Дидактикалық ойындар Мақсаты


Ойын шарты: Балалар екі-екіден отырады. Оның алдында үшбұрыш пішіндер бар. Қандай пішін? Нешеу? Бұл пішін қалай аталады? Жұмбақ



бет2/7
Дата26.04.2022
өлшемі29,28 Kb.
#32369
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дидактикалық ойындар

Ойын шарты: Балалар екі-екіден отырады. Оның алдында үшбұрыш пішіндер бар. Қандай пішін? Нешеу? Бұл пішін қалай аталады?

Жұмбақ: Жазда да, қыста да Үнемі бір түсте. (Шырша) Балалар үлгіге қарап, шыршаны берілген үшбұрыштардан құрастырады.
«Көрпені жамауға көмектес!»

Мақсаты: геометриялық пішіндермен таныстыру. Геометриялық пішіндерді орналасқан орны бойынша таба білу. Ойын шарты: пішіндер арқылы бос орындарды жабу.

Барысы: Бағзы заманда Буратино өмір сүріпті. Кереуетінің үстінде әдемі қызыл түсті көрпесі болыпты. Бір күні «Карабас-Барабас» театрына кеткенде, үйіндегі Шушара атты тышқан осы уақытта көрпені кеміріп, тесік қалдырады. Енді, қанша тесік қалғанын сана және сәйкесінше пішіндерден тауып Буратиноға көрпені жамауға көмектес.


«Шатасқан суретші»

Мақсаты: зейінді дамыту және 10-ға дейін санай алу.

Ойын шарты: Суретшінің қатесін табу керек. Телефондағы нөмірлер дұрыс орналаспаған, сондықтан шеңбер дискісіне сандар топтамасын дұрыс ретпен орналастыру қажет.

«Дүкен»

Мақсаты: зейін мен байқампаздық қабілетін жетілдіру. Заттың ұзындығы бойынша ажырату (жоғары-төмен, орташа, үлкен-кіші, қанша болса сонша, т.б.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет