Дифференциалды сынақ сұрақтары «Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің жұмысын ұйымдастыру


Науқасты тыныс алу органдарын диагностикалаудың рентгенологиялық әдістеріне дайындау және мақсаты



бет31/39
Дата24.04.2023
өлшемі137,24 Kb.
#85943
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39
Байланысты:
КК ДИФ ЗАЧЕТ

29. Науқасты тыныс алу органдарын диагностикалаудың рентгенологиялық әдістеріне дайындау және мақсаты.
Өкпенің рентгені - зерттеудің ең көп тараған және ақпараттық әдісі болып табылады. Бұл диагностикалық әдіс респираторлық аурулардың болуын анықтауға болады: өкпенің (пневмония) қабынуы;қатерлі ісіктер;туберкулез;кеуде жарақат.
Наусқасқа жолдама қағазы жазылады(аты –жөнін,тексеруден өткізу мақсаты,кабинет номері)
РӘСІМДЕРІН ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ
Алдын ала науқасты дайындау қажет емес. Науқас зергерлік бұйымдарын (шынжырлар, моншақтар, алқаларды) алып тастау қажет.Науқастан белге дейінгі киімдерін шешуді сұраймыз.Кейін рентген уақытында демалмауы керек екенін ескертеміз.Келесі, дәрігер қалаған проекциясын (алдыңғы, артқы, немесе кейде сурет жанынан) таңдайды.
Флюорография.Өкпе флюорографиясы профалактикалық мақсатта барлық ересектерге жүргізіледі,туберкулездің,қатерлі ісіктердің және көкіректегі ісіктердің ерте кезеңнің уақытында анықтау үшін.Флюорография денсаулық сақтау саласының ұсыныстарына сәйкес, кем дегенде екі жылда бір рет өтіледі.
науқасты Бронхографияға дайындау


Бронхография – тыныс алу (бронхтардың) мүшелерінің ауа жүретін жолдарын контрасты әдіспен зерттеу.
Мақсаты: бронхиальды ағаштың тесік жағдайын зерттеу, бронхтармен қатынасты қуысты ісіктерді анықтау.
Қолдану көреетілімдері: бронхоэктазды ауру, бронхиальды ағаштың аномальды дамуы, созылмалы бронхит, бронх-өкпе кисталары, бронх пен өкпенің қатерсіз және қатерлі ісіктері және т.б.
Қарсы көрсетілімдері: жоғарғы дене қызуымен болатын жедел өкпе аурулары, өкпеден тыс этиологиясындағы қызбалық жағдай, жүрек ақауы, өкпеден қан кету.
Асқынулар: контрасты затқа аллергиялық реакциялар.
Бронхографияны дәрігер жүргізеді.


Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқаспен сенімді қарым-қатынас орналастырыңыз.

  2. Алда болатын зерттеудің мақсатын, барысын және мағынасын науқасқа түсіндіріңіз және оның келісімін алыңыз.

  3. Зерттеу алдында таңертен тамақ қабылдауды, су ішуді, темекі шегуді тоқтатыңыз (зерттеу таңертең аш қарында жүргізіледі).

  4. Науқасты ауру тарихымен тағайындалған уақытқа рентген кабинетіне апарыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет