Дидактика туралы ұғым



бет4/4
Дата27.11.2023
өлшемі27,99 Kb.
#129499
1   2   3   4
Байланысты:
f609b7f5696de0

Көрнекілік әдістер: оқушылардың бақылауы мұғалімнің көрнекі және техникалық құралдарды көрсетуі.
Практикалық әдістер: жаттығулар, графикалық және лабораториялық, практикалық жұмыстар, дидактикалық және ұлттық ойындар.
Сөздік әдістер
Мектептегі ең көп тараған оқыту әдісі – ол мұғалімнің ауызша баяндауы.
«Сөз, - дейді В.А. Сухомлинский, - ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың. Бастауыш сыныптың мұғалімі – ең алдымен тіл маманы». Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай-ақ дауыс ырғағы мен мимикасы мәнерлі бай болғаны жөн.
«Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, сабырлықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек», - деген Ы.Алтынсарин.
Әңгіме әдісі
Бұл әдіс бастауыш сыныптарда кең қолданылатын әдістің бірі. Әңгіме барысында мұғалім мен оқушылардың арасында диалог пайда болады. Әңгіме әдісі оқытудың түрлі міндеттерін орындауға бағытталады: өткендегі материалды жаңамен байланыстыру, жаңа білімді хабарлау, өткенді қайталау, оны тексеру және бағалау үшін мұғалім қолданады. Әңгіменің бірнеше түрі болады. Мысалы: эвристикалық әңгіме, кіріспе әңгіме, қайталау әңгімесі т.б.
Әңгіме әдісін қолдану арқылы мұғалім оқушылардың бұрынғы тәжірибесі мен алған білімдеріне сүйене отырып, оқу материалының мазмұнына талдау жасап, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады.
Оқулықпен және кітаппен жұмыс істеу әдісі
Оқулық пен кітап оқушы үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта өздігінен білім алудың өте маңызды көзі екенін ескеру керек. Бұл жұмысты бастауыш сыныптан бастауы керек.
Мұғалім сабақ үстінде ең алдымен оқушыларды дауыстап оқуға, одан кейін тез, іштей оқуға, оқығанды өз сөзімен айтып беруге дағдыландыру керек.
Көрнекілік әдістері
Бұл әдістердің ішінде ең басты роль атқаратыны – бақылау әдісі. Бақылау әдісі барлық пәндерді оқытуда кеңінен қолданылады. Бақылау әдісі сабақта нақты заттар мен көрнекі және техникалық құралдарын демонстрациялау /көрсету/ кезінде, сондай-ақ экскурцияда, лабораториялық жұмыстарда, еңбек операцияларын орындау барысында ерекше орын алады.
Бақылау әдісінің негізгі түрлері және варианттары болады: Демонстрациялық /көрсету/ бақылау, экскурциялық бақылау және оқушылардың өздігінен дербес бақылауы. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың күшті құралы – бақылау. К.Д.Ушинский «Бақылау – логикалық ойлаудың негізі», - деп жай айтпаған. Ұлы педагог логикалық ойлауға үйрену үшін, ең алдымен, балаларды жан-жақты бақылауға үйрету керектігін ескертеді.
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет