10. Медициналық қалдықтардың классификациясы, қалдықтарды жинау, сақтау және жою бойынша лауазымды адамдардың функционалдық міндеттері. медициналық қалдықтар - медициналық қызмет көрсету және медициналық қол әрекетін жүргізу үрдісі барысында түзілетін қалдықтар. медициналық қалдықтарды зарарсыздандыру - механикалық, физикалық, химиялық немесе биологиялық өңдеу арқылы медициналық қалдықтардың қауіпті қасиеттерін азайту немесе жою. Медициналық қалдықтар қауіптілік дәрежесі бойынша қауіптіліктің 5 класына бөлінеді:
1) А класы - қатты тұрмыстық қалдықтарға ұқсас, қауіпті емес медициналық қалдықтар; Әкімшілік, шаруашылық бөлмеледе, бөлімше палаталарында, тамақтану блоктары,буф-етте пайда болады. Бұл классқа қалдықтарды жинау сыйымдылықтарда немесе бір реттік қолданылатын пакеттерде жүзеге асырылады. Бір реттік қолданылатын пакеттер арнайы арбаларда немесе сыйымдылықтың ішінде орналасуы тиіс. Бұл сыйымдылықтар, пакеттер контейнерлер орнатылған жерге жеткізіледі. Яғни өзіне тиесілі контейнерге салынады
2) Б класы - қауіпті (қатерлі) медициналық қалдықтар; Операциялық, реанимациялық, манипуляциялық диагностикалық бөлімшелерде, егу таңу бөлмелерінде, жұқпалы, тері-венерологиялық бөлмелерде, санитарлы бөлмеде және әжетханаларда болады. Эпидемиялогиялық қауіпті медициналық қалдықтар. Қанмен және басқада биологиялық сұйықтықтармен ластанған материалдар және аспаптар, заттар. Мысалы: инфекциялық бөлімшелердің тамақ қалдықтары жатады. Бұл қалдықтармен бір реттік қолданылатын пакеттің үштен екі бөлігі толтырылғаннан кейін, қызметкерлер оларды байлайды. Пакетпен жүргізілген барлық жұмыстар дәкелік бетперде және резеңке қолғап киіп жүргізіледі.
3) В класы - төтенше қауіпті медициналық қалдықтар; Аса қатерлі және карантинді инфекция бөлімшелерде, ЖҚТБ ауруы палаталарында, 1,2-ші патогендік тобындағы микроорганизмдермен жұмыс істейтін лабораторияларда болады. Төтенше эпидемиялогиялық қауіпті медициналық қалдықтар. Аса қауіпті және карантиндік инфекциялық аурулармен ауратын науқастармен жанасқан қалдықтар.
Мысалы: Туберкулезбен ауратын науқастың қалдықтары жатады.
4) Г класы - құрамы бойынша өнеркәсіптік қалдықтарға ұқсас медициналық қалдықтар; Құрамы бойынша өнер кәсіпке жақын медициналық қалдықтар. Диагностикалық,химиотерапевттік, патологиялық бөлімшелерде, фармацептикалы цехта, аптека, химиялық лабораторияда болады. Токсикологиялық қауіпті медициналық қалдықтар. Жарамдылық мерізімі өткен дәрі-дәрмектер, диагностикалық препараттар вакциналар, зарарсыздандырғыш заттар, цитостатиктер және басқа да химиялық заттар, құрамында сынабы бар заттар, аспаптар және жабдықтар.
5) Д класы - радиоактивті медициналық қалдықтар. Диагностикалық зертханаларда, радиоизотоптық зертханаларда, рентген кабинеттерінде болады. Құрамында радиоактивтік құрауыштары бар медициналық қалдықтардың барлық түрлері.
•(түссіз)
Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу мынадай кезеңдерді қамтуы тиіс:
1) медициналық қалдықтарды түзілген орнында жинау және зарарсыздандыру;
2) (А класындағы) медициналық қалдықтарды нысанның аумағында контейнерлерде немесе арнайы бөлінген үй-жайларда уақытша сақтау (А класынан басқа кластар);
3) медициналық қалдықтарды көму немесе термикалық әдіспен залалсыздандыру (өртеу) орнына контейнерлерді тасымалдау;
4) медициналық қалдықтарды термикалық әдіспен залалсыздандыру (өртеу) немесе көму.
Медициналық қалдықтарды жинауға су өтпейтін бір реттік қолданылатын қағаз қаптар, пакеттер, металдық және пластикалық сыйымдылықтар, қауіпсіз кәдеге жарату қораптары (бұдан әрі - ҚКЖҚ) пайдаланылады. Қалдықтардың әртүрлі класын жинауға арналған пакеттердің түсі әртүрлі болуға тиіс; контейнерлер, сыйымдылықтардың - таңбасы болуы керек. Қауіпті қалдықтарды жинауға арналған метал және пластикалық сыйымдылықтардың, контейнерлердің қақпағы тығыз жабылуға тиіс. ҚКЖҚ көлемінің үштен екі бөлігінен артық емес толтырылуы және бір тәуліктен артық емес уақытқа ғана сақталуы тиіс.
Медициналық қалдықтарды жинауға арналған пакеттердің түстері мынадай болуы тиіс: А класының қалдықтары - ақ, Б - сары, В - қызыл, Г -қара, Д- түссіз.
Жауаптылардың функциональдық қызметі:
Нысанның жауапты маманы жұмыс орнында қызметкерлерді медициналық қалдықтармен жұмыс істеудің қауіпсіз ережелеріне оқытып, оның орындалуын бақылауы керек.
Нысанаға жауапты адам санитарлық ережедегі үлгі бойынша журналға медициналық қалдықтар санын және сапасын күнделікті есепке алып отырады.
Медициналық қалдықтарды көлік құралдарына тиген сәттен бастап белгіленген жерде оларды қабылдағанға дейін тасымалдауды жүзеге асыратын адам олармен жұмыс істегенде қауіпсіздік шараларын сақтауға тиіс.
А,Б,В класына жататынқалдықтар түзілген орнында1 тәуліктен аспайтындай, ал уақытша сақтайтын арнайыалаңқайдағыконтейнерлерде немесе үй-жайларда қалдықтардысыйымдылықтарында 3тәуліктен аспайтындайуақытта сақталады.
Б класының биологиялық қалдықтары, сондай-ақ тағам қалдықтары плюс 5 0 С-тан аспайтын температурада сақталады. В класының қалдықтарын жою басқа кластағы қалдықтардан бөлек жүзеге асырылады. Г класының медициналық қалдықтарын сақтау осы мақсат үшін арнайы бөлінген қосалқы үй-жайларда жүргізіледі.