Дидактика пәні, міндеттері, негізгі тұжырымдамалары, мәні, функциялары Жоспары



бет3/4
Дата03.11.2023
өлшемі0,97 Mb.
#121698
1   2   3   4
Байланысты:
Үйретудің (дидактика ) тұжырымы

Ахмет Байтұрсынов (1873-1937 жж.) – қазақша оқыту әдістемесінің негізін салушы. «Оқу ана тілінде жүргізілсін» деген талапты бастаушы. 1912 жылы тұңғыш рет «Әліппе» жазды, ол халықты сауаттандырудың басты құралы болды. Бүл оқу құралы әрі сауат ашу, әрі ұлттық дүниетанымды іске асыру мақсатын қойды.1926 жылы бұл «Әліппенің» жете өңделген жаңа түрі жарияланып, қазақ халқының сауат ашу мектебінің басты құралы болды. Әдіскер оқушыларға ереже жаттаудың тиімсіз екенін дәлелдеп, түсіндіру, талдау, қорыту тәсілдерін қолдануды ұсынды.

Жүсіпбек Аймауытов (1980 – 1931жж). «Тәрбиеге жетекші» (1924 ) деген еңбегінде баланы оқытудың ережелерін, заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білім берудің шарттарын көрсететін педагогика бөлімі «дидактика» деп, дидактикаға қазақ тілінде тұңғыш ғылыми анықтама берген. Ж. Аймауытов баланың ақылын, сезімін, ерік – жігерін, мінезін тәрбиелеу керектігін атап көрсетті. Балаға туған елдің салт- санасын, әдет- ғұрпын көрсетуді ұсынды. Баланың тіл байлығын арттыруға ерекше көңіл бөлді.


«Білім, іскерлік, дағды»
базары
Білім – адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі.
Білім – қандайда бір іс-әрекетті жасау негізі. Іс-әрекет жеке тұлғаны қалыптастырады.
Білім – қоғамдық – өндірістік тәжірибеде қолданылады, меңгерілген білім көмегімен адам жаңа білімдер жасауға қатысады, еңбекке дағдыланады, қоғамдық – материалдық байлықтың артуына, рухани мәдениеттің дамуына өз үлесін қосады.
Әл – Фараби: «Бақытты болу, кәмлетке келу, қоғамдық тіршілікті жақсарту – барлығы да білімділікке байланысты. Білім мен өнерді меңгергеннен кейін адамда іскерлік пен өз бетінше әрекеттену, одан соң парасаттылық пайда болады», - деген.
Білім
Білім өздік жұмыс және сабақтан тыс шығармашылық іс-әрекетте қолданылады, сөйтіп ой жұмысы тұрақты, терең жүреді.
Ой тұрақтылығы дегеніміз – ойдың маңызды, оқу материалдарына тоқталуы, оларды ойда сақтау, керек жерде қолдана білу. Ойдың тұрақтылығы ақыл-ой жұмысымен айналысуға байланысты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет