5. Саналылық пен белсенділік принципі ... Бұл принципке негіз болатын заңдылықтар: тек өз ақылымен қабылдаған сапалы да, саналы білім адам білімінің шынайы өзегі болады; окушылардың білімді саналы түрде меңгеруі таным әрекетінің белсенділігі мен оқуға ынталануына, мұғалім қолданатын әдістерге тәуелді, ғылыми білімдерді меңгеруде саналылық, әрі белсенділік танытқан оқушылар ғана оны терең және ойларына берік тоқулары сөзсіз.
Саналылық пен белсенділік принциін жүзеге асыру үшін мұғалім оқыту процесінде төмендегі оқыту ережелерін басшылыққа алады.
- Оқушы алдында тұрған мақсат пен міндеттерді анық түсінуі саналы оқытудың шарты боларын назарға алу.
- Оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, олардың мән~мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету.
- Әр бір сөздің, сөйлемнің, ұғымның мәнін түсіндіру үшін оқушылардың білімі мен тәжірибесін негізге алу.
- Оқушылардың білім алуға деген ынтасын, белсенділігін арттыратындай тиімді әдістерді үнемі қолдану, бүгінгі белсенді шәкірт ертеңгі белсенді қоғам мүшесі екенін ұмытпау.
- Оқу материалын саналы түрде меңгерту үшін әлі бейтаныс мағлұматтарды бұрыннан белгілі ақпаратпен ұштастыра білу.
- Өз бетімен оқуды үйрету, таным әрекетінің тиімді әдістерімен таныстыру.
- Бас және қосалқы оқу материалын ажыратуды үйрету, назарларына негізгі ойларды алу.
- Оқушыларды ойлауға үйретіу, "неге" сұрағын жиі қоюға дағдыландыру.
- Әрбір оқушы тұлғасына қамқорлық жасау, оны оқу пәнін игеретін субъект ретінде қалыптастыру.
- Оқушы білімдерін тәжірибеде қолдануына көмектесу.
6. Көрнекілік принципі Оқыту жүйесінде Я.А.Коменский көрнекілік принципін оқу материалын меңгеру құралы ретінде қарастырып, дидактиканың алтын ережесі деп атаған. Оқушылардың дүниетанымы негізінен көрнекілік арқылы жүзеге асырылады: олар заттардың өзін немесе бейнесін көлемін тікелей көріл, байқап таниды. Бұл принципті соңғы ғылыми жетістіктер де дәлелдеді. Мысалы, көру органдары миға есту органдарымен салыстырғанда 5 есе, сипалау органдарымен салыстырғанда 13 есе көп ақпарат өткізеді екен. Көз арқылы алған мәліметтерді адам жеңіл, тез, берік есте сақтайды. ...