Дидактикалық ойын арқылы 4 жастағы балалардың жиын туралы түсініктерін қалыптастыру


Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері



бет2/2
Дата27.04.2023
өлшемі1,71 Mb.
#87435
1   2

Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:

  • Балалардың орындаушылық әрекетті талап ететін ойындар.
  • Қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар.
  • Қайта жасау іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар.
  • Балалардың әрекетін бақылауға бағытталған ойындар.
  • Ізденіс іс-әрекетіне бағытталған ойындар.

Құрылымы бойынша дидактикалық ойындарды мынадай түрлерге жіктейді:

  • Сюжетті-ролдік ойындар.
  • Жаттығу ойындар.
  • Драмалық ойындар.
  • Шығармашылық ойындар.
  • Әдеби-музыкалық ойындар

Құрылымы бойынша дидактикалық ойындарды мынадай түрлерге жіктейді:


Сюжетті бейнелі рольдік ойындар
Дидактикалық
ойындар
Шығармашылық
ойындар
Қимылды ойындар
Қазақтың ұлттық ойындар
Басқа халықтардың
ойындары
Ойын–баланың бірінші әрекеті, сондықтан да оның мән–мағынасы ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?», - деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болады. Оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын түрінде жүргізу қажет. Өйткені ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз қалайды. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. Мектеп жасына дейінгі балалар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданатын байқауға болады. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш жігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. Сондықтан да ойшыл ұлы адамдар балаларды ойын арқылы оқыту керек деген ойға келді. Ойын арқылы оқыту, бұл ой көптеген оқытушылар мен тәрбиешілерді қызықтырды. Грузин педагогы Ш.А.Амонашвили ойын арқылы балаларға өте қиын әлемдік танымды түсіндіре білді. Ш.А.Амонашвили өз оқушыларымен ойын ойнағанда өзін балалармен бірдей қоя отырып, олардың көңіліне, ойына, санасына пайдалы ұғымды беріп, өз ісіне сенімді болып, қиындықтарды жеңе білуге үйретті–баланың көздерінде білімге деген құштарлықты байқады. Ойын арқылы оқытудың арқасында дидактикалық ойын пайда болды. Берілген ойындарды қолдану іс-әрекеттің әсерлігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады. Бұл ойындарды тәрбиешінің шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау кезінде іс-әрекеттің мазмұнына сай пайдалануға болады
Ойын- баланың жеке басын дамытуда қоғамдық мәні бар іс-әрекеттің мақсат-бағдарлы, қажеттілікті қанағаттандыруға негізделген белсенділік формасы деп бір жағынан, екіншіден- баланың танымдық, шығармашылық, жеке бас қасиеттерін, ақыл-ой сапаларын жетілдіретін тәрбие және оқыту құралы ретінде түсіндіріледі (Рубинштейн С. Л., Выготский Л. С., Эльконин Д.Б., Шмаков С. және т. б.)
Балалық шақ ойыннан бөлінбейді. Мәдениетте балалық шақтың мәні көп болған сайын соғұрлым ойын да қоғам үшін маңызды болады. Ойынның элементті барлық белгілі мәдениетте кездеседі. Балалықты танудың оған әсер етудің және балалық шаққа енудің бірден бір әдісі – ол ойын.
Балалар ойын үстінде өздерін жеңіл, еркін сезінетіндіктен өздерін көрсете алады. Балалар үшін өз тәжірибесі мен сезімдерін шығару- табиғи динамикалық және денсаулық жақсартушы іс-әрекет.
Ойын теориясы мен практикасын Отандық және Шетелдік педагогтар, психологтар, социологтар зерттеген. Мысалы: Иохан Хейзингтің «Ойыншы адам», Д.Б.Элькониннің «Ойын психологиясы», Эрик Берннің «Адамдар ойнайтын ойындар» атты еңбектері жазылды. Ойын теориясын зерттеуші Ресей ғалымдары: А.В.Вербицкий, Т.В.Кудрявцев, И.П.Пидкасистый. Қазақстандық ғалымдар: Н.К.Ахметов, Ж.С.Хайдаров, Н.Құлжанова, А.Қайырбекова т.б.
Ойын –бұл ақпарат алмастыру құралы және баладан оның сөйлеуін талап ету, яғни автоматты түрде қарым-қатынастағы барьерді жылжыту. Жоғарғы қатынас деңгейіне көтерілу үшін сөзді пайдалану қажет

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет