Дезо таңғышын салу іс- әрекетінің алгоритмі Көрсеткіш



бет4/5
Дата28.12.2022
өлшемі42,16 Kb.
#60061
1   2   3   4   5
Қан тоқтату техникасы.
Бұрау (жгут) салу-ең сенімді тәсіл. Алайда ол, көбінесе аяқ-қолдың қанауында қолданылады. Қан тоқтатушы бұрау-ұзындығы 1,5 м, бір ұшы темір сақинамен, екінші жағынан ілмекпен аяқталатын рәзеңке жолағы. Артерия қанап жатқаны анықталса, бұрауды жарақаттанған жерден жоғарырақ салады. Бұрау салатын жерді жұмсақ материалмен орайды, яғни жұмсақ төсеніш салады. Бұрауды созып тұрып, 2-3 тур салады, соңынан қалған турларды аяқтап, сақинамен ілмекті бекітеді. Бұрауды салған уақытты белгілеу керек. Себебі, аяқтағы артерияға бұрауды 2 сағаттан, ал қолдағы артерияға 1,5 сағаттан артық уақытқа салуға болмайдв, Ол аяқ-қолдың салдануына әкеледі. Бұрауды дұрыс салғанымызды тексеру үшін, перифериялық тамырдағы пульсацияның бар жоқтығын анықтаймыз.Бұл кезде аяқ не колдың тері жабындысы сәл «балауыз» тәріздес, бозарған түсте болады. Егер науқасты тасымалдау 1,5-2 сағаттан ұзақ созылатын болса, бұрауды 10-15 минутқа, артериалды ағын қалыпқа келгенше, босатып отыру керек. Бұл кезде жарақаттанған артерияны саусақпен баса тұрады. Бұрауды қайта саларда, тура сол жерге емес, жоғары не төменірек салған жөн.
Өкпе- жүрек реанимациясы.
Іс – әрекет алгоритмі :
1. Зардап шегушіні шалқасынан қатты жерге жатқызыңыз.
2. Оның қысып тұрғанкиімін (көйлегін) шешіңіз, жүрек аймағын жалаңаштаңыз, белдікті босатыңыз.
3. Реаниматор зардап шегушіден қырына тұрады.
4. Зардап шегушінің кеуде торы жағынан тізелеп тұрып, төс сүйегінің төменгі үштен бір бөлігіне тіке ұстаған қолыңызды пенпендикулярлы қойыңыз.
5. Өзіңіздің иығыңызды оның төс сүйегіне паралельді орналастырыңыз.
6. Төстің төменгі үштен бір бөлігіне бір алақанға екінші алақанды, саусақтарды сәл жоғары көтере отырып қойыңыз. Зардап шегушінің кеуде торына саусақтарыңыз жанаспау керек – қолдарыңыз «ұшып бара жатқан құстың қанатындай» қалыпта болады.
7. Шынтақ буынынан қолыңызды толық түзетіңіз.
8. Төс сүйегінің төменгі үшінші бөлігін дене салмағының күшін пайдалана отырып, 5-6 см омыртқаға қарай ығыстырып 0,5 секунд үзіліспен жігерлі, итеріп, қатты басыңыз.
9. Үзілісте қолды төстен алмайды, саусақтары көтеріңуі қалады, шынтақ буынынан қолдары толық түзетіледі.
Есте сақтаңыз ! кеуде торын қысу, оның толық тоқтауымен алмасуы қажет, жүрек қанмен толуы қажет. Ересек адамдарда қысу жиілігі минутына 60-80 соққы құрастырады.
Кеуде торын қысқаннан соң ауа жіберілуі қажет.
Егер де реанимацияны 1 адам жүргізсе, онда өкпеге 2 рет үрлеу және төске 15 компрессия (басу) жасайды. Екі манипуляцияны бір және сол жағынан жүргізеді.
Егер де реанимацияны 2 адам жүргізсе, онда өкпеге 1 рет үрлеу және төске 5 компрессия (басу) жасалады.
Жүрекке массаж жасау әсерлілігінің көрсетілімдері:
Егер де тірілту әдісі дұрыс орындалса, онда құтқарушыда :
- Ұйқы және шеткері артерияларында тамыр соғу пайда болады.
- Көздің қарашығы бірте-бірте кішірейеді
- Тыныс алу қалпына келеді
- Терісінің түсі жақсарады.
Әрбір 2 минут сайын – ұйқы артериясында тамыр соғуды және көз қарашығының реакциясын бақылайды.
Реанимация жүргізген уақытында бас миының гипоксия әсерін азайту қажет: басына мұзды мұйықты мұзбен немесе салқын сумен қояды; оның қанмен қамтамасыз етуін азайту : құтқарушының аяғын көтеру, олардың астына көрпені, киімді, чемоданды немесе басқа да қасындағы заттарды салу.
Сәтті кезде тыныс алу және жүрек қызметін еркін қалпына келтіргенде, барлық жағдайларда ес қайта келмейді. Зардап шегушіні орнықты қыр қалпына жатқызу керек, тілдің түсінуінен болатын асфиксияны және құсқандағы құсықпен қақалмауынан сақтау. Басын салқындатып, жалпы немесе бөтелкедегі жылы сумен айнала қоршаңыз.
Егер де барлық әдіс дұрыс орындалса, онда қан айналымының жақсару белгілері жоқ болса : көз қарашығы кең болып қалады, көгеруі кетеді, ерікті тыныс алу және жүрек қызметі қалпына келмейді, онда осы мезгілде барлық шараларды 30 минут жалғастырады, осы уақытта әсерін жеткіздірмей, реанимацияны тоқтатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет