Диагностика критерилері 1. Кеуде проэкциясындағы жəне проэкциясынан тыс тері жарақатының анықталуы.
2. Тері жамылғысының бозаруы немесе цианозы.
3. Ауырсыну сезімі, қабыртқа жəне төс зақымдануы қосарласқанда.
4. Ентігу жəне тыныс алудың қиындауы.
5. Тыныс алу қозғалысының шектелуі.
6. Ұзаққа созылған жəне əртүрлі интенсивті қан түкіру.
7. Ашық пневмоторакс белгілері.
8. Ішкі ағзалардың жəне тамырлардың зақымдануынан болатын гиповлемиялық шок.
9. Теріасты эмфиземасы.
10. Көкірекорта эмфиземасы.
11. Тыныс жəне жүрек қантамыр жеткіліксіздігі белгілерінің күшеюі.
12. Физикалық пневмоторакс жəне гемоторакс белгілері, көкірекорта сау жаққа ығысуы.
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі: 1. Жарақатты көріп тексеру жəне жарақат каналының траекториясын анықтау.
2. Эмфиземаны анықтау үшін зақымданған аймақты пальпация арқылы үдей түсу динамикасын тексеру.
3. Пневмотораксты немесе гемотораксты анықтау үшін кеудеге перкуссия жасау.
4. Зақымданған жақтағы өкпе функциясын анықтау үшін аускультация жасау.
5. АҚ өлшеу жəне ЖСЖ санау.
6. ТЖ санау.
7. Есі дұрыстығын анықтау.