Дигибридті будандастыру дегеніміз- екі жұп белгілерінде айырмашылығы бар ата-аналық формалар будандастыруды айтамыз.
Дигибридті будандастыру дегеніміз- екі жұп белгілерінде айырмашылығы бар ата-аналық формалар будандастыруды айтамыз.
Белгілердің тәуелсіз тұқым қуалау заңы. Бұршақ өсімдігін дигибридті будандастырудың негізінде Мендель тәуелсіз тұқым қуалау деп аталатын тағы бір аса маңызды заңдылықты ашты:
AB
Ab
aB
ab
ААВВ
aabb
AaBb
P
F1
F1
AB
Ab
aB
ab
F2
Қосбуданды шағылыстыру сызбанұсқасы
ААВb
АaВb
ААВВ
АaВВ
ААВb
АAbb
АaВb
Аabb
АaВВ
AaBb
aaВВ
aaВb
АaВb
Аabb
aaВb
aabb
9 АB:
3 Аb:
3 aB:
1 ab
Дигибридті будандастыру кезіндегі құбылыстың мәні мынада: Ғ1-дегі будан өсімдік дамып қалыптасатын зиготада төрт түрлі ген болады. Олар ата-ананың біреуінен берілетін тұқымның сары түсін анықтайтын (А) және оның тегістігін анықтайтын (В) доминантты гендер, ал екіншісінен -жасыл түстің (а) және бұдырлықтың (в) рецессивті гендері. Сонда ол зиготаның генотипі АаВв болып келеді. Оны қос немесе дигетерозигота деп атайды. Мұндай организмнен 4 түрлі -АВ, Ав, аВ және ав гаметалар түзіледі. Әр типті гаметалардың үйлесімін есептеп және белгілер ажырауының нәтижесін анықтау үшін ағылшын генетигі ұсынған, оның атымен аталатын Пеннет торы қолданылады.
Пеннет торы
Дигибридті будандастыру кезінде Ғ2-дегі будан ұрпақтың белгілерінің ажырауына талдау жасағанда нәтижесі мынадай:
1. Ғ2-дегі будандар фенотипі бойынша 4 түрлі болған. Саны жағынан алғанда олар 9-сары, тегіс, 3-сары, бұдырлы, 3-жасыл, тегіс, 1-жасыл, бұдырлы.
2. Сол будандарды генотипі бойынша қарастырса, 9 түрлі болып шығады: 1ААВВ: 4АаВв: 2ААВв: 2АаВВ: 2Аавв: 2ааВв: ІААвв: 1ааВВ: 1аавв.
3. Әрбір жұп аллельдің (А-а, В-в) гендері моногибридті будандастырудағыдай 1:2:1 (4АА: 8Аа:4аа және 4ВВ:8Вв:4вв) қатынасындай болып ажырайды. Фенотипі бойынша да әр белгі өз алдына моногибридті будандастырудағыдай 3:1 (12 сары:4 жасыл және 12 тегіс:4 бұдырлы) қатынасындай болады.
Ғ2-дегі будан өсімдіктер тұқымдарының түсі мен пішіні жағынан ата-аналарынан өзгеше бірнеше комбинация түзеді. Соған байланысты екінші буында ата-аналарынан өзгеше жаңа формалар пайда болады.
Мысалы, тұқымы сары, бұдырлы, жасыл, тегіс өсімдіктер.
Сөйтіп, Мендель өзінің жүргізген тәжірибелеріне және оларға жасалған талдаулардың нәтижесіне сүйене отырып белгілердің тәуелсіз тұқым қуалау заңын, яғни үшінші заңын ашты.
Полигибридті будандастыру.Бір-бірінен үш немесе одан да көп белгілерінде айырмашылығы бар особьтарды будандастыруды полигибридті будандастыру деп атайды. Оларда белгілердің ажырау сипаты дигибридті будандастырумен салыстырғанда біршама күрделірек болады
Мысалы, егер тұқымы сары, тегіс, қызыл гүлді бүршақ өсімдігін тұқымы жасыл, бұдырлы ақ гүлді бұршақпен будандастырса, доминанттылық заңына сәйкес Ғ1-де алынған будан ұрпақтың барлығы да біркелкі, яғни аналық өсімдікке ұқсас болып шығады, ал Ғ2-де күрделі ажырау жүреді. Тұқымның пішінін анықтайтын гендерді (А-а), түсін (В-в), ал гүлдің түсін (С-с) деп белгілесек, сонда ата-аналық формалардың біреуінің генотипі ААВВСС, ал екіншісінікі ааввсс, ал Ғ2-де алынатын будан организмдікі АаВвСс болып келеді. Мұндай будан өсімдік сегіз түрлі гамета түзеді: ABC, АВс, АвС, Авс, аВс, аВС, авС, авс.