Бүйрек шаншуы – жоғарғы зәр шығару жолдарының жедел обструкциясынан кейін пайда болатын ауырсыну ұстамасы. Этиология: Бүйрек шаншуының себебі – несепағар саңылауы таспен бітелу кезінде дами-тын несеп – тас ауруы; жедел және созылмалы пиелонефрит (қабыну өнімдері: шырыш, фибрин, эпителий, лейкоциттер); бүйрек ісігі (ұйыған қан түріндегі гематурия); бүйрек туберкулезі (емізікшенің некротикалық тіні); бүйрек жарақаты (ұйыған қан немесе жоғарғы зәр жолдарының сырттан урогематомамен басылуы); дистанционды литотрипсиядан кейінгі бүйректің субкапсулярлы гематомасы; бүйрек артериясының эмболиясы; гинекологиялық аурулар.
Патогенез :Бүйрек шаншуы кезінде жоғарғы зәр жолдарының ішкі окклюзиясынан немесе сырттан қысылуының нәтижесінен зәрдің шығуы бұзылады. Осы кезде тостағанша – түбекше жүйесінде қысым кенеттен жоғарылап, бүйректің паренхимасы ісініп, фиброзды капсуласы кеңейеді. Зәр-тас ауруының қауіп факторлары: отбасылық анамнез (жақын туыстарда зәр-тас ауруының болуы); анамнезінде зәр-тас ауруының эпизоды (зәр-тас ауруының рецидив болуының мүмкіндігі 20 жыл аралығында 60% құрайды); шамадан тыс физикалық күш түсіру; ұзақ гипертермия; конкременттің дамуына ықпал ететін аурулар (зәр жолдарының инфекциясы, тубулярлы бүйректік ацидоз, саркоидоз, гиперпаратиреоидизм); сұйықтықты көп жоғалтқанда (илестома, мальабсорбция); нашар еритін дәрі-дәрмектерді қолдану.
Бүйрек жарақаты кезіндегі диагностика әдістері
Бүйрек зақымдануларын қазіргі кездегі шұғыл диагностикасында клиникалық көріністерінің негізінде бүйректің жарақаттануының ауырлық дәрежесін объективтік бағалаудың қиындығымен байланысты зерттеудің арнаулы әдістері ерекше маңызды болып отыр. Мұндай әдістердің катарында цистоскопия мен хромоцистоскопияны, рентгенологиялық зерттеудің әртүрлі әдістерін, радиоизотоптық зерттеуді және т.б. атауға болады.
Цистоскопия мен хромоцистокопия бүйректің зақымданулары кезінде қолданылып жүрген неғүрлым байырғы зерттеу әдістеріне жатады. Цистокопия қанның қай несепағар сағасынан бөлінуіне қарай бүйректің зақымдалған жағын білуге мүмкіндік береді, ал хромоцистоскопия зақымдалған бүйректің де, контралатеральдық бүйректің де функциялық кабілеттерін бағдарлап білуге жағдай жасайды.
Бүйректің ашық зақымданулары кезінде хромоцистокопияның диагностикалық маңызына келетін болсақ, онда жараланулар кезінде әдетте операциялар жасап араласу да жүргізілетін болғандықтан және операция кезінде бүйректің зақымдануының сипаты мен ауырлығы анық білінетін болғандықтан, хромоцистокопияның рөлі негізінен егер операция кезінде бүйректі алып тастау кажеттігі пайда бола қалған жағдайда контралатеральдық бүйректің бар екендігін және функциялық қабілетін анықтап беруде зор маңызы бар.
Бүйректердің зақымдануларын танып-білудің алуан түрлі әдістерінің арасында рентгенологиялық тексеру неғұрлым маңызды орын алады. Тұтас алғанда ол клиникалық белгілер мен аспаптық зерттеу нәтижелеріне негізделетін диагностикамен салыстырғанда анағұрлым анық нәтижелер береді, осы себептен ол қазіргі уақытта неғүрлым кең тараған әдіс болып табылады.
Қазіргі рентгенологиялық әдістер зақымданған бүйректің анатомиясы мен функциясы, зақымдалуының ауырлығы, сипаты туралы, сондай-ақ екінші бүйректің анатомо-функциялық жай-күйі туралы да білуге жағдай жасайды. Мұндай әдістердің қатарына несеп органдарының рентгеноскопиясы мен шолу рентгенографиясы, экскреторлық урография, өрлеме пиелография, бүйрек ангиографиясы жатады.
Бүйректердің жарақаттануы кезіндегі рентгенологиялық зерттеу әр уақытта содан басталуға тиісті шолу рентгенографиясынан бүйрек маңында гематома болғандай жағдайда диафрагма күмбезінің жоғары орналасқаны, бүйрек өңірінде жайылып таралған гомогендік келеңкені, бел бұлшық еті мен бүйрек контурларының анық еместігі не мүлдем жоқтығы, ішек тұзақтарының парезі салдарынан газ кернеп көбіне қарама-қарсы жаққа жылжуы байқалады. Бұл белгілер одан әріде жүргізілген урофаммаларда да көрінеді.
Экскреторлық урографияны зардап шеккен адамның жалпы жағдайына қарамастан және қысқа мерзімде (30-40мин) жүргізуге болады; ол зақымдалған бүйректің ғана емес, сонымен қатар контралатеральдық бүйректің де жай-күйін анықтауға мүмкіндік береді де, бүйректердің жарақаттанулары кезінде неғүрлым жиі қолданылатын рентгенологиялық зерттеу болып табылады.
Экскреторлық урофафияның көмегімен бүйректің зақымдануының ауырлығы мен сипаты туралы ғана емес, сонымен қатар бүйрек маңында түзілген гематоманың мөлшері туралы да белгілі бір түсінік алуға болады. Гематоманың несепағардың көлеңкесін көбіне медиалдық жаққа ығыстыру дәрежесіне, бүйрек көлеңкесінің жоғары, латеральдық, медиалдық не төмен жылжуына қарап бүйрек маңындағы гематоманың мөлшері туралы ғана емес, сонымен бірге бағдарлы түрде бүйрек зақымының шоғырлануы туралы да пікір түюге болады; Ретроградтық пиелографияның диагностикалық мүмкіндіктері бүйректің тостағанша-түбекше жүйесі тұтастығының бұзылуымен кабаттасатын бүйрек зақымдалуларын ғана көрсете алады. Бүйректердің жарақаттануы кезінде сцинтиграфия өз алдына дербес зерттеу әдісі деп есептелінбейді. Сондықтан бұл зерттеуді зақымдалған бүйректің тостағанша-шүмекше жүйесінің жағдайын да, ал кажет болған кезде тамырларының жағдайын да анықтауға мүмкіндік беретін рентгенологиялық әдістердің бірімен міндетті түрде ұштастыру талап етіледі.
Радиоизотоптық зерттеу бүйректің жарақаттануының салдарынан олигоанурия секілді қаһарлы асқынуы пайда болған кезде де диагностикалық зор маңызға ие болады.
бүйрек зақымдануларының диагностикасында ультрадыбыстың қолданылуы перспективалы зерттеу әдісі болып табылады, өйткені ол бүйрек жарақаттануының маңызды симптомы — гематоманың болуын және өлшемдерін анықтауға мүмкіндік береді, ал гематоманың зардап шеккен адамды клиникалық тексеру кезінде анықталуы сирек болатыны және қиын соғатыны белгілі.