Јділет Ќабылов



Pdf көрінісі
бет9/21
Дата22.12.2023
өлшемі1,4 Mb.
#142807
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


92 
 
ОЙЫН ОРАЙЫ 
 
 
Әзілден елеулі жайтқа, елеулі
жайттан әзілге оп-оңай өте
білушілік әдетте жұрт ойлағаннан 
гөрі үлкен дарынды талап етеді. Көп ретте 
әзіл өзінің көмегінсіз мақсатына жетпейтін 
ақиқаттың жол бастаушысы қызметін 
атқарады. 
 
Ф.Бэкон 
Қазіргі кезде «ойын» ұғымының мағынасы кеңейіп, тұрмыс пен 
мәдениеттің түрлі салаларын қамтып отыр. Бұрын балалар ойыны мен актер 
ойыны педагогика мен өнертанудың ғана зерттеу нысандары болып келсе, 
қазіргі таңда ойын проблемасы психология, әлеуметтану, мәдениеттану, 
әдебиеттану, т.б. салалардың көкейтесті мәселесіне айналып келеді. Яғни, 
мәдениеттің 
«ойындық» 
табиғаты 
– 
қазіргі 
мәдениеттану 
мен 
әдебиеттанудың жетекші тақырыптарының бірі болуда. 
Платон идеальды мемлекет туралы еңбегінде ойын туралы теориялық 
ой өрбітеді. Оның ойынша, ойын адамға барынша тән нәрсе, десек те ол 
ойынға өз еркінен тыс, бағынышты түрде, ойыншыдан гөрі ойыншық ретінде 
қатысады. Ойшыл: «Человек... – это какая-то выдуманная игрушка бога, и по 
существу это стало наилучшим его назначением... Надо жить, играя... Что же 
это за игра? Жертвоприношения, песни, пляски, чтобы, играя, снискать 
милость богов и прожить согласно свойствам своей природы; ведь люди в 
большей своей части куклы и лишь немного причастны истине» [70,282-283], 
– деп жазады. Мұндай екіұдайлық дуалистік пікір («Ойнай жүріп өмір сүру» 
және «Адам – бар болғаны қуыршақ қана») кейін бір жақты тұжырымдарға 
ұласты. Мысалы: Ф.Шиллердің: «Адам тек шын мәнінде адам болған кезінде 
ғана ойнайды және ол ойнаған кезде ғана толыққанды адам болады», – деген 
пікіріне көптеген оқымыстылар сілтеме жасап отырады [71,302]. 
1938 жылы жарияланған голланд ғалымы Йохан Хейзингтің «Homo 
ludens» («Ойын адамы») еңбегінде барлық мәдениеттің түрін ойын саласына 
жатқызып, оларда адамның табиғи қажеттілікке тәуелділіктен қол үзетінін, 
еркіндікке ұмтылатынын алға тартады [72]. Бұл кезде Л.С.Выготский 
ойынды тек психологиялық тұрғыдан қарастырған болатын. Ал белгілі орыс 
ғалымы М.Бахтин орта ғасырлар мәдениетін пайымдағанда, байыпты ресми 
мәдениетті халықтық күлкі мәдениетіне қарсы қойып, олардың арасындағы 
алшақтықты көрсетеді. Ол юмор ресми емес, тек халықтық мәдениетке ғана 
тән, барлық назар еркіндікті сезінуге бағытталатындықтан, халықтық күлкі 
мәдениетінде байыптылық (серезность), жоғарыдағыларға жалтақтау деген 
болмайды дейді. Оның ойынша, күлкі мәдениеті мәңгілік жаңғыру идеясын 


93 
ұстанып, өлім идеясын жоққа шығарып отырған. Екі мәдениеттің қарама-
қайшылығы қозғалыс пен қимылсыздықтың, өмір мен өлімнің оппозициясы 
түрінде келеді. М.Бахтиннің пікірінше, күлкі мәдениеті ресмиліктің көрінісі 
болып табылады, ресми тұрмыста болатын барлық мәселелер карнавальдық 
мерекелерде көтерілген, яғни күлкі мәдениеті өз бойына ресми 
құндылықтарды қамтып отырған [73]. 
Дж. Мид, Р.Линтон, Э.Гоффман секілді белгілі әлеуметтанушылардың 
зерттеулеріне қарағанда, адамның белгілі бір ортаға қалып алуында, 
бейімделуінде әдейілік, шарттылық орын алатындықтан, адамның қоғамдағы 
жағдайы ойын ретінде қарастырылуы керек дейді. Яғни, қоғамдық тұрмыста 
өзгелермен бірлестікте болу және басқалардың көңілінен шығу (ортақ заңдар 
мен этикетке сай болу) шарт болатындықтан, адам белгілі бір (әдепті және 
пайдалы) бетпердеде болатын көрінеді. Ал адамның шынайы келбеті табиғат 
аясында және оның өз еркінде болатын кездерде ғана көрінеді. Қоғам – әркім 
өзіне белгілі бір рөл иемденіп және өзін де, басқаларды да табиғаттың тілсіз 
апатынан қорғау үшін белгілі бір шеңберде ұстауға міндет алатын адамдар 
арасындағы саналы келісім болса керек. Демек, қоғамдық тәртіп те –
жиынтығы әлеумет ойнайтын пьесадан тұратын «мәртебеге» бейімделу, 
игілікті ымыраластықтың нәтижесі болмақ. [74,303].
«Өмір – үлкен театр, әрқайсымыз – ондағы әртістерміз», – деген сөз жиі 
айтылып қалып жататыны бар. Өмірдегі ойын-қалжың, сын-сықақ, әзіл-әжуа 
мен әдебиеттегі күлкінің нарқын байыптағанда, бұл ұғым өзектене түседі. 
Шынында да, өмірдің өзі спектакль (маскарад, ойын) секілді емес пе деп 
қаласың, онда әсіресе жамандық көбінесе ашық түрде емес, жақсылықтың 
бетпердесін киіп жүріп жасалады, сондықтан шындықтың та кейде әзілдің 
бетпердесімен оны әшкерелеуге ұмтылуы заңды құбылыс. 
«Қазіргі философиялық сөздікте» ойынға мынадай анықтама беріледі: 
«...Игра есть процесс в котором человек открывает возможность преодоления 
своей одномерности, а также и элементарности окружающих предметов, 
простоты и «линейности» взаймодействий с ними» [75,303].
Әдебиеттануда «ойындық принцип» деген термин пайда болып, ол 
әдеби мәтіндердің саналы түрде түрлі ойындар заңдылығы бойынша белгілі 
бір ережелерге сай құрылуын қарастыруда (мәселен, Г.Гессе, В.Набоков, 
А.Мердок, т.б. шығармаларындағы). Көптеген белгілі қаламгерлер өнердің 
өзі шын мәнінде ойындық қызмет екеніне және ойынның өзгеше түрі болып 
табылатынына ден қояды.
«Мәдениеттануда ресми және сауықшылдық мәдениет деген бар. 
Жануарлар тек табиғи қажетін өтеу үшін өмір сүрсе, адам дүниені әсемдік 
заңдары бойынша да өзгертеді. Адам дем алуы, ойнап-күлуі, зерікпей 
уақытты өткізуі және бұл арқылы өмірдің терең тұңғиығына бойлауы, оның 
көркемдік сырына енуі қажетті. Гомо сапиенсті (ақылды адам) жиі Гомо 
луденс (ойын адамы) ауыстырып тұрады. Антикалық өркениетте 
Аполлондық және Диониссийлік мәдени топтар айырылады. Егер біріншісі 
салқын қанды, пайымдаушы, мақсаткер тұлғаны бейнелесе, екіншісі – шексіз 


94 
қуаныш пен сезімдік байлыққа бағытталған», – деп түсіндіреді 
мәдениеттанушы ғалымдар [76]. 
Имправизациялық ойындар – ән салу, би билеу, музыкалық және 
драмалық театр ойындары – көркемдік салаға кірсе, бұдан басқа спорттық,
құмарлық ойындар да бар, бұлар ұйымдастырылатын ойындарға жатады. 
Ойын мағынасы дене қозғалысымен бірге рухани көңіл-күйді де қамтиды. 
Дене ойындарында қимыл-қозғалыстар арқасында бойға қан жүгіріп, 
физиологиялық қажеттіліктер өтеліп отырса, импровизациялық ойындар 
адамның рухын көтеріп, шығармашылық әлеуетін кеңейтеді. Ойынның қай 
түрі болмасын, адамның дене және рухани өрісін ашады, қанын қыздырады, 
сондықтан да адам ойынды қажетсініп отырады. 
Біздер негізінен ойынды тек балаларға ғана тән нәрседей көреміз. 
Шындығында, тек олай болмаса керек. Ойын адам өмірінде өзіндік орын 
алады. Тек ересек адамдардың ойынға қатынасы өзгеше, түрлік, мазмұндық 
сипаттары бөлек, сондай-ақ көріну түрлері де байыпты әрі салқынқандылау 
болып келеді. Ересек адамдардың ойынында негізінен ойшылдық, 
пайымшылдық, психологиялық-философиялық астар, сол секілді өмір 
тәжірибесі мен нақты жағдайды сабақтастырып отыратын ішкі қуат орын 
алады. Қоғам талаптарының, қоршаған ортасының ықпалы мен өзінің ішкі 
тілек-аңсарының, күш-қуатының әлеуеті арасындағы қатынас оның ойындық 
рефлексінен көрініп отырады. Мұндай машық-дағдылар, көбінесе, әзіл-
сықақ, қағытпа-қалжың, мысқыл-кекесін арқылы көрініс береді. 
Әдебиеттегі ойын дегенде, алдымен ойымызға драма түсетіні анық. 
Өйткені, драма сахналық ойынмен тікелей байланысты. Әдебиеттегі ойын 
тек драмалық шығармаларға ғана емес, басқа жанрларға да тән. Әсіресе, 
лирикадан ойын-имправизацияның белгілерін табуға болады. Мұнда 
ақынның ішкі «менінің» көрінуіндегі түрлі әдіс-тәсілдер, сөздер мен сөз 
тіркестерінің орналасуы мен ара қатынасы да (сөз ойнату, ой құбылту, 
бейнелеуіш және көркемдегіш құралдардың түрліше қызметке жегілуі, т.б.) 
ойын элементтері болып табылады. Суырыпсалмалық ойынның ырғақтық 
және ым-ишаралық нышандары өлең өлшемі мен образдылығынан 
аңғарылады. Әсіресе қазақтың айтыс өнерінен ойын сипаттарын молынан 
ұшыратуға болады. Синкретті өнер түрі болғандықтан, мұнда сахна өнерінің
де сипаттары болуымен қатар, бәсекелесін аяқтан шалу, сөзбен тұқырту 
жолында ақынның сан түрлі әдіс қолданатыны белгілі. Әсіресе, айтыстағы 
әзіл-қалжың, пародия мен ирония элементтері төл өнеріміздің ойындық 
сипатын аша түседі. Ерте заманнан келе жатқан айтыс өнерінің табиғатынан 
да қалың бұқараның еркіндік пен плюрализмге талпынысын танытатын, 
демократияға қол созған аңсарын айқындайтын карнавалдық, мерекелік ойын 
элементтері көрініс береді. 
Өнер мен әдебиеттегі ойынның табиғатын парықтау үшін кейбір тілдік 
талдауларға жүгінуге тура келеді. Қазақ тілінде «ойын» сөзінің бір баламасы 
әзіл-қалжыңға да қатысты. «Ойнау, ойнап айту» – қалжыңдау, әзілдеу 
(«Ойнап сөйлесең де – ойлап сөйле, әзіл айтсаң да - әділ айт) ұғымдарының 
баламасы екені белгілі. Оның үстіне «ойын-күлкі», «ойын-сауық» секілді 


95 
ұғымдардың бір сыңары «ойын» сөзімен белгіленеді («...Келеді қай жерімнен 
ойын-күлкі», «Жас кезіңде бозбала ойна да күл, Ойнамаған, күлмеген не 
көріпті») және бұл сөздер «ойынның» баламасы түрінде қабылданады. 
Кейбір 
қандастарымыздың 
«ойнау» 
сөзін 
«билеу» 
мағынасында 
қолданатындары да бар. Тұрмысымызға драма өнері ене бастаған кезден 
бастап, «спектакль» ұғымын әлі күнге дейін «ойын» түрінде айтатынымыз 
және бар («ойын көру», «ойын қою»). «Ойын» сөзінің бұдан басқа да 
мағыналарын табуға болады.
Тілімізде 
«ойын» 
сөзіне 
мәнмәтінге 
қарай 
«байыптылық», 
«байсалдылық», «шын», «салмақтылық» (ойын сөз – шын сөз, ойнап айту – 
шын айту, ойындық – байыптылық, салмақтылық, ойын-қалжыңды – 
байыпты, байсалды) секілді сөздер антоним болады («Ойын сөзге – шын 
төре»). Яғни, ойын ресмилікке оппозиция болып келеді.
Әдебиеттегі күлкі мен өнердегі ойындық принципті байланыстыра 
қарастыруымыздың өзіндік себептері бар. Бұл әдебиеттің көркем 
шығармашылық түрі ретіндегі қондырымдық табиғаты мен әзіл-сықақтың 
бейнелеу құралы, көркемдік әдіс-тәсіл, көтеріңкілік пафос түріндегі 
сипаттарының сабақтасуынан өзіндік өріс табады. 
Біріншіден, көркем әдебиет өнер заңдылығына бағынумен бірге, тіл 
заңдылығы арқылы да жүзеге асырылады. Өйткені әдебиеттің мазмұндық-
концептуалдық болмысы тілдік қолданыстар арқылы, тілдің сан алуан 
мүмкіндіктерін қажетінше қолдануға орай түрлі сипатта көріне алады. 
Сондықтан жазушының сөзді өз қалауынша, мақсаткерлікпен қолдануында 
өзінше ойындық өрнек болады. Суреткердің сөз саптауының сипаты, көркем 
фигуралар мен троптарды қажетінше қолдану ерекшелігі, сөздің астарлы-
ауыспалы мағыналары мен тілдік түрлі комбинациялар (сөзді ойнату, ойды 
құбылту) көркем мәтінге өзгеше өң дарытып, суреткерлік мақсатты 
шеберлікпен жүзеге асырады. 
Екіншіден, әзіл-қалжың, сын-сықақтың мәтіндік ұйымдасуында белгілі 
бір жағдаяттық, мазмұндық және тілдік өзара үйлесімді бірлік болады. Түрлі 
жағдаяттар мен адамның сан алуан көңіл-күй құбылыстарын күлкілік-
күрсіністік, әзіл-оспақтық реңде суреттеуде автордың тапқырлығы пен 
айтқыштық қабілеті ерекше қызмет атқарады. Сатиралық тапқырлық 
төркінінде сюжет-оқиға, сөз бен сурет, ой-пікір тапқырлығы өз жүйесін 
тауып, әдемі үйлесіп жатуы лазым. Мұндай үйлесім, негізінен, ойындық 
элементтер арқылы жүзеге асырылып, күлкінің көрігін қыздырып отырады. 
Әлбетте, күлкінің күші мен сипаты, өткірлігі мен өміршеңдігі суреттелетін 
жағдаяттың өзектілігі мен авторлық мақсаткерлікке байланысты дамиды. 
Сюжеттік-оқиғалық желінің дамуынан авторлық баяндау мен кейіпкер 
сөзінің сипаттарына (диалог, монолог) дейінгі сан алуан көркемдік 
комбинациялар мен өрнектер тонның ішкі бауындай жымдасып, 
шығарманың идеялық-мазмұндық назары мен көркемдік бітіміне қызмет етіп 
отырады.
Үшіншіден, сатиралық, юморлық бейнелеу мен пайымдауда өзіндік 
шарттылық, кездейсоқтық, әсірелеу, гипербола, алогизмдік сипаттар орын 


96 
алмақ. Оларды шындық болмысқа мейлінше сіңімді әрі нанымды етіп 
бейнелеуде автордың түрлі ойындық амал-тәсілдер қолданары хақ. 
Болмайтын нәрсені болғандай етіп көрсету, қисынсыздықты қиыстыра 
бейнелеу, ерекше салыстыру – ассоциация мен аналогиялар, қарапайым 
нәрсенің қапысын тауып қалжыңға айналдыру, әшейінде байыпты түрде 
айтуға болмайтын нәрсені әзілге сүйей тәпсірлеу, жай көзге байқалмайтын 
жәйтті астарлы-тұспалды түрде санаға сіңіру немесе жұрттың бәрі күнде 
көріп жүрсе де жете мән бере бермейтін нәрсенің өзін тура нысанаға алып, 
оның мән-маңызын күлкілі түрде айқындап беру – осы тақылеттес сатира мен 
юмордың, иронияның толып жатқан ньюанстары «ойындық» рәсімделумен, 
ойнақылық көркемдікпен шешімін тауып жатады. Мұның үстіне, ел 
аузындағы, халық арасындағы күлкілі әңгімелер, айтқыштық айшықтар, 
тапқырлық үлгілері, ұтырлы ұйқастар көркем мәтіннің құрамынан орайлы 
орын алуы – жиі кездесетін ремисценциялық-көркемдік тәсіл.
Сөздегі ойын, әдебиеттегі ойын туралы айтқанда, аузымызға алдымен 
халқымыздың қанына сіңген қасиет – ойын-қалжың, әзіл-әжуа, кекесін-
мысқыл оралатыны сондықтан. Әзіл-қалжың – қай халықтың да рухани
өміріндегі ерекше құбылыс, онда тұрмыс тауқыметіне қарсы өктемдік те, 
қоғамдағы жамандық пен кемшілік атаулыға қарсылық та, көңіл сергітуге 
деген аңсар да, алдағы күнге деген сенім де жатады. Жалпы әзіл-сықақ 
нысаны болатын құбылыстар көбінесе ортақ болғанымен, әр халықтың 
күлкісіне тән өзіндік ерекшеліктер болады. Бұл күлкінің комизм көздерінен 
(тақырыбы мен мазмұнынан), астарлы мәнінен, бейнелену ерекшеліктерінен 
көрінеді. Күлкінің ұлттық сипаты – сол халықтың ғасырлар бойы 
қалыптасқан ұлттық мінезіне, діліне, салт-дәстүріне, тарихи танымы мен діни 
ұстанымдарына байланысты қалыптасатын құбылыс. Әдебиеттегі күлкі де 
туған топырақтан тамыр тартып, ұлттық ерекшеліктерді әйгілеп отырады, 
басқа жұрттарға елдің ментальды ерекшеліктерін, ұлттық мінезі бен 
әлеуметтік-тарихи сипаттарын танытып тұрады. В.Г.Белинскийдің Гогольдің 
күлкісі туралы: «Комизм или юмор Гоголя имеет свой особенный характер: 
это юмор чисто русский, юмор спокойный, простодушный, в котором автор 
как бы прикидывается простачком, ...это смех спокойный в самом своем 
негодовании, добродушный в самом своем лукавстве» [77,298-299], – 
дейтіні сондықтан. 
Қазақтың ұлттық күлкісі – өзінің тапқырлық қисынымен, ойлы да өткір 
тілімен, терең тәлім-тәрбиелік мәнімен, ауыспалы-астарлы мағынасымен 
ерекшеленетін феномен. Күлкілі жайдың мақал-мәтелдердегі жинақталған 
тобықтай түйінінен, Алдар Көсе мен Тазша бала әңгімелеріндегі 
тапқырлықтан, 
Қожанасырдың 
әпенделігінен, 
халықтық 
күлдіргі 
әңгімелердегі түйінді ой, терең де тұздықты пікірлерден күлкінің халықтық 
сипатын айқын аңғарамыз. 
Қазақ – күле де білетін және күлкіні бағалай да білетін халық. Көңілді 
қоштайтын жеңіл әзіл, іштей іліп-шалатын қағытпа-қалжың, зілсіз әжуа-
мысқыл, астарлы келеке-кекесін сияқты күлкінің сан алуан түрлері халық 
өмірімен етене өмір сүріп келеді. Әзіл-қалжыңның нешеме мысалдары ел 


97 
есінде жатталып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, бізге жетіп отыр. Мұның өзі сол 
күлкінің тәрбие құралы болуынан, тапқырлық пен астарлы ойдың үлгі-
өнегелік болмысына байланысты. Нағашы мен жиеннің, жезде мен 
балдыздың, жеңге мен қайнының жарасымды әзілі мен құрдастар арасындағы 
дәстүрлі қазақы қалжыңнан бастап, орынды жерінде айтылатын орайлы әзіл-
оспақ, қағытпа-қалжыңдар қазақтың қанында бар. Қазақ халқы өмір 
тіршілігінде әзіл-қалжыңнан әсте ажырап көрген емес. Ойын сөз, әзіл-
қалжыңсыз өмірді елестету қиын. Өлім аузында жатып та әзіл-қалжыңын 
тастамайтын, жаратқан иенің өзін қалжыңмен қағытып отыратын 
сайқымазақтар аз болмаған. Тіпті қаза үстінде де орайын тауып, күлдіргі сөз 
айтса, орынды жерінде оған ешкім тойтарыс бере алмаған. Гәп қазақы 
болмыстың қатаң ұстанатын жол-жорасында.
Ойшыл ақын Қадыр Мырза-Әлінің мына бір ғибратты өлеңіне құлақ 
түрелік: 
Қалжыңдалық, 
Қатты-қатты ойналық, 
Күлгенді де, 
Ілгенді ді қоймалық. 
Қай-қай сөз де айту үшін жаралған, 
Бірақ соны айтқан абзал ойланып!
Дастарханда, 
Клубтарда, 
Бақтарда, 
Сырым мол деп, 
Сырыңды мол ақтарма. 
Отырғанда алаяқтың жанында 
Түлкі жайлы мысалдарға көп барма. 
Қанішермен ерегіспе, 
Кектеспе. 
Әділдіктің жолын және көп кеспе. 
Өзі отырып келген жанға – 
Қайтесің! 
Түрме менен сала берме сотты еске! 
Өз ақылын қойған адам күзетке, 
Бәрін ұғар 
Бәрін байқар мезетте.
Перзенті жоқ ата-ананың алдында, 
Көп балалы үй жөнінде сөз етпе! 
Ойда болсын, 
Есте жүрсін мәңгіге: 
Тұлпар жайлы сөз жақпайды әңгіге. 


98 
Ағайыны өлген үйде асылып, 
Арқан жайлы айтылмайды әңгіме. 
Осы сөзді, 
Осы ақылды ал естіп. 
Атам менің сөйлер еді дәл өстіп. 
Бәйбішесі қалған үйде қартайып, 
Тоқал жайлы сөз қозғасаң – әбестік! 
Жақсыны да, 
Жаманды да тапты ана. 
Жөнімен айт, 
Жөн-жосықсыз даттама. 
Түсіп қалған бастығыңның көзінше 
Жаңа келген бастығыңды мақтама! 
Не демейді құрдасына құрдасы! 
Жаман кейде кейбір сөздің бұрмасы. 
...Бір орманның кетуіне өртеніп, 
Жетіп жатыр сіріңкенің бір басы! 
Алайда, кейде осы «кейбір сөздің бұрмасы» ащы күлкінің, адамның 
жанына тиетін зілді, запыранды сықақтың іліп түсер құралына 
пайдаланылады. Ол ащы кекесін, зілді сарказм, долы сықақ тудырады. Ал 
кем-кетікті іліп-шалып, әттеген-айларды зілсіз әзілмен әдіптейтін риясыз 
юмор мен мақтағандай болып отырып-ақ мақтамен бауыздайтын жұмсақ 
ирония ауызекі тілде де, көркем әдебиетте де әлеуметтік-психологиялық 
талдаудың әмбебеп құралы болып келеді.
Ойын-қалжың, әзіл-әжуа – адамдар арасындағы қарым-қатынасқа 
байланысты құбылыс. Ойын-қалжың – әшейін айтыла салатын қитұрқы сөз, 
еріккеннің ермегі емес, халықтық сөз өнерінің тағылымдық әрі тәрбиелік бір 
ажырамас бөлшегі. Ертеден келе жатқан ұлттық күлкінің сипаты, әзіл-
қалжыңның халықтық қасиеті жазба әдебиетімізде де өз орнын алып келеді. 
Бір кезде тағдыр айдауымен қазақтар арасында болған орыстың атақты 
сатирик жазушысы М.Зощенконың былай деп жазғаны бар: «Халықтың 
ауызша прозасы қазақ халқында әзіл-қалжыңның жоғары деңгейде екенін 
дәлелдейді. Ендеше, егер әзілқойлық сезім халық жүрегінде мұншалықты 
дәрежеде өмір сүріп, ауыз әдебиеті юморға өте бай болатын болса, қазақ 
халқының жазба әдебиетінен дарынды сықақшы ақындар мен юморист 
жазушыларды күтуімізге қақымыз бар» [78,236]. 
* * * 
Кеңес дәуіріндегі және қазіргі қазақ жазушыларының шығармаларында 
халық күлкісінің әдемі үлгілері ұтымды көрініп отырады. Қазақстанның 
халық жазушысы Ә.Кекілбаев шығармашылығы да қазақы күлкімен 


99 
суарылған астарлы ой, өтімді образдарға бай екенін айттық. Жазушы 
шығармаларында дәстүрлі қазақы қалжыңдардың көріністері әдемі беріледі. 
Орайлы жерінде ретін тауып айтылатын әзіл-қалжың, күлкі нысанына 
қатысты ойды сөздің майын тамызып тәпсірлеу, құрдастар арасындағы 
қалжың, нағашы мен жиеннің әзілдері көркемдік талғаммен өз жөнін тауып 
отырады. Мысалы, «Тасбақаның шөбі» әңгімесіндегі Қарабаланың аталас 
ағайыны әрі құрдасы Оңбайдың өңмеңдей сөйлеп, өзімсініп сенім артуы, 
қанша барса да тындыра алмаған тірлігін енді өзі жүре алмай қалғасын 
Қарабалаға тапсыруы қазақ болмысына сай бейнеленеді.
Автор әңгіменің басында «ұрыншақ неме» Оңбайды Қарабаланың 
ойымен былайша таныстырады: «Сорлы жиналыс болса тақтайға мініп 
тақылдап, қол қоятын ала қағаз болса алақанына түкіріп алдымен жүгіретін 
еді. Ауылға қанша бастақ сайлансын мейлі, бәрімен елден бұрын Оңбай 
ұстасады. Кеңсенің маңында шаң-шұң шықса, ортасында Оңбай жүреді. 
Қанша көрсең де – әлдекімді жеті атадан бермен қарай сыбап келе жатқаны. 
Ол жағына келгенде ешкімге дес бермейді. Қазақшасының да, орысшасының 
да түбін түсіреді. Тігінші корей шал, осы ауылға келгелі бір жыл болған жоқ. 
Анада қоңыр күзде дүкеннің қасында Оңбай сонымен шүлдірлеп корейше 
боқтасып тұр» [28,293].
Осындай кейіпкер мінездемесін енді бірде зілсіз ирония арқылы оның 
«өмірбаяндық деректерімен» де ұштай түседі: «Он беске келер-келместе-ақ 
қызы бар үйлерге түнде тайлақ боп сүйкенетінді шығарған. Талай-талай ақ 
шұнақ шалдың таяғын да жеген. Соның бәрінен мертікпей аман қалып еді. 
Майданнан, міне, оң аяқты қыл түбінен қырқып беріп қайтты. Сыңар аяқтың 
өзімен-ақ ауылдың ол шетінен бұл шетіне сыдырады да жүреді. Үйіндегі 
алты жаман қараны былай қойғанда, осындағы үш-төрт жесір қатынның 
көлденеңнен тапқан балалары өңкей төстері қайқайып Оңбайдың аузынан 
түскендей» [4,294]. Бұл кейіпкердің психологиялық мінездемесін 
толықтыратын деталь Оңбайдың «ұрыншақтығын» жан-жақты көрсетуге 
қызмет етіп тұр және бұл кезең шындығы мен мінез даралығын 
танытатындықтан, автордың қалжың қаламына ілінген. 
Оңбай – өзіндік бітімімен көрінетін, күлкілі қырларымен 
ерекшеленетін кейіпкер. Қазақ ортасына етене таныс тип. Мінез-құлық, 
темпераменті жағынан Оңбайдың болмысы Есболайға жақын. Ал әңгімедегі 
орталық кейіпкер Қарабаланың жаратылысы мүлдем бөлек, аталас ағайыны 
әрі құрдасы Оңбайға қарама-қарсы. Қарабала өмір бойы ауылдан ұзап 
көрмеген, қызыл шоқ пен қара төстің қасынан шықпайтын, заты момын, қақ-
соқпен ісі жоқ кісі. Өзінің алдындағы ісін ғана білетін және оны жанын 
салып істейтін ұста Қарабала өмірінде ешкімнің бетіне тура келіп те 
көрмеген, құдай деген бір жан. Әйтсе де өз өміріне риза. «Ел қатарлы 
мәпақасы бар. «Қарабала, істеп берші» дегенді істеп береді. Қарабала, барып 
келші» дегенге барып келеді. Құдайға шүкір, осы жасында ешкім бұған 
«мынаны бұлай істемепсің» деп көрген жоқ». Кемпірі Сақып та борпы аяқтау 
болғанымен, құдайдың бір бере салғаны. Бір ұл, бір қыз өсірді, қазір екеуі де 
бөлек тұрады. Осы өмірінде аудан орталығына осымен екінші рет бара 


100 
жатыр. Соғыс басталарда военкоматқа барғаны бар. Оның бер жағындағы 
қайын жұртына екі-үш рет соққаны бар. Енді міне, Оңбайдың қолқасымен 
ауданға барып, кеңсе жағаламақ.
Әңгімеде Қарабаланың Оңбайға тілеулестігі, рухани жақындық 
мәселесі әсерлі баяндалады. Ол тек ағайыншылдық, құрдастық жөнімен ғана 
емес, жалпы адамшылық тұрғысынан Қарабаланың қарапайым бүкпесіз 
болмысын жайып салатын деталь, штрихтардан айқын көрінеді. Ешкімге 
іштарлық жасап көрмеген Қарабаланың Оңбайды ерекше сыйлап, қадір 
тұтуы аса шынайы әрі оқырманның да ықыласын тудырып отырады. 
Оңбайдың өмір жолы авторлық баяндаулар арқылы шолынғанымен, 
негізінен, Қарабаланың ой арнасымен тоғысып жатады. Орталық кейіпкердің 
жанашырлық, тілеулестік ниеті Оңбайдың шын болмысын биіктен көреді. 
Оның барлық іс-әрекет, мінез құлқын шынайы қабылдайды. Мінез-құлық 
жағынан екеуі екі полюсте тұрса да, Қарабаланың көзқарасында Оңбай 
идеалдық дәрежеде сипат алады. Оңбайдың бас асаулық, тентектік 
қылықтары оның зеректігі мен іскерлігі, тындырымдылығымен тоғысып, 
ерекше бір типті құрайды. Бұл өз кезеңінің шындығын көрсететін әрі сөзімен 
де, ісімен де талайды мойындатқан ауыл белсендісінің сипаттарын 
жинақтаған бейне.
Шығармада Оңбай бейнесі – өзінің толық болмысымен жан-жақты 
ашылады. Тумысынан еті тірі, алғыр да зерек, қандай іске кіріссе де 
тындырымды мұндай жанның сұм соғыстың қырсығынан қанаты 
қайырылғаны нанымды танылады. «Әлгі атаңа нәлет Гитлер атқан қаңғыма 
оқтан» келген зардаптың бір ғана мысалы осы кейіпкердің өмір жолымен 
көрсетіледі.
Соғыстан мүгедек болып оралғасын басқармалыққа сайланған Оңбай 
қатаң тәртіпті жолға қойып, «бүкіл ауданды дүбірлетеді». Ұсақ 
шаруашылықтарды ірілендіру бастамасын өзі көтергенімен, үш колхоз 
біріккенде басқармалыққа көрші колхоздың бастығы сайланып, Оңай 
орынбасар болады. Екі қошқардың басы бір қазанға сыймай, ақыры 
басқарманы көрші колхозға жібереді де, Оңбайды фермаға жұмсайды. Одан 
бас тартқан Оңай ет жинайтын қызметке де («Таразы бағып тұрар жайым 
жоқ!»), салық жинайтын қызметке де («Тиын санап отыратын жайым жоқ!») 
бармай жатып алады. Ақыр сәті түсіп экспедицияға қоймашы болып 
орналасып, тағы да дәурені жүріңкірейді.
Баста дәурен ұзақ тұрған ба, экспедиция келген жағына қайтып 
кеткесін, Оңбайдың баяғы санамаймын деген тиынын санауына, бақпаймын 
деген таразысын бағуына тура келді. Енді, міне, жас ұлғайған соң ескі 
жарасы аруағына мініп, үйден шыға алмай жатып қалғасын, ауданнан өзіне 
тиісті машинаны алдыруға Қарабаланы жұмсап отырғаны. 
Оңбайдың болмысы авторлық баяндаулардан да, кейіпкер сөзінен де 
айқын танылады. Оңбайдың: «...Қазір орынсыз момын болуға да, орынсыз 
пысық болуға да, орынсыз алғыр болуға да, орынсыз ақылды болуға да 
болмайды, қасқа. Артық дәулет көз шығармаса шығармас, ал артық ақылдың 
көз шығаратыны ып-рас. Өз бағыңды өзің байлайсың. Дүниеде құдайдың 


101 
бергені де ештеңе емес, бергенін қайтып алғаны да ештеңе емес, бәрінен де 
берейін деп тұрып бермей қалғаны жаман екен», – дейтін «өмірлік 
философиясындағы» соңғы сөйлем еріксіз күлкі шақырады. Олай деуінің өз 
уәждемесі бар, өсейін деп тұрған жерінде бастыққа жақпай қалып, опық 
жеуінің өмірлік сабағы бұл. 
Жазушының мысқылы мен қалжыңы жайлы да жағымды, көңілге 
тимейді, қайта оқырманды қызықтырып, кейіпкерлерді жақын қабылдауға 
ықпал етіп отырады. Автор осындай пысық Оңбайдың балаларын 
«қақшаңдаған әкесіне тартпай, балағын жинай алмай жүрген шешесіне 
тартып туған. Өңшең бір аузынан сөзі түскен бозым» деп бір шалып өтсе,
Қарабала мен Оңдайдың мектепте оқыған кездегі сипаттарын салыстырмалы 
түрде былайша суреттейді: «...Есеп сабағында түйенің, жылқының, қойдың, 
ешкінің санын алып-қосқанда еш мүдірмейді, ал әлгі кітапта жазылатын 
сымға қонып отырған торғайларды, баудан үзіліп әкелінген жәшік-жәшік 
алмаларды, екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы шыққан велосипедшілердің 
жылдамдығын есептеуге келгенде миы зеңіп жүре береді. Ал, Оңбай көк 
соққан көзін ашқаннан велосипед мініп, баудан алма теріп, ерінбай-
жалықпай бағандардың сымына қонған торғайларды санап өскендей, «ал» 
десең де, «қос» десең де, «бөл» десең де, «көбейт» десең де аузына-аузы 
жұқпайды. «ақ шкөлдің» білімін бір-ақ қақшып, көрші колхоздан жетінші 
класты бітірді. Қарабала көрші колхозға барып оқымақ түгілі, «ақ шкөлдің» 
азғана оқуының өзін тауыса алмай, білімге күпті боп қалды...» [4,298]. 
Ал Оңбайдың тілділігін оның басқаға сырттай мінездеме беруінен де 
айқын аңғартады. Өзі ылғи құрдас қып иықтайтын Қарабалаға Қали 
қойшыны мысалға келтіріп былай дейді: «Маңдай теріңді қанша ағызсаң да, 
анау ауыл қыдырып, қарта ойнаған Қалиға жете алмайсың. Қойды қатын-
баласына бақтырады да, абырой-атақты өзі иемденеді. Танауын кертитіп, қай 
жерін көрініске қоятынын, Алматыға, Москваға көрмеге ылғи сол барады. 
Барған сайын кілем арқалап, үнді шайын үйіп қайтады. Өңшең игі 
жақсылардың сөзін сол естиді. Сен болсаң күні бойы қара тас пен қара 
балғаның айтысын тыңдайсың...» [4, 295-296]. Осы шағын ғана үзіндіден сол 
кезеңдегі қоғамдағы орын алған кейбір жағымсыз тенденцияның (еңбекті 
бағалаудағы біржақтылық ұстанымның) көркем бейнеленуінен антиутопия 
элементі айқын көрінеді. 
Ал аудандағы шенеуніктерді бірінен бірі өткен «белгілі бегейлер» 
қылып көрсетеді, олар Оңбайдың айтуынша, «...Біреуі қақпан торыған қара 
тазыдай жемсауы бүлкілдеп тұратын жылмаңтөс жұтыр дейді. Екіншісі – 
туған әкесі келсе де, есігінің алдына екі сағат мөлитпей, табалдырықтан 
аттатпайтын аспандаған төре дейді. Үшіншісі – аузын қу шөппен сүрткен, 
бардың өзін жеті қат жердің астына жасырып қойып, қолыңа ұстап барған 
қағазыңның әр әрпіне сығалап қарайтын заң сапырған залым дейді...» (4,295).
Ал шынында, Қарабаланың «ауданға сапарынан» байқағанымыз, 
аудандағы дөкейлер әлгі айтқандай аса бір бедірейген безер адамдар болмай 
шықты. Қарабаланы көргеннен танып, бірі тіпті кезексіз қабылдайды, бір 


102 
кезде істеген жақсылығын еске алып, қолынан келген көмектерін көрсетеді, 
сөйтіп базадағы үш машинаның біреуін бөлгізеді.
«Тасбақаның шөбі» әңгімесі осындай қарапайым ғана оқиғаға 
құрылған. Халықтық ырым-сенімді арқау еткен шығармада адамгершілік, 
ізгілік мәселесі шынайы көркемдік шешімін табады. «Жақсылық қашан да 
алдыңнан шығады» дейтін халықтық қағиданы автор бір күннің оқиғасымен 
нанымды тәпсірлейді. «Сәті түсейін десе, бәрі оңынан орала кетеді екен», –
деп басталуынан-ақ автор оқиға өрбуінің беталысын ишаралап алады. 
Жалпы, Ә.Кекілбаевтың қаламгерлік өрнегінде орайы келе кеткен істің 
оңтайына бағдар жасау үшін, әп дегеннен қалыпты жағдай мен нақты 
шақтағы іс-әрекет, құбылыстың кереғар тұрпатын қарама-қарсы сипаттай 
отырып, тосын жайтқа екпін түсіре, үдемелік екпінмен оқырманының 
назарын аудартып алатыны бар. «Керек адам» әңгімесіндегі: «Шыға беріс кең 
фойеде автомат-телефонның алтау-жетеуі сап түзей қалыпты. Қалтасына қол 
салып еді, осындайда таптырмайтын екі тиындық теңгенің үш-төртеуі 
қосарлана іліккені», – деп суреттейтіні секілді, бұл шығармасында да 
оқиғаның орайын сәтті өрнекпен қанықтырып алады: «Әншейінде өз етегіне 
өзі сүрініп қапылып жүргенімен, шайы қайнағанша еру ел көшін жөнелтіп, 
көшкен ел үйін тігіп үлгеретін борпы аяқ Сақыптың қара шайнегі сол күні ә 
дегенде бұрқ ете түсті. Таң атқанша ит арқасы қияннан бір-ақ шығатын зыр-
зыбыл құла біреу әдейі қазықтап қойғандай ауылдың көк желкесіндегі
қарағанды жүлгеге қадала қапты. «Асылы, жолым болады білем», – деп 
ойлады Қарабала, аяғын үзеңгіге салып жатып».
Автордың осындай градациялық екпінмен өріс алатын баяндаулары, 
біріншіден, суреттелетін жайды ерекше леппен көтермелеп, назар аударта 
айшықтаса, екіншіден, санамаланып көрсетілетін қайталамалық қатар кейде 
қалжың-мысқылдық жолдармен де үдетіліп отырады. Мысалы, «Ауданда 
заемды бірінші боп орындайтын Оңбайдың колхозы. Еттің жоспарын бірінші 
боп орындайтын Оңбайдың колхозы. Тіпті бойдақ салық екеш бойдақ салық 
та Оңбай келгелі бірінші боп орындалады» немесе: «...Оңбайдың тұсында бұл 
ауылдан ат салдырмаған бәйге жирен шықты. Оңбайдың тұсында еңбеккүнге 
ақша беріле бастады. Оңбайдың тұсында қабырға газет екеш қабырға газет
те уақтылы шығып тұрушы еді. Оңбайдың тұсында Қарабала екеш Қарабала 
да жиналысшыл болып алып еді. Басқарманың мүшесісің дейді ме, әйтеуір 
күнара кеңсеге шақырып жатыр деп бір қара сирақ шауып келеді де тұрады».
Жазушы стиліндегі қайталаулар бұл шығармасында да көркемдік 
тәсіл ретінде ұтымды рөл атқарады. «Бұрын «біздің бала айтса қатырып 
айтады» кеу-кеу, сосын «біздің шолақ аяқ басқарма айтса біліп айтады» кеу-
кеу, енді «Оңбай айтса оңдырмай айтады» кеу-кеуге айналды» немесе «Бірақ, 
«кладовщик казах Бисенов» мәселесіне келгенде кеңкілдеп күле бергеннен 
басқа, таңдайын қағып тамсанғаннан басқа ештеңе айтпайды. Бастық 
астарлап жамандап көреді, ол неме күледі; тұспалдап жамандап көреді, ол 
неме күледі; сардитып ашықтан-ашық жамандап көреді, ол неме басын 
шайқап мәз болады, қалай айтса да сөзі өтпеген соң, бастық қонағының тұп-
тура өзіне бас салып, тап енесінен сылқитып бір боқтайды – ол неме 


103 
«маладес», «маладес» деп шек-сілесі қатып құшақтап ап бетінен сүйеді. 
Қашан кете-кеткенше Оңбай туралы әңгіме болса, «Бисенов умный шалабек» 
деп сылқылдай жөнеледі. Онысы «сіздің ауылдың керкуі біздің ауылға 
жүрмейді» дегені болса керек», – дейтін жолдарда көркемдік қайталаулар 
мәтіндік құрылымдағы мазмұндық ықшамдау қызметін атқаруымен қатар, 
кейіпкерлердің мінез-құлық болмысы мен сюжеттік дамуға юморлық 
колорит үстеуімен де жарасым тауып тұр. 
Оңбайдың талайдан бері тындыра алмай жүрген шаруасын 
Қарабаланың бір-ақ күнде ыңғайлап келуі, шынында да, таңғаларлық жағдай 
секілді. Автор «тасбақаның аузынан шөп алған адамның қай қалауы да 
орындалады» деген халықтың ырымын осы әңгімесінде оңтайлы пайдаланып, 
әдемі кіріктіреді. Қарабала өзінің талайларға жасаған жақсылықтарының бұл 
бір қайтарымы екенін жете түсінбей, істің оңынан оралғанын «тасбақаның 
шөбінің» құдіретіне жоруы әрі қызғылықты, әрі ұлттық сенім-нанымға сай. 
Кейіпкер болмысын ашудағы бұл да бір сәтті тәсіл.
«Тасбақаның шөбі» әңгімесінің ішкі юморлық қуаты бар. Мұндағы 
күлкі – кемшілікке қарсы шығатын әшкерелеуші күлкі емес, жағымсыз әдет-
қылықтарды жатсынатын жәбірлеуші күлкі де емес, өмірдің алуан 
көріністерін көрсетіп, адам мінезінің ньюанстарын сол қалпында танытатын, 
одан қандай қорытынды шығаруды оқырманның өзіне қалдыратын ойнақы да 
өміршең күлкі.
Оңбайдың: «Аталарымыз бір кемпірдің көкірегін сорғанда сенен не 
көрем? Қу темірді бір күн тықытпағаннан ештеңең құрып кетпес, барып қайт. 
Егер осы айтқанымды істемейді екенсің, ертең мен өлгенде «Ой, 
бауырымдап» қоңқақ танауыңды қорсылдатып маңыма келдің бар ғой, қақ 
маңдайыңнан тарс еткізіп мына балдақпен бір қоям!» – дейтін өзімсінген 
өктем сөзі немесе аудандағы бастықтардың жайын сұрардағы кекесін-
мысқылдары («Бастықтар аман ба екен. ...Құшақ жайып қарсы алған шығар», 
«Әлгі темір тіс ұры тазы не деді?», «Кербез бастықта да болдың ба? 
...Толғатқан саулықтай ыңыранды ма?», «Нарқоспақ қайтті? Аузын қу 
шөппен сүртті ме?»), автордың Қарабаланың тасбақаның шөбін алғаннан 
кейінгі көңілі орнығып, жолда ыңылдап ән салатынын суреттейтін тұсы 
(«Айдалада жападан-жалғыз ыңылдап келе жатқанын біреу-міреу естіп қап, 
ертең: «Білмейді екенбіз, Қарабала да оңашада қара өлеңді қайқайтады 
екен!», – деп әжуа қып жүре ме деп төңірегіне жалтақ-жалтақ қарап қояды») 
мен Қарабаланың ән мазмұнын қабылдауына қатысты түсіндірмесі 
(«Қарабала сол не қылған қызыл азбан екеніне, ал әлгі екі мұңдарға 
заманның тынышында бірігіп көмір қазатындай не күн туып жүргеніне – 
түгіне түсінбейді. Мұнда осынша жырқылдап күлетіндей не тұрғаны тіпті 
миына кірмейді») сияқты жолдар оқырманын еріксіз жымитып, сәулелі күлкі 
тудырады, кейіпкерлердің мінез-құлық қырларын қосалқы детальдармен 
толықтырып отырады. 
«Сулап тарайтын шашы да, ақсиған тісі де, күлімдеп тұратын көзі де, 
күнде бір тазалап қоятын былғары бәтеңкесі де қашан көрсең де енесі жалап 
тастаған жас қозыдай жылтырап тұрғаны», «Экспедицияның қоймасынан 


104 
шыққан бір шелек бензиннің колхоз байғұстың қаңсып тұрған тракторы мен 
машинасына не істейтінін өзі білсін, ал ауылда бір бұралқы әңгімені гу 
еткізеді. Оңбай айтты бір ауыз сөз бастықтардың соңынан өрт болып түсіп 
алады», «Бұл бақ дегенді қойсайшы. Бақыт деген де жалғыз көзді дәу 
көрінеді ғой. Қашан тас төбесіндегі көзіне түскенше кімді көтеріп келе 
жатқанын білмейді екен. Көзіне түскен соң көтеріп ұрып бір-ақ лақтыратын 
болса керек» дейтін авторлық баяндаулар мен кейіпкер сөздерінде кездесетін 
суреттемелер мен пайымдаулар автор стиліне тән, мәтіндік ұйымдасуға 
юморлық леппен жинақтаушылық әрі даралық сипат дарытатын өрнектер 
болып табылады. 
Әңгімедегі «тасбақаның шөбі» туралы ел ұғымындағы ырымдық 
әңгімені шығарманың мазмұндық арқауымен қисынды үйлестіруден бастап,
«Сен болсаң күні бойы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет