Дифференциалды оқыту (саралап) технологиясы 31.03.2018
Өткен ғасырдың 30-жылдарында Америкада, ал 60-жылдары білім беру мен оқытуда саралау үрдісі кеңінен етек алғаны мәлім. Бұл үрдіс бүгін таңда Қазақстан мектептеріне келіп жетті. Бүкіл әлем мектептерін даралап, саралап алмайтынымыз анық.
Оқушылардың бейімділігін, қызығуын, үлгерімін анықтай отырып, оқыту яғни саралап оқыту қазіргі мектептердің даму бағытына айналып отыр. Саралау – оқу мекемелерінің түрлеріне, бір мектептің кәсіби бағдары мен өз ішіндегі ағымына және сыныптағы топқа бөлінеді. Білім беруде, саралап оқытуда қарама-қайшылық та кездеседі.
Жалпы саралап оқыту бастауыш мектепті бітіргеннен кейін басталады. Англияның мектептерінде, Германияның нақты училище, гимназия және негізгі мектептерінде, Францияның технологиялық, кәсіби және жалпы білім беретін лицейлерінде, Ресей мен Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектеп, лицей, гимназияларында және басқа мемелекеттердің әр түрлі атақты мектептерінде саралап оқытылады.
Бұл оқу мекемелердің ерекшелігі – олардың оқу бағдарламаларында. Бір мекеменің өз ішінде саралап оқыту, әсіресе Америка мен Жапония мектептерінде кеңінен тараған. Бұлардың жоғары орта мектептері екі түрлі: жалпы білім беретін және арнаулы бағдарламамен жұмыс жүргізеді.
ДЖ. Конант бастаған педагогикалық топ 50-жылдары “барлығын қамтитын мектеп” моделін ұсынды. Әр түрлі әлеуметтік жағдайдағы балалар үшін, олардың қабілеті мен қызығуын ескере отырып, әр топқа сәйкес бағдарлама жасады. Конанттың ұсынысы АҚШ мектептерінде саралауды енгізуде іске асты.
Франция мен АҚШ-та барлық жалпы білім беретін мекемелерде сыныптағы оқушыларды топқа бөлу кеңінен тараған. Кейбір пәндерді оқытуда топтарды “жылдамдар”, “ортаншылар” және “баяулар” деп атайды.
Германияда топқа бөлу ЖОТ жүйесінде жүреді. Жоғары (ж), орташа (о), төмен(т) топтарға сәйкес әр түрлі бағдарламалар жасайды. Жапонияның мектептерінде де оқушыларды топқа бөліп оқыту тұрақты орын алған. Топтағы жұмысты сайыс түрінде жүргізеді. Сыныптағы топтар сайыс кезінде кім ағылшын сөзін, эроглифтерді, тақпақтарды, т.б.кім біледі деген сұрақтарға жауап береді. Барлық оқушыға баға қойылады. Жапония педагогтерінің арасында топтық оқытуға көзқарастары әр түрлі.
Білімді даралап, саралап берудің басты бір бағыттарының бірі – дарынды, талантты балалар мен жас өспірімдерді оқыту. Кейінгі кезде мұндай өзекті мәселеге әлемдік педагогикалық қызығушылық бары байқалады. Соның бір айғағы ретінде жоғарғы қабілетті Еуропалық ассоциация құрылды. Ассоциацияның басты мақсаты – дарынды балаларды зерттеу, қолдау және мадақтау. Мұндай саясат Қазақстанда да жүріп жатыр.(“Болашақ” бағдарламасы, “Дарын” орталығы). Ғалымдардың есептеуі бойынша әрбір жас ерекшелігіне байланысты топта 3 пайыздан 8пайызға дейін өте талантты оқушылар болады. Бірақ, олардың барлығы мадақтала бермейді, АҚШ-та дарынды балалардың 40 пайызы анықталады, ал Францияда олардың 5 пайызы жоғары мектепке қабылданбайды.
Англияда дарынды балаларды зерттеу орталығы бар. Мұнда дарынды балалармен жұмыс істейтін мектептер, арнаулы бөлімдер және тездетіп, тереңдетіп оқытатынкурстар жетерлік. Ағылшын педагогтарының дарынды балаларды оқыту әдістемесі бойынша диагностикалық тестілеу тәжірибелері мол.