Диханбаева ф. Т., Джетписбаева б. Ш., Матибаева а. И



Pdf көрінісі
бет60/64
Дата26.01.2023
өлшемі1,2 Mb.
#63057
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
 
 
Бақылау сұрақтары: 


111 
1. 
Қазақстан Республикасының аумағында өнiмнiң сәйкестiгiн растау 
қандай сипатта болады? 
2. 
Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын өнiм қайда анықталады? 
3. 
Сәйкестiктi мiндеттi растау нешеге бөлінеді? 
4. 
Мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесi сәйкестiктi растау 
саласында нені қамтамасыз етедi? 
 
 
8.1. Өнiмдi дайындаушылардың, сатушылардың сәйкестiктi растау 
саласындағы құқықтары мен мiндеттерi 
Өнiмдi дайындаушылар (орындаушылар) мен сатушылар: 
1) осы өнiм үшiн техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға 
сәйкестiктi растау нысаны мен схемасын таңдауға; 
2) аккредиттеу саласы өтiнiм берiлген өнiмге қолданылатын сәйкестiктi 
растау жөнiндегi кез келген органға жүгiнуге; 
3) егер бұл сәйкестiктi растаудың таңдалған схемасында көзделсе, 
сәйкестiгi мiндеттi растаудан өткен өнiмге сәйкестiктi растау саласындағы 
мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң сәйкестiк белгiсiн қолдануға; 
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкестiктi растау 
жөнiндегi органдар мен аккредиттелген зертханалардың заңсыз әрекеттерiне 
уәкiлеттi органға шағым жасауға; 
5) өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн сотқа шағым 
жасауға құқылы. 
Сәйкестiгi 
мiндеттi 
расталуға 
тиiс 
өнiмдi 
дайындаушылар 
(орындаушылар), сатушылар: 
1) өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн 
қамтамасыз етуге; 
2) өнiмнiң сәйкестiгi расталуын жүргiзудi қамтамасыз етуге; 
3) егер бұл сәйкестiктi растаудың таңдалған схемасында көзделсе, 
сәйкестiгi расталудан өткен өнiмге, инспекциялық бақылау жүргiзуге арналған 
жағдайларды қамтамасыз етуге; 
4) өнiмдi сәйкестiгi расталғаннан кейiн ғана өткiзуге; 
5) мемлекеттiк бақылау жүргiзiлген кезде мүдделi тараптарға қажеттi 
ақпаратты, өнiмнiң сәйкестiк сертификаттарын (сәйкестiк сертификаттарының 
көшiрмелерiн), сәйкестiк туралы декларацияларды (сәйкестiк туралы 
декларациялардың көшiрмелерiн) табыс етуге; 
6) iлеспе құжаттамада сәйкестiк сертификаты немесе сәйкестiк туралы 
декларация жөнiндегi мәлiметтердi көрсетуге; 
7) егер сәйкестiк сертификатының немесе сәйкестiк туралы 
декларацияның қолданылу мерзiмi аяқталса, не сәйкестiк сертификатының 
немесе сәйкестiк туралы декларацияның қолданысы тоқтатыла тұрса, күшi 
жойылса немесе тоқтатылса, өнiмдi өткiзудi тоқтата тұруға немесе тоқтатуға


112 
8) сәйкестiктi растау жөнiндегi органды техникалық құжаттамаға немесе 
сертификатталған өнiм өндiрiсiнiң технологиялық процестерiне енгiзiлетiн 
өзгерiстер туралы хабардар етуге; 
9) сәйкестiктi растау нәтижелерi бойынша техникалық регламенттерде 
белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн өнiмнiң өндiрiлуiн тоқтата тұруға 
мiндеттi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет