Дыбыс табиѓаты



бет24/42
Дата06.03.2023
өлшемі459 Kb.
#72108
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42
Байланысты:
Лекции каз.язык (1)

ТҮБІР СӨЗДЕР
Қазақ тіліндегі түбір сөздер тұлға жағынан да, мағына жағынан да өз алдына жеке, дербес сөз болады. Мысалы: ал, біл, айт, сөз, ec, ic, мал, xam, mac, көп секілді сөздердің әрқайсысынан өз алдына туынды сөздер жасалады. Мысалы: біл, білім, білгір, білгіш, білдір, біліс, білімпаз т.б. Бұл сөздер бір түбірден өрбіген туынды сөздер. Бір түбірден туған осындай туынды сөздер түбірлес сөздер деп аталады.
Сөйтіп, түбір сөз дегеніміз әрі қарай тұлғалық жағынан бөлшектенбейтін, сөздердің жаңа сөз жасауға негіз болатын түпкі қазығы, ұйытқысы.


ТУЫНДЫ СӨЗДЕР
Туынды сөз деп түрлі жұранақтар арқылы негізгі түбірлерден өрбіген сөздерді айтамыз. Осы себептен туынды сөздер кейде туынды түбір деп те аталынады. Мысалы: Көкше көктен де көгілдір екен (C.M.) деген сөйлемдегі Көкше көктен көгілдір дегендер — төркіндес сөздер, өйткені, сол үш сөздің де бастапқы төркіні, әуелгі түбірі — көк. Ондағы Көкше және көгілдір дегендер туынды сөздер. Олай болатын себебі: бұл екі сөздің екеуі де жұрнақтар арқылы көк деген сөзден туған. Атап айтқанда: біреуі -ше жұрнағы жалғану арқылы, екіншісі -ілдір жұрнағы жалғану арқылы жасалған.
Туынды сөз тек түбір сөзден ғана жасалып қоймайды, туынды сөздердің өздерінен де өрби береді. Мысалы: біл, білім, білімпаз, білімпаздың деген сөздерді алсақ, бәрінің де түбірі — біл. Бірақ ол түбірден тікелей туған сөз — білім деген ғана. Қалғандары туынды сөздерден өрбіген: білімпаз деген білім дегеннен жасалған.
КҮРДЕЛІ СӨЗДЕР
Күрделі сөз дегеніміз екі я онан да көп жалаң я туынды түбірлерден құралып, мағыналық, грамматикалық жағынан бір бүгін тұлға болып бірлесіп тұрақталған құрама сөз. Мысалы: бүгін, биыл, сап-сары, ағайын-туысқан, қолқанат, айта отыр, ала жаздай, темір жол, жеті қарақшы, арқа суйеу, т.б.


БІРІККЕН СӨЗДЕР
Бір сөзді екінші сөзге біріктіріп жаңа сөз туғызу тек кейінгі кезде ғана шыққан тәсіл емес, арғы заманнан келе жатқан, әбден орнығып қалыптасқан, үйреншікті сөздер.
Мысалы: бүгін, биыл, әкел, anap, әпер дейтін сөздерді алсақ, солардың әрқайсысы екі түбірден бірігіп, бір сөзге айналған. Алғашқы екі сөздің құрамында бұл күн, бұл жыл деген сөздер бар. Демек, бұл күн, бұл жыл деп тіркесіп айтылатын екі сөздің жиі қоланылуының нәтижесінде, олар бірте-бірте өзгере келіп, бүгін, биыл деген түрде орныққан. Ал, әкел, әкет, әпер, anap дегендер екі-екі сөзден қысқарып бірйуінен пайда болған: әкел алып кел, әкет алып кет, әпер алып бер, anap алып бар.
Ал, тіліміздегі абжылан, шалап, мүрап деген сөздер де, тілмар, тілазар деген сөздер де — кілең екі түбірден біріккен: абжылан аб (арабша — cy) — жылан; шалап шала-аб; мұрап мұр («әкім») — аб. Сөйтіп, бұл сөздер бастпақы cy жылан, шала cy дегендерден бірігіп, бір сөзге айналған. Қосаяқ сөзі қос және аяқ деген сөздерден бірігіп жасалған. Сондай-ақ шекара, демалыс, еқбеккүн, баспасөз, айырбас, қолбасшы деген сияқты сөздер — соңғы жылдарда бірігу тәсілі арқылы туған жаңа сөздер.
Екі, кейде одан да артық түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздің түрі — біріккен сөздер деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет