2
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың тіркесі жөнінде алғаш орыс тілінде арнайы мақала
жазған – Е. Омаров
1
. Ол қазақ тілінде 9 дауысты, 34 дауыссыз бар деп анықтайды да,
қосымшалардың т‰бірге жалғану ретін таблица т‰рінде көрсетеді. Осыған қарап қазақ тіліндегі
дыбыстардың тіркесін тануға болады. Қатаңдарды 1, ұяңдарды d т‰рде таңбалап, 1+d ешуақытта
тіркеспейтінін, қатар келе қалған к‰нде қатаңдар ұяңданып, немесе ұяңдар қатаңданып кететінін
мысалдармен дәлелдейді: ат+дорба = атторба, ‰ш+жарым=ұшшарым, ақ+ бала = ақпала, сегіз +
сом=сегіссом, көк+дөнен = көгдөнен. Қатаң, ұяңдардың ‰нділермен тіркесу ерекшеліктерін де
дұрыс аңғарған: т‰рікмен – т‰рікпен, осман – оспан, дұшман – дұшпан, т‰к + неме = т‰ктеме, іш +
неме = іштеме т.б. Сондай-ақ ол алла – алда, молла – молда, абдолла – әбділдә, Мұқаммет –
мағамбет – мәмбет, уммат – ‰мбет болып айтылатынын да ескерткен. Е. Омаров дыбыстар тіркесін
дұрыс танып білген деуге әбден болады.
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың тіркесін анықтаған ізденістер негізінен орыс тілі
‰лгісімен орындалған. М. Райымбекова қазақ тілінде 25 дауыссыз фонема барын ескертіп алды да,
белгілі фонетист С. Трубецкойдың ізімен әлгі фонемалардың а) өзара тіркесуін, ә) екі фонемді
тіркестегі орнын, б) тіркестегі фонемалардың санын анықтауды мақсат етеді
1
.
Дауыссыздардың өзара тіркесуін көрсететін таблица ұсынады. Таблицада 19 фонеманың өзара
тіркесетіні немесе тіркеспейтіні анықталған. Бірде-бір тіркеске мысал жоқ. Таблицаның айтуына
қарағанда қазақ тілінде: 6б
, бр, бй
бл, бм, бң, бр‚
бу сияқты тіркестер бар. Тіпті
й, у фонемалары
кез-келген дауыссыздан соң қатар тұра алатын сияқты. Рас, автор мақаланың соңғы жағында
“й”
никогда не бывает вторым элементом в сочетаний”, – деп дұрыс қорытынды жасаған. Қысқасы,
таблицада жазуға негізделген жасанды тіркестер көп. Мақалада екі фонемді тіркестер саны 312
деп анықталған. Таблицада одан әлдеқайда аз. Бұл тіркестер сөздің қай позициясында кездесетіні
де беймәлім. Автордың “фонема м сочетается со всеми согласными”, – дегеніне қарағанда, әріп
пен фонеманы айырмай қараған дейін десең,
мр, мй, мң, му сияқты тіркестер жазуда да
кездеспейтіні белгілі.
Кейінгі бір тезис мақаласында М. Райымбекова қазақтың байырғы сөздері де қос дауыссыздан
басталатынына назар аударады. Мысалы:
блек, брақ, ктап, клем, пшақ, псір.
2
Ол фонетика
зерттеушілердің бәрі бір ауыздан “қазақ сөздері қос дауыссыздан басталмайды” дейтін қағиданы
жоққа шығарғысы келеді. Бұл – орыс тілінің “игі ықпалы”. Қазақ тілінде қатаңнан соң қатаң,
ұяңнан кейін ұяң келетінін, ал
кл, бр, бл тіркестері заңға м‰лде сай еместігін “фонетистің”
ескермеуі тілге қиянат-ақ.
А. Исенгельдина қазақ, орыс тілдеріндегі дауыссыздардың тіркесін анықтап, т‰рлі
заңдылықтар табуға тырысқан
3
. Ол ‰шін 1954 жылы шыққан қазақша-орысша сөздіктен 10000
байырғы сөз қолданысты алады. Дауыссыздардың екіден, ‰штен тіркесу м‰мкіндіктерін анықтап
таблица ұсынады. Тек бұл тіркестер сөз ішінде кездесе ме, әлде сөз бен сөздің аралығында
ұшырай ма, ол жағы белгісіз; бірде-бір мысал жоқ. Қалай болғанда да:
нк, нғ, нқ, нб, ңр, зр, мр, шр,
тр, қр, пр, др, бр, ру, лу, шу, йу, бу, жу, уу, сш, шс сияқты тіркестер қазақ, тілі дыбыс ж‰йесінде
ұшырамайтыны анық.
Қазақ тіліндегі дауыссыздардың тіркесімін анықтап беруді мақсат еткен А.И. Рабинович
тіркесімдерді нақты мысалдар арқылы дәлелдейді
4
.
Дауыссыздардың сөз ішіндегі тіркесімдерінен мыналарға назар аударайық:
мл (мемлекет), нм
Достарыңызбен бөлісу: