Диафрагманың концепциясы. Операциялық емге көрсеткіш, операция алдындағы дайындық.өңеш тесігінің жарығы. Этиология және патогенезі. Жіктелуі. Клиникасы және диагностикасы, асқынуы. Операциялық емге көрсеткіш және операция түрлерін таңдау


Ауру ағымының негізгі екі клиникалық формасынажыратады



бет54/125
Дата29.11.2023
өлшемі11,18 Mb.
#131284
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   125
Байланысты:
Диафрагманы концепциясы. Операциялы емге к рсеткіш, операция а-1

Ауру ағымының негізгі екі клиникалық формасынажыратады:

  • 1.Шектелген-бір немесе қос аяқтың артериялары бірдей зақымдалады. Бұл форма қатерсіз жүреді және дамитын өзгерістер баяу жүреді.

  • 2.Жайылған– тек қана аяқ артериялары ғана емес, сонымен қатар құрсақ аортасының висцеральды қан тамырларының, аорта доғасы тармақтарының, тәждік және церебральды артериялардың зақымдалуымен сипатталады.




    • Диагностикасы:

    • Диагностикасы үшін функциональды сынамалар мен арнайы зерттеу әдістері маңызды.

    • Функциональды сынамалар ішінде аяқтың артериальды қанмен жеткілікті қамтамасыз етілуін көрсететін симптомдар:

    • Оппелдің плантарлы ишемия симптомы

    • Гольдфлам сынамасы

    • Самюэлс и Шамова сынамасы

    • Панченконың тізе феномены

    • Саусақпен қысу симптомы.

    • Шамов сынамасы: Науқасқа аяғын тізе буынын жазған күйде бүкпей 2-3 минутқа жоғары көтертеді және санының жоғарғы 1\3 бөлігінің ортасына систолалық қысымнан жоғарылатқан қысымы бар Рива-Роччи аппаратының манжеткасын салады. Осыдан кейін аяқты горизонтальды жағдайда ұстап, 4-5 мин кейін манжетканы шешеді. Сау адамдарда орташа есеппен алғанда 30 с кейін бақайларының сыртқы бетінде реактивті гиперемия пайда болады. Егер ол 11/2 мин кейін пайда болса- салыстырмалы түрдегі шамалы қан айналымының жеткіліксіздігі, ал 11/2-3мин-қа кешіксе-орташа жеткіліксіздігі, егер 3 мин артық кешіксе- аса ауыр жеткіліксіздігі бар.

    • Оппельдің плантарлы ишемия симптомы: Жоғары қарай көтерілген зақымдалған аяқ табанының ішкі беті терісінің бозаруына негізделген симптом болып табылады. Бозарудың пайда болу жылдамдығына байланысты зақымдалған аяқтағы қан айналымының жеткіліксіздігінің дәрежесін анықтаймыз; ауыр ишемия кезінде ол 4-6 с ішінде пайда болады.

    • Гольдфлам сынамасы: Оны мынадай кезекпен орындайды:науқас арқасымен жатып, аяғын төсектен жоғары көтереді және голеностопный буынын бүгіп жазады.Қан айналымы бұзылса- 10-20 рет осындай қозғалыстар жасағаннан кейін науқастың аяғы тала бастайды. Бірмезгілде табанның ішкі бетінің түсіне (Самюэльс сынамасы) назар аударамыз. Қан айналымының ауыр жеткіліксіздігінде бірнеше секунд ішінде табанның бозаруы байқалады.



    • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   125




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет