Дыбыстардың үндесуі


Дыбыс үндестігі (Ассимиляция)



бет3/5
Дата05.12.2022
өлшемі31,78 Kb.
#54942
1   2   3   4   5
Байланысты:
дәріс№ 2 үндестік заңы

Дыбыс үндестігі (Ассимиляция)
Ассимиляция дауыссыз дыбыстардың үндесуі болып табылады. Түбір мен қосымша аралығында, біріккен сөз сыңарлары, жігінде және сөз тіркесі сыңарларының аралығындағы көрші дыбыстардың бір-біріне тигізетін әсерін дыбыс үндестігі (ассимиляция) дейді.
Қазіргі қазақ тілінде дыбыс үндестігі буын ішіндегі дыбыстардың артикуляциялық жақтан бір-біріне бейімделуіне қарай, негізінен екі түрде кездеседі.

  • Толық түрде кездесетін ассимиляция.

  • Жартылай түрде ұшырайтын ассимиляция.

Толық түрде кездесетін ассимиляция деп бір дыбыстың екінші дыбысты дәл өзіндей етіп еліктіруін айтады. Мысалы:
айтылуы: жазылуы:
ЖассаЖазса
Сүссе Сүзсе
Жұмышшы Жұмысшы
Ал жартылай түрде ұшырайтын ассимиляция деп бір дыбыстың екінші дыбысты дәл өзіндей етіп еліктірмей біржақты дауыс қатысына қарай айтады. Мысалы: қағазға, тасқа. Осындағы түбірдің соңғы ұяң з дыбысының әуенімен қосымшаның да басқы дыбысы ұяңға айналып тұр. Түбір мен қосымшаның, біріккен сөздердің және көршілес дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ілгерілі, кейінді әсер етіп өзгеруін ықпал заңы дейді. Дауыссыз дыбыстардың біріне-бірінің тигізген әсерінен туатын ықпал заңы қазақ тілінде негізінен, үш топқа бөлінеді:

  • Ілгерінді ықпал (прогрессивті ассимиляция)

  • Кейінді ықпал ( регрессивті ассимиляция).

  • Тоғыспалы ықпал.

Тіл ғылымында ілгерінді ықпалды прогрессивті ассимиляция, кейінді ықпалды регрессивті ассимиляция деп атайды.
Прогрессивті ассимиляция
Дыбыстар өзгерісінде прогрессивтік ассимиляцияның мәні үлкен. Прогрессивтік ассимиляция деп бір сөз көлемінде немесе бірнеше сөз аралығында алғашқы дыбыстардың кейінгі дыбысқа артикуляция жағынан өзіне ұқсата ықпал жасауын атайды. Қазақ тілінде сөз ішінде кездесетін ілгерінді ықпалдың мынадай үш түрі бар:

  • Түбір мен қосымша аралығындағы прогрессивтік ассимиляция.

  • Біріккен сөз сыңарлары аралығындағы прогрессивтік ассимиляция.

  • Сөз тіркесі сыңарлары аралығындағы прогрессивтік ассимиляция.

Түбір мен қосымша арлығындағы ілгерінді ықпал қазақ тілінде жиі кездеседі. Түбір мен қосымша аралығындағы алғашқы дыбыстың кейінгі дыбысқа тигізетін әсерін түбір мен қосымша аралығындағы ілгерінді ықпал дейді. Түбір мен қосымша аралығындағы ілгерінді ықпалдың мынадай өзіндік белгілері бар:
1.Сөздің соңғы дыбысы ұяң не сонор дауыссыз дыбыс болса, оған жалғанатын қосымшаның басқы дауыссыз дыбысы да ұяң немесе сонор дыбыс болады. Мысалы: аң-дар, мал-ға, аң-ға, мал-мен, аң-нан.
2.Сөздің соңғы дыбысы қатаң дауыссыз болса, оғандауыссыз дыбыстан жалғанатын қосымшаның бірінші дыбысы да қатаң болады. Мысалы: кітап-тар, кітап-қа, орақ-тар, орақ-қа.
3.Түбір сөз қатаң ш дыбысына аяқталып,оғанжалғанатын қосымша с дыбысынан басталса, айтылуда қосымшаның басындағы қатаң с дыбысы катаң ш дыбысына айналып естіледі.Мысалы:
жазылуы айтылуы
қашса қашша
ашса ашша
ұшса ұшша
Біріккен сөз сыңарларының аралығындағы ілгерінді ықпалдың мынадай өзіндік белгілері бар:
1. Біріккен сөздің бірінші сыңары қатаң дауыссыз дыбысқа бітіп, екінші сыңары б дыбысынан басталса, айтылуы да бірінші сөздің соңындағы қатаң дыбыстың әсерінен екінші сөздің басындағы ұяң б дыбысы қатаң п дыбысына айналып естіледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет