Ойдың тереңдігі оқылған объектіні терең білуден, оны өз бетімен зерттеп, ішкі байланыстарын, басқа объектілермен байланыстарын аша білуден көрінеді. .Материалға шығармашылық тұрғыдан қарау, алынған білімдерді теориялық және тәжірибелік жұмыста қолдану
Іскерлік дегеніміз– іс – әрекетті жақсы істеуге керекті жұмыс тәсілдерін белгілі бір жағдайларға байланысты таңдау және қолдану, адамның жұмысты жаңа жағдайда өнімді, сапалы, уақытында істей білу қабілеті.
Психология және дидактика тәжірибесі оқу бағдарламаларына өте маңызды оқу іс –әрекетін енгізуді талап етті
Арнайы іскерліктер– оқушылардың бойында нақты оқу пәндерін оқу процесінде қалыптасады. Олар оқу материалымен жұмыс істеуге керекті және оны түсінуге елеулі ықпал етеді.
Оқушының оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру іскерліктері– оқу материалдарын меңгеру, талдау, оларды түрлі танымдық міндеттерді шешуге қолдану, өз жұмысын бақылау, оның нәтижелерін түзету.
Интеллектуалдық іскерліктер– талдау және жинақтау, қорытындылау және саралау, салыстыру және ұқсату, себеп – салдарлық байланыстарды табу.
Қ.Жарықбаевтың анықтамасы бойынша «дағды – алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс- әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматтандырылуы». Дағды – іс –әрекеттің автоматтандырылған бөлігі, ол іс –әрекетті жақсы, көп күш жұмсамай, жасауға мүмкіндік береді.
Ақыл – ой дағдылары: әдебиеттерді, сызбаларды оқу, есте сақтау, өткенді тұрақты түрде қайталау.
Тілдік дағдылар: сөйлемдерді дұрыс құру, дәйекті дәлелдерге сүйеніп сөйлеу және жазу, қыстырма сөздерді қолданбау.
Ерік – жігер дағдылары: іс-әрекеттегі белсенділік, тәртіптілік, талап қоя білу.
Мәдени дағдылар: ұжымды басқа адамдарды құрметтеу, өзін –өзі тәрбиелеу.
Дидактика көптеген мәселелерді зерттейді. Солардың ішінде білім беру тұжырымдамасы, үздіксіз халыққа білім беру жүйесі. Бұл жерде оқыту тұжырымдамасына сәйкес кейбір көкейкесті мәселелер қарастырылады:
1. Білім беру мазмұнының барлық аспектілері: оқу жоспарын, бағдарламаларды, оқу құралдарын жетілдіру, жаңарту.
2. Әрбір пән бойынша сабақ берудің сапасын арттыру.
3. Оқытудың ғылыми деңгейін жоғарлату.
4. Оқушылардың белсенділігін қалыптастыру.
5. Оқыту процесінде балаларды тәрбиелеу.
6. Соңғы ғылыми зерттеулерге сәйкес педагогикалық процестерді жүргізуге мұғалімдерді үйрету.