Дыбыс табиѓаты



бет2/42
Дата06.03.2023
өлшемі459 Kb.
#72108
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Дыбыстың созылыңқылығы дірілдің санымен қоса дыбыстың созылу уақытына (ұзақ не қысқа болуына) байланысты.
ТІЛ ДЫБЫСТАРЫ
2.1. Сөйлеу мүшелері
Адамның сөйлеу мүшелері – артикуляция мүшелері, артикулятты аппарат. Олар, өзінің негізгі функциясынан бөлек тіл дыбыстарын жасауға қатысатын адамның дене мүшелері болып табылады. Сөйлеу мүшелері: а) дыбыс жасауға қажетті ауа ағынын тудыратын және өткізетін тыныс алу мүшелері (өкпе мен кеңірдек тарамдары); ә) дыбыс жасауға тікелей қатысатын сөйлеу мүшелері болып екі топқа бөлінеді (1, 2 – суреттер).



1 – сурет. Адамның сөйлеу аппараты
I – мұрын қуысы; IIауыз қуысы; III – дауыс түтігі; IV – тамақ (кеңірдектің кеңейген жоғарғы тұсы); V - өңеш (тамақ жүретін жол).
1 – тістер; 2 – еріндер; 3 – қатты таңдай; 4 – жұмсақ таңдай; 5 – тілшік (увула); 6жұтқыншақ; 7 – тіл (a – тіл алды, б– тіл ортасы, втіл арты, г– тіл түбі).



2 – сурет. Тамақ
a – бойлық қиық: 1 – жұтқыншақ; 2 – жалған дауыс шымылдығы; 3қалқан шеміршек; 4 – нағыз дауыс шымылдығы; 5 – дауыс саңлауы; 6 – кеңірдек шеміршегі.
б – көлденең кесік: 7 – желбезек шеміршек., 8 - сақина шеміршек.
Сөйлеу мүшелерінің әрқайсысының белгілі бір қызметі болады. Бірақ олардың әрқайсысының қызметі өз алдына жеке – дара болмай, бірінің қызметі екіншісіне бағынышты және өз ара тығыз байланыста болады.
Сөйлеу мүшелерінің жиынтығы сөйлеу аппараты деп аталады.
2.2. Тіл дыбыстары, олардың жасалуы
Дыбыстың жасалуы. Ритмикалық дірілдің нәтижесінде тон мен мұрын қуысын толтырып тұратын дауыс шымылдығы мен ауаның дірілі жатады. Ритмикалық дірілдің нәтижесінде салдыр пайда болады. Бұған еріннің, тілдің, кішкене тілдің дірілі және сөйлеу мүшелерінің біріне – бірінің жуықтасып немесе түйісіп тұруынан жасалған дыбыстар жатады.
Дыбыстардың жасалуы үшін резонанс (француз тілінің resonance – «жаңғырық» деген сөзінен алынған) айрықша қызмет атқарады. Резонанс жан-жағы тұйықталып бітелген ауа бар жерде (үрлеп ойнау аспаптарындағы қуыс, шекті аспаптардың декадасы, ауыз қуысы, мұрын қуысы) пайда болады.
Тіл дыбыстары адамның уақыт пен кеңістікте өмір сүріп, белгілі бір заңдылықтар бойынша дамитын табиғи тілінің (жасанды және жануарлар тілінен бөлек) ойды білдірудегі атқаратын қызмет жиынтығы. Олар, адам мен қоғам арасындағы әлеуметтік қарым – қатынасты (сөйлеу, есту, жазу, оқу) реттейтін ең маңызды байланыс құралы болып табылады. Тіл дыбыстары, өз қызметін белгілі бір ережелер негізінде дыбыстар тіркесінен тұратын сөздер мен сөйлемдер арқылы жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет