РАББЫМ, МЕНІ СОНДАЙ РАХЫМЫҢА, КЕҢШІЛІГІҢЕ БӨЛЕШІ,
СОЛ СЕНІҢ РАХЫМ-КЕҢШІЛІГІҢНЕН КЕЙІН ӨЗГЕ ЕШКІМНІҢ
ЖӘРДЕМІНЕ МҰҚТАЖ БОЛМАЙТЫНДАЙ, ӘМИН!
АСА ҚАМҚОР, ЕРЕКШЕ МЕЙІРІМДІ, МӘҢГІ ТІРІ, КҮЛЛІ МҮЛІК
УЫСЫНДА БОЛҒАН РАББЫМ!
Өзіңнің Рахымыңнан жалынып, жалбарынып тұрып жәрдем
сұраймын - менің күллі істерімді Өзің оңынан реттестіріп берші!
Раббым, асылында мен Сені Әл - Муджиб, дұға етушінің дұғасына
жауап беруші, қажеттілігі бар құлының қажеттілігін өтеп беретін,
сұрауға лайықты Жалғыз Жаратушы деген есіміңмен
таныдым, осылай иман келтірдім Раббым!
Олай болса менің дұғаларымды қабыл болған дұғалардан етші!
Раббым, Саған мұқтажбын, Сенің дұғамды қабыл етуіңде мұқтажбын!
Уа Раббым, әміріңе құлдық, әміріңе құлдық деп алдыңа келдім, қуаныштан
қуанышқа жеткізе гөр деп алдыңа келдім. Бар жақсылық
бір Өзіңнің ғана қолыңда!
Раббым, асылында мен Сені Ар-Раззақ, күллі жаратылыстың жаны
мен тәнінің азығын беруші, менің ғұмырымның ризығы Өзінің ғана
қолында болған Жаратушы Жаббар Ием деп танып, иман келтірдім.
Раббым, егер де Сен ризығымды қысып қойсаң, кім мені ризықтандырмақ?
Асылында ризықтандырушы Жалғыз бір Өзіңсің!
Раббым, асылында мен Сені Әл-Уәһһаб, қалаған құлына ризық-
несібені үйіп-төгіп беретін Кең Жаратушы деп танып, иман келтірдім.
Түннен кейін күнді, күннен кейін түнді алмастыратын, күллі ғаламды
Уысына ұстап, оларды алмастыру жеңіл болған Раббыма, мені
ризықтандыру қиынға соғуы мүмкін бе? Әсте олай емес! Ей нәпсім, олай
болса біліп қой - сенің Раббың Кең!
Раббым, асылында мен Сені Әл-Карим, ең Жомарт, біздің
кемшілігімізге қарамастан кеңшілікке бөлеуші деп таныдым,
иман келтірдім! Олай болса...
2
Достарыңызбен бөлісу: