Дидактикалық ойындар


Ойынның аты «Кім тез жинайды.»



бет2/3
Дата20.10.2023
өлшемі0,49 Mb.
#119893
1   2   3
Ойынның аты «Кім тез жинайды.»

2-сынып 67-сабақ «Синоним дегеніміз не?» тақырыбына арналған.
Ойын мақсаты: Мағыналас сөздерді бір қоржынға тез жинау керек. Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлініп тұрады.Мұғалім оқушыларға бір сөз айтады. Екі қоржынға екі топ мағыналас сөздерді тез жинау керек. Ойын соңында қай топ тез әрі дұрыс жинайды сол топ марапатталады.



  1. Ойынның аты “Қожанасыр қоржыны”

«Антоним дегеніміз не?»тақырыбына арналған.
Ойынның мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру.
Ойынның шарты: тақтаға қоржын ілінеді. Бұл қоржын Қожанасырдың қоржыны, оның іші сыйлықтармен толы екенін айтып, тақтаға тапсырмалар ілінеді. Егер оқушы тапсырманы дұрыс орындаса, қоржыннан сыйлық ұтып алады. Тақтадағы ілінген сөздерге антоним сөздерді табу керек. Мысалы:үлкен-кіші,жақсы-жаман, алыс-жақын.

Ойынның алдында сергіту сәтін өткіземін.


Кел, балалар, келіңдер,
Тамашаны көріңдер.
Бізде қызық ойын бар,
Барлығың ден қойыңдар.
тақтадағы ілінген сөздерге антоним сөздерді табу керек,мысалы:үлкен-кіші,жақсы-жаман.


  1. Ойынның аты «Кім көп біледі?»

Ойынның мақсаты: Сөздердің мағынасын ажырату.
Ойынның шарты: Берілген сөздердің мағынасын ажырату. Мұғалім оқушыларға омоним сөздер жазылған карточкалар таратады. Оқушылар көп нүктенің орнына оның қандай зат екенін жазады. Бұл тапсырма жеке орындалады.




  1. Ойынның аты «Сөз және оның мағынасы»

Ойынның шарты: Мәндес сөздерді бір бөлек, қарама –қарсы мағыналы сөздерді бір бөлек жазады.
Мұғалім сөздерді тақтаға іледі. Мысалы: еріну-жалқаулану, есептеу-санау, қайталау-пысықтау, ақырын-шапшаң, апару-әкелу, бастау-аяқтау, тоғу-жылыну, және т.б.


  1. Тақырып: «Жұрнақ пен жалғау»



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет