Дезо таңғышын салу іс- әрекетінің алгоритмі Көрсеткіш



бет2/5
Дата28.12.2022
өлшемі42,16 Kb.
#60061
1   2   3   4   5
Байланысты:
ХМІ практика

« Чепец » таңғышы

Іс - әрекеттің алгоритмі:



  • Науқасты өзіне қарама – қарсы отырғызу

  • Тыныштандыру және өткізілетін манипуляцияны айтып түсіндіру

  • Залалсыздандырылған пинцет көмегімен жараға таңғышты салу

  • Ұзындығы 70 см көлеміндегі дәке кесіндісін алып, бастың төбе сүйегі арқылы құлақтың алдынан түсіріп орналастыру және дәкенің ұштарын өзіне немесе көмекшінің қолына ұстату

  • Дәкенің оралған орамын оң қолымызға, ал дәкенің бастапқы бөлігін сол қолымызда ұстауымыз қажет

  • І және ІІ – ші айналым жолы, сол жақтан басталып қабақ үстінен және қарақұсты айналдыра бекітіп ораймыз.

  • Бекіту орамынан кейін, дәкені айналдыра байламдардың астынан өткізіп және бекіту орамының 3/1 бөлігін жауып таңып байлау

  • Бастың шашты бөлігі толық жабылғанға дейін, бұл әдіс қайталанады және дәкенің ұшы байламға бекітіледі.

  • науқас немесе көмекшінің ұстап отырған дәкенің шеткі бөлігі немесе байламның ұштары иек астына бекітіледі.



Сыртқы мұрын пальпациясы
1. этап. Тексеруге дайындық.
Науқасты жарық жерге отырғызу
2. Науқасқа қарама – қарсы отырыңыз
Жарық көзін науқастың оң жағынан құлақ қалқаны деңгейінде 10см ара қашықтықта орналастыру.
2. этап. Сыртқы қарау мен пальпация.
Сыртқы мұрынды қарау, бет аймағындағы мұрын қалқаны орналасуына мән беру.Сыртқы мұрын пальпациясы: сұқ саусақтарыңызды мұрын қалқаны деңгейіне қойып, баяу массажды қимылдармен мұрын негізін, өрлеуін, арқасы мен ұшын сипап сезу.Мұрынның алдыңғы және төменгі маңдай қойнауының қабырғаларына пальпация: бас бармақты маңдай бөлігінің қас үсті аймағына қойып, ақырын басыңыз, кейін бас бармақты көз торы қабырғаларының ішкі аймағына орналастырып, дәл солай басу. Үшкіл нерв тармақтарының алғашқы шығу жолдарына пальпация. Қалыпты жағдайда маңдай қойнауы аймағы пальпация кезінде ауырсынусыз.Жоғары жақ қойнауларының жоғары қабырғаларына пальпация жасау: екі қолдың бас бармағын жоғары жақ сүйегінің алдыңғы беткейіне ит шұңқыры (собачьей ямке) аймағына орналастыру және ақырын басу. Үшкіл нервтің екіншілік тармақтарының шығу нүктелеріне пальпация жасау. Қалыпты жағдайда алдыңғы қабырға және жоғары жақ қойнаулары пальпация кезінде ауырсынусыз.Жақ асты және терең мойын лимфа түйіндеріне пальпация жасау. Жақ асты лимфа түйіндеріне пальпация басты алдыға сәл иілу арқылы баяу массажды қимылдармен саусақ ұшы фалангасымен жақ асты ортасы аймағынан шеткері аймаққа қарай жылжу арқылы жасалады. Терең мойын лимфа түйіндеріне пальпация алдымен бір жағынан, кейін екінші жағынан жасалады. Науқастың басы сәл алдыға иілген болу қажет. Лимфа түйіндеріне пальпация жасаған кезде дәрігердің оң жақ қолы науқастың төбе аймағында орналасады, ал сол жақ қолының ұшымен кеуде – бұғана емізікше бұлшықетінің алдыңғы жағынан баяу массажды қимылдармен жасалады. Сол жақтан лимфа түйіндеріне пальпация жасаған кезде сол жақ қолымыз төбе аймағында орналасады, ал оң жақ қолымен пальпация жасалады. Қалыпты жағдайда лимфа түйіндері қолға сезілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет