Заһирур-Риуая кітаптары I. Заһирур-Риуая мына алты кітаптан тұрады: 1. әл-Мәбсут 2. әз-Зиядат. 3. әл-Жамиғус-Сағир, 4. әл-Жамиғул-Кәбир, 5. әс-Сиярус-Сағир, 6. әс-Сиярул-Кәбир. Имам Мұхаммед осы аталмыш алты кітапы мүтәуәтір жолмен Әбу Ханифа және Әбу Юсуфтан риуаят еткендігі үшін ішінде күмән жоқ деген мағынада «Заһирур Риуая» деп аталған. Сонымен бірге бұл кітаптарда Имам Мұхаммедтің көзқарастары да бар. Ханафи мәзһәбінің негізі осы кітаптардан алынғандықтан «әл-Усул» деп те аталады.
Надирур-Риуая кітаптары II. Надирур-Риуая болса мына бес кітаптан құралады: 1. Кәйсәният (Имам Мұхаммедтен Шұғайб бин Сүлейман әл Кәйсәни риуаят еткендіктен осылай аталған) 2. Харуният (Харун Рашидке ұсынылғаны үшін осылай аталды) 3. Журжаният (Журжанда жазылғандығына байланысты немесе Али бин Салих әл-Журжани риуаят еткендіктен осы атауды алған) 4. Раққият (Имам Мұхаммед Раққада Қазы болған кезінде шешкен мәселелерін қамтығандығынан осылай аталды) 5. Зиядатуз-Зиядат. Бұл кітаптарға Науадирур Риуая немесе Ғайру Заһирир Риуая деп аталуының себебі, бұл кітаптардың риуаяты мүтәуәтір дәрежесіне жетпегендігінен болып табылады.
Уақиғат кітаптары III. Уақиғат төмендегі екі кітаптан тұрады: 1. ән-Нәуәзил 2. әл-Фатауа.
Мәликилер мазһабы
Негізін қалаушы- малик бин Әнәс.
Қағидалары:
Маслахат-жалпы мағанада мүлде және пайда дегенді білдіреді
Селди-Зерия-харамға апаратын жолдыжабу деген мағынаны білдіреді
Бұл мазһабтың негізін қалаушы - Малик бин Әнәс. Малик һижраның 93 ж. (милади 712 ж.) Мединеде туылып, һижраның 178 ж. (милади 795 ж.) сол жерде қайтыс болады. Малик атақты табиун ғалымдардан хадистер мен фикһ ілімін үйреніп, кейіннен өзі де пәтуа бере бастаған.
Имам Малик үкім шығаруда өзге мужтахид имамдар сияқты настарға және сахабалардың пікірлеріне көп мән береді. Малик қияс және истихсанмен қатар «маслахат-ы мүрселе» және «селди зерия» қағидаларына да құқықтық мәселеде маңызды орын берген.