Дезинфекциялық ерітінділер. Терапиялық стоматологиядағы асептиканың негізгі принциптері : Асептика


Дезинфекциялаудың механикалық әдісінің алгоритмі



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата08.06.2023
өлшемі285,22 Kb.
#99841
1   2   3   4   5   6   7   8   9
 
2. Дезинфекциялаудың механикалық әдісінің алгоритмі. 
1. Дезинфекцияны жүргізу үшін мейірбике қолғап, маска кию қажет 
2. Дезинфекциялық ерітіндіні дайындау. 
3. Ерітіндіні медициналық қондырғылардың үстіне шашу 
4. Ерітінді 30 секунд ішінде әсер етеді 
5. Дәкенің үстіне дезинфекциялық ерітіндіні шашамыз 


6. Осы дәкемен медициналық қондырғыларды сүртеміз 
7. Медициналық қондырғыдар наконечниктерді шешіп, және қолданылған 
медициналық инструменттерді алып, арнайы медициналық контейнерге 
саламыз 
8. Осы контейнер орталық стерильдеу кабинетіне апарылады. 
9. Әкелінген медициналық инструменттер 15 минутқа дезинфекциялық 
ерітіндіге салынады 
10. 15 минуттан кейін, ағын суда шайылып, жуылады. 
Дезинфекцияның механикалық әдісі микроорганизмдерді ӛлтірмейді. Ол 
патогенді және шартты - патогенді формаларды қоса алғанда, микрофлораны 
объектілерден шығаруға негізделген. Бұл ауаны, суды сүзу арқылы 
сүзгілердің әртүрлі конструкциялары, қатты және жұмсақ беттерді 
шаңсорғышпен ӛңдеу, объектілерді механикалық тазалау арқылы жетеді. 
Механикалық әдіс ӛңдеудің бірінші кезеңі ретінде қолданылады. Ол 
медициналық бұйымдардың сыртқы және ішкі бетінен ластануын жою 
мақсатында жүргізіледі. Жүргізілген тазалау нәтижесінде олардың 
микроорганизмдермен тұқымдылығы тӛмендейді. 
3. Дезинфекциялаудың физикалық әдісінің алгоритмі. 
Физикалық әдіс түрлері 
- Қайнату (шыныдан, металдан, ыстыққа тӛзімді полимерлік материалдардан
резеңкеден, латекстен жасалған инструменттер үшін қолданылады) 
1. Медициналық инструменттерді ағынды суда шайю (органикалық 
ластануларды шаю үшін). 
2. Медициналық инструметтерді дистиллдинген суы немесе екі кӛмірқышқыл 
натрий 2% тазартылған суы (ас содасы) бар дезинфекциялық қайнатқышқа 
саламыз 
3. Медициналық инструменттер суға толығымен батуын қадағалаймыз 


4. 100 градус Цельсии бойынша дистиллдинген суда 30 минут, ал екі 
кӛмірқышқыл натрий 2% тазартылған суда 15 минут қайнатамыз. Уақыт 
қайнаған кезінен саналады. 
- Бу әдісі (автоклавтау) (шыныдан, металдан, ыстыққа тӛзімді полимерлік 
материалдардан, резеңкеден, латекстен жасалған инструменттер үшін 
қолданылады) 
1. Медициналық инструменттерді стерильді қорабына салады. 
2. Кейін осы қорапты бу стерилизаторына салады. 
3. 0,02-0,05 МПа (0,2-0,5 кгс/см2) артық қысым кезінде 110°С температурада 
және 20 минут экспозицияда дезинфекциялау үшін бу стерилизаторларында; 
бу-ауа-формалин камераларында 97-98°С температурада бу-ауа қоспасы 
түрінде ӛткізіледі. 
- Ауа әдісі (органикалық заттармен ластанбаған ӛнімдер үшін ғана қолдануға 
болады. Шыныдан, металдан, силиконды резеңкеден жасалған 
инструменттер үшін қолданылады) 
1. Медициналық инструменттерді қорапсыз ауалы стерилизаторға саламыз 
2. Құрғақ ыстық ауа температурасы - 120°С 45 минутқа саламыз. Уақыт 
қайнаған кезінен саналады. 
Физикалық әдісті қолдана отырып дезинфекциялау-физикалық 
дезинфекциялаушы агенттердің микробқа қарсы әсері есебінен 
микроорганизмдердің ӛлуін қамтамасыз етеді. Физикалық әдіс экологиялық 
таза және тиісті әдістемелік нұсқауларды сақтай отырып, персонал үшін 
қауіпсіз. Дезинфекциялау алдында физикалық әдістердің бірін қолдана 
отырып, ағынды суы бар ыдыстарда органикалық ластанудан инструменттер 
мен құрал-саймандарды тазарту жүргізіледі. 
4. Дезинфекциялаудың ультракүлгін әдісінің алгоритмі. 
1.Аспап стоматологиялық кабинеттерде ауаны зарарсыздандыруға арналған. 


2.Аспапты желіге қосар алдында қорек сымының зақымдалмағанына кӛз 
жеткізу керек. 
3.Қорек сымының ашасын белгілі бір уақыт аралығында желіге қосу 
(ағымдағы жинау 30 минутқа, күрделі жинау 2 сағатқа). 
4. Бактерицидті шам қосылған кезде кабинетке кіруге тыйым салынады, шам 
ӛшірілгеннен және желдетілгеннен кейін 30 минуттан кейін кіруге рұқсат 
етіледі. 
5. Бактерицидті Шамдарды ауыстыру 8000 сағаттан кейін жүргізіледі. 
6. Бактерицидті шамның жұмысын есепке алу кварцтауды есепке алу 
журналында тіркеледі. 
7. Аспаптың сыртқы әрленуі 0,1% Жавель – Солид (солихлор, деохлор) 
ерітіндісімен, 15 минут аралықпен екі рет ылғалды санитарлық ӛңдеуге жол 
береді. Бактерицидті шамды этил спиртімен ылғалданған дәке тампонымен 
аптасына бір рет сүртіңіз. 
8. Аспапты санитарлық ӛңдеу және тазалау желіден ажыратылғаннан кейін 
жүргізіледі. 
9. Сұйықтықтың бактерицидті шамның ішіне түсуіне жол бермеу. 
10. Экрандалмаған жылжымалы бактерицидті сәулелендіргіштер кабинеттің 
бір текше метріне (бұдан әрі - м3) 2,0 - 2,5 ватт (бұдан әрі-Вт) қуаты есебінен 
орнатылады. 
11. Экрандалған бактерицидті сәулелендіргіштер кабинеттің 1 м3-не 1,0 Вт 
қуат есебінен үй-жайдың ішіндегі адамдарға сәулеленуі бағытталмаған 
жағдайда еденнен 1,8-2,0 м биіктікте орнатылады. 
12. Қарқынды үздіксіз жүктемесі бар кабинеттерде ультракүлгін 
рециркуляторлар орнатылады. 
13. Бактерицидті шамның ақауларын жоюды медициналық жабдыққа қызмет 
кӛрсету жӛніндегі инженер жүргізеді. 


14. Бактерицидті шамдар медициналық қалдықтардың бірыңғай жіктемесі 
бойынша "Г" класына жатады. Пайдаланылған шамдарды жинау және 
уақытша сақтау бӛлек бӛлінген үй-жайда жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет