Диктанттар жинағы 3- сынып Түсінік хат



бет3/8
Дата02.02.2023
өлшемі45,1 Kb.
#64762
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Диктанттар жинағы (3 сынып)

Бақылау диктанты оқушылардың грамматика тақырыптарын қандай дәрежеде меңгергендерін, оны із жүзінде қалай пайдалана білетін және сауаттылық деңгейін анықтау үшін қолданылады. Бақылау диктанты үлкен бір тақырыпты аяқтағанда немесе тоқсан және жыл соңында жүргізіледі. Бақылау диктантын жүргізер алдында мұғалім күні бұрын өткен материалдардан алған білімдерін бекіту үшін түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізеді, үйге тапсырма беріп, қайталауға тиісті ережелерді көрсетіп береді, алдын ала ескертеді. Бақылау диктантына, мүмкіндігінше, тұтас мәтін алған дұрыс. Мұғалім диктантты бір орнында тұрып оқиды. Бұл жинақта оқушылардың сауатты жазуы және бағдарлама материалын саналы меңгерту

үшін жүргізілетін диктант түрлеріне қысқаша мәлімет беріледі. Ұсынылып отырған жинақта диктанттың кейбір түрлерінің үлгілері беріледі. Бұл үлгілері мұғалім әр түрлі жазба жұмыстарының түрлеріне қарай пайдаланып, түрлендіріп жүргізе алады. Соңғы өтілген ережені қамти отырып, әсіресе сынып оқушыларына қиындау соғатын орфография мен тыныс белгісінің ережелеріне қатысты сөздер мен сөйлемдерді қамти отырып, диктант мәтінін мұғалім өзі басқа әдебиеттерден таңдай алады.




5
1 –тоқсан.
Көру диктанты.
Ұстазым.
Ұстазым менің, ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс, жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып,
Ұстазым, менің,ұстазым.
М.Шамкенов.
Өлеңнен зат есімдерді тапқызып, астын сызғызу.

Көру диктанты.


Балқаш көлі.
Дәмін де татып үлгідім,
Балқашқа мен де мың келдім.
Жартысы тұщы суының,
Жартысы ащы суының.

«Щ» әрпі бар сөздердің астын сыздыру.


2 – тоқсан.
Көру диктанты.

Жаңылтпаш.


Жол атасы –тұяқ.
Сөз атасы – құлақ.
Су атасы – бұлақ.
Ауыз әдебиетінен.
Жол, сөз, тұяқ сөздеріне дыбыстық талдау жасату.

Көру диктанты.


Мақал – мәтелдер.


1. Болат қайнауда шынығады,
Батыр майданда шынығады.
2. Енбексіз бітбейді,
Еріншектің қолы жетпейді.

Бастауыш пен баяндауыштың астын сыздыру.


6



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет