Көп, жақсы, кең, үлкен – сөздеріне қарама – қарсы сөздер жаздыру.
Зат есімдердің астын сыздыру.
8
Бақылау диктанты.
Құлын.
Атам жайлаудан құлынды бие мініп келді. Мен құлынның қасына жақындауға қорықтым. Біраздан кейін тәуекелге бел будым. Құлын менен үркіп, біраз жерге ұзап барып, осқыра қарап тұрды. Қайта келіп есік алдындағы шелекті иіскелей бастады. Құлын шөлдеген екен. Мен оған шелекпен су бердім. Құлын суды ұзақ ішті. Осылайша екеуміз достасып кеттік. /49сөз/
Грамматикалық тапсырма.
1 . «Жақындауға » сөзін сөз құрамына талдау.
2. Күрделі етістіктердің астын сыз.
3. «Құлын» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Диктант.
Аю
Аю-орман қожасы.Дүние жүзінде оның жеті түрі бар. Соның бірі – қоңыр аю. Қоңыр аю Қазақстанда көп тараған. Ол тау арасында мекендейді. Негізгі азығы өсімдіктер. Ағаштардың жаңғағын теріп жейді. Құрт – құмырсқаларды да аулайды. Аю үлкен-үлкен тастарды көтереді. Астынан өзіне жем іздейді. Алғашқы қар жауғанда апанына кіреді. Қыс бойы ұйықтап шығады. (51 сөз)
Грамматикалық тапсырма: 1. «Жаңғақ» сөзін сөз құрамына талдау. 2. 5- сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет. 3. Қоңыр аю Қазақстанда көп тараған. Сөйлемін сөйлем мүшесіне талда.
Бақылау диктанты.
Қар.
Боран таң ата толастады. Ақшақар қуанышты. Тұраш пен Сапашты тысқа еріксіз жетеледі. Олар шаналарын алып далаға шықты. Дәукен қарт ауланы басып қалған қарды күреп жатыр екен. Екі бала қартқа көмектесті. Олардың астау шаналары бар еді. Дәукен қарт күрекпен шанаға қарды үйіп салып тұрды. Екеуі қора бұрышына апарып төге берді. Лезде кең аула қардан тазартылды. (56 сөз)
Тақтаға жазатын сөз: Лезде
9
Грамматикалық тапсырма: І. нұсқа.
1. 3-сөйлемді сөз таптарына талда.
2. Көп нүктенің орнына көптік жалғауларын қойып, сөйлем құраңдар; Күн ..., аязды, көп
Достарыңызбен бөлісу: |