Дін және мәдениет Дәріс тақырыбы Ph. D докторы, доцент м а


Қоғамдық сананың тарихи қалыптасқан түрлері



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата19.11.2022
өлшемі2,55 Mb.
#51187
1   2   3   4   5   6   7   8
Қоғамдық сананың тарихи қалыптасқан түрлері: саясат, құқық, философия,
мораль, өнер қоғамдық болмысты бейнелей отырып, оған белсенді түрде ықпал
етеді. Оның әрқайсысының өз нысанасы мен бейнелеу тәсілінің болуына
қарамастан, болмыс пен адам санасына өзіндік әсерін тигізіп, идеялық-саяси
күресте ерекше рөл атқаруымен сипатталады.
Қоғамдық таптар - ортақ мүдделері және құқылықтары бар әлеуметтік тұрақты
(салыстырмалы) топтар (мысалы, шаруалар, жұмысшы табы, буржуазия, орта
тап және т.б.). Таптар мен тап күресі тұжырымдамасы XIX ғ. Еуропада кеңінен
таралды (К. А. Сен Симон, О. Тьерри, Ф. Гизо және т.б.). К.Маркс пен
Ф.Энгельс
таптардың
болуын
қандай
да
бір
өндірістік
әдістермен
байланыстырды, таптар күресін тарихтың қозғаушы күші ретінде санады және
пролетариата буржуазияны күшпен төңкеріп тастау және тапсыз қоғам құру
тапсырмасын жүктеді. Әлеуметтануда қоғамды тапқа және әлеуметтік топтарға
(жастық, экономикалық, кәсіби, құқықтар мен міндетгер жүйесі, әлеуметтік
мәртебе) бөлу орын алған. Қазіргі қоғамда қоғамдық еңбек бөлінісі,
жекеменшік қатынастары, басқа да факторларға сай әлеуметтік жіктелу және
ықпалдасу проңесіне орай араларында әріптестік, бәсекелестік немесе
қақтығыс туындайтын, дегенмен, демократиялық принциптер негізінде
реттелетін әртүрлі жіктер мен топтар қалыптасады.


Ұлттық бірлік, жаңашылдыққа деген ұмтылысы мен
талмас күш-жігер қасиеттері барда қоғамдық сана
жанданады. Мысал келтірсем; туған жерге деген
сүйіспеншілікті ояту мақсатындағы бағдарлама, шаралар
көбейсе, ғылым мен технологияларды жан-жақты
меңгеруге жол ашылып, бағыт-бағдар көрсетілсе.. Сана
болмыстың бейнесі болғандықтан, қоғамдық болмыс
өзгергеннен кейін сана да өзгереді. Қоғамдық өмірдің
әрбір кезеңіне қарай өмір сүру үшін өзгере білуінде әрі
соған
сәйкес
әрекет
етіп,
оны
ұлттың
озық
тәжірибесімен ұштастыра білу, міне, дамудың белгісі.
Алайда сол әрекет барысында ғасырлар қойнауынан
жеткен қазаққа тән
әдет-ғұрыптар мен мінез-
құлықтарды, қалыптасқан дәстүрлерді, болмысымыздың
ерекшеліктерін де қатар алып жүруіміз тиіс деп
ойлаймын. Ұлттық салт-сана, әдет-ғұрып, мәдени
дәстүрлерді берік сақтай отырып, оны жаңа заман
жетістіктерімен,
жалпыадамзаттық
құндылықтармен
байыту қажет.


Жаңа бағытқа бет-бұрыстың ең басты шарты – ұлттық кодты сақтау.
Тарихи тамыры тереңде жатқан, ұлтымыздың күні бүгінге дейін
бәрінен жоғары бағаланатын қасиеттері, солардың тұжырымдалған
формуласын ұлттық код деп айта аламын. Біздің ұлттық кодымыз–
ұлттық болмысымыз. Яғни бір халықты басқа халықтан ажыратып,
танытатын және сол халықтың басқаға ұқсамайтын таным-түсінігі мен
бітім-болмысын айқындап тұратын сипаты міне сол ұлттық код. Қазіргі
жаһандану кезеңінде жойылып кетуден аман қалуын ойлайтын әрбір
халық алдымен өзінің байырғы рухани-тектік қасиеттерін мейілінше
жаңғыртып, осы арқылы заманауи ғаламдық бәсекелестікке төтеп бере
алу жағын ескеріп отыр. Ұлттың басқа бір ұлттан даралануы ол ең
алдымен өзінің діні, тілі, дәстүрі, мәдениеті емес пе? Сондықтан ең
алдымен ұлттық кодты, яғни өз болмысымыздыы жолғалтпағанымыз
абзал деп есептеймін. Рухани кодымыздың бастысы, ұлттың күллі
қастерлі ұғымдарын, қасиеттерін бойына жиған өзегі тіл болып
табылатыны құпия емес. Міне, сол қасиетті ана тіліміздің қуаты
бүгінде әлі де алаңдатады. Турасын айтқанда, мемлекеттік мәртебесіне
қарамастан, қазақ тілінің қолданыс аясын тиісті дәрежеде кеңейте
алмау, бұзу, дұрыс сөйлемеу, тіпті мүлдем ұмыту өзіміздің ұлттық
құндылықтарымыздың жүйесін сақтай алмауға әкеліп соғатыны анық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет