Диктанттар жинағы 3- сынып Түсінік хат


– тоқсан. Көру диктанты. Пайда ойлама, ар ойла



бет4/8
Дата12.10.2024
өлшемі38,06 Kb.
#147856
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Диктанттар жинағы (3 сынып)

3 – тоқсан.
Көру диктанты.
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық ғылым кітапта
Ерінбей оқып көруге
(Абай.)
Қарамен жазылған сөздердің түбірін тапқызу, оларға жалғанған Қосымшаның жалғау, жұрнақ екенің ажыратқызу.
Көру диктанты.

Ақ лағым сүйкімді,


Ойнағаны қызыұ – ақ.
Келтіреді күлкімді,
Маңдайымнан сүзіп ап.
Тәуелдеулі зат есімдердің астын сыздыру.

Көру диктанты.


Туған жер.
Төскейден жел еседі,
Төбемнен бұлт көшеді.
Туған жерім мен үшін
Көк майсасын төседі.
(Е.Ерботин.)
Етістіктердің астын сыздыру.
Көру диктанты.
Мақал – мәтелдер.
1. Бойына мақтанба, ойына мақтан .
2. Досыңа өтірік айтпа – сенімің кетер,
Дұшпаныңа сырыңды айтпа – түбіне жетер.
3. Атаның баласы болма, адамның баласы бол.
Болымсыз етістіктердің сыздыру.
7
4 – тоқсан.
Отан туралы.
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
(М.Мақатаев.)
Туынды сын есімдерді сыздыру.

Жұмбақ.
Төрт аяқпен жүрсе де,
Тірлікте бір озбаған.
Жүз жыл бойы кисе де,
Кәжекейі тозбаған.
(Тасбақа.)

1 – тоқсан.
3 сынып.

Диктант.
Отаным.
Менің Отаным – Қазақстан Республикасы. Қазақстанның жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та,ойпат та кездеседі. Үлкен – үлкен көлдер, өзендер бар. Сәулетті қалалар да көп. Қазақстанның жер қойнауы қазбаларға бай. Республикамызда астық көп өндіріледі. Мал шаруашылығы да жақсы өркендеген.
Қазақстан бес мемлекетпен шектеседі. Олардың бәрімен достық қарым – қатынаста. (46 сөз.)


  1. И й әрпі бар сөздердің астын сыздыру.

  2. «Сәулетті» сөзіне дыбыстық талдау жаса.



  3. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет