Дезинфекциялық ерітінділер. Терапиялық стоматологиядағы асептиканың негізгі принциптері : Асептика


Дезинфекциялаудың химиялық әдісінің алгоритмі



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата08.06.2023
өлшемі285,22 Kb.
#99841
1   2   3   4   5   6   7   8   9
5. Дезинфекциялаудың химиялық әдісінің алгоритмі. 
1. Инструменттерді органикалық ластанудан арылту үшін, ағынды суда 
жуамыз 
2. Пациентке қолданылмаған медициналық инструменттердің үстіне 
дезинфекциялық ерітінді шашап, дәкемен сүртеміз. (Ерітінді 30 секунд 
ішінде әсер етеді) 
3. Дез. инфекциялық етіріндіге саламыз 15 минутқа 
4. Пациентке қолданылған медициналық инструменттер дез. ерітіндінің 
кӛмегімен дәкемен сүртіміз 
5. Эмальмен жабылған шыныдан, пластмассадан немесе металдан жасалған 
арнайы ыдыстарда дез.ерітіндімен толық медициналық инструменттерді 15 
минутқа батырамыз. 
6. Инструменттердің қуыстары мен арналары дезинфекциялық ерітіндімен 
толтырылуы тиіс. 
7. Инструменттерді дезрастворға батыру кезінде инструмент үстіндегі 
ерітінді қабатының қалыңдығы кемінде 1 см болуы тиіс. 
8. Синтетикалық ректификацияланған этил спиртін қолдану тек металдан 
жасалған құралдарды дезинфекциялау үшін ұсынылады. 
9. Құрамында хлорлы заттар, сондай-ақ сутегі тотығы негізіндегі ерітінділер 
коррозияға тӛзімді металдардан, сондай-ақ резеңкеден, пластмассадан және 
шыныдан жасалған инструменттерді дезинфекциялау үшін пайдаланылады. 
10. 15 минуттан кейін инструменттерді ағынды суда жуамыз. 
11. Қалған ластануды механикалық құралдардың (щеткалар, дәке 
салфеткалар және т.б.) кӛмегімен жуамыз. 


12. Дезинфекциялаудан кейін бұйымдарды мақсаты бойынша пайдаланады 
немесе одан әрі стерильдеу алдындағы тазартудан және стерильденуден 
ӛткіземіз. 
13. Стерильдеу алдындағы тазалау және стерильдеу процесінде металдан 
жасалған бұйымдар коррозияға ұшырауы мүмкін, оксидті пленкамен 
жабылады. Бұл олардың функционалдық қасиеттерін тӛмендетеді және 
сапалы стерильдеу алдындағы тазалау мен стерильдеу жүргізуді 
қиындатпайды. 
14. Кӛрінетін коррозия дақтары (питтингтері), сондай-ақ оксидті пленкасы 
бар металл инструменттері бір рет сірке қышқылы мен натрий хлоридінің су 
ерітіндісімен химиялық тазартамыз. 
15. Дезинфекциялаудан кейін құралдарды 5 г сірке қышқылынан, 1 г натрий 
хлоридінен және 100 мл тазартылған судан тұратын ерітіндіге саламыз. 
16. 15-20 минуттық экспозициядан кейін инструменттерді жылтырағанша 
мақта - дәке тампонымен сүртеді, ағынды сумен жуады және құрғатып 
сүртеміз. 
Химиялық әдіс үшін қолданылатын дезинфекциялық ерітінділер: 
3-4% Авансепт, 3% Аламинол, 3% Альдазан 2000, 1,5-2,5% Велтолен 
ерітінділері және т.б. қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет