Девиациялық дамудың жалпы заңдылықтары. Психикалық даму бұзылыстарының негізгі типтерінің психологиялық сипаттамасы



Дата07.01.2023
өлшемі4,14 Mb.
#60586
Байланысты:
Девиациялық дамудың жалпы заңдылықтары. Психикалық даму бұзылыстарының негізгі типтерінің психологиялық сипаттамасы


Девиациялық дамудың жалпы заңдылықтары.
Орындаған: Байет Мөлдір
Л-21-1
Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы
Девианттық мінез-құлық әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды.
«Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы.
АЛ, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді. Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады
Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:
қоғамдық үрдістер
әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт-дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б
тұлға бар әлеуметтік топ
мінездемесі
этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ,
микроәлеуметтік орта
отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар
Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық.
Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.
Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.
Делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:
Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.
Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық
Наша сату және тарату.
    • Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.

Девиантты мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді. Біріншіден бұл психологиялық денсаулық өлшемінен ауытқу. Екіншіден, бұл қандайда бір әлеуметтік-мәдени өлшемдерді, әсіресе құқықтық өлшемді бұзатын антиәлеуметтік іс-әрекеті
Жалпы алғанда, зерттеулерді талдау барысында девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерде басымшылық танытады. Себебі, жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктері болатыны бәрімізге аян! Олай болса, жасөспірімдік кезең-ең қиын, әртүрлі бұзақылықтардың пайда болатын және сонымен қатар достық өлшемдерді игеруіне сәтті кезең болып табылады.
Қиын бала тақырыбында 20-30-жылдары П.П. Блонский, Г.А. Фартунатова, Л.С. Выготский, А.С. Макаренко, С.Т. Шацкий, В. И. Куфаев, және басқалар зерттеп, еңбектер жазды. Ал 30-жылдардың аяғы мен 40- жылдарда аталған тақырып аз тексерілді, немесе мүлдем тексерілмеді десе де болады. 50 және 60-жылдары бұл мәселе тереңірек зерттеліп, ол туралы бірқатар еңбектер жазылды. Қазіргі кезде әңгіме болып отырған тақырып Л. Бажович, Л.С. Славина, И.Ф. Назаров, М.М. Муканов, Г.А. Уманов, Э. Шыныбекова, К. Бегалиев, Қ.Б. Жарықбаев және басқалардың еңбектерінде әр қырынан сөз болды. Аталған еңбектердің авторлары осы мәселенің пайда болу себептерін ашып көрсетіп, тәрбиеленуі қиын балаларға сипаттама береді және оларға педагогикалық әсер етудің жолдарын көрсетеді. Осыған қарамастан, «қиын» балаларды тәрбиелеу мәселесі педагогика, психология және криминалистика ғылымдарының әлі де болса толық зерттелмеген мәселесі болып отыр
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет