Дін және мәдениет Дәріс тақырыбы Ph. D докторы, доцент м а


христиан және ислам діндері



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата19.11.2022
өлшемі2,55 Mb.
#51187
1   2   3   4   5   6   7   8
христиан және ислам діндері 
қалыптасты.


Дінді әлеуметтанулық 
талдау


Дін- қоғамдық сананың, ерік пен болмыстың ерекше сипаты, түрі. Дін
қоғамдық сананың бір түрі ретінде ұжымдық сену, құдіретті қасиетке, 
ең алдымен құдайға деген ерекше сеніммен сипатталады. Дін
әлеуметтануы XIX ғасырдың екінші жартысында Европада, дәлірек 
айтқанда, Франция мен Германия елдерінде пайда болды. Оны 
әлеуметтану ғылымдарының арнайы бір бөлігі ретінде
қалыптастырған ғалымдардың алдыңғы қатарында Э.Дюркгейм, 
М.Вебер, Т.Парсонс және т.б. болды.
Дін әлеуметтануының ғылым ретіндегі пәні - дін мен қоғам 
арасындағы диалектикалық байланыстардың жалпы заңдылықтарын 
зерттеу. Бұл байланыстардың бірінші жағы - қоғамның, қоғамдық 
қатынастардың дінге жасайтын ықпалы. Ал екінші жағы - діни
көзқарастың, діни элементтер мен дін функцияларының қоғамға 
тигізетін әсері.


05
Эмиль Дюркгейм
Дін әлеуметтануын қалаушылардың бірі , осы салада
жазған еңбектері : 
« Діндік өмірдің элементар формалары » . Өзінің 
еңбетерінде ол діннің функционалдық анализін
құрастырды. Дюркгейм кез - келген әлемдік діннің 
құрамында қарапайым діннің құрамында болмайтын
нәрселер жоқ . Діннің нақ өзі оған сенуде емес , 
адамдардың қасиетті және бұқара болып бөлінуінде 
деп айтқан . Дінді әлеуметтік статуспен және 
билікпен байланыстырмайды . Ол оның табиғатпен 
байланысын және қоғамдық біртұтас институт 
ретінде қарастырады .


Дюркгеймге қарағанда Макс Вебер дінді өте үлкен әлемдік 
масштабта қарастырды . Ол индуизм , буддизм , даосизм және 
бастапқы иудаизм діндерін зерттеген. Макс Вебер өзінің 
«Протестант және капитализм рухы» деп аталатын басты
еңбегінде діннің мәні адамдардың мінез-құлықтары мен іс-
әрекеттеріне биік мақсаттар әкелу екенін айтты. Ол да дінді
әлеуметтік институт ретінде қарастырды. Оның ойынша, дін әрбір 
индивидтің, әрбір әлеуметтік топтың мінез-құлқы мен ойлау
тәсіліне мән-мағына береді, сөйте отырып олардың өзіндік жеке
дамуына ықпал ететін құндылықтар мен нормалар жүйесінің 
негізін құрайды.
1902-1979 жылдарда өмір сүрген, американ
әлеуметтанушысы, профессор Толкотт
Парсонстың «Әлеуметтанудың жалпы
теориясының мәселелері» деп аталатын басты
шығармасындағы негізгі ойы - дін
адамдардың мінез-құлықтары нормаларының
негізі болып табылады, сондықтан да дінді
арнайы әлеуметтанушылық тұрғыдан зерттеу
керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет