Дидактикалық ойындар Мақсаты



бет6/7
Дата26.04.2022
өлшемі29,28 Kb.
#32369
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дидактикалық ойындар

Ойын шарты: Жүргізуші алдымен, допты сәл жоғары лақтырып, қағып алады. Тапсырма: «Жоғары лақтыр!». Бала допты жоғары лақтырады. Балалар допты одан да жоғары-жоғары лақтыр (немесе «төмен лақтыр!») – деп айтады.

Математикалық қимыл-қозғалыс ойыны

«Төменге домалат!»

Ойын шарты: Балаларға 1-шар, 2 балаға-текше беріледі. Балаларға атауын айтып, көрсетеді. Белгі берілгенде балалар тездетіп домалату керек. Келесі ойыншыларға пішіндерді таңдау өз еріктеріне беріледі. Көбінесе, шар домалатуға  ыңғайлы болғандықтан, сол пішінді таңдайды. Ал, текшенің бұрыштары домалатып, қозғалтуға кедергі жасайды. Мұны балалардың өздерінен себептерін сұраймыз.

«Сылдырмақты неше рет соқтым?»

Ойын шарты: Балалар көздерін жұмады. 2 қатарға бөлініп тұрады. Сылдырмақты қанша рет ұрсам, сонша рет текше (немесе доп) әкеліп қою керек. 1-ші команда текшелерді өте жақын орналастырса, 2-ші команда алшақ қояды. Соңында санайды. 1 команда -3, 2 командада – 3, демек 2 команда тең, бірдей болды.

«Өз үйіңді тап!»

Ойын шарты:

а) Еденде бір-бірінен алшақ орналасқан 2 (обруч) шеңбер қойылады. 1 шеңбер ішінде картоннан қиылған шаршы, 2-шісінде-тіктөртбұрыш. Балалар осылайша 2 топқа бөлінеді. Тәрбиеші белгі бергенде әр ойыншы қолында ұстап тұрған пішіні бойынша шеңбердегі пішінмен бірдей, сәйкес келетін пішіні бар шеңберге кіру керек. Тиісті шеңберге дұрыс барды ма? Міне, тәрбиеші мұны тексереді.

ә) («Жұбын тап!» ) Немесе қолында өзімен бірдей пішіні бар баламен қатарға тұра қалу қажет.

«Үлкен-кіші»

Ойын шарты: Балалар 2 топқа бөлінеді. 1 – ұлдар (текшенің ең кішкентайынан үлкеніне қарай), ал 2 – қыздар командасы (керісінше, доптың ең үлкенінен кішісіне қарай рет-ретімен қояды).

Керісінше: Үлкен текшеге – кішкентай көлікті қою керек.

Кішкентай текшеге – үлкен көлік қою керек.

«Қанша болса, сонша …»

Ойын шарты: Еденде 4 шеңбер (обруч) тұр. Әр шеңберде цифры бойынша түрлі ойыншықтар бар. Музыкамен балалар әр түрлі қозғалыста жүреді. Әуен тоқтағанда,  әр шеңбердегі (обруч) ойыншықтар санына сай тұра қалады.

4 ойыншық тұрған шеңберге – 4 бала, 2-еуге – 2 бала.

«Керісінше айт!»

Ойын шарты: Балалар шеңбер құрады. Тәрбиеші ортада тұрып, доп лақтырып, айтады: «Көлшік – кішкентай, ал өзен- …(ұзын). Үй-аласа, құбыр (кран) – ұзын, шыбық-жіңішке, ағаш-жуан, үстел-үлкен, ал орындық-кішкентай.

«Автожарыс»


Ойын шарты: 2 бала кішкентай бір-бірден ойыншық көлікке жіп байлайды. Нұсқау берілгенде лентаны бүктеп, ойыншық көлікті өзіне қарай тартады.

Кімнің көлігі бірінші жетті? Кімдікі жәй келді? осылай анықтайды.

«Өз орныңды тап!» Ойын шарты: жерге үшбұрыш сызылып, оны 6-ға бөліп сызу керек. Балалар қолында жазылған санына қарап, белгі берілгенде жүгіріп, бубен тоқтағанша сандар қатарынан өз орнын тауып, тұра қалу керек.

«Геометриялық домино»



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет