Плазмогендер пластидтерде және митохондрияларда болады.Пайда болған цитоплазмалық мутациялар гендік мутациялар сияқты тұрақты болады да, ұрпақтан-ұрпаққа тұқым қуалайды.
Химиялық мутагендерді алғашқы ашқан профессор И.А.Рапопорт. (1946ж)
Н.И.Вавилов өзгергіштіктің паралель қатарларын зерттеу нәтижесінде тұқымқуалау өзгергіштігінің гомологиялық қатарлар заңын тұжырымдады.
Г.А.Надсон мен Г.С.Филипов 1925 жылы алғаш рет радий сәулелерінің әсерінен саңырауқұлақтың тұқым қуалайтын белгілері мен қасиеттерінің өзгергендігін дәлелдеді.
1927жылы Г.Меллер дрозофилаға қолдан сәуле бергенде пайда болған мутациялардың жиілігі,табиғи мутациялардың жиілігінен жүз есе көп болатындығын дәлелдеді.
Колхициннің әсерінен әр түрлі өсімдіктердің полиплоидтарын шексіз мөлшерде алуға болатынын Блекси мен Эйвери 1932 жылы тәжірибе жолымен дәлелдеді.