Дифтериялық круп негізінде қандай патогенетикалық механизм жатыр?



Дата14.05.2023
өлшемі57,38 Kb.
#92909
Байланысты:
Гос тесты СД- 1.


Дифтериялық круп негізінде қандай патогенетикалық механизм жатыр?
Көмей фиброзды қабатының жедел қабынуы
Көмей шырышты қабатының жедел қабынуы
Көмей шырышты қабатының созылмалы қабынуы
Маңдай қойнауының жедел қабынуы
Торлы қойнаудың жедел қабынуы


АИТВ инфекциясымен ауыратын пациенттер конфиденциалды түрде медициналық тексеріске міндетті:
Донор
12 жастан кіші балалар
Репродуктивті жастағы әйел адамдар
Мектептегі жоғарғы сыныптағы оқушылар
21 жастан асқан ер адамдар


Жедел холеститтің негізгі клиникасы:
Оң жақ қабырға астындағы тұрақты ауырсыну
Іш аймағындағы ауырсыну, іш өту
Іштің кебуі, іш қату, температураның жоғарылауы
Белді айналдыратын ауырсыну, көп ретті құсу
Бел аймағындағы жауырынға иррадиация беретін ауырсыну, іш кебуі


Сауда орталығына келушілер кенеттен бір орында қатып қалған адамға назар аударды. Беттің көрінісі жоқ, көз қарасы бір нүктеде. Аталған симптомдар тән:
кататоникалық ступор
кататоникалық қозуға
ипохондриялық синдромға
астениялық синдромға
аментивті синдромға


Көру өткірлігін анықтауда науқас пен Головин – Сивцев кестесі аралығындағы қашықтық тең:
5 м






Қою шие түстес қанның үздіксіз ағуы қандай қан кетуге тән:
венозды
аралас
капиллярлы
артериальды
тамырлық
Медбике аллергологиялық анамнезді жинау барысында анықтау керек:
дәрілік заттарды көтере алмаушылық
темекі шегеді ме
пацинтте қызба бар ма
инфекциялық аурулармен ауырды ма
алкогольді қолдана ма


Пациентке бұлшық етке антибиотик енгізген соң жағдай бірден нашарлады: ентігу пайда болды, суық тер басты, науқас есінен танды. Дамыған асқынудың қай түрі?
Анафилактикалық шок
Естен тану
Коллапс
Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
Инфекциялы – токсикалық шок
Науқас К. 42 жаста, мейіргерге қиын және жиі, ауырсынумен зәр шығаруға, дене температурасының жоғарылауына, жалпы әлсіздік, қабілеттіліктің төмендеуіне шағымданады. Зәр шығарудың қай құбылысы?
Странгурия
дизурия
ишурия
поллакиурия
полурия


Пневмониямен ауыратын науқастың туыстары жөтелдің күшеюіне, мол көлемді, жағымсыз иісті қан аралас іріңді қақырықтың болуына шағымданады. Өкпе аускультациясында амфорлы тыныс, ылғалды орта және ірі көпіршікті сырылдар. Науқаста дамыған синдромдар?
Өкпедегі қуыс
Ателектаз
Бронх обструкциясы
Өкпе тінінің тығыздығы
Өкпе тінінің жоғары ауалылығы


Медбике босанудан кейінгі патронажды нешінші тәулікте жүргізеді?
Алғашқы 3 күн
7 күн
14 күн
21 күн
Алғашқы айдың кез келген күні
Науқас К., 40 жаста ауруханаға есін жоғалтумен және тонико – клоникалық тырысулармен әкелді. Ең тиімді зерттеу әдісін таңда:
электроэнцефалография
электромиография
эхо - энцефалография
реоэнцефалография
ультрадыбыстық допплерография


Жеңіл дәрежелі анемия диагностикаланған баланың тамақтану рационы бойынша анасына беретін ұсынысты көрсетіңіз:
ет, балық, субөнімдері, қарақұмық және сұлы жармасын қолдану
сүт, қышқыл – сүт өнімдері
жемістер, көкеніс салатын, винегрет, көкеніс консервілерін қолдану
көкеніс сорпасын, емдәмдік шұжықтар , ботқалар, макорон қолдану, тұзды шектеу
ет, балық, субөнімдер, саңырауқұлақтар, бұршақ дақылдарын шектеу


Нәрестеге 12 ай бұрын босану үйінде БЦЖ жасалған. Вакцинация жасалғандығын және ағзаның туберкулез микобакерия бар екендігін білдіретін екпелік реакцияны көрсетіңіз:
Тыртық
Дақ
Папула
Қабыршық
Везикула


Бала 6 жаста медициналық көмекке жүгінді.Жіті ауырды, ангинадан кейін дене қызуы 39 дейін көтерілді, ісінулер пайда болды. Балада бозарған жалпы ісінулер. Қан анализі: лейкоцитоз, ЭТЖ-44мм сағатына. Зәр анализі: ақуыз-3,8%, эритроциттер-10-15.
Жедел гломерулонефрит
Жедел пиелонефриті
Несеп –тас ауруы
Созылмалы пиелонефрит
Созылмалы гломерулонефрит


9 жасар қыз қант диабетімен ауырады.Таңертең 20 бірлік инсулин егеді. Инсулин енгізілгеннен кейін мектепке асығып, таңғы ас ішпеді.Бірінші сабақта кенеттен тырысулар пайда болып,есінен айырылды.Тері ылғалды,беткей тыныс алу, көзінің қарашығы кеңейтілген, клонико-тоникалық тырысулар. Сіздің болжам диагнозыңыз?
Гипогликемиялық кома
Гипергликемиялық кома
Кетоациодотикалық кома
Конвульсиялық синдром
Ацетонемиялық кома


Науқасқа ішке қабылдауға антибиотиктер тағайындалған.Медбике антибиотиктің концентрациясын бірқалыпты ұстау үшін не жасау қажет?
Препаратты қабылдауда дұрыс уақыт ара-қашықтығын сақтау
Науқастың қолына жеткілікті мөлшерде дәріні беру
Дәріні тамаққа дейін қабылдау
Препаратты жоғары дозада тағайындау
Енгізу жолын дұрыс қадағалау


Асқорту мүшелерінің мүмкін болатын диагностикалау мақсатында адамның нәжісі (микроскопиялык,макроскопиялык,химиялык) зертхана әдісін көрсетіңіз:
копрологиягалық тексеруге нәжіс
бактериялык тексеруге нәжіс
құрттар жұмырткасына нәжіс
жасырын канга нәжіс
дисбактериозга нәжіс


Ауруханада емделіп жатқан науқастың дене қызуы күнделікті біртіндеп жоғарылап, біртіндеп қалыпты болғанша төмендейді.Қызбаның түрін анықтаңыз:
Толқын тәріздес
Тұрақты
Гектикалық
Бұрыс
Қайталанбалы
Науқаста түнде кенеттен ауа жетіспеушілік сезім пайда болып,тыныс алудың қиындауымен тұншығуға алмасқан.Сонымен қоса әлсіздік,алғашында құрғақ жөтелден кейін қызғылт түсті көпіршікті қақырық пайда болған.Обьективті: аяқтарын төмен түсіріп отыр, мазасы кеткен, мойын көк тамырлары шодырайған.Осы жағынан көрсетілетін шұғыл жәрдем:
Оттегі спирт арқылы ингаляциялау
Бумен ингаляция жасау
Вентолинмен ингаляция жасау
Көк тамырға эуфиллин егу
Амбробенемен ингаляция жасау

Жедел коронарлык синдромнын белгілері:
бірінеше сағат бойы төс артындагы күйдіретін батып ауырсыну
төс артындагы кыска мерзімді ауырсыну, кысатын сипатта
жүрек ұшында шаншитын сипаттағы ауырсыну
жүрек аймагындағы тұракты сыздап ауырсыну
жөтел кезінде кушейетін кеуде торынын сол жак жартысындагы шаншып ауырсыну, қызба


Біріншілік профилактика деген ұғымға кіреді:
аурудың себебін жане ауруға әкелетін факторларды жою арқылы алдын алу
организмнің резистетнттілігін зерттеу
ауруларды және функционалдык бұзылыстарды ерте анықтау
жедел аурулары бар науқастарды бакылау
созылмалы аурулары бар науқастарды бақылау


Мұрыннан қан кеткен науқасқа көмек көрсету кезінде мейірбикенің қолына қаны тамды.Мейірбикенің осы кезде дұрыс тактикасы:
ағынды сумен жуу
5% калий пермаганаты ерітіндісімен өңдеу
бриллиант көгінің 1% ерітіндісімен өңдеу
70% этил спиртімен 2 рет өндеу
4% натрий гидрокарбонатымен өндеу


Қабылдау бөліміне науқас ес- түссіз түсті, карау кезінде терісі салқындаған, наукас бозарған, анамнезінде 1типті қант диабеті.Терең шулы сирек тыныспен сипатталатын тыныс түрін көрсетіңіз:
Куссмауль
Биот
Грок-Фругони
Чейна-Стокс
Гаспинг
Тромбофлебиттің алдын- алу үшін тамырішілік иньекция жүргізуде медбике мына ережеге сүйену керек:
венепункция орындарын ауыстыру
аллергиялык анамнезді мұқият жинау
асептика және антисептика ережелерін сақтау
иньекция алдында шприцтен ауаны шығару
шприцте бірнеше миллилитр ерітіндіні қалдыру


Балалар урологиясы бөлімшесіне несеп шыгау жолдарының туа пайда болған ақауымен хирургиялык коррекциялаудан кейін зәр шығару бұзылыстарымен наукас келді. Науқаста никтурия байкалады. Никтурия деген не?
түнгі диурездің күндізгі диурезден көп болуы
ауырсынатын, қиын зәр шығару
зәр шығарудың жиіленуі
тәуліктік зәр көлемінің 2 литрден асуы
тәуліктік зәр көлемі 500мл аз болуы


Пациентке қай калыпта талаққа пальпация жүргізіледі:
оң қырында
сол кырында
шалқасынан жатқанда
отырғанда
тұрғанда
Тыныс алу қимылының тереңдігі мен жиілігінің жиілеуімен жүретін субъективті ауа жетпеу сезімі:
ентігу
тұншығу
жөтел
тахипноз
брадипноз


Тері жамылғыларының бозаруымен, сілекей ағумен, бас айналу сезімімен жүретін төс астындағы жағымсыз сезім:
жүрек айну
қыжыл
кекіру
құсу
лоқсу


Науқас М.,52 жаста, ентігу, тез шаршағыштыққа, еңбекке қабілетінің төмендеуіне шағымданады. Қарау кезінде жағдайы орташа қанағаттанарлық болып түсті, тамақтануы жоғары, ішкі мүшелерінде патология анықталған жоқ. Салмағы-92кг, бойы-168см. Осы науқастың дене салмағы индексі?
32,8
28,9
35,8
36,9
38,8


Нәрестеде ортақ 4 қауіп белгілерінің бірі болса, оны тездетіп ауруханаға жіберу керек. Соны белгілеңіз:
осы ауру кезінде тырысу болса
нәресте нашар емеді
қатты жөтеледі
мазасыздану
қатты жылайды
Науқас құсқан кезде құсық қалдықтары тыныс алу жолына түсті, науқас көгеріп, жөтеле бастады, тыныс алуы қиындады.Мейіргердің іс-әрекеті:
Ауыз қуысын тазарту, тыныс алуды ынталандыру
Дәрігер- реаниматологты шақыру
Жедел түрде трахеостомия жасау керек
Асқазанға сүңгі салу, фонендоскоппен тыңдау
Сырт киімдерін шешу, тез арада емханаға жеткізу


Науқас 50 жаста фельдшерге келесі шағымдармен қаралды: шынтақ-білезік буындары және қол басы саусақ буындарының сыздап ауыруы, буындарының сіресуі, қиын қозғалуы, тез шаршағыштық, жалпы әлсіздік. Науқас бірнеше жыл көлемінде өзін аурумын санайды. Аймақтық дәргерде ревматоидты артрит диагнозымен есепте тұрады. Стационарлық деңгейде бірнеше рет ем алған. Ауруының соңғы өршуіне 5-6 ай көлем болған, физиотерапияның келесі түрі тиімді:
гальванизация әдісі
ингаляциялық әдіс
ультрадыбыс әдісі
флюктуоризация
индуктотермиялық әдіс


Қанның резус-фактоын анықтауда медбике анти-Д-супер цоликлонын қолданды, планшетте 0,1 мл цоликлон және 0,01 мл қанды араластырды. Нәтижесін қанша уақыттан кейін бағалау қажет:
3 минуттан кейін
араластырғаннан кейін
1 минуттан кейін
5 минуттан кейін
10 минуттан кейін


Жоғары көңіл-күймен, айқын мимика және ыммен, жылдам сөйлеумен, жоғары әрекетпен сипатталатын қозу:
маниакальды
аутестикалық
катотоникалық
гебефрениялық
астениялы


Интеллект бұзылыстарына жатады:
деменция
ұйқының бұзылысы
эйфория
астения
конфабуляция


55 жастағы ер адам көңіл-күйдің төмендеуіне, ұйқысыздыққа шағымданады. Науқаста барлығына пессимистік көзқарас анықталады. Жанұясында өзінен ешкім үй жұмыстарымен айналыспайтындығын айтады.Жағдайы көршілермен арасында соттық дау-дамай шыққаннан кейін нашарлаған. Болжам диагнозы:
Психогенді депрессия
Эндогенді депрессия
Атипті депрессия
Маникальді психоз
циклотимия


32 жастағы героиндік наркоманиямен зардап шегетін науқас соңғы 3 күнінде еріксіз наркотик қабылдауды тоқтатқан. Нарколог қарауы кезінде бүкіл денесінің күшті ауру сезіміне, жүрегі мен асқазанындағы жағымсыз сезімге, жүрек айну және іш өтуіне шағымданады. Қозғалыс мазасыздығы жағдайында, сұраққа тітіркеніп жауап береді, үнемі наркотик немесе қандай да бір дәрі беруді сұрайды. Емді неден бастау керек:
психофармакотерапиядан
психотерапиядан
инелік рефлексотерапиядан
психоактивті заттарға мүлдем тиым салудан
электро-тырысулы терапиядан


Эпилепсиялық статустың 1 сатысында шұғыл көмек көрсету кезеңінде енгізілетін дәрілік препаратты көрсетіңіз:
10 мг диазепам к/т
40℅ глюкоза ерітіндісі к/т
  Дәрумен В1-5 мл к/т
  Дексаметазон 4 мг, к/т
  2,0-4,0 мл фуросемид к/т


Аз интенсивті жаттығуларға жатады:
Иықтың пронациясы мен супинациясы
Ортаңғы темпте отырып, тұру
Минутына жылдамдығы 90 адым жүру
Минутына жылдамдығы 100 адым жүру
200 метрге жүгіру


Бұлшықеттің электрлік белсенділігін анықтайтын әдіске жатады:
Миография
Миотонусометрия
Динамометрия
Электроэнцефалография
Денситометрия


Науқас 50 жаста ЖИА-мен ауырады, ауруханадан шыққан.Қандай мекемелерде реабилитацияны жалғастырады?
Шипажайда, емханада
Әйелдер консультациясында, күндізгі ауруханада
Физкультуралық диспенсерде, жедел –жәрдем станциясында
Емханада, жедел-жәрдем станциясында
Денсаулық орталығында, медициналық санитарлық бөлімде


Науқас Е. 50 жаста. Қант диабетінің орташа дәрежесімен сырқаттанады. Шағымы: аяқтарының қақсап ауырсынуы, әлсіздік, жиі шөлдегіштік, ентікпе. Емдік жаттығулардың әсері тиімді болу үшін жаттығулар келесі уақытқа созылу керек:
20-30минут
30-40минут
10-15минут
25-35минут
15-20минут


Ультрадыбыста әсер етуші фактор болып саналады:
Механикалық энергия
Электромагнитті аймақ
Тұрақты ток
Импульсты ток
Электрлі аймақ


Дәрілік электрофорездің әсер ету ерекшелігі негізделеді:
Дәрілік препараттардың әсер ету аймағында жинақталуымен
Дәрілік препараттың көп мөлшерінің түсуімен
Терінің зақымдануымен
Әсер ету аймағында жылудың түзілуімен
Бұлшық еттердің электрлі ынталануымен


Науқас тез ашуланады, басқалардан тыныш сөйлеуді сұрайды, перделерді жабуды сұрайды, себебі «күндізгі жарық көзін шағылыстырады». Бұзылу түрін анықта:
Гиперстезия
Парестезия
Дереализация
Деперсонализация
Гипостезия


Науқас айналаға қарап тұрып, терезеден біреу оны шақырып тұрғанын айтады және оған жауап қайтарады. Дәл осы жағдай басқалардың да бірдей естиді.Бұзылуды анықтаңыз:
Шынайы галлюзинация
Психосенсорлық бұзылулар
Рефлекторлы галлюцинация
Парейдолиялық иллюзия
Псевдогаллюцинация


Науқаста құлақ құлығы. Дәрігер 3% сутегі асқын тотығының 5 тамшысын есту жолына тамызуды тағайындады. Медбике қолын өңдеді, науқасты отырғызып бір жаққа еңкейтті, науқастың киімін жаялықпен шектеді, құлақ қалқанын жоғары және артқа ығыстырды, пипеткамен тағайындалған препараттың 5 тамшысын тамызды, препарат таралу үшін құлақ төмпешігіне басты, есту жолын мақта тампонмен жапты, бірнеше минут осы қалыпта отыруын сұрады. Медбикенің жасаған қатесін көрсетіңіз:
Енгізер алдында ерітіндіні 37-380С дейін жылыту керек
Есту өтісін мақтамен жабудың қажеті жлқ
Есту жолын мақталы-бинттік байламмен жабу
Емшара стандарт бойынша жүргізілген
Ерітіндіні 40-450С дейін жылыту керек


Қабылдау бөліміне іштің тұйық жарақатын алған науқас перитонит белгілерімен келді. АҚ 70/40 мм.с.б.б. дейін төмендеген. Қан құюға көрсеткіш:
Массивті қан жоғалту
Жедел ревматикалық қызба
Өкпе ісінуі
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі
Бүйрек жеткіліксіздігі


Медициналық пунктке оң иық буынын қатты жарақаттаған науқас келді. Қарау кезінде медбике оң иықтың конфигурациясының өзгеруін және қолдарының ұзындықтарының айырмашылығын, осы буынның қимылы шектелгенін анықтады. Сіздің болжамды диагнозыңыз:
Буынның шығуы
Созылу
Сынық
Соғылу
Булшықеттердің жыртылуы


А вирусты гепатитінің сарғаюсыз түріне биохимиялық көрсеткіштердің қандай өзгерістері тән:
трансаминазалар деңгейінің жоғарлауы
холестерин деңгейінің жоғарлауы
гипербилирубинемия
трансаминазалар деңгейінің төмендеуі
сілтілі фосфатазаның жоғарлауы


Науқас төбелес кезінде ауыр затпен басынан соққы алды, есінен танды және құлады. Қарау кезінде мұрын мен құлақтан ликвор ағуда. Сіздің болжамды диагнозыңыз:
бас сүйек негізінің сынуы
бас миының соғылуы
бас миының шайқалуы
бас миының жаншылуы
субдуральды гематома


Электрдәнекерлеу кезінде көздің ультракүлгін сәулемен күюі жағдайында мейіргерлік алғашқы көмек көрсету алгоритмі:
көздің ауыру сезімін басу үшін 0,5% тетракаин немесе 1-2 % прокаин ерітіндісін тамызу
көзді сумен жуу
қабақтар астына тетрациклин майын салу, көзге таңғыш қою
көзге 0,3 % ципрофлоксацин (ципролет) ерітіндісін тамызу
көздің ауырсыну сезімін басу үшін 0,5% левомицитин немесе тетрациклин ерітіндісін тамызу


Дене температурасының 38-39 ºС дейін жоғарлауына, басының ауыруына, жұтыну кезінде тамағының ауруына, жоғары саливацияға шағымданған студент келді. Фарингоскопияда: бадамша бездердің ұлғаюы және гиперемия, көлемі 1-2 мм беткейінде көптеген домалақ сарғыш нүктелер. Аймақтық лимфа түйіндері үлкен, пальпацияда ауырсынады. Болжамды диагноз қойыңыз:
фолликулалы баспа
лакунарлы баспа
катаральды баспа
фибринозды баспа
ойық жаралы қабыршақтық баспа


Мұрын үстінің жарасына қандай таңғыштар салынады:
сақпанша (пращевидная) тәрізді
спирал тәрізді
бидай тәрізді
чепец
жорғалайтын


Балалардағы ойық жаралы патогенездің маңызы:
Helicobacter мен індеттену
шырышты қабықтың муицин түзу интенсивтілігінің жоғарылауы
Гастрин гистамин түзуші клеткалардың төмендеуі
Қышқыл пептид агрессияныі жоғарлауы
Асқазанның антральды бөлігінде бикарбонаттар секрециясының жоғарлауы


20 жастағы науқаста мұрын жарақатынан кейін қан кетті. Сіздің әрекетіңіз:
науқасты отырғызу, басын алдыға және төмен еңкейту, кеңсірігіне салқын қою және мұрын саңылауларына 3% сутегі асқын тотығына малынған тампон кою
науқасты отырғызу, басын шалқайту, кеңсірігіне салқын қою және мұрын саңылауларына 5% сутегі асқын тотығына малынған тампон кою
науқасты отырғызу, басын төменге және алдыға еңкейту, кеңсірігіне салқын қою және мұрына новокаин ерітіндісіне малынған тампон кою
науқасты отырғызу, басын шалқайту және кеңсірігіне салқын қою
науқасты отырғызу, басын төмен және алдыға шалқайту, кеңсірігіне салқын қою

question> Балада жедел ринит екішні сатысында мұрыннан бөлінетін сұйықтықтың сипаты қандай?


серозды бөлініс
шырышты бөлініс
шырышты іріңді бөлініс
жалқаяқ бөлініс
бөлініс болмайды


Иньекция жасағанда асептика мен антисептика ережелерін бұзу салдарынан дамитын асқыну:
Абсцесс
Ауалы эмболия
Аллергиялық реакция
А гепатиті
Дерматит


Пациентке бел аймағына физиотерапиялық емшара-электрофарез тағайындалды. Медбике жастықшаларды қоятын жерде тырналған ізді анықтады. Медбике әрекеті:
Дәрігерге хабарлап,емшараны жүргізбеу
Тырналғанды клеенкамен орап, емшараны жүргізу
Тырналғанды йодпен өңдеп, емшараны жүргізу
енгізілетін дәрінің мөлшері мен концентрациясысын азайтып, емшараны жүргізу
емшараның ұзақтығын азайтып, емшараны жүргізу


Жөтелі ұзаққа созылған науқасқа туберкулез микобактериясын анықтауға микроскопиялық зеттеуге қақырық алу тағайындалған. Зерттеуге қақырық алудың мерзімін белгілеңіз:
Таңертеңгі мезгілде 2 тәулік ішінде 3 қақырық үлгісін
2 тәулік ішінде 2 қақырық үлгісін тәуліктің кез келген мезгілінде
Кез келген тәуліктің екінші жартысында 2 қақырық үлгісін
3тәулікте 3 қақырық үлгісін
1 апта ішінде 3қақырық үлгісін


Инсульт кезіндегі бастың ауруы, жүрек айну, құсу, естен тану мына симптомына жатады:
жалпы милық
шешім қабылдайтын
реттелетін
реттелмейтін
ошақты


Инсульттан кейінгі жедел кезеңінде медбике пациенттің санасын, көз қарашығын, АҚ , жүрек соғу жиілігін, дем алу жиілігін тексереді:
әр 2 сағат
1 күннен кейін
1 күнде бір рет
әр 8 сағат
әр 5 сағат


Субдуральді гематоманың жиі кездесетін себебі:
бас сүйегінің зақымдануы
инфекциялық ауру
тамырдың тромбозы
артериалды гипертензия
артериалды гипотензия


Асқазан ойық жарасы перфорациясының белгісі:
эпигастрияда «пышақ сұққандай» ауырсыну
«кофе түстес құсық»
өт қышқылымен құсу
тұншығу
қара май тәрізді нәжіс


БЦЖ ревакциянациясы алдында балаға Манту сынағы жүргізілген. Нәтижесін қашан бағалайды:
72 сағаттан кейін
12 сағаттан кейін
2 сағаттан кейін
48 сағаттан кейін
24 сағаттан кейін


Алғашқы медико-санитарлық көмек деңгейінде ауру қаупі жоғары тұрғындар арасындағы туберкулезді ерте анықтау әдісін атаңыз:
Флюорография
Қақырықты бактериологиялық зерттеу
Компьютерлі томография
Қақырықтың бактериоскопиясы
Диаскинтест


АИТВ- инфекциясына күдік тудыратын симптомдарды белгілеңіз:
Лимфоаденопатия, 1 айдан артық субфебрильді дене қызуы
Ұзақ жөтел, әлсіздік, бұрыс типті қызба
Лимфоаденопатия, 3 айдан артық қайталанбалы қызба
Әлжуаздық, бас ауыру, субфебрильді температура
Тері қышымасы, дақты-папулалы бөртпе, жоғары қызба


Жамбастың сыртқы өлшемін анықтау үшін акушер әйелге бір қырына жатуын, үстіңгі аяғын созып, ал астыңғы аяғын тізе буынынан бүгіп жатуын өтінді. Акушер жамбастың қандай өлшемін анықтайды?
Conjugata externa
Conjugata lateralis
Distancia spinarum
Conjugata vera
Distancia cristarum


Акушер партограммада «10 минут ішіндегі толғақ санында» 5 торды бояды. Босану қандай жиілігімен және толғақ түрімен өтуде?
жақсы күшпен 5 толғақ
аз күшпен 5 толғақ
орта күшпен 5 толғақ
жақсы күшпен 2 толғақ
ретсіз толғақ


39-40 аптада босанудың 1 кезеңінде болашақ ана перзентханаға түсті.
5 сағаттан кейін сау қыз баланы дүниеге алып келді. Сәби туылғаннан кейін акушер құрсақта екінші бала болуын анықтау үшін, ішке пальпация жасады. Құрсақта екінші бала болмауына көзі анық жеткенде, акушер қан кетудің алдын-алу шараларына кірісті. Акушер қандай дәрі-дәрмек қолданды?
2.0 окситоцин, б/е
2.0 папаверин, б/е
1.0 метилэргометрин, б/е
1.0 дицинон, б/е
2.0 анальгин, б/е


6 сағат толғақ басталғаннан кейін, 39 жастағы қайта босанатын әйел адам перзентханаға түсті. Жағдайы қанағаттанарлық. Ұрық бойымен орналасқан, басымен шығуда, жүрек соққысы анық, ырғақты. PV: құрсақ мойыны тегіс, жатыр безінің ашылуы 10 см. Ұрық қабы тұтас. Басымен шығуда. Босанудың қандай кезеңі?
белсенді фаза, босанудың 1 кезеңі
дайындалу кезеңі
босанудың ІІ кезеңі
латентті фаза, босанудың 1 кезеңі
босанудың ІІІ кезеңі


Жүктілік 26 апта, аяғы ауыр әйелде амниотикалық сұйықтықтың төгілу шағымына байланысты істеу қажет:
Перзентханаға жіберу
Гинекологиялық бөлімшеге жіберу
Уақытша үйде бақылау
Терапиялық бөлімшеге жіберу
Хирургиялық бөлімшеге жіберу


53 см ұзындығы, салмағы 3500, тірі, сау ұл баланы 28 жастағы босанушы дүниеге алып келді. Сәби туылғанда ЖСЖ минутына 120, терісі қызғылт, дем алуы ырғақты минутына – 16, гипертонус. Жаңа туған сәбиге Апгар шкаласы бойынша қанша балл беруге болады?
5-7 балл
4-5 балл
2-3 балл
8-9 балл
9-10 балл


35 жастағы бірінші босанушы әйелге акушерді шақыртты. Жүктілік 35 апта. Күні бойы бас ауруы мазалады, соңғы сағаттарда күшейді, лоқсу пайда болды.
Обьективті қарау барысында беттің, қолдың, аяқтың, ісінуі анықталды, АҚ 170/110 мм. Ұрықтың жүрек соғысы минутына 140. Магнезиальды терапия қолданып, акушер ауыр преэклампсия диагнозын қойып, шұғыл көмек көрсете бастады. Сульфат магнезиясының старттық дозасын көрсетіңіз?
10-15 минут бойы 20 мл 25 % MgSO4 т/і баяу енгізу
10-15 минут бойы 10 мл 25 % MgSO4 т/і баяу енгізу
10-15 минут бойы 5 мл 25 % MgSO4 т/і баяу енгізу
10-15 минут бойы 20 мл 15 % MgSO4 т/і баяу енгізу
10-15 минут бойы 20 мл 20 % MgSO4 т/і баяу енгізу


Тәулік бойы үш сағат сайын зәрді жинайтын тексеру тәсілі:
Зимницкий
Нечипоренко
Зардің жалпы анализі
Аддис- Каковский
Амбурже


Краш синдромы ұзақ жаншылудың нәтижесінде дамиды:
көлденең-жолақты бұлшық еттердің
кеуде қуысының
бас миының
сүйектер мен буындардың
іштің


ЭКГ-да QRS комплексі нені сипаттайды:
қарыншалар деполяризациясы мен жүрекшелер репояризациясы
Гисс аяқшалары мен Пуркинье талшықтардың реполяризациясы
оң жақ сол қарынша реполяризациясы
жүрекшелер деполяризациясы және АV түйіннің стимуляциясы
жүрекшелердің депояризациясы мен қарыншалардың реполяризациясы


Қыз баланың үйіне кезекті келген медбике беті мен аяғының ісінуін байқады. Анасының айтуынша зәрінің түсі «ет жуындысы» тәрізді, сирек зәр шығарады, құсады.
Медбикенің әрекеті:
  госпитализация үшін жедел жәрдем шақыру
шұғыл госпитализацияның себебін анасына түсіндіру
анасына тәулік зәр жинауды түсіндіру
анасына үйде қалуды айту
анасына ауруханаға не алу қажеттілігін түсіндіру


Сіз ОСБ-нен стерильденген таңғыш материалдары бар биксті алдыңыз. Фильтрсіз жабық бикстің стерильдігінің сақталу мерзімін көрсетіңіз:
3 тәулік
7 тәулік
21 тәулік
1 тәулік
20 тәулік


Жүрек тоқтаған жағдайда прекардиальды соққыны қайда беру керек:
төс сүйегінің семсер тәрізді өсіндісінен 2 саусақ жоғары
сол жақ бұғана орта сызығымен 5-ші қабырға аралығына
төс сүйектің жоғарғы шетінде бұғана бекітілген жерлерде
төс сүйектің семсер тәрізді өсіндісіне
сол жақ екінші қабырға аралыққа


Инфекциялық ауру анықталған немесе оған күдік туған жағдайда жүргізілетін дезинфекция түрін атаңыз:
ошақты
уақытша
аралас
ауқымды
профилактикалық


Науқасқа скрининг жүргізу барысында диагноз қойылды. Семізідк.
Осы ауруда Кетле индексі қандай болу керек:
30-35
19-25
25-25,9
18,5-15
19-25


Созылмалы бронхитпен науқастың медбике сыртқы тыныс алуын зерттеу кезінде іш беткейінің алға жылжуын байқады.ТАЖ минутына 28рет. Осылар анықтайды:
ішпен тыныс алуды, тахипноэны
кеуделік тыныс алуды, тахипноэны
ішпен тыныс алуды, брадипноэны
аралас тыныс алуды, брадипноэны
кеуделік тыныс алуды, брадипноэны


Науқас 25 жаста, антибиотикті қабылдағаннан кейін, ауа жетпеу сезіміне, тыныс алудың қиындауына және ентігуге шағымданды.Қарағанда: тері жамылғысы бозарған, акроцианоз. ТАЖ-28 рет минутына, пульс-100 рет минутына, АҚҚ-120/80мм.с.б. Тыныс алудағы мәселені көрсетеді:
тахипноэ, тахикардия
брадипноэ, тахикардия
апноэ, брадикардия
инспираторлы ентігу, брадикардия
тахикардия, апноэ


Қаблыдау бөліміне АҚҚ-180/130мм.рт.ст. дейін жоғарлаған, басының ауруына, есінің есеңгіреуімен науқас түсті.Гипертензиялық кризге қандай қандай қосымша бұзылыс тән:
ретинопатия
зәрдің тоқтауы
естің төмендеуі
құсу
брадикардия


Жүрек қантамыр жүйесі ауруы бар науқас велоэргометриядан кейін бас ауруына шағымданды. Жүрек қантамыр жүйесін тексергеннен соң медбике анықтады: ЖСЖ- минутына 98 рет, АҚ 150/100мм.рт.ст. Табылған көрсеткіштерді талдаңыз:
тахикардия, артериалды гипертензия
брадикардия, артериалды гипертензия
брадикардия, артериалды гипотензия
брадикардия, коллапс
тахикардия, артериалды гипотензия


Қуық асты бездерінің аденомасы салдарынан зәр бөлінуінің тоқтауында дәрігерге дейінгі шұғыл көмек:
қуықты катетерлеу
зәрді айдайтын дәрілер
мұзды мұйық
қасаға үсті пункцияы
ауырсынуды басатын дәрілер


Терапия бөлімшесіне ессіз жағдайда науқас жеткізілді.Туыстарының сөзі бойынша науқас қант диабетімен ауырады. Обьективті: есі жоқ, беті гиперемияланған, тері жамылғылары ылғалды, бұлшық еттер тонусы жоғары, қол-аяқ бұлшық еттерінің тоникалық тырысулары анықталады. Шұғыл көмек көрсетуге арналған препарат дайындаңыз:
40% глюкоза ерітіндісін к/т тез
дортаверин, метамизол натрия
10% глюкоза ерітіндісін к/т тамшылатып
диазепам, сибутрамин
сибутрамин, кеторолак


Жасанды өкпе вентиляциясын жалғастырады:
өздігінен тыныс алуы қалпына келгенше
минутына 5 тыныс алу жиілігі
минутына 10 тыныс алу жиілігі
минутына 20 тыныс алу жиілігі
минутына 30 тыныс алу жиілігі


Төс артындағы ауру сезімінің сол жақ иығына берілген пациент қабылдау бөліміне түсті. Анамнезінде: ЖИА және артериалды қан қысымының көтерілуі бар. Берілген ауруға тасымалдаудың қай түрін қолдануға болады:
каталкада
кресло-каталкада
өздігінен лифтіде
балдақпен сүйемелдеушінің көмегімен
өздігіне лифтіде


Кенеттен жүрек қызметі тоқтағанда, жүрек қантамыр жүйесін белсендіретін препарат:
адреналин
изадрин
кордиамин
нитроглицерин
дроперидол


Акушерлік тәжірибеде геморрагиялық шок кезінде инфузия көлемі жоғалтқан қан мөлшерінен неше есе жоғары болуы керек:
1,5 есе
2,5 есе
3 есе
3,5 есе
4 есе


Жүкті әйелдерді ерте есепке алу саналады:
12 апта
20 апта
16 апта
17апта
23 апта


39 жастағы беті ісінген, әлсіздігі бар пациент таңертеңгі кіші дәретінің түсі «ет жуындысына» ұқсайтынын байқады. Төмендегілердің қайсысы кіші дәреттің түсін өзгертуі мүмкін:
эритроциттер
лейкоциттер
цилиндрлер
бактериялар
оксалаттар


Пискачек белгісі-бұл:
жатыр денесінің ассиметриясы
жатыр денесінің жұмсаруы
жатырдың қатаюы мен жиырылуы
жатырдың алға ығысуы
жатыр мойнының қозғалуы


Жатырдан тыс жүктілікке тән белгі:
іштің төменгі жағында кенеттен күшті тұрақты ауырсынудың тік ішекке берілуі
іштің төменгі жағында кенеттен ауысып отыратын шаншу тәріздес ауырсынудың басталуы
қасаға үстінде тұрақты ауырсынудың біртіндеп дамуы
кіндіктен төмен «кинжалды» күшті аурудың
іштің төменгі қабатында шаншу тәрізді ауырсынудың біртіндеп басталуы


19 жастағы 1-ші босанатын әйел күшену күшімен перзентханаға түсті. Шат аралығы жоғары орналасқан, терісі күшену кезінде бозарып, шытынап, жыртыла бастады.Сіздің тактикаңыз:
эпизиотомия
кіші кесар тілігі
амниотомия
шат аралығын қорғау
лапоротомия


32 жастағы жүкті әйел дәрігерге көрінуге келді. Жүктілік мерзімі 24-25 апта. Тексеру барысында АҚ-140/100мм. Аяғында ісігі жоқ. Сіздің диагнозыңыз:
гестациялық гипертензия
эклампсия
созылмалы гипертензия
жеңіл преэклампсия
ауыр преэклампсия


Аймақтық медбике жүкті әйел жамбасының мықын сүйектерінің қырлары арасындағы арақашықтықты өлшеді.Бұл қандай өлшем болғаны:
шынайы коньюгата
dis crictarum
dis spinarum
conygata externa
dis. Troxanterice


Науқас табандарын қатарластырып, алдына екі қолын алақанымен созып, содан кейін көзін жұмып тік тұрады. Бұл әдіс:
Ромберг кейпінде тепе-теңдікті анықтау
өкше мен тізе аралықты тексеру
діріл сезімталдығын тексеру
сезімталдықты тексеру
бұлшықет жиырылу күшін тексеру


Қозғалыстың бұзылуы, дененің жарты бөлігінде қозғалыстың бұзылысы сияқты неврологиялық симптомдарды біріктіретін терминді таңдаңыз:
ошақтық
жалпы милық
реттелетін
өнімді
реттелмейтін


Қимылы қозғалыссыз қалған науқастың басты мәселесі:
ойлудың пайда болуы
психологиялық адаптация
тыныс алуының бұзылысы
бұлшықет салмағының төмендеуі
туысқандардың қолдауынсыз қалуы


Перифериялық венозды катетерді енгізгенде бұрау салу орнын белгілеңіз:
катетер қоятын жерден 10-15см жоғары
катетер қоятын жерден 10-15см төмен
катетер қоятын жерден -1-2см жоғары
катетер қоятын жерден 2-3см жоғары
шиыршық салу міндетті емес


67 жастағы науқас жүрек жеткіліксіздігімен сырқат. Аяғында ісіктер бар,оң жақ аяғында трофикалық ойық жара. Жараны қандай затпен өңдеу қажет:
сутегі тотығымен, фурацилинмен
қайнаған сумен
спиртпен
йодпен, спиртпен
бриллиант көгімен


Эндокринология бөлімшесіне 56 жастағы науқас қант диабеті 1 тип, орташа ауырлық дәрежесі диагнозымен түсті. Шағымдары: тәбеттің артуы, шөлдеу, түнімен ұйықтатпай мазалайтын тері қышымасы. Көбіне диета сақтамайды.Тері қышымасы салдарынан мазасы кеткен, ашушаң. Терісі құрғақ, көптеген қасыған іздер бар. Науқастың ең басым мәселесін анықтаңыз:
тері қышымасы
шөлдеу
ұйқысыздық
беймазалық
терінің құрғауы


Аға мейіргер қандай басшылар категориясына жатады:
ортаңғы буын басшысы
жоғары буын басшысы
төменгі буын басшысы
қызмет көрсетуші персонал
көмекші жұмысшылар


Қай мақсатта науқасқа дренажды қалып беріледі:
қақырық шығуын жеңілдету
температурасын азайту
ентігуді азайту
ауырсынуды азайту
қан кетуді тоқтату


Ақпарат жинау барысында медбикеге науқас мазасыздық, бас ауру, ұйқының бұзылысы, құсу, жүрек айнуға шағымданды.Берілген симптоматика қай жүйе патологиясына тән:
жүйке жүйесі
сүйек бұлшықет жүйесіне
асқорту жүйесіне
қан жасау жүйесі
тыныс алу жүйесі


Мейіргерлік үрдістің бірінші кезеңіне жатады:
пациент денсаулығы туралы мәлімет жинау және оны бағалау
медбикелік диагноз қою
тексеру жоспарын жүзеге асыру
емделушіні күтудің нәтижесін бағалау
емделушіні күтудің жоспары


Ойылудың алдын-алу мақсатымен теріні өңдеу үшін қолданылатын ерітінді:
камфор спирті
құмырсқа спирті
этил спирті
метил спирті
фурациллин ерітіндісі


Мейіргерлік күтімді жоспарлаудан кейінгі кезең:
жоспарды іске асыру
медбикелік диагноз қою
тексеру жоспарын жүзеге асыру
емделушіні күтудің нәтижесін бағалау
емделушіні күтудің жоспары


Тәуелсіз медбикелік араласу тұрады:
науқасқа күтім жүргізу
медбикенің дәрігер тапсырмасын орындауы
премедикацияны орындау
инфузиялы емдеу жүргізу
зертханалық тексерулер жүргізу


Иньекция жасағанда асептика мен антисептика ережелерін бұзу салдарынан дамитын асқыну:
абсцесс
ауалы эмболия
аллергиялық реакция
А гепатиті
дерматит


Тері астына иньекцияны дененің қай аймағына жасауға болмайды:
иықтың ішкі жағына
иықтың сыртқы жағына
санның сыртқы жағына
жауырын астына
іштің алдыңғы жағына


35 жастағы пациент жол апаты салдарынан көп қан жоғалтты. Пациентті жақын маңдағы клиникаға жеткізу үшін қандай қалыпта тасмалдау қажет:
басын төмен, аяғын жоғары қаратып
ішімен жатқызып
қырынан жатқызып
басын жоғары, аяғын төмен қаратып
жартылай отырғызып
Медбике науқаста дауыс дірілінің күшейгенін байқады. Осы өзгерістің мүмкін болатын себебі:
пневмония
пневоторакс
эмфизема
бронхит
экссудативті плеврит


Сафардың үштік әдісі қандай мақсатта орындалады:
тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру үшін
өкпенің жасанды вентиляциясын жүргізу үшін
омыртқаның мойын бөлігінің күйін бағалау
қан айналымын қалпына келтіру үшін
бөгде затта алып тастау


Тәуелді мейіргерлік араласуға жатады:
мейіргердің дәрігер тағайындауын орындауы
емделушімен оның мәселелерін талқылау
емделушіге оның табиғи қажеттіліктерін іске асыруына жәрдемдесу
емделушіні өзін-өзі күтуге үйрету
емделушіні зертханалық тексеруге дайындау


Қалыпты жағдайда ересек адамның тыныс алу жиілігі минутына құрайды:
16-20
14-15
24-26
30-32
40-60


Хирургиялық бейіндегі бөлімшелердегі, ана мен баланы қорғау ұйымдарындағы сыртқы ортаның эпидмиологиялық маңызы бар обьектілерінен алынған жұғындылардың әдісімен жоспарлы өзін-өзі бақылаудың жиілігі:
3 айда 1 рет
6 айда 1 рет
айына 1 рет
аптасына 1 рет
айына 2 рет


ЕПҰ дезинфекцияның қай тәсілі кеңінен қолданылады:
химиялық
биологиялық
термиялық
физикалық
механикалық


Бір рет қолданылатын медициналық бұйымдарды утилизациялау тәртібі:
бөлшектемей және дезинфекцияламай
бөлшектегеннен кейін
ағынды суға шайлғаннан кейін
дезинфекциялағаннан кейін
жуғыш ерітіндіге шайылғаннан кейін


Сіз хирургия бөлімшесінде медбике боп жұмыс істейсіз. Сіз ВГВ және ВГС маркерлеріне тексеруден қаншалықты жиі өтуге міндеттісіз:
әр 6 ай сайны
әр 3 ай сайын
әр 8 ай сайын
әр 12 ай сайын
әр 10 ай сайын


Сары дене бөлетін гормон:
прогестерон
эстроген
пролактин
тестестерон
андроген


Балалардың спазмофилиясында тырысуды басу үшін қолданылады:
диазепам
кальций глюконаты
Д дәрумені
цефазолин
кетотифен
Асфиксиямен жаңа туған нәрестеге жедел көмек көрсету барысында медбикенің алғашқы әрекетін көрсетіңіз:
жоғары тыныс алу жолдарын шырыштыдан тазарту
оксигенотерпаия жүргізуден
өкпенің жасанды вентиляциясын жүргізуден
жүрекке тікелей емес массаж жүргізуден
баланы анасынан ажыратудан


2 жасар балада түнде кенеттен үрмелі жөтел, дауысының қарлығуы және стридорозды тыныс пайда болды. Бұл белгілер қай ауруға тән:
жедел стеноздаушы ларингитке
бронх демікпесіне
жедел бронхитке
жедел тонзилитке
жедел пневмонияға


Диареяны «Б» жоспары бойынша емдеуде медбикенің қай әрекеті дұрыс болды:
регидрон ертіндісін 75 мл/кг салмағына 4 сағат ішінде беру
регидрон ертіндісін 50 мл/кг салмағына 4 сағат ішінде беру
регидрон ертіндісін 75 мл/кг салмағына 6 сағат ішінде беру
регидрон ертіндісін 70 мл/кг салмағына 4 сағат ішінде беру
регидрон ертіндісін 100мл/кг салмағына 4 сағат ішінде беру


Нәрестеде өмірінің 8-ші күні табиғи қатпарларында қабыну белгісі жоқ мономорфты дақты бөртпелер шықты. Сіздің болжамыңыз:
тершеңдік (потница)
терінің тілмесі
нәрестенің флегмонасы
стрептодермия
везикулопустулез


Қызамық кезінде қай лимфа түйіндер ұлғаяды:
желке шүйде лимфа түйіндері
қолтық асты лимфа түйіндері
шат лимфа түйіндері
жақ асты лимфа түйіндері
шынтақ лимфа түйіндері
10 жастағы балада оң қолының, кеудесінің алдыңғы бөлігінің күйгені байқалды. Күйген қабаттарда-гиперемия, ісік, ауырсынуға шағымданады. Күйіктің дәрежесін анықтаңыз:
I
II
III
IV
V


Алкогольді делириймен науқаста ерітінділерді тамыр ішілік енгізу үшін катетер орнатылған. Науқас мазасыз, катетерді «жылан» деп, жұлып тастағысы келеді. Қабылдаудың бұл бұзылысы қалай аталады:
галлюцинация
псевдогаллюцинация
делюзия
агнозия
иллюзия


Балада мелена болған кезде медбикенің дұрыс әрекеті қандай болмақ:
дәрігер шақырту, жөргегін сақтау
гемостатикалық терапия жүргізу, дәрігер шақырту
шырыштан тазарту, дәрігер шақырту
асқазан жуу,дәрігер шақырту
баланы емізу
Медбике жаңа туылған нәрестені қандай жиілікте қарауы керек:
айына 1 рет
аптасына 1 рет
аптасына 2 рет
айына 2 рет
2 айда 1 рет


Жедел қан жоғалтқан науқаста қандай өзгеріс анықталуы мүмкін;
тахикардия
құсу
жүрек айну
рефлекстерлің жоғалуы
АҚ жоғарлауы


Ота инвазиялық емшара аяқталғанда өзіңнен ең бірінші нені шешу керек:
қолғаптар
хирургиялық белдемше
бетперде
көзілдірік
хирургиялық қалпақ


Жаңа туған нәрестенің физиологиялық сарғаюының себебі:
жаңа туылған нәресте бауырының ферменттік жүйесінің белсенділігінің төмендеуі
ана мен ұрық резус-факторының сәкессіздігі
 ана мен ұрық қан топтарының сәйкессіздігі
нәресте бауырының аурулары
әкесі мен анасының резус-факторының сәйкессіздігі


Қызылша кезінде бөртпелер бірінші қай жерде орналасады:
бетте
денесінде
қолдарында
аяқтарында
арқасында


Жамбас сүйегі мен жамбас мүшелерінің зақымдануында көрсетілетін бірінші медицналық көмек:
промедол иньекциясы, асептикалық байлам салу, «бақа» қалпында эвакуациялау
анальгетиктер иньекциясы, асептикалық байлам салу, арқасымен жатқан қалыпта зембілмен
анальгетиктер иньекциясы, Крамер шинасын салу
ішімен жатқан қалыпта зембілде тасымалдау
анальгетиктер мен антибиотиктер иньекциясы, зәрдің кідірісінде несеп қуық пункциясы


А гепатиті бар науқастан қорғану мақсатында қандай шаралар жүргізу керек:
бокс бөлмеге жатқызу
бөлмеге кірер алдында зарасызданған киім кию
қатаң бетперделік тәртіп
байланыс кезінде қолғап кию
бөлімшеде вирусқа қарсы терапия жүргізу


Үй төбесін бояуда жұмыскер құлап түсті, оң санын жарақаттап алды. Жарақаттан алқызыл қан кетуде. Қан кету түрін және уақытша қан тоқтату тәсілін көрсетіңіз:
артериялық, жгут салу
капиллярлы, қысып байлау
венозды, қатты байлау
аралас, жарақатқа суық қою
парен Мұрын-ерін химатозды, жедел жәрдем келгенше ештеңе жүргізбеу


Мұрын-ерін үшбұрышы аймағында шиқан шыққан пациентке медбикенің шұғыл тәуелсіз әрекеті:
жедел түрде дәрігерге жіберу
іріңдікті ашып жіне оған дренаж қою
жылу емшараларын қолдану
антибиотиктер енгізу
компресс қою


Науқасқа торакоцентез шарасын жасауға дайындаудасыз. Науқасты қандай қалыпта жатқызу керек:
кеудесін орындыққа тіреп, аяқтарын жерге тіреп отырғызу
керуерттің бас жағын 45 градусқа көтеру, науқасты зақымдалған бүйірімен жатқызу
зақымдалған жақтың қолын жоғары көтеріп, ішімен жатқызу
екі қолын көтеріп, арқасымен жатқызу
науқасты тегіс жерге зақымдалған бүйірімен жатқызу


Бұлшық етке жасалған иньекциядан кейін, науқастың дене қызуы көтеріліп, иньекция орнында қызару, ісік, ортасында флюктуация байқалады. Науқасқа көмек көрстеудің тиімді тактикасы:
хирургиялық ем
жылыту компресін қою
флюктуация маңайын мұзбен қоршау
антибиотикпен емдеу
физиоем


Сіреспе сарысуы енгізіліді:
белсенді иммунитет жасау үшін
сепсистің алдын-алу
қабыну симптомдарын шешу
пассивті иммунитет жасау үшін
тән емес иммунитетті белсендіру


Арнай құрылғылар және қол арқылы адамның дене беткейі аймақтарына мөлшерленген механикалық әсер көрсету жиынтығын сипаттайтын емдеу және алдын-алу әдісі:
массаж
ЛФК
физиоем
еңбекті ем
гидроем


Қабырға аралық немесе бет, үштік жүйелер бойында көпіршіктердің орналасуы тән:
белдемелік теміреткеге
контагиозды моллюскаға
қарапайым көпіршікті теміреткеге
көпіршіктерге
папилломалар мен қарапайым көпіршікті теміретке


Науқас А. 55 жаста. Науқас құрғақ қиналмалы жөтелге, ентігу, тұншығу ұстамасына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Жалпы қарауда: цианоз байқалады, тері қабаты бозғылттанған. Аускультацияда өкпеде ысқырықты сырыл анықталады.
Жалпы қан анализінде: лейкоцитоз, эозинофилия анықталады. Қақырық анализінде-Куршман спиралі, Шарко-Лейден кристалдары анықталды.Физиотерапиялық емнің түрі:
ингаляциялық терапиясы
ультрадыбыс терапиясы
гальванизация
флюктуоризация
дарсонвализация


Эпилепсиялық статустың 1 сатысында шұғыл көмек көрсету кезеңінде енгізілетін дәрілік прпаратты көрсетіңіз:
10 мг диазепам к/т
40% глюкоза ертіндісі
дәрумен В1-5 мл к/т
дексаметазон 4 мг к/т
2,0-4,0 мг фуросемид к/т


Зауыттың денсаулық пунктіне 27 жастағы жұмысшы келесі шағымдармен келді:сол көзіндегі ауыру сезімі, жас ағу, жарықтан қроқу, көздің қызаруы.
Анамнезінде: болгарка кескішімен жұмыс үстінде сол көзіне темір ұшқыны түскен. Обьективті: коньюктивалық иньекция, мөлдір қабықта 19сағат тұсында темір ұшқыны көрінеді. Медбикелік диагноз:
сол көздің мөлдір қабығының бөгде денесі
оң көздің мөлдір қабығының термиялық күйігі
оң көздің мөлдір қабығының химиялық күйігі
сол көздің мөлдір қабығының бактериалды қабынуы
көздің мөлдір қабығының вирусті қабынуы


ЖИТС-тің ең жиі клиникалық белгісі:
Капоши саркомасы
Педжета ауруы
аденома
фиброма
базальді жасушалы эпителиома


Мейіргерлік күтімді жоспарлаудан кейінгі кезең:
жоспарды іске асыру
күтудің нәтижелерін бағалау
емделуші жайында мәлімет жинау
медбике диагнозын қою
қойылғаАйқын гемон мақсаттардың дұрысытығын бағалау


Айқын гемостатикалық нәтиже беретін қан құрамы:
плазма
лейкоцитарлы масса
эритроцитарлы масса
гамма-глобулин
эритроцитарлы қоспа


Қызбаның екінші кезеңіндегі науқасты күту кезінде медбике қандай шаралар қолдану керек:
басына суық компресс қою
жылытқышпен қымтау
жылылап жауып қою
ыстық шай беру
денесін спиртпен сүрту


1 жастағы сау баланың тыныс қозғалысы жиілігінің дұрыс көрсеткішін атаңыз:
минутына 40
минутына18
минутына 25
минутына 20
минутына 60


Ересек адамда катаральды ортаңғы отитке тән симптомдар:
құлақ түйіндісін басқан кезде ауырсыну, құлақтан серозды бөлінулер
құлақта қышыну, естудің төмендеуі
құлақта ауырсыну, естудің төмендеуі
құлақта іріңді бөлінулер, естудің төмендеуі
құлақта қышыну


Пациенттің сол жақ бел тұсында өте күшті ұстамалы ауырсыну пайда болып, шап аймағына тарады. Пациент беймаза. Болжамалы диагнозды атаңыз:
Бүйрек коликасы
Жедел аппендицит
Ойық жараның тесілуі
Ішек өтімсіздігі
Қыстырылған жарық


Гипертиреоз кезінде қандағы тиреоидты гормондардың мөлшері:
Жоғарылайды
Қалыпты болады
Төмендейді
Өзгермейді
Күрт төмендейді


Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің ауыртпалық дәрежесін атау үшін көрсеткіштер деңгейіне қарайды:
Зәрдегі креатинин
Артериялық гипертензия
Зәрдің меншікті салмағы
Қандағы кальций
Протеинурия


Бауыр циррозына тән симптом:
«медуза басы»
«көбелек»
«отырған мысық арқасы»
«Грефе»
«мысық пырылы»


Асқазанды жуу үшін мына құрал-жабдықтарды дайындау керек:
Ұзындығы 120 см зонд, воронка, леген, су
Жанэ шприці, 5 пробирка, 33% магний сульфат ерітіндісі
Асқазан зонды, 8 пробирка, гистамин ерітіндісі
Ұзындығы 50 см зонд, 3 пробирка, 33% магний сульфат ерітіндісі
Эсмарх кружкасы, штатив, марганцовка ерітіндісі, судно
12 жастағы қыз бала салқын күні суға шомылғаннан кейін қалтырау, бел тұсының ауыруы, температурасының жоғарылауы, кіші дәретінің жиі және ауырсынып шығуы сияқты шағымдар айтты. Оны қараған кезде: терісі мен кілегеей қабаттары таза, Пастернацкий симптомы екі жақта да оң мәнді, АҚҚ 110\70 мм с.б. б., ұлы дәреті қалыпты, кіші дәреті лайлы. Болжамалы диагнозды таңдаңыз:
Жедел пиелонефрит
Жедел гломерулонефрит
Жедел бүйрек жетіспеушілігі
Жедел цистит
Несеп тас ауруы


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет