дедi Парманқұл.

  • Сүмелек, қазынаң не сенiң? Бiз сенiң жаныңды алуға келдiк. Сүйрешi, Сүлеймен!

Жертөле онша терең емес екен. Сiрә, бұрыннан тұрса керек, қабырғадақадаулы балауыз шамды Пұсырманқұл жағып қойыпты. Сүлеймен Жардақты сол шамның тура түбiне жатқызды. Сосын қонышындағы қанжарын қолына алды да, Жардақтың алқымына тақады.

    • Сенiмен көп сөйлесiп жататын уақыт жоқ. Мынаны айт: Тәшкеннен менi iздеп келген адамның аты кiм? Ол екеуiң Дилда мен баланы қалай өлтiрдiңдер?

Жардақ өзiне шын қауiптiң төнгенiн ендi сездi бiлем, дiрiлдеп кеттi.

    • Рақым етiңiз, рақым етiңiз! Оларды өлтiрген мен емес.

Жайран бауыздаған.

    • Ол кiм?

    • Тәшкендегi Бекабадан келген жөйiт. Оған Бекаба айтыпты: “Сүлеймен Қоқанда бiр татар қатынмен тұрады. Екеуiн де өлтiрiп кел”— деп. Сiздi таппаған соң ол қатыныңыз бен балаңызды өлтiрдi.

    • Ит, қашқарлықтар! Сен де, Жақар да iстеген iстерiңдi еш мойындамайсыңдар-ә. Мен қандай қанiшер болса да, өз

iсiн мойындаған адамды сыйлаушы едiм. Ал сендер сыйлауға да, сөйлесуге де тұрмайсыңдар. Шын батыр болсаң, ақыры iздегендерiң мен ғой, орныңнан тұр да мына қанжарды алып, менi сойшы. Ә, көрдiң бе? Орныңнан тұруға да, пышақты қолыңа алуға да батылың жетпейдi. Парманқұл, қатыным мен баламды өлтiргенi үшiн мұны қалай азаптайын? Саусақтарын бiр-бiрлеп кесiп, терiсiн жайлап тiлiп, әбден қинап, мерт етейiн бе?

    • Жанымда қиыңызшы, әкә, жанымды қиыңызшы. Жаңа айттым ғой, “қатын, балаңызды өлтiрген — Жайран” деп. Осы жертөленiң ана бұрышында бiр келiдей таза алтын мен бiр қап ақша тығулы. Соларды айыбыма алып, менi тiрi қалдырыңызшы?

    • Қатын мен баламды жазықсыз опат етiп, ал менi дүниеге жығып алмақпысың?! Мен сен секiлдi дүниеқоңыз емеспiн. Дүние үшiн жақын достары мен туған-туыстарын да аямайтын мұндағы қарақшыларға теңеп тұрмысың менi. Өй, сен тағы бiрдеңе демекпiсiң. Алдымен тiлiңдi кесiп алайыншы. Содан соң жан тәсiлiм қылғаныңша, текеше бақылдап жата бер.

Сүлеймен Жардақтың екi жағын қысып, қанжарын аузына тақады. Осы кезде:

    • Сәл сабыр ет, Сүлеймен. Бұл бәрiбiр өледi. Өлмей

тұрғанда, жаңағы алтын мен пұлдарын иеленiп алайық та, — деп сыбырлады Пұсырманқұл. Сосын даусын көтердi: — Ей, қашқарлық, алтының мен пұлдарыңның бары рас па? Рас болса, көрсет. Сонда өлмеуiң мүмкiн.

    • Рас, рас. Мына әкәмә айтыңызшы. Менi босатсын. Мен сiздерге алтынды, пұлды көрсетемiн.

    • Босатшы, Сүлеймен.

Сүлейменнен босанған Жардақ жертөле бұрышына жүгiрiп барды. Қолымен топырақты аршып-аршып жiберiп, үлкендеу тақтайды суырып, шетке қойды да еңкейiп қолын төмен созды.

    • Мiне, әкәләр, мiне, алтын мен пұл, — деп бiр қапшық пен түйiншектi сыртқа шығарды.

Парманқұл ол шығарған заттарды шам түбiне сүйреп әкелдi. Қапшық iшi толған ақша. Ал түйiншектi жазып жiберiп едi, төрт- бес тұяқ алтындар шам жарығына шағылысып, жалтылдап кеттi. Пұсырманқұл бiреуiн қолына алып, ары-берi төңкердi.

    • Мына тұяқтар таза алтындар екен.

    • Әлбетте, әлбетте, таза алтындар, — деп шап еттi Жардақ.

  • Сiздердi алдап нем бар...

    • Өшiр үнiңдi! Саған айтып тұрғаным жоқ. Бiрақ маған салса, осыны берген сенi өлтiргiм келмей тұр.

    • Не айтып тұрсың, Пұсырманқұл? — дедi Сүлеймен. — Осы бiр боқ дүние үшiн мұны жазасыз қалдырамыз ба?

Жардақ Сүлейменнiң аяғына жығылды.

    • Рақым етсейшi, әкә! Рақым етсейшi! Бар дүниемдi бердiм қой.

    • Адамның өмiрiн ешқандай дүниемен сатып алуға болмайтынын сен, хайуан, бiлмейтiн бе едiң? — деп Сүлеймен Жардақты бiр қойды.

Жардақ тоңқалаң асты.

    • Ендi шын өлген шығар.

    • Өлмейтiндей етiп ұрдым. Бiраздан кейiн есiн жияды. Мен бағана “Жақарды қазiрше тiрi қалдыра тұрайық” деп едiм ғой, Парманқұл. Оны мынадай оймен айтқам. Осында түн жарымына дейiн отыра тұрайық. Одан соң мына сүмелектi Жақардың үйiне ертiп барамыз да екеуiн жекпе-жекке шығарамыз. Төбелесiп бiр- бiрiн өлтiрсiн.

Содан түн ауа, Жардақты ерткен үшеуi Жақардың үйiне келдi. Жақардың төргi бөлмесi кең. Жардақты сонда отырғызып, Парманқұл Жақарды сүйретiп әкелдi. Екi қашқарлық бiрiн- бiрi көргенде қатындарға ұқсап, шақылдасып, ұрсыса жөнелдi. Сүлеймендердiң алдында әрқайсысы өзiн ақтап алуға тырысып- ақ жатыр.
— Шуламаңдар! — дедi Пұсырманқұл. — Қайсыңның — ақ, қайсыңның — қара екендiктерiңдi қазiр көремiз. Жардақ сен де, Жақар сен де бiлесiңдер. Ақ адамның — iсi де ақ. Ал ақ адамды әркез Құдай да жақтайды. Қайсыңның ақ екенiңдi көрейiк. Екеуiң жекпе-жекке шығып төбелесiңдер. Өзiн ақпын деген адам, қара деп есептеген адамын өлтiрiп тастасын.
Парманқұл екеуiн де байлаудан босатты. Екi қашқарлық ортаға атып шықты. Тек жеңсе ғана тiрi қалатындықтарын ойлаған екеуi құтырған қораздарша бiр-бiрiне атылды. Неше күннен берi қамауда байлаулы жатқан Жақардан әл кетiп қалса керек,
Жардақ бiр соққанда, тура Сүлейменнiң алдына шалқасынан түстi. Сүлеймен қанжарын алдына қойып отырған. Шалқасынан түскен Жақар сол қанжарды ала салды да, өзiне тағы ұмтылған Жардақтың санына сұғып жiбердi. Жардақ бақырып, кейiн шегiндi. Ал Жақар орнынан тез көтерiлiп, ананы бiржолата тындыра салайын дегендей, пышақ ұстаған қолын алға соза тұра ұмтылды. Жардақ әдiсшiл екен. Ананың пышақ ұстаған қолын қағып жiбердi де белiнен ұстап, атып ұрды. Құласа да пышағынан айырылмаған Жақар, онысын үстiнде жатқан Жардақтың кеуде тұсына кiрш еткiздi. Пышақ кеудесiне қатты кiрмедi ме, Жардақ әлсiрей қоймады. Қайта Жақардың қолына жармасып, пышағын тартып алып, тамағынан орып-орып тастады. Жақардың шамасы бiттi. Жардақ пышақ кiрген кеудесiн ұстай тұрмақшы болып едi, тұра алмады. Жаңа жанкештiлiк көрсеткен екен. Жауының жанына сұлай кеттi. Сұлай кеткенiмен жатып қалмады. Айқайлап, дөңбекши түстi.

    • Ойбай, әкәләр? Өлдiм, өлдiм. Көмектесе көрiңдер. Сүлеймен үн-түнсiз орнынан көтерiлдi. Екi серiгi де тұрды.

    • Алтын мен ақшаны алыңдар! Кеттiк! Мына екеуi қалсын осылай. Екi харам бiр-бiрiнiң өлiмiне себепкер болды. Жазықсыз адамдарды өлтiрген хайуандардың жазасын Құдай осылай берсе керек-тi. Ендiгi кезек — Бекаба мен Жайрандiкi.

VI


1937 жылдың қараша айы. Сүлейменнiң Қоқаннан кетiп, Тәшкен түбiндегi Шыршық қалашығына орналасқанына төртiншi жыл. Парманқұл былтыр елiне кеткен. Ол содан әлi оралмады. Естуiнше, ол Жетiкөлден бiр әйел алып, сол жерден там салып алғанға ұқсайды. Сүлеймен де Шыршықтан там алған. Баяғы Қоқанда Жардақ берген алтынның бiр тұяғы мен пұлдың бiразын Пұсырманқұлға қалдырып, екеуi Тәшкенге қарай сапар шеккен. Тәшкенге келген соң Мамажан дөкейге барып, “Осында тұра берсек, бола ма?” деп жөн сұраған-ды. “Тағы бiр-екi жыл сыртта жүре тұрғандарыңда болатын едi. Мейлi, қайтып келген екенсiңдер, сендерге ендi не дейiн. Екеуiң де туған ауылдарыңа әзiрше бара алмайсыңдар. Ал Тәшкенде ашық жүре берулерiң де қауiптi. Сол үшiн де шаһар орталығынан сәл алыстау жерге кетiңдершi. Бiраз уақыт амалдасаңдар, кейiн Тәшкенде еркiн жүре берулерiңе болады”, — деген.
Осыдан кейiн Парманқұл екеуi Шыршықта тұрақтады.
Қоқаннан олжалап келген ақшаның бiразына там сатып алды. Үш жылдай екеуi бiрге тұрды. Бiр күнi Парманқұл, “Елдiң жағдайын бiлiп келейiн”, — деп атқа қонды. Содан берi Сүлеймен жалғыз тұрып жатыр. Дағарадай тамда жалғыз еркектiң күйi келе ме? Сүлеймен Тәшкенге жиi қатынап, сондағы тамыр-таныстарының үйлерiнде қонып жүрдi. Осы жолы шаһардағы тамыры Тағайдың үйiнде қонақтап жатқанына екi күн болған. Үшiншi күнi сәске мезгiлiнде Шыршыққа қайтуға жиналды.

    • Рахмет, саған, тамыр. Баяғыда Досалы би: “Бiр күнгi қонақ

  • Құдайы қонақ, екiншi күнгi қонақ — арнайы қонақ, үшiншi күнгi қонақ — қылғытпа қонақ” деушi едi. Ендi сол қылғытпа қонақ болмай тұрғанда қайтайын. Мен базарды бiр аралап, Шыршықтағы үйге жеткенше кеш те батар.

— Ай, Сүлеймен, — дедi Тағай. — Сен үйiмде қанша күн жатсаң
да қылғытпа қонақ болмайсың. Бүгiн де қал. Ертең Тәшкенде үлкен мейрам өтетiнiн өзiң де бiлесiң. Солдаттар, жұмысшылар пәрәд қылып жүредi дейдi. Орталықтағы достастық майданында түрлi жарыстар өткiзiлiп, қазақ-өзбектiң әншi-бишiлерi консiрт бередi дейдi. Осындай думанды көрмей, Шыршықта жатқанда не қыласың? Тiлiмдi алсаң, қал. Ертең көшеге бiрге шығамыз.

    • Бұл өкiметтiң осындай думаны жүдә көп қой. Ертеңгiсi қай мейрамы?

    • Ертең жетiншi қараша. Кеңес өкiметiнiң орнағанына жиырма жыл толыпты. Шаһардағы өкiметтiң ұлықтары мен дөкейлерi соған орай кәтта мейрам ұйымдастырып отыр.

    • Сол ұлықтар мұндай даңғаза думанды ұйымдастырғанша, шаһардағы адам жегiш жөйiттер мен қашқарлық ұры-қарыларды, сарттың қанiшерлерi мен қарақшыларын құртса қайтедi? Құрбашы-басмашылардан қалған залым сiлiмтiктер әлi шаһарды билеп-төстеп жүргендерiн олар неге көрмейдi?

    • Бiлмеймiн ғой. Мен де осыған таңмын. Базар сайын үш- төрт әйел, болмаса үш-төрт бала жоғалады. Қайда кеттi? Жан адам бiлмейдi. Анада былтыр мiлисаға нәшәндiк болып келген орысты үйiнде әйел, бала-шағасымен қоса бауыздап кеттi. Оны кiмдер iстегенiн де таба алмады бұл өкiмет. Анау, Құдай секiлдi көрiнбейтiн, бiрақ атынан жұрттың иманы ұшатын Бекаба деген жөйiт өлмей, тыныштық жоқ мұнда. Кейде ойлаймын, “сол Бекаба деген бар адам ба, жоқ адам ба? Әлде қарақшылар оны ойларынан құрап, елдi қорқытып жүр ме?” деп. Әйтпесе, өзiң ойлашы, Бекаба бар болса, неге оны бiр адам көрмейдi? Iнiнде жатып, қарақшы жұмсап, оларға барлық айтқанын iстетiп отыратын ол қандай патша?! Әй, патша да ел көзiне көрiнедi ғой.

    • Менiң Бекабаның талай адамдарымен жұдырықтасуыма тура келдi. Ал өзiн еш кездестiре алмай жүрмiн.

    • Ол жоқ адам болса, қалай кездеспексiң?

    • Ол — бар адам. Көзiн көргендер маған оның қандай екенiн сипаттап та берген. Бiрақ нақты қай жерде тұратынын бiлмей, дал болған жоқпын ба? Әрi оны iздейтiн бiр кеңiрек уақыт та болмады. Ендi ғой, Мамажанның айтуымен шаһарда қайта еркiн жүре бастағаным... Айтпақшы, бүгiн қайтпасам, екеумiз кешке дейiн бiр жерге барып қайтайықшы.

    • Қай жерге?

    • Қарақамыс орамында Құрақ деген танысым бар едi. Осыдан бес-алты жыл бұрын оны Бекабаның адамдары әбден азаптап, төсектен тұра алмайтын етiп тастаған едi. Онымен қоймай, қатынын әкетiп қалыпты. Сол мiскiннiң жағдайы не болды екен? Тәшкенге келгелi берi үйiне барудың еш ретi түспедi. Жүршi, соған барып, қайтайық.

Тағай арбасына қос өгiз жектi. Екеуi мимырт жүрiстi өгiзарбамен Қарақамысқа жеткенше түс те қайтты. Сүлеймен
қиқы-жиқы үйлердiң арасынан Құрақтың мекенiн жаңылмай, тез тапты. Дауыстап едi, үйден он алты-он жетi жастағы бiр бозбала шықты.

    • Кiмнiң баласысың?

Бұлармен амандасқан бозбала Сүлейменге қарап тұрды.

    • Сiз баяғыда бiздiң үйде болған едiңiз-ә?

    • Егер Құрақтың баласы болсаң, осы үйде болғанмын. Әкең қайда? Жағдайы қалай өзiнiң?

Бозбала төмен қарады. Сәлден соң басын көтердi. Жүзi мұңды.

    • Көкемнiң өлгенiне бiр жыл болды.

    • Алда, жазған-ай! Ойбүй, шырағым-ау, оны естiмеппiз. Иманды болсын. Жүр-ей, Тағай, үйге кiрiп құран оқып шығайық. Сүлеймен үйге кiргенде жаман иiстi сездi. Үй iшi бұрынғыдан жүдеу. Тағай күбiрлеп, құран оқыды. Ол болған кезде Сүлеймен

бозбалаға бұрылды:

    • Iлгерiде бiр келгенiмде сендер екi-үшеу сияқты едiңдер.

Iнi-қарындастарың қайда? Далада ойнап жүр ме?

    • Ата-ау, бұл үйде мен жалғыз қалғам. Әкем төсекте көп жыл жатты. Денесi шiрiп, иiстенiп жатты. Сол иiстен бе, жоқ әлде басқадан ба, iнiм мен қарындасым бiрiнен соң бiрi қатты ауырып, өле бердi. Көкем өлгенде жерлесуге келген көршiлер денесiн ұстай алмады. Қай жерiн ұстаса да, үзiлiп кете бердi. Атаңа нәлет Бекаба, осының бәрi соның кесiрi.

Бозбала қыстығып жылап жiбердi. Сүлеймен не дерiн бiлмедi. Тағай тапқан сөзiн айтып, оны жұбатты. Жүрегi шымырлап, iшiндегi Бекабаға деген кек одан бетер қатайған Сүлеймен терең бiр күрсiндi.

    • Айналайын-ау, жалғыз қалған екенсiң-ау. Жә, тағдырға не амал бар. Өзiң ендiгi үлкен жiгiт болып қалыпсың. Әкеңнiң отын сен жағарсың бұдан былай. Қамыға берме, шырағым. Мә, қарағым, мынаны ал. Күнкөрiсiңе жаратарсың, — деп белбауына қыстырулы тұрған бiр буда ақшаны бозбаланың алдына тастады.

Қанша дегенмен жас жiгiт емес пе. Ақшаны көргенде қамыққан жүзiнде қуаныш табы байқалды.

    • Рахмет ата, рахмет!

    • Айтпақшы, шешелерiң сол күйi оралмады ма?

    • Оралмады. Бекаба сұм оны да өлтiрiп қойған шығар.

Бекабаға деген ыза-кегi бойын тағы кернеген Сүлеймен үйде отыра алмады. Тысқа шығып кеттi. Артынан Тағай iлестi. Екеуi арбаға отырып, Тағайдiкiне жеткенше үн қатпады. Үйге жетiп, арбадан түскенде:

    • Осы жуық арада Бекабаны тауып басын алмасам, көр де тұр, Тағай, — дедi.

    • Оны тапсаң, қанеки.

    • Ол менi аңдып жүредi. Осында келгенiмдi әлдеқашан-ақ есiтiп қойған да шығар.

    • Қой, үйге кiрейiк. Бекабаны кейiн iздерсiң.

Ертесiне Тағай екеуi орталық көшеге барды. Бұрындары Сүлеймен Тәшкенде осынша халық бар деп ешқашан ойлаған емес. Орталықта адамның қалыңдығы сонша, еркiн қадам басу мүмкiн емес. Бәрiнiң қолдарында бiр-бiр қызыл жалау. Бiреулер жазу жазылған үлкен қағаздарды көтерiп алыпты. “Жасасын кеңес өкiметi” деп айқайлаған жастардың дауыстарынан құлақ тұнады. Бiр шетте қатар тұрған өзбектiң сырнайшы-кернейшiлерi дүниенiң азан-қазанын шығарып, думандатып тұр. Сүлеймен мұндай мейрамды бұрын-соңды көрмеген. Әр жаққа бiр қарап, алаңдап жүрiп, Тағайдан көз жазып қалды. Сөйтiп бiр өзi құжынаған халықтың арасында ары-берi ұзақ уақыт жүрдi. Бiр кезде азан-қазан шудан мезi болып, Көкiлташ сарайы жаққа бет түзедi. Сол маңда үлкен шайхана бар. Шайханада таныстарым кездесiп қалар деген оймен сонда келдi. Мұнда да адам көп. Адам көп болғасын, бос орын да жоқ. Аралап жүрiп, шеткi нардың үстiнен бiр орын тапты. Нар үстiнде айнала тәшкендiк кiсiлер отыр. Бос орынға жайғасқан Сүлейменге олар бiрден назар аударды. Танымаса да, өзбеки ғұрыппен майда тiлге салып, ұзақ уақыт хал-жағдай сұрасты.

    • Сiздей кәтта адам Тәшкенде жоқ сияқты едi, — дедi бiреуi.

  • Қайдан келдiңiз?

Бұл жөнiн айтып үлгергенше бiр кiшкене бойлы қашғарлық қасына жетiп келдi.

    • Уай, сiз Сүлеймен әкәм емессiз бе?

    • Иә.

    • Паһ, паһ! Сiздi осында көрем деп ойламаппын. Жақсылап жайғасып отырыңызшы өзiңiз. Мәңiз, мына жастықтарды алып, арқаңызға сүйеңiз. Мен тамақ алдырайын. Не жеуге тәбетiңiз бар?

    • Әкелдiре берсейшi.

Әп-сәтте Сүлейменнiң алдына түрлi ауқаттар толды. Қашғарлық мұны айналадағыларға таныстырып жатыр. Жәй таныстырған жоқ. Әбден мақтап тастады.
Не керек, Сүлеймен отырғандармен тез тiл табысты. Әрдеңенi бiр әңгiме етiсiп, ұзақ отырды. Бiр кезде қасына ұзын шапан киген бiр таулық келдi.

    • Уа, Сүлайман әка. Сiздi көру бiзге көптен берi арман болып жүр едi. Үйге жүрiп, мейман болыңыз. Дәдәм сiздi ылғи айтып отырады. Ол кiсi де сiздi көруге құрсан. Шақыруымызға қайыл қылыңыз. Атарба дайын.

Отырғандар әлгiнi қостап, гуiлдеп кеттi. Бәрiнiң айтқаны — “барыңыз” болды. Аңғал Сүлеймен таулықтың шақыруын қабыл алды.

    • Үйiң қай жерде?

    • Бозсудың бойында.

Көңiлiнде бөтен ой болмаған Сүлеймен оған ердi.
Далада қос ат жегiлген арба тұр екен. Ұзын шапанды таулық екеуi соған жайғасты. Сарайдан әудем жер ұзаған соң Сүлеймен:

    • Менi қонаққа шақырған дәдәң бұрын менiмен кездескен бе екен? — деп сұрады.

    • Уа, Сүлеймен әкә! Әлбетте, ол сiздi көрген. Сiздi бұл шаһарда танымайтын адам бар ма?

    • Оның да, сенiң де атыңды сұрамаппын...

    • Менiң атым — Қосыл. Ал дәдәмнiң атын атауға тiлiм бармай тұрғаны. Үлкен кiсi ғой... Уа, қазiр барған соң ол кiсi өзiн таныстырар.

Сүлеймен таулықтың неге нақты жауап бермегенiне мән бермедi. Өзiн үнемi бiреулердiң сыйлап, күтiп жүретiнiне дағдыланған оған мұндайда титтей де бөтен ой келмейтiн. Содан да болар әңгiме әуенiн басқа жаққа бұрды:

    • Қара күздiң соңғы айы келсе де күн әлi жылып тұр. Бiр күнi қалың қар түсе салуы мүмкiн. Үйлерiңдегi малдарыңа жем-шөп дайындап па едiңдер?

    • Арбаға жегетiн екi-үш ат, бес-алты уақ мал болмаса, басқадай түлiгiмiз жоқ. Шаһарда көп мал ұстауға қайыл да жоқ қой. Осы, Сүлеймен әкә, сiздiң ел Қазығұрт жақта ма?

    • Иә.

    • Iлкiде әкем айтып отырушы едi. “Қазығұрт жақта қонағына алтын табақпен ет тартатын Ордабек деген байбатша бар” деп. Сондай кiсiнi естуiңiз бар ма?

    • Есiткенiң не? Ол кiсiнi көргенмiн де.

    • Пай, пай, сол алтын табақтары қайда кеттi екен-ә? Байбатша оны тығып кеттi ме екен, әлде үкiмет тартып алды ма екен?

    • “Ордабек алтын табақпен қонағына ет тартады екен” деген артықтау сөз-ау. Бiрақ оның алтын құмандары көп

болған. Ал оларды қайда жiбергенiнен бейхабармын.

    • Пай, пай, бәрiбiр қыр қазағы аңқау. Дүние-мүлiктiң қадiрiн бiле бермейдi. Жылқы мен қойдың мәнiсiн жақсы бiледi бiрақ. Қанша дегенмен мал— мал ғой. Жұт келсе — қырылып қалады. Қонақ келсе — сойылып кетедi. Қартайса — адамға ұқсап өледi, болмаса базарға түседi. Ал алтын деген жасай бередi. Пах, шiркiн, менiң қолыма бiр құмыра алтын түсер ме едi. Сонда менi күнде жұмсайтын мынау Бек... әй, дәу дәдәмнiң де, басқасының да түкке қажетi болмас едi.

Сүлеймен оның Бек... деген сөздi аяқтатпай, күмiлжiп барып, басқа нәрсенi айтып кеткенiне елең еттi.

    • Әй, сен, бiреудiң атын атай алмай қалдың-ау деймiн.

    • Не дейсiз? Ешкiмнiң атын ауызға алған жоқпын. Мен өзi сөйлегенде қызбаланып кетiп, жаңылысып қалам. Қызбаланып отырғанда тiлiм бiр нәрсенi айтып қалған шығар. Оған алаң болмаңыз. Әлгi алтын құрғыр туралы сөз қоз-ғасам делебем қозып кетедi. Естуiмше, сiздiң елдегi iлкiдегi байлар әр жерге алтын тығып кеткен дейдi ғой. Сол рас па?

Сүлеймен өзiнiң жаңағы ойы жайында iлезде ұмытып, Қосылдың сөзiне мырс еттi:

    • Немене, сондай жерлердi қазып көрейiн деп пе едiң?

    • Уай, әкә, көрсететiн адам болса, ондай жерлердi қазар едiм. Әттең-ай, әттең-ай, ондай адам жоқ қой. Жатыр ғой, көп алтын бекерге жер астында, Уһ... Өй, құрысыншы алтыны. Тұрағымызға да келiп қалыппыз. “Неғып кешiктiң?” деп дәдәм ұрыспаса болғаны. Қазiр анау есiктiң алдына арбаны жеткiзейiк. Одан соң кiремiз үйге.

Сүлеймен жан-жағына қараса, көзi бiрiншi биiктiгi төрт-бес құлаш келетiн құлама жардан құлай аққан сарқыраманы шалды. Сарқыраманың етегiндегi жазықта бес-алты ат байлаулы тұр. Арғы жағындағы жарқабақ астында үңгiр аузы үңiрейiп көрiнедi. Ал маңайда там, болмаса бiр тұрғын жай жоқ. “Мына таулықтың үйге келдiк дегенi несi?”

    • Үйiң қайда, Қосыл? Мына жерден сарқырама мен аттардан басқа ештеңе көрiп тұрғаным жоқ.

    • Е, Сүлейман әкә, бiздiң үйлер анау үңгiрдiң iшiнде.

    • Сендер баяғы адамдардай әлi үңгiрде тұрасыңдар ма?

    • Қайтесiз, атам заманнан бергi тұрағымыз осы болса.

Осы кезде үңгiр iшiнен түрлерi қорқынышты үш-төрт кiсi шығып, бұларға қарай жүгiрдi. Келе салып, Сүлейменнiң қолтығына жармасты.

    • Жүрiңiз, сiздi Бекаба жәкем бағаналы берi күтiп отыр, — дедi олардың бiрi.

    • Кiм күтiп отырған?!

    • Бекаба жәкем. Ол кiсi онша-мұнша кiсiнi алдына шақырмайды. Сiз құрметтi кiсiсiз ғой.

Сүлеймен аңтарылып қалды. Бекабаның Бозсу бойындағы сарқыраманың үңгiрiнде тұратыны жайында естiгенi ендi есiне сап еттi. Сап еттi де дереу белiн, қонышын сипалады. Әшейiнде тастамай жүретiн қанжары белiнде де, қонышында да жоқ. Өмiрiнде бiрiншi рет қатты састы. Әлбетте, Бекаба жәй шақырған жоқ. Мына жылмақай тау-лық арқылы алдап шақырып отыр.
Қай жерге келгенiне ендi шындап көзi жеткен Сүлеймен алдағаны үшiн Қосылды бiр-ақ мытып тастағысы келдi. Алдында тұрғандарды да бiр-бiр перiп, жер жастандыра салуды да ойлады. Бiрақ ол ойынан тез қайтты. “Бұларды жайратып салса, Бекабаны көре алмай қалуым мүмкiн. Оның үстiне, кiм бiледi, анау үңгiрдiң
бiр қалтарысында бiреу-мiреу өзiне мылтық кезенiп, қарауылдап тұрған да шығар. Қанша батыр болсаң да, ашық нысанада тұрып, оқтан қашып құтыла алмайсың. Сондықтан не болса да Бекабаға жету керек. Апарсын, мыналар оған. Арғы жағын көремiз. Дегенмен ит жөйiттiң алдап соққанын қарашы. Әй, мейлi, барайын. Ажалым содан болса, амал қайсы. Еш болмаса, жастығымды бiрге ала кетуге әрекет етiп бағармын”.
Бұрындары қанша қауiп-қатердi көрсе де жүрегi селт етпейтiн Сүлейменнiң осы жолы бойы мұздағандай болды. Алайда кейiн қайтуға намыстанып, жанындағыларға iлестi. Үңгiр аузына кiре бергенде, үңiрейген апанның тура алдында баяғыдан берi басына аса қауiп төнiп, жаны қысылған кезде көрiнетiн ақбоз ат мiнген қара киiмдi шал тұра қалды. Шал өзiне қарап жымиды. “Сескенушi болма. Шалт қимылдамасаң, ажал табасың” дедi де ақбоз атымен көкке ұшып, ғайып болды. Әрине, ол шалды жанындағылар көрмедi. Даусын да естiмедi. Өйткенi ол Сүлейменнен басқа ешкiмге көрiнбейдi.
Көптен берi көрiнбей кеткен жебеушi - әруағының ғайыптан
пайда болғанын көңiлiне медеу тұтқан Сүлеймен жөйiттермен бiрге үңгiрге ендi. Үңгiр iшi жап-жарық. Дуалдарға самсыған майшамдар iлiнген. Бiр есiктен өткен соң алдарынан екiншi есiк шықты. Одан өткенде кең дәлiз бар екен. Дәлiздiң жан-жағы қаптаған есiк. Бастаушы жөйiт төргi есiкке беттедi. Сүлейменнiң екi қолтығынан ұстаған екi жөйiт мұны солай қарай жетеледi. Ең соңғы есiкке келгенде бәрi тоқтады. Бiр жөйiт:

    • Бiр сәт тұра тұрыңыз. Мен сiздiң келгенiңiздi жәкеме айтып келейiн, — дедi де лып етiп, iшке ендi. Артынша қайта шықты:

    • Сiзге кiрсiн деп жатыр.

Сүлеймен жөйiт шыққан бөлмеге кiрдi. Бұл бөлме iшi де кең. Төрде қалың төселген көрпенiң үстiнде теңкиiп бiреу жатыр. Оны көргенде Сүлеймен өз-өзiне сенбей, көзiн уқалады. Сосын тағы қарады. Құдай-ау, мынау жатқан адам ба, әлде құбыжық па? Қазандай бас, кiшi-гiрiм диiрмен тасындай былшиған бет, бордақы өгiздiң тұрпатындай дене, тамға салатын белдемше ағаштай жуан аяқтар... Жүн бас-қан жуан қолдары ұзын екен. Тiзелерiне жетiп жатыр. Салбыраған қарыны көрпеше үстiне жайылып кетiптi. Сол салбыраған қарнының астында ұзын қылыш жатыр. Оның түрiн көзiмен бiр шалған Сүлеймен бұрындары Бекабаның
тұрпатын сипаттап айтқан жөйiттердiң сөздерiнiң рас екенiне шындап көзi жеттi.
Бекаба алып сәлден соң ыңыранып көзiн ашты. Даусы қарғылыңқы, әрi сондай жағымсыз екен:

    • Ей, Сүлеймен деген сен бе? Неғып тұрсың босағада. Кел отыр мына жерге!

Бекаба бас жағын иегiмен нұсқады. Нұсқағаны болмаса, иегiн әзер қимылдатты. Сүлеймен ол нұсқаған жерге келдi. Оң жағында дуалды ойып жасаған кiшкене дерше бар екен. Дершеде ұзын тас қайрақ жатыр. Сүлеймен отыра берiп, сол қайрақты жеңiне сұғып үлгердi.

    • Отырдың ба?

    • Иә.

Сүлеймен байқамапты. Бекабаның қарнының астында қылышпен бiрге ұзын таяқ та бар екен. Бекаба сол таяқты алды да өз тұсындағы дуалды бiр ұрды. Дуалға кенеп тартып қойылыпты. Дүңк еткен дыбыс бөлме iшiн кернедi.

    • Ләббай тақсыр, — деп манағы малай жөйiттiң бiрi қолын қусырып, iшке кiрдi.

    • Сүлейменге ауқат әкелiңдер! Ажалының алдында тойып алсын.

“Не дейдi мына жөйiт? — дедi Сүлеймен iштей ана малай басын иiп шығып кеткен соң. — О, Құдай, өзiң жар бола көр. Өзiңмен қанша жылдан берi бетпе-бет келудi армандап жүр едiм. Бекаба сұм, ендi сенiң қолыңнан оп-оңай өле қоймаспын”.
Осы кезде Бекаба тағы ыңырана сөйледi.

    • Ә, Сүлеймен. Қанша iздетсем де, қанша аңдытсам да, менiң жiгiттерiмнiң уысынан құтылып кете бересiң. Өзiңдi жүдә мықты санайсың-ау деймiн. Алдыма келiп, аяғыма жығылып, бағынышты болғаныңды айтсаң, сенде нем бар. Неге өзiңше тiрлiк жасайсың? Неге маған бағынғың келмейдi? Неге менiң жiгiттерiмдi таяқтайсың? Бекабаға ұсталмай кетемiн деп ойладың ба? Бұл өлкеде Бекабаның аузынан ұшқан құс, тырнағынан жорғалаған тышқан құтыла алмайды. Жә, саған әңгiме айтып не керек. Одан да қандай арманың бар? Соны айтшы. Бәлкiм мен сенi кешiрiп қалармын.

Сүлейменнiң қаны басына шауып шыға келдi.

    • “Не арманың бар” деймiсiң? Әй, хайуан жөйiт, мендегi арман — сенi өлтiру! — деп тiстене сөйледi де жеңiндегi тас қайрақты суырып алып, Бекабаның басынан қойып қалды. Соққының қатты болғаны соншалық, тас қайрақ Бекабаның басын қақ айырды. Миы шашылған бастың қозғалуға да шамасы келмедi. Алып дене бiр-екi рет дiр-дiр еттi де тыншыды. Сүлеймен атып тұрып, Бекабаның қарнының астындағы қылышты суырып алып, есiкке ұмтылды. Есiкке жете бергенде, арғы жақтан iлеген көтерген малай кiрiп келе жатқан. Сүлеймен айқайлап тұрып, оны қылышпен бiр шапты. Малай аһ деуден басқа дыбыс шығармады. Екi аттап екiншi есiкке жеттi. Арғы бөлмеде басқа жөйiттер әңгiмелесiп отыр екен. Сүлеймен көздi ашып-жұмғанша олардың быт-шытын шығарды. Ашудан өзiн игеруден қалған Сүлеймен жөйiттердiң өлi-тiрi екендiктерiне қарамай, далаға атып шықты. Есiк алдында Қосылмен тағы бiр малай аттарды жайғап жүр. Қолындағы қылышы қан-қан Сүлеймендi көргенде екi жөйiт қорқыныштан орындарынан қозғалуға дәрмендерi келмедi. Сүлеймен шап берiп Қосылды желкесiнен бүрдi. Анаусын бiр теуiп, суға күмп еткiздi.

    • Ал, айт сұм. Менi не үшiн алдадың?

Қосыл сорлыда тiл жоқ. Сүлеймен оның басын суға батырып- батырып алды.

    • Тiлiн жұтқан хайуан неме, тiлге келген шығарсың ендi.

Жауап бер сөзiме.

    • Не айт дейсiз маған?

    • Бекаба өзiңдi маған қалай жұмсады? Сол хақында айт!

    • Ә, әкә, менiң түк кiнәм жоқ.

    • Кiнәң болмаса, бұл iске неге араласасың? Менi ақымақ көрiп тұрсың ба, хайуан? Болды, айтпай-ақ қой ештеңе. Бәрiбiр сен де анау Бекабаға ұқсап өлетiн адамсың.

Сүлеймен қылышын көтере бердi. Қосыл екi қолымен басын жауып, жерге жата кеттi.

    • Өлтiрмеңiзшi, әкә, өлтiрмеңiзшi. Мен бәрiбiр Бекабаның өлетiнiн бiлгенмiн. Сiз өлтiрмесеңiз де, оны осындағы бiреулер алтыны мен пұлдары үшiн өлтiретiн едi.

Сүлейменнiң есiне жөйiттер ортасында, сондай-ақ Бекаба мен оның мынадай жандайшаптары арасында достықтан гөрi үнемi сатқындық жүретiнi түстi. Мұндай топтар арасында басшысы малайын, малайы басшысын кез келген уақытта сатып, болмаса дүние-мүлiк үшiн өлтiрiп кететiнiн де жақсы бiлетiн. Өлген басшы малайлар үшiн, мейлi, ол бұрындары қандай мықты адам болса да, көзi кеткен соң абыройсыз адам. Оның қадiр-қасиетiн таптап, соңында калған дүниесiн талап кетуге Қосыл сияқтылар құмбыл. Соған қарамастан өздерiнен мықты бiреу шықса, оның артын жалап жүруге де мұқым. Бiрақ мұны қорыққандарынан iстейдi. Ал өзiңе қорқып дос болғанның айбалтасы әркез бiр қолында. Сондықтан ғой, Сүлейменнiң мұндайлардың сөзiне сене бермейтiнi. Сол үшiн де Сүлеймен осындай опасыз қаскөйлердi аяуды бiлмейдi.

    • Бекаба бұрын не iстедi, оның дүние мүлiктерi көп пе, ол жағы менi қызықтырмайды. Талай жазықсыз жанды жер қаптырған, талай әйел мен жас баланы жазықсыз сойып, етiн жеп, қанын iшкен ол хайуанның түбiне жету — баяғыдан бергi мақсатым едi. Бүгiн ойламаған жерден соған қол жеткiздiм. Бiр Бекаба емес, оған қызмет еткен сен сияқтылар да жер бетiнде жүрмеуi лазым.

    • Сертiңiзден айналайын, әкә, сертiңiзден айналайын. Бiрақ мен қайбiр өз дегенiммен жүрген адаммын. Мейлi, ол жағын айтпай-ақ қояйын. Бәрiбiр сенгiңiз де, тыңдағыңыз да келмейдi. Дегенмен Бекаба жатқан жердiң астындағы жертөледе мол қазына бар. Еш болмаса, соның бiразына иелiк етiп кетсеңiз, қане. Әйтпесе оларды бекерге басқалар тонап кетедi ғой.

Сүлеймен ойланды. “Мына жөйiттiң сөзiнiң жаны бар. Бекабаны өлтiрген — өзiм. Ендi бiраз қазынасына иелiк етсем, кiм айыптайды менi? Айналада ашқұрсақ халық көп. Соларға таратып берсем, мың сауап алам. Жақында елге барам. Ол жаққа да құр қол барғаным жараспас”.

    • Қазына, қазына деп қоймайсың. Жүр, рас болса, көрсетшi сол қазынаны.

Сүлейменнiң сәл де болса иi жiбiгенiн көрген Қосыл елп еттi.

    • Жүрiңiз, әкә, жүрiңiз, көрсетейiн. Әй, айтпақшы, Бекаба әкәмдi өлтiргенiңiз рас па? Кiрiп барғанда ол бiздi шауып тастамасын.

    • Сөйлей бермей, жүр!

Қосыл Сүлейменнiң қолындағы Бекабаның қылышын ендi таныды-ау, оған тесiле қарады да үнi өшiп, алға түстi. Үңгiрге кiре бергенде ауызғы бөлмеде жатқан екi қандасының ес-түссiз жатқанын көрген Қосыл бақырып, көзiн бас-ты.

    • Осылардың қатарында жатайын демесең, тезiрек жүр! Арғы бөлмеде де үш жөйiт сұлап жатыр. Бiрi әзер қимылдап,

басын көтердi:

    • Қосыл, жаңағы дәу қазақ омыртқамды сындырып жiбердi. қимылдай алар емеспiн. Тұруға көмектесшi.

Қосылдың жанындағы Сүлеймендi ол сөйлеп болғанда байқады. Байқады да үнi өшiп, бетiн жерге берiп жата кеттi. Қосыл оған бiр, Сүлейменге бiр қарады.

    • Не iстейiн, әкә?

    • Бұлар жатсын осылай! Жүр, тезiрек!

Екеуi Бекабаның бөлмесiне кiрдi. Төрде Бекаба сиырдай теңкиген қалпы. Астындағы көрпелердiң, жастықтардың бәрi қан. Қақ айырылған басына адам қарап болмайды.

    • О, Құдай, өзiң сақтай гөр, — дедi Қосыл күрсiнiп, — өзiмдi аман қыла көр, өзiмдi аман қыла көр.

    • Құдайға сенесiң-ә, тағы, сұм. Басқа адамдарды осылай өлтiргендерiңде жандарың ашымайтын едi ғой. Неғып тұрсың қалшиып? Қане, жаңа айтқан қазынаң?!

Бекабаның өлiгiн көрiп, есiнен айрылардай болған Қосыл, Сүлеймен ақырып бергенде дiр етiп, өзiне келдi.

    • Ә, әкә, мiне, мiне қазына, — деп оң жақтағы бұрыштың кiлемiн көтердi.

Кiлем астында жертөлеге түсетiн қақпа-есiк бар екен. Қақпаны көтерген Қосыл қолымен төмендi нұсқады.

    • Мiне, әкә, мына жертөледе қадақ-қадақ алтын мен қап-қап ақша жатыр. Менiмен бiрге түсесiз бе?

    • Төменге өзiң түс те, қолыңа iлiккеннiң бәрiн берi лақтыр. Қосыл қолына дуалға iлiнген шамдардың бiрiн алды да,

жертөлеге түстi. Ұзамай кiшкене-кiшкене түйiншектердi жоғарыға лақтыра бастады. Оның лақтырған түйiншектерiн Сүлеймен шетiнен жазып көрдi. Түйiншектерге буда-буда ақша салыныпты. Алтын оралған түйiншек көрiнбейдi.

    • Ей, жөйiт! Мыналардың бәрi ақша ғой. Алтындар қайда?

    • Соны iздеп жатырмын, әкә. Ә, мiне, таптым. Бiр сандықтың iшiне тығып қойыпты.

Екi түйiншек Сүлейменнiң аяқ астына дүңк-дүңк етiп түстi.

    • Тағы бар ма екен?

    • Осы-ақ.

    • Жарайды, берi шық! Қосыл сыртқа шықты.

    • Уһ! Бекаба дәдәм ақша, алтындармен қатар жертөлеге кез- кез маталар да жиып тастапты-ау. Бұларды не қылмақ екен?

    • Өзiмен бiрге өлген жөйiттерiне кебiн қылайын деген де. Сен, мына түйiншектердi жазшы. Қандай алтындар екенiн көрейiк.

Қосыл бiрiншi түйiншектi шешкенде алтындар шам жарығымен жылтырай жөнелдi. Екiншi түйiншекте кiлең сақина, бiлезiк, сырға секiлдi әшекей бұйымдар екен.

    • Уа, саф алтындар ғой бұлар, саф алтындар! — деп Қосыл лепiре сөйледi.

    • Неменеге шаттанып тұрсың? Бұларды өзiң иеленейiн деп тұрғандайсың ғой, жүдә. Қане, түйiншектердi қайта байла да дәу қап тап. Бәрiн соған салып, сыртқа шығар.

Қосыл қайтадан жертөлеге түстi де, бiр дәу қап тауып шықты.
Түйiншектердiң бәрiн қапқа салды.

    • Әкә, осының бәрiн сiзге тауып берген мен ғой. Маған да аздап үлес беретiн шығарсыз.

Оның бұл сөзiне Сүлейменнiң қаны қайнап кеттi.

    • Не дейсiң, сүмелек? Сенiң әлi үлесте үмiтiң бар ма? Ай, сен, алдымен тiрi қаламын деп ойладың ба? Әйда, көтер қапты! Сыртқа шығамыз.

Сүлеймен қолын көтере өзiне ұмтылғанда, Қосыл дiр-дiр етiп, қапқа жармасты. Оны “ауп” деп иығына салып, есiкке беттедi. Сүлеймен оның артынан бiр тептi. Қосыл жалп еттi. Жан қалай-ә. Жалма-жан орнынан тұра салды да, анадай жерге ұшып кеткен қапты қайта көтерiп, сыртқа безiлдедi.
Екеуi лезде үңгiр алдына шықты. Қосыл “ендi не iстейiн?” дегендей Сүлейменге жәутеңдей қарады.

    • Қапты осында қой да, анау аттарды арбаға жек.

    • Құп.

Аздан соң қос ат жегiлген арбаны Қосыл Сүлейменнiң алдына тартты.

    • Божыға отыр, — Сүлеймен дедi қапты арбаға салып жатып.

Бұл кезде күн кешкiрiп қалған-ды. Екеуi шаһарға жеткенде тас қараңғы болды.

    • Арбаны Салардың бас жағындағы махаллаға бұр, — дедi Сүлеймен Тағайдың үйiне бармақ ниетпен.

Қосыл арбаны Ойран мазарының шетiндегi тар көшеге бұрды. Сүлеймен Тәшкен көшелерiн жақсы бiле бермейтiн. Жан-жағын жапсарлас тоқал тамдар қоршаған, әрi бiр-бiрiне ұқсас, жылан жолындай ирелеңдеген Тәшкен көшелерiн ол түнде түгiлi, күндiз де ажырата алмайтын.

    • Әй, сен, қайда бұрылдың? Әстi имам мешiтi жанынан бұрылмайтын ба едiк, ол жаққа?

    • Осы көшемен Салар махалласының төтесiнен түсемiз. Әстi имам арқылы жүрсек, алыстап кетемiз.

    • Ә, онда өзiң бiл.

Қосыл арбаны бұл көшеге бекер бұрмапты. Бiраз жер жүрген соң:

    • Осы жерге тоқтап, дәрет сындырып алайыншы, — дедi ол.

    • Мына бiр дуал түбiне тұра салсайшы.

Арба бiр тамның дуалына тақала тоқтады. Көшенiң тарлығы сондай, арба бiр жақтағы дуалға ғана емес, екiншi беттегi дуалға да тақалып тұр. Қосыл секiрiп жерге түстi. Аттардың қатарына тiзерлеп отыра қап, әжетiн өтеп болған соң орнына қайта келдi. Сүлеймен жайбарақат отырған.

    • Болсаң, жүр ендi.

Қосыл еңкейiп, етiгiн сипалады. Сүлеймен оған мән бермедi. Арба шетiнде жатқан қапқа жантайды. Осы кезде Қосыл ерен қимыл көрсетiп, бұған атылды. Бұл оны қағып үлгердi. Арбаның екiншi шетiне құлаған Қосыл тұра сап, ақыра тағы ұмтылды. Сүлеймен аяғымен бiр тептi. Тепкi Қосылдың iшiне тиiп, кейiн серпiлдi. Дегенмен анау әрi жылдам, әрi жанкештi екен. Кейiн қарай құлап бара жатып, қолын сермеп үлгердi. Сүлейменнiң балтыр үстi дыз еттi. Аяғына пышақ тигенiн сол сәт аңғарған
бұл атып тұрды. Бұл кезде Қосыл орнынан дереу көтерiлiп, там төбесiне тырмысып шығып кетуге әрекет еттi. Сүлеймен оң қолымен құлақ шекесiнен бар күшiмен қойып жiбердi. Анау ес- түссiз күйi лақтырылған қаптай, арба үстiнен ұшып барып, жерге құлады.

    • Жақсылық жақпайтын бұл не деген адамдар өзi, — дедi Сүлеймен өзiне-өзi сөйлеп.

Сосын балағын түре аяғының дызылдаған жерiн қолымен сипады. Қан ағып тұр. Бiрақ пышақ терең кiрмеген сияқты. Жердегi Қосылдың шапанын түрiп жiберiп, көйлегiнiң омырау тұсын дар еткiзiп айырып, аяғын таңды. Одан соң осы көше Салар өзенi жаққа бiр апарар деген оймен арбаға отырып, аттарға қамшы басты.
Қос ат жегілген арбаның божысын өзі ұстаған Сүлеймен шығысқа қарай ұзақ жүрді. Бір уақытта екі қапталын бір-біріне жалғасқан тамдар орналасқан тар көшенің басына да шықты. Айсыз тас қараңғы түнде қай жерге келгенін аңдау әсте мүмкін емес. Бір байқағаны – алдыңғы жақ тегіс дала сияқты. Бағана осы көше Салар өзені жаққа бір апарар деген ойы енді әдірем қалғандай. Өйткені алдыңғы жақтан не судың сарылы, не үрген иттің дауысы естілмейді. Меңіреу тыныштық. Сүлеймен шаһардың бір шетіне шығып кеткенін енді аңдағандай болды. Сөйтті де, ат басын кері бұрып, келген ізіне түсті. Әлгі тар көшемен бір сағаттай жүрді. Әлден уақытта арбаға жегілген аттар қалт тоқтап, осқырынып аяқтарын алға баспай қойды. Олардың бұл қылығын түсінбеген Сүлеймен «шу-шулеп» аттарды қамшылады. Аттар сонда да жүрмеді. Аттарға жыны келген Сүлеймен өз-өзіне күбірлеп, арбадан түсті:
–Маңқа келіп қырылғыр бұ хайуандарға не көрінді-ей, тегіс жерде кібіртіктеп...
Аттардың алдына шығып төмен үңілсе, жерде көлденең сұлаған біреу теңкиіп жатыр. Аттар содан аттамай тұр екен. Оның мына жатысына таңқалып, иығынан түрткіледі:
– Ей, не қылған адамсың? Өзің өлісің бе, тірісің бе? Әлде мас болып құлаған адамбысың?
Анау қарғып тұрды. Қарғып тұрды да, мұның жағасынан ала кетті.
–Ит қазақ! Мені өлтіріп кеттім деп ойладың ба?! Мені кезінде Бекаба да өлтіре алмаған. Сенің де өлтіру қолыңнан келмейді. Бағана мені қорқақ екен деп ойладың ғой. Жоқ, мен қорқақ емеспін...
Бетпақтана ұмтылған ол, көкбет қатын тәрізденіп, Сүлейменді беталды сабалай жөннелді. Бұл оның кім екенін енді аңдады. Аңдады да, ашуы қайта қозды:
–Ей, сен, опасыз Қосыл, мана тірі қалып па едің?! Енді осы жолы тірі қалмайсың!
Тістеніп тұрып, басынан қойып қалды. Заматта жерге бұрқ түскен Қосылдың үні өшті. Жерде жатқанды ұрмайтын әдетіне басқан Сүлеймен оны жағасынан тартып, тік көтерді:
–Әлі тірімісің?!
Қосыл былқ-сылқ етіп тұр. Демек, өлмеген. Сүлеймен тағы бір рет ұруға ұмтылды да, дереу өз-өзін тежеп, Қосылды арбаға сүйреп әкелді. Арбада жатқан месті алып, ішіндегі суын оның басына сарқырата құйды. Анау қиқылдап-шиқылдап, әйтеуір тірі екенін білдірді.
–Екіжүзді сұм, жаның сондай бекем екен-ау. Бағана сонша ұрғанымнан қалай аман қалдың,?! Әлде талып қалып, осында жата бердің бе?!
Қосыл қатты соққыдан әлі есін жинай алмағандай, сұлқ күйде. Аз ғана уақыттан соң Қосыл тілге келіп, тағы мүләйімси қалды.
–Әлгінде ұрғаныңызда миымды шайқап жібергенсіз бе, тентек адамдай не істеп, не қойғанымды білмеймін. Жаңа тағы ұрдыңыз. Содан басым бұрынғыдан да қатты айналып, өлерге келдім. Енді ұрмаңызшы.
–Сені сілейтіп кеткеніме талай уақыт болды ғой, сорлы. Мен мына көшенің сонау басына дейін барып қайттым. Қайтып келе жатсам, әлі жатырсың. Неге осы уақытқа дейін қараңды батырмағансың?! Жоқ, ажалыңды күтіп жатырсың ба?!
Қосыл өзін әлдекімдер құтқарып қалатындай, жан-жағына алақ-жұлақ қарады.
–Біреуден көмек күткендей, неге алақтайсың сонша? Тастай қараңғы түнда саған жәрдемге келер ешкім болмас. Одан да, тірі қалудың амалын жасап, маған жалынбайсың ба?
Анау жауап берудің орнына айналаға және алақтап, естілір- естілмес күбір етті:
–Жайрандар қайда кетті, өзі? Шетінен сужүрек екен ғой...
–Не деп далбасалап тұрсың?..
Сүлеймен осылай дей бергенде, қақ желкесінен тиген ауыр соққыдан етпеттей құлады. Әлде темір заттар, әлде сойылдар, әйтеуір ауыр бірдеңелердің соққылары құлағанда да, бар денесіне жауып жатты. Ұрып жатқандар біреу емес, екеу емес, бірнеше адам тәрізді. Құлағына олардың бір-бірін қайраған дауыстары естілді. Соққылар енді басына тиді. Осы сәт талмаусыраған күй кешіп, есін жоғалтты.
Одан соңғы жерде өзіне не болғанын білмейді. Бір кезде көзін ашып, өзінің тірі екенін білді. Тура баяғы Өдімәт бастаған жөйіттер тамаққа ұйықтататын бірдеңе қосып сілесін қатырғандағыдай күйге түсіп, бір жерде байлаулы жатыр.Онда денесіне соққы тимеген-ді. Енді бар денесі соққылардан ауыр тартып, көзі іскен, бет-аузын қан басқан. Еріндері жыртылып, басы жарылған. Аяқ-қолдары зырқырап, тізе-сандары, шынтақ- білектері қақсап тұр. Екі қолы алдына айқастырыла, аяқтарымен қоса шандып тасталынған. Іскен көздерін сығырайта ашып, жан-жағына қарады. Жатқан жері бір тамның орта тұсы. Там адам тұратын кәдімгі үйге ұқсамайды. Төбесі дөңгелектенген күмбезді. Қыштары сарғыш, араларына жапсарға құйылған лайлары үгітіліп, тым көне тартқан. Сірә, әлдебір мола үстіндегі ескі сағана болса керек.
Там ішінде жан жоқ, тып-тыныш. Сүлеймен аһ ұра күрсінді. Бұл күйге қалай тап болғаны жайына ой жүгіртті. Қосылды сұраққа алып тұрған. Сосын қақ желкеден оңбай соққы тиді. Арғы жағы тұманды. Өзін кімдер ұрды, мұнда кімдер әкеп тастады, белгісіз.
«Әй, бағана мен ұрғанда Қосыл сұм «миым айналап кетті» деп еді. Ол тұрмақ мықтымын деген өзімнің басыма да қанша соққы тиді. Сірә, осы мен осындай қапыда тиген соққылардан ажал табатын шығармын».
Ойын там ішіне сөйлей кірген біреулер бұзды. Есік жаққа қарап еді, бес-алты адам кіріп келе жатыр екен. Алдыда

  • Қосыл. Оның артындағылардың арасында ұзын бойлы, кесек денелі біреуі ерек көрінді. Онысының қолында мылтық. Мылтық болғанда, Сүлеймен баяғыды таудағы басмашылырдың қолынан талай көрген ағылшынның он патронды винчестері. Басқаларының белдерінде бір-бір ұзын қанжар ілулі. Біреуінің екі қолында екі қап бар. Қосыл сөйлеп келеді:

–Бекабаны өлтіргенмен, мені өлтіре алмаған дәу жатыр, міне, өлімші боп. Бірақ басымнан қатты ұрғаны соншалық, миым әліге дейін шашылардай боп, мең-зеңмін. Жайран, енді бұған не істейміз? Анау төбедегі үлкен қазыққа асып кетеміз бе, жоқ, атып тастап, тырдай шешіндіріп тастап кетеміз бе? Қайсысы дұрыс? Жалаңаштап кетсек, өлігі құрт-құмырсқаға оңай жем болады.
–Өлтіру қашпас, – деді ұзын бойлысы. – Бұған қояр бірер сауалым бар. Бұл баяғыда біздің жігіттерді құртар кезде «алдымен бұлардан сауал алып алайын» деп оларды хайуанша қинап, бар сырларын біліп алады екен. Сол тәсілін өзіне қолданайық та. Ей, өгіз тектес хайуан, сенің атың Сүлеймен ғой-ә? Баяғыда Қоқанға саған топырақ жалатайын деп барғанымда, ол жақтан кетіп қалғаның себепті аман қалып едің. Ақыры қолды қылдық- ау, өзіңді.
–Сен кімсің өзің?
–Ажалыңмын! Ертеректе Қоқанда сені таппаған соң қатының мен балаңды өлтіріп кеткем. Өзіңнің де бір кезегің келер деп ойлағам сонда, Сол сәт, міне, келді бүгін. Бірақ мен сені өлтіруге қимай тұрмын. Ол үшін бір сауалыма нақты жауап берсең болғаны.
Осы сәтте Сүлейменнің есіне Қоқандағы баяғы Жардақтың
«Сенің қатының мен балаңда бауыздаған Тәшкеннен келген – Жайран» дегені сап етті. Сап етті де, бар ашуы көтеріліп шыға келді:
–Ей, сен, қорғансыз, кінәсіз қатыным мен баламды өлтірген Жайран залымбысың?! Оһ, сұрқия, қайылсыз жерде кездескеніңді қарашы. Әйтпесе, Бекабадан бетер етер едім.
–Енді өкінгеніңмен ештеңе тындармассың. Одан да, айт!
Тірі қалғың келе ме?!
Жыны қатты қозғанда басына не түссе де, ештеңенің парқына бара бермейтін Сүлеймен осы сәт бойын сабырлыққа жеңдірді. Егер қырсыға берсе, мынадай күйде түк те тындыра алмайтынын, қайта әп-сәтте ажал құшатыны жайындағы қиял да бірдемде санасын шарпып өтті.
–Сонда не қыл дейсің маған?
–Маған Парманқұл мен Пархадты ұстап берсең, өзің амансың.
Өліп кетсе де, досын сатпайтын Сүлейменге мына сауал ауыр тиді.
–Өзімді қандай тәсілмен өлтірсең де, мұның іске аспайтын амал.
–Қалауың сол болса, өз обалың өзіңе. Әлгі екеуді сенсіз- ақ тауып аламын. Айтпақшы, ана дүниге аттанар алдыңда біздің қолға қалай түскеніңді білгің келмей ме? – Жайран жауап күтпей, сөзін жалғады: – Бақырайған көзіңнен көріп тұрмын, сол жайын білгің келіп тұрғанын. Екі күн бұрын Бекабаның үңгіріне барсам, сен оны өлтіріп, бар қазынасын алып кетіпсің. Мұны сондағы жаралы жөйіттен есіттім. Қосылды алып, арбамен кеткеніңді де содан білдім. Сөйтіп, мына жігіттермен дереу соңыңнан түстік. Кеткен бағытыңды шамалап келе жатсақ, бір көшеде теңкиіп Қосыл жатыр. Әйтеуір өлтіріп кетпепсің. Су құйып есін жинатып алдық та, не болғанын сұрадық. Содан артыңнан куайын деп оқталып тұрғанымызда жол таппаған сен қайтып келе жатыр екенсің. Дереу қулыққа басып, Қосылды жолға жатқызып қойдық та, өзіміз тамдардың панасына тығылып тұрдық. Ойыңда ештеңе жоқ сен ақымақ Қосылды тұрғызып, сөйлесіп тұрғаныңда ту сыртыңнан ұрып, сілейтіп түсірдік. Жалпы, мен жолым болғыш адаммын. Біреуді іздесем, түбі таппай қоймаймын. Одан соң іздегенімді Құдай қолыма жүдә оңай түсіреді.
–Тасадан бас алатын жаман әдетіңді жолы болғыштыққа
санаймысың, кәззап. Әттең-ай, бір кегім сенде кетіп барады. Бірақ ақырың оңбас... ол кекті мен алмасам да, сені қалай жазалауды Құдайдың өзі-ақ ретін келтірер.
–Оттай бермеші-ей, әрдеңені! Тап қазір...
Жайран тағы бірдеңе деп аузын аша бергенде гурс еткен мылтық даусы шықты. Сүлейменнің қасында жүрелеп отырған Жайран жерге жабыса құлады. Мылтық екінші рет атылды. Бұ жолы Қосыл жер құшты. Не болғанын түсінбеген басқалар жан-жаққа алақтай бас бұрды. Сүлеймен де аң-таң боп, біресе құлағандарға, біресе дабырласып, шат-шәлекей болған жөйіттерге қарады. Сөйткенше болған жоқ, есіктен төрт-бес адам топырлай кірді. Топ алдында қолында мылтығы бар – Пархад, соңында – Парманқұл, Тағай және екі жігіт. Пархад кіре сала, мылтығының дүмімен сасып тұрған жөйіттерді пергілеп, теңкитіп тастады. Парманқұл мен Тағай Сүлейменге таяды:
–Уа, батырым, әйтеуір ажалдан амансың ба?
–Кешігіп қаламыз ба деп жанұшырдық қой, осы жаққа қарай. Қараймын, таяқ жегенің болмаса, оқ-шоқ ала қоймапты өзіңді, – десті екеуі.
–Уай, сендер қайдан тап бола қалдыңдар?! – деді Сүлеймен таңданысын жасыра алмай. –Уай, Тағай, саған ылғи айтушы едім ғой, мені ажалдан әркез Құдайдың өзі қағады деп. Ой, айналайындар, қалай іздеп таптыңдар мені?! Сәл кешіккендеріңде менен айырылып қалар едіңдер. Уай, мына пәлекет жөйіттер мені қайда әкелген? Бұл қай жер өзі?
–Бестамдағы мола ғой, – деді Тағай. –Ал өзіңді қалай тапты дерің бар ма. Сенен адасып қалған күні кешке үйге Парманқұл мен Пархад келген. Өзің бір күн келмеген соң іздеуге шықтық. Көшеге шықсақ, бүкіл Тәшкен сені Бекабаны өлтіріп кеткеніңді жыр қып айтып жүр. Ал өзің ұшты-күйлі жоқсың. Бұдан қатты секемдендік те, іздеуге кірістік. Мына Парманқұл мен Пархад шындаса, таппайтын жоғы қала ма. Бір таныс жөйіттен сені Жайранның қолды қылғанын білдік. Сол арқылы ғой, екі күн салпаңдап, осында тап болғанымыз. Ай, құрысыншы бәрі. Ең тәуірі, аман екенсің. Одан да тәуірі, көксеп жүрген арманың – Бекабаны жер жастандырыпсың. Енді шаһарда тыныштық орнайтын болар.
–Бекабамен қоса, анау жатқан Жайранға да зауал келді бүгін. Әй, Парманқұл, Пархад, енді бейбіт тұрмыс құрып, алаңсыз күн кешерміз бәлкім.
Қуанған Сүлеймен риза кейіппен жігіттерге қарады. Олар да күлісіп, мұны құшақтады. Бұл –бір-бірлеріне үнемі демеу болып жүретін қаһармен жігіттердің өзара ризашылығы еді...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет