ІІ. нұсқа. 1. 5- сөйлемді сөз таптарына талда.
2. Коньки, бала ..., жүр, теуіп.
Мүмкіндік деңгей :
1. «Тоқымашыларға» сөз құрамына талда.
2. Мына сөздерден туынды сөздер жаса:
Құлақ, іс, мал, етік, біл, айт, арба.
Мұз астындағы ұйқы. Қыстың алғашқы аязынан кейін көлдің бетін мұз басты. Су асты күңгірт тартты. Бұрын мұндайды көрмеген жас сазандар абыржып қалды. Кәрі сазан түсіндіріп жатыр. Аю сияқты сазан тұқымы да қыста тамақ жемейтіндігін айтты.
Кәрі сазан көл астында талай қыстаған. Көлдің терең жерлерінің бәрін білетін. Оның соңынан басқа сазандар ілесті. Бәрі тереңдегі бір қуысқа жиналды. Ұйқыға жатты. Су астын қараңғылық басты. (59 сөз)
Грамматикалық тапсырма: 1. Соңғы сөйлемнен түбір сөз бен қосымшасын тап.
2. Су, көл, қыс сөздерінен түбірлес сөздер жаса.
3. «Күңгірт» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Күтпеген көмек. Анарды анасы дүкенге жұмсады. Ол дүкеннен нан мен айран алып, үйге қайтып келе жатты. Жолда оған Айдар кездесті. Оның Анарға көмектескісі келді. Анардың азық-түлік салынған сөмкесін қолына алды. Едәуір жүрген соң шаршайын деді. Ал Асқар мен Азамат Анар мен Айдарға көмектесуді ойламады. Анардың иті иесінің шаршағанын көрді. Жердегі сөмкені бауынан тістеп көтеріп алды. (56 с).
Грамматикалық тапсырма. 1. Ит сөзін тәуелде.
2. Тұрлаулы мүшелерді тап. Анарды анасы дүкенге жұмсады.
3.Тыныс белгіні қой. Ит адамның досы
10
Ақбөкен. Ақбөкендер ен даланы мекендейді. Олар топ- тобымен жайылады. Кәрі ақбөкендер қарауыл қарайды. Төнген қауіпке пысқырып дыбыс береді. Ақбөкендер сырттай қарағанда қойға ұқсайды. Олардың тұмсығы жалпақтау, басы үлкен болып келеді. Артқы аяқтарынан алдыңғы аяқтары қысқалау.Көздері қайнар суындай тұп-тұнық. Ақбөкендер – өте сақ жану Ақбөкен дәрілік мүйізі үшін көптеп ауланды. Қазір саны азайып кетті. (57 сөз)
Грамматикалық тапсырма:
1. Бер, қара,кел, ұқса сөздеріне жұрнақтар жалғап болымсыз етістік жаса.
2. Ақбөкендер – өте сақ жануарлар – сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.
3. Дәрі – сөзін тәуелде.