Дидактикалық ойын «Бірдейлерін тап» немесе «Жұбын тап»



бет1/3
Дата31.12.2021
өлшемі18,53 Kb.
#22250
  1   2   3
Байланысты:
Дидактикалық ойын


Дидактикалық ойын «Бірдейлерін тап» немесе «Жұбын тап»

Қандай да бір белгісімен өзгешеленетін бірнеше бірдей заттар бейнеленген карточка ұсынылады. Заттар арасында толығымен бірдей екі зат бар. Заттардың жалпы саны: оқу жылының басында 6, ортасында 10, соңында 15. Бала бірдей заттарды көрсету керек.



Балалардың тапсырманы орындауын бағалау

Деңгейлер:

(Ж) бірдей заттарды дұрыс табады.

(О)басында қателеседі, бірақ оны өзі байқап түзетеді.

(Т)өз қатесін көрмейді, тапсырманы қате орындайды.

3. «Цифрлық кесте» әдістемесі

Зейіннің көлемін, оның бөлінушілік және аударылу жылдамдығын анықтау (санай білуін тексеру үшін қолданылады). Балаға 1-ден 25-ке дейінгі еркін орналасқан сандар жиынтығынан тұратын кесте көрсетіңіз. Бала осы цифрларды білетіндігіне көз жеткізіңіз. Одан соң оған нұсқау беріңіз. Мүмкіндігінше 1-ден 25-ке дейінгі сандарды тауып, көрсетіп және дауыстап атап шығуға тырыс.

Барлық тапсырманы орындауға жұмсалған уақытты және де қателер санын белгілеп отырыңыз.

6-7 жасар балалардың көпшілігі бұл тапсырманы 1,5-2 минут ішінде және қатесіз орындайды.

Мектепке баратын балалардың есінің дамуын анықтауға арналған көптеген әдістемелер қолданылып жүр.

4. Жаттанды ес және мағыналы еске сақтау қабілетін бағалау әдістемесі

Балаға сөздер жұбын оқиды. Олар оны еске сақтауға тырысу керек.



А нұсқасы

ТӘРЕЛКЕ – СОРПА

ПОШТА – ХАТ

ҚЫС – ҚАР

БӨЛКЕ – ҰН

ҚАРЫНДАШ – ҚАҒАЗ

МАШИНА – ЖОЛ

МУЛЬТФИЛЬМ – ТЕЛЕДИДАР

ӘРІПТЕР – КІТАП

ЕТІК – АЯҚ

БАЛЫҚ – СУ

Одан соң тек бірінші сөздерді оқиды, ал бала оларға жұп сөздерді атауы керек. Дұрыс айтылған сөздер жұбы есептелінеді. Бұл мағыналық естің көрсеткіші.



Ә нұсқасы

Басқа сөздердің жұбы оқылады:

КІТАП – ТЕРЕЗЕ

ҚОЛ – БҰЛТ

ШАНЫШҚЫ – ЖҰМЫС

ҚАРАҒАЙ – ҚАСЫҚ

АРҚА – ШАМ

СИЫР – ҮСТЕЛ

ЖӘШІК – САУСАҚ

САН – ШАТЫР

ПЫШАҚ – ЖАЗ

СЕБЕТ – АРБА

Бала қайтадан есіне сақтаған сөз – жұптарын қайталайды (оған жұптардағы тек бірінші сөздерді ғана оқиды). Дұрыс айтылған сөздер есептелінеді. Бұл жаттанды естің көрсеткіші.

Бұдан әрі А нұсқасының нәтижесі мен Ә нұсқасының нәтижесін салыстырыңыз, сонда сіз баланың жаттанды есі мен мағыналы есінің қатынасын білесіз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет