Дифференциалды сынақ сұрақтары «Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің жұмысын ұйымдастыру


Санитарлық ережелер мен ережелерге сәйкес тапсырыстар. Емдеу бөлмесінде медициналық құралдарды стерилизацияға дейін тазарту, қолмен емдеу



бет10/39
Дата24.04.2023
өлшемі137,24 Kb.
#85943
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39
Байланысты:
КК ДИФ ЗАЧЕТ

7. Санитарлық ережелер мен ережелерге сәйкес тапсырыстар. Емдеу бөлмесінде медициналық құралдарды стерилизацияға дейін тазарту, қолмен емдеу.
Кез келген емдеу сауықтыру мекемелеріндегі медициналық мейірбике жұмысының негізгі бағыттарының бірі-санитарлық шараларды орындау және талаптардың орындалуын қамтамасыз ету.
Емдеу сауықтыру мекемесіндегі санитарлық және эпидемияға қарсы тәртіпті қамтамасыз ететін іс- шаралардың бірі- зарарсыздандыру және залалсыздандыру арқылы жүзеге асатын асептика мен антисептика талаптарының орындалуын жүйелі бақылау және қатаң түрде сақтау.
Санитарлық талаптардың мақсаты: Аурухана ішінде жұқпалы аурулардың таралмауын қамтамасыз етуге бағытталған санитарлық- профилактикалық іс-шаралар жиынтығын қамтамасыз ету.
Ауруханалық гигиена науқастардың оңтайлы жағдайда болуын , емдік шаралардың нәтижелілігін және медицина қызметкерлерінің еңбектерін барынша қолайлы ету мақсатында емдеу профилактикалық мекемелерді орналастыру , жоспарлау және санитарлы - техникалық қамтамасыз ету үшін нормативтер мен талаптарды өңдейді.
Санитарлық талаптарға сай ережелер:
u Басыңызға орамалды байлап , халатты , алжапқышты , қолғапты кию .
u Қолданыста болатын барлық керекті құрылғылар зарарсызданған болуы. u Барлық құрылғылар бір реттік қолданыста болу қажет.
u Жиһаздар мен заттарды залалсыздандырып тұру қажет.
u Бактериоцидті шамды екі сағатқа қойып тұру.
u Бөлмені желдету ( 20-30 минут ) .
u Жинастыру құралдарын зарарсыздандырып ,арнайы бөлмеде сақтау .
u Бөлмеге екі адамнан артық кірмеу.
u Әр бөлмеде антисептік(ерітінді) болуы.
u Науқаспен байланыста қашықтықты ұстау.
u Бірінші көмекке керекті құралдардың болуы.
u Терапиялық бағыттағы бөлмелерді айына бір рет , ал хирургиялық бағыттағы бөлмелерді аптасына бір рет тазалау керек.
Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту – зарарсыздандыру, залалсыздандыру алдындағы тазарту және залалсыздандыру жолы арқылы жүзеге асырылады.
Зарарсыздандыру патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерді жою үшін жүргізіледі. Жара беттеріне жанаспаған, терінің және шырышты қабықтың бетін бұзбаған, қан құюға қолданбаған және инъекциялық дәрілерді пайдалану процесінде адам организмінің қуыстарына енгізілмеген медицинада тағайындалған бұйымдар тек қана зарарсыздандырылады. Кейіннен олар ағынды құбыр суында жуылады және таза зарарсыздандырылған жабылатын ыдыстарда белгіге сәйкес сақталады.
Жара беттеріне жанасқан, медициналық манипуляция процессінде терінің және шырышты қабық бетін бұзған, қан құюда қолданылатын және инъекциялық препараттарды пайдалану процесінде адам организмінің қуыстарына енгізілген медицинада тағайындалған бұйымдар басында зарарсыздандырылады, сосын ағынды құбыр суы астында жуылады, содан кейін залалсыздандыру алдындағы тазартудан, залалсыздандырудан өткізіледі.
Залалсыздандыру алдында барлық бұйымдар ақуыз май мен механикалық ластарды, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді жою мақсатымен залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізіледі.
Залалсыздандыру - бұл әдіс залалсыздандырған материалдағы патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің вегетативті және ұрықты түрлерін жоюды қамтамасыз етеді. Жара бетіне, қанмен немесе инъекциялық дәрілермен жанасатын барлық бұйымдарға, диагностикалық аппаратуралардың жекелеген түрлеріне, медициналық құралдарға, пайдалану процессінде шырышты қабықпен жанасып және оның зақымдануын болдыратын бұйымдарға залалсыздандыру жүргізіледі.
Сонымен медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту 3 кезеңге бөлінеді: 1 кезең – зарарсыздандыру,
2 кезең – залалсыздандыру алдындағы тазарту,
3 кезең – залалсыздандыру
І КЕЗЕҢ. Медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру Мақсаты: жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Дайындаңыз:
- зарарсыздандыру ерітіндісін;
- қақпақты 2 ыдысты (1-2 л көлеміндегі эмальді кастрюльді), белгісіне және зарарсыздандыру ерітіндісіне сәйкес;
- құралдарды қаннан және басқа да биологиялық сұйықтықтардан жууға тағайындалған No1 ыдысты зарарсыздандыру ерітіндісімен;
- медицинада тағайындалған заттарды зарарсыздандыруға арналған No2 ыдысты зарарсыздандыру ерітіндісімен;
- бирканы (таңбаны);
- арнайы киімді (халат, маска, қолғап);
- пайдаланылған медицинада тағайындалған заттар;
- лотоктар.
Іс-әрекет алгоритмі: - арнайы киімді киіңіз: халат, маска, қолғап;
- 2 ыдысты зарарсыздандыру ерітіндісін даярлаңыз;
- ыдыстар мен қақпақта белгіленеді; заттың аты, оның қоюлығы, күні, даярлау сағаты, мейірбикенің қолы;
1-ші ыдыста:
- пайдаланғаннан кейін медицинада тағайындалған құралдардың ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз;
- медицинада тағайындалған құралдардың каналынан 3 рет насос әдісімен зарарсыздандыру ерітіндісін өткізіңіз;
2-ші ыдыста:
- медицинада тағайындалған құралдардың ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз;
- оларды бөлшектенген түрінде толығымен зарарсыздандыру ерітіндісіне 60 минутқа салыңыз;
- ыдысты қақпақпен жабыңыз;
- зарарсыздандыру уақыты туралы биркіге (таңбаға) белгі жасаңыз;
- зарарсыздандыру уақыты өткен соң зарарсыздандыру ерітіндісінен медицинада
тағайындалған құралдарды шығарыңыз;
- No 2-ыдыстағы медицинада тағайындалған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісінде
0,5 минут бойын жуыңыз;
- медицинада тағайындалған құралдарды латокқа (ыдысқа) салыңыз;
- қолғапты шешіңіз, оны қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып,
кептіріңіз;
- медицинада тағайындалған құралдарды әрі қарай өңдеу үшін орталық залалсыздандыру
бөліміне жіберіңіз;
ІІ КЕЗЕҢ. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізу
Залалсыздандыру алдындағы тазарту орталық залалсыздандыру бөлімінде жүргізіледі.
Мақсаты: органикалық ақуыздың, майлық және механикалық ластануды, дәрілердің қалдығын алып тастау; медицинада тағайындалған құралдарды залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізу сапасына кешенді бақылауды жүргізу.
Дайындаңыз: халатты, дем пердесін, қолғапты, жуушы ерітіндісі бар ыдысты, сағатты, дәке тампондарын, латоктарды тазартылған суы бар ыдысты, медицина тағайындаған құралдарды, жұмысшы азопирам ерітіндісін, тамызғышты, мақта дәке, мақта тампондарын, жуушы затты «Лотос», «Айна», 27,5 % сутегі асқын тотығы.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Халатты, дем пердесін, қолғапты киіңіз.
2. Жуушы ерітіндіні 20-25 0 С ысытыңыз, жуушы ерітіндінің құрамы.
3. Медицинада тағайындалған құралдарды бөлшектеген түрінде жуушы ерітіндіге 15
минутқа салыңыз, ерітіндіні алдын-ала құралдардың қуысынан өткізіп, қақпағын жабыңыз. 4. Әрбір затты 0,5 минут бойы жуушы ерітіндіде (дәке тампонымен) тазартыңыз
(құралдардың каналынан жуушы ерітіндіні өткізіңіз).
5. Медицинада тағайындалған құралдарды латокқа салыңыз.
6. Құралдардың қуысынан каналынан суды өткізе отырып, әрбір құралды 10 минут бойы ағынды судың астында жуыңыз.
7. Азопирам бауқауымен залалсыздандыру алдындағы тазалықтан сапасына бақылауды жүргізіңіз.
8. Азопирам реактивінен жұмысшы ерітіндіні даярлаңыз (жұмысшы реактивтін пайдалану мерзімі даярлағаннан кейін 2 сағат).
9. Жұмысшы реактивті тамызғышпен медицинада тағайындалған құралдарға тамызыңыз (корпусына және қуысына, биологиялық сұйықтықпен жанасқан жерлеріне).
10. Медицинада тағайындалған құралдарды аққан реактивтің түсін бақылай отыра мақтаның немесе сүрткінің үстінен ұстаңыз.
11. Азопирам байқауының нәтижесін бағалаңыз.
Азопирам байқауының нәтижесі
Байқау оң болған жағдайда реактивтің түсі өзгереді:
Көк-күлгін түске – егер де заттарда жасырынды қан қалса
Күрең-қоңыр түске – егер де заттарда хлоры бар қышқылдар, тот қалса
Қызғылт түске – егер де заттарда жуушы зат қалдығы қалса
Реакция оң болады, егер де боялу болса (1 минуттан кейін)
Боялу, кештетіп болатын болса, онда ол есептелмейді (1 минуттан көп);
Қанға реакция оң болса онда тазартылған барлық топ заттар қайтадан өңдеуге жатады,
жуушы ерітіндіге малынған кезеңінен бастап;
Синтетикалық жуушы заттарға, зарарсыздандыру заттарына реакция оң болса, онда
барлық топтағы тазартылған заттар қайтадан тазартылады,ағынды суда шайқау кезеңінен Байқау теріс (кері) болса, реактивтің түсі өзгермейді.
12. Қолданған байқауға арналған құралдарға шайқау мен залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізуді жүргізіңіз.
13. Медицинада тағайындалған құралдарды тазартылған суда 0,5 минут бойы жуыңыз.
14. Ыстық ауа шкафында t -850 С ылғалды толық кеткенге дейін медицинада тағайындалған
құралдарды кептіріңіз.
ЖҰҚПАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҚОЛДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ДЕҢГЕЙДЕ ТАЗАРТУ
Мақсаты: науқастармен немесе қоршаган орта объектілерімен жанасу нәтижесінде медициналық кызметкерлердің қол терісі ластанғанда, транзиторлы микрофлора мен ласты жою, науқас пен кызметкерлерге жұкпалы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Қолдану көрсетілімдері: тамақты үлестіру алдында, науқасты тамақтандырғанда; әжетханаға барғаннан кейін; науқасқа күтім жүргізер алдында және жүргізгеннен кейін, егер науқастың биологиялық сұйықтықтарымен қолдары ластанбағанда.
Дайындаңыз: бір рет қолданылатын мөлшерлегіштегі сұйық сабынды, секундтық тілі бар сағатты, кағаз сүлгілерді.
Іс-әрекет алгоритмі!:
Саусақтардан сақинаны, жүзікті, сағатты және тағы да басқа әшекей-бұйымдарды шешіңіз, қол терісінің бүтіндігін тексеріңіз.
1. Халаттың жеңдері білектің 2/3 бөлігіне дейін кайырып ораңыз.
2. Су шүмегін ашып, судың температурасын (35-400С) реттеңіз.
3. Ағынды судың астында қолыңызды білектің 2/3 бөлігіне дейін 30 секунд бойы сабындап жуыңыз, қолдың саусақтарына, саусақ аралық аймағына, көңіл бөліңіз, содан кейін әрбір қолдың сыртқы бетін және алақанның, үлкен саусақтардың негізін айналмалы қозғалыспен жуыңыз, егер де қол терісінің беті мұқият сабындалса және теріде лас аймақ қалдырылмаса осы уақыт қолды әлеуметтік деңгейде тазартуға жеткілікті.
4. Сабынды көбікті кетіру үшін ағынды судың астында қолыңызды шайыңыз (қолыңыздың саусақтарын жоғары қаратып ұстаңыз, жуғышқа тигізбей су шынтақтан жуғышқа ағуы қажет, қолдың саусақтары өте таза болуы керек).
5. Шүмекті жабыңыз.
6. Қолыңызды қағаз сүлгімен кептіріңіз
ҚОЛДЫ ГИГИЕНАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ТАЗАРТУ
Мақсаты: транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою. Науқастың және медициналық
қызметкердің жұқпалы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қолдану көрсетілімдері: инвазивті емшараларды орындар алдында және орындаған соң,
қолғаптарды кию алдында және шешкеннен соң, организмнің биологиялық сұйықтықтарымен жанасқаннан соң және мүмкін болатын микробтық ластанудан кейін, иммунитеті төмендеген науқасқа күтім жүргізер алдында.
Дайындаңыз: бір рет қолдануға арналған мөршерлегіштегі сұйық сабынды, тері антисептигін, секундтік тілі бар сағатты, жылы ағынды суды, қағаз сүлгіні, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Қолдың саусақтарынан сақинаны, жүзікті, сағатты және тағы да басқа әшекей-бұйымдарды шешіңіз.
2. Қол терісінің бүтіндігін тексеріңіз.
3. Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне дейін қайырып ораңыз.
4. Қағаз салфеткалар көмегімен су шүмегін ашып, судың температурасын (35-400 С) реттеңіз. Ол шүмекте орналасқан микроорганизмдермен қолдың жанасуын қорғайды.
5. Жылы судың жайлы орташа ағымы астында қолды білектің 2/3 бөлігіне дейін жігерлі сабындап, келесі ізбе-ізділікпен жуыңыз:
- алақанды алақанмен;
- сол қолдың сыртқы жақ бетін оң алақанымен және керісінше;
- алақанды алақанмен, бір қолдың саусақтары екінші қолдың саусақтары арасында;
- оң қолдың саусақтарының сыртқы беті сол қолдың алақаны бойынша және керісінше;
- үлкен саусақтарды айналмалы қозғалыспен үйкелеңіз;
- сол қолдың саусақтарының ұшын бірге жинастырып, оң алақанға айналмалы қозғалыспен және керісінше.
Әрбір іс-қимыл 5 реттен кем емес 10 секунд бойы қайталанады.
6. Қолыңызды ағынды жылы судың астында сабын толық кеткенше шайыңыз.
7. Шүмекті қолыңыздың оң немесе сол шынтағымен жабыңыз.
8. Қолыңызды қағаз сүлгімен құрғатыңыз. Егер де шынтақты шүмек болмаса, онда кранды қағаз сүлгі көмегімен жабыңыз.
Ескерту:
- қолды гигиеналық деңгейде жууға қажетті жағдай болмағанда, оларды антисептик көмегімен тазартуға болады;
- 3-5 мл антисептикалық затты құрғақ қолдарға жағып және оны қол терісіне кеуіп кеткенше ысқылаңыз. Саусақ ұшын, тырнақ айналасындағы теріні, саусақ аралығын тазартуға айрықша көңіл бөліңіз.
- Науқасты тексергеннен кейін немесе емшара жүргізгеннен кейін қолғапты шешпей сабындап қолды 2 рет жуу қажет және оларды шешкеннен кейін қайталап жуады. Қолды тазартқаннан кейін сүртудің қажеті жоқ! Сонымен қатар әсер ету уақытын сақтау маңызды – қолдар антисептикпен 15 секундтан кем емес уақыт ылғалды болып тұруы керек;
- тері бетін тазартқанда «тазадан ласқа» принципі сақталады; - жуылған қолды басқа заттарға тигізуге болмайды.
ҚОЛДЫ ТЕРІ АНТИСЕПТИГІМЕН ТАЗАРТУ
Мақсаты: транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою. Науқас пен медициналық
қызметкерлерге жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Қолдану көрсетілімдері: иньекция, катетерлеу алдында, операция жасар алдында,
инвазивті емшараларды орындау алдында және орындағаннан кейін организмнің биологиялық сұйықтықтармен жанасқаннан соң және мүмкін болатын микробтық ластанудан кейін.
Қарсы көрсетілімдері: қолда және денеде іріңдердің, теріде сызаттан және жарақаттың, тері ауруларының болуы.
Іс-әрекет алгоритмі
1. Қолыңызға гигиеналық деңгейде тазарту жүргізіңіз (стандартты қара).
2. Қолыңызды қағаз сүлгімен құрғатыңыз.
3. 3-5 мл антисептикалық затты алақаныңызға жағыңыз және оны 30 секунд бойы теріге
келесі ізбе-ізділікпен ысқылаңыз:
- алақанды алақанмен,
- сол қолдың сыртқы жақ бетін оң алақанмен және керісінше,
- алақанды алақанмен, бір қолдың саусақтары екінші қолдың саусақтары арасында,
- оң қолдың саусақтарының сыртқы беті сол қолдың алақаны бойынша және керісінше,
- үлкен саусақтарды айналмалы қозғалыспен,
- сол қолдың саусақтарының ұшын бірге жинастырып, оң алақанға айналмалы қозғалыспен және керісінше,
Қол терісінде антисептиктің толық кебуін қамтамасыз етіңіз.
Ескерту: антисептикті қолданар алдында әдістемелік нұсқауын оқып білу қажет. Қолды зарарсыздандыру әсерлігі ұсынылған тазарту уақыты ішінде оларды ылғалды жағдайға ұстау орындауға тиісті шарт болып табылады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет