Дұғалар Аллах есімдері р



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата23.01.2022
өлшемі1,15 Mb.
#24227
1   2   3
@orazayev.akzhol


РАББЫМ, МЕНІ СОНДАЙ РАХЫМЫҢА, КЕҢШІЛІГІҢЕ БӨЛЕШІ,

СОЛ СЕНІҢ РАХЫМ-КЕҢШІЛІГІҢНЕН КЕЙІН ӨЗГЕ ЕШКІМНІҢ

ЖӘРДЕМІНЕ МҰҚТАЖ БОЛМАЙТЫНДАЙ, ӘМИН!

АСА ҚАМҚОР, ЕРЕКШЕ МЕЙІРІМДІ, МӘҢГІ ТІРІ, КҮЛЛІ МҮЛІК

УЫСЫНДА БОЛҒАН РАББЫМ!

Өзіңнің Рахымыңнан жалынып, жалбарынып тұрып жәрдем

сұраймын - менің күллі істерімді Өзің оңынан реттестіріп берші!

Раббым, асылында мен Сені Әл - Муджиб, дұға етушінің дұғасына

жауап беруші, қажеттілігі бар құлының қажеттілігін өтеп беретін,

сұрауға лайықты Жалғыз Жаратушы деген есіміңмен

таныдым, осылай иман келтірдім Раббым!

Олай болса менің дұғаларымды қабыл болған дұғалардан етші!

Раббым, Саған мұқтажбын, Сенің дұғамды қабыл етуіңде мұқтажбын!

Уа Раббым, әміріңе құлдық, әміріңе құлдық деп алдыңа келдім, қуаныштан

қуанышқа жеткізе гөр деп алдыңа келдім. Бар жақсылық

бір Өзіңнің ғана қолыңда!

Раббым, асылында мен Сені Әл-Ғаффар, біздің біліп-білмей

істеген, үлкенді-кішілі, әшкере-жасырын болған күнәларымызды

кешіріп, Өзіңнің Кеңшілігіңмен күнәларымызды өзгелерден

жасырып қоятын Кең Жаратушы деп танып-біліп, иман келтірдім!

Раббым, Сен кешірімдісің ғой, кешіргенді сүйесің ғой, олай

болса менің де күнәларымды кешірші!

Раббым, асылында мен Сені Әл-Фаттах, қасиетті білімдер мен

құт-берекенің кілті қолында болған, құлдарының жүректерін

Өзін тануға, Өзін сүйдіруге ашатын, Жүректердің Әміршісі һәм

Күллі есіктердің кілті қолында болған Жаратушы Жаббар Ием

деп таныдым, солай иман келтірдім! Олай болса менің

жүрегімді Өзіңнің асыл дініңде бекемдеші, білім мен

құт-берекенің есіктерін ашып берші, әмин! 

3

@orazayev.akzhol




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет