Дін және мәдениет Дәріс тақырыбы Ph. D докторы, доцент м а


Социологиядағы рухани мәдениет элеметтері



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата19.11.2022
өлшемі2,55 Mb.
#51187
1   2   3   4   5   6   7   8
Социологиядағы рухани мәдениет элеметтері
Құндылық - бұл осы немесе басқа қоғамдық заттардың қасиетін
қызығушылықтарын, ниеттерін, қажеттіліктерін қанағаттандыру 
құбылысы.
Әлеуметтік субъектінің құндылық жүйесіне әр түрлі құндылықтарды 
жатқызуға болады:
1. Өмірлік мағынасы бар (жамандық пен 
жақсылық туралы, өмірдің мақсаты мен мәні 
туралы ойлар);
2. Әмбебап: а) виталды (өмір, денсаулық, жеке қауіпсіздік, 
тұрмыс-жағдай, отбасы, туыстар, білім, мамандық, 
құқықытық тәртіп, т.б.); ә) қоғамдық мойындау (еңбек 
сүйгіштік, әлеуметтік жағдай, т.б.); б) өзара тұлғалық қатынас 
(адалдық, риясыздық, мейірімділік); в) демократиялық (сөз 
бостандығы, еркіндік, ұлттық егемендік, т.б.);
3. Партикулярлы: а) отаны мен отбасына бауыр 
басу; ә) фетишизмдік (құдайға сену, абсолютке 
ұмтылу).


Тіл - адам тәжірибесін шоғырланудың, сақтаудың
жеткізілудің объективті формасы. Тіл нақтылы 
мәндермен үйлестірілетін белгілер мен 
символдардың жүйесі болып табылады. Белгілер 
мен символдар қатынас жасау барысында басқа 
ілімдердің өкілдері ретінде көрінеді, олар туралы 
ақпарттар жеткізу мен өзгерту, алу мен сақтау үшін 
қолданылады. Белгілер мен символдар әрқашан 
нақтылы мәнге ие болады. Адамдар белгілер мен 
символдардың мәнін түсінуді білім беру процесінде 
игереді. Дәл осылар оларға айтылған мен 
жазылғанның мәнін түсінуге мүмкіндік береді.


Қоғамдық сананың 
жаһандануы


Қоғамдық сана
Қоғамдық сана - қоғамның рухани өмірінің, адам ойында шындықтың бейнеленуінің барлық
түрлерін қамтитын философиялық категория; әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың өмір сүруі
процесінде пайда болатын адамдардың әлемге және өздеріне деген қатынастарының рухани
тәсілдерінің жүйесі.
Оған қоғамдық идеялар, теориялар, саяси, құқықтық, адамгершілік, эстетика, философия және діни
қозғалыстар, ғылыми білімдер, т.б. жатады. Қоғамдық сана әлеуметтік сезімдер мен көңіл-күйлерді,
әдет-ғұрыптар мен мінез- құлықтарды, қалыптасқан дәстүрлерді, үлттар мен халықтардың
психикалық кейіп ерекшеліктерін де қамтиды. Қоғамдық сана қоғамдық болмыстан туып, соның
бейнесі мен туындысы болып табылады. Сана болмыстың бейнесі болғандықтан, қоғамдық болмыс
өзгергеннен кейін сана да өзгереді. Бірақ қоғам мүшелерінің санасы белгілі бір мерзімге дейін
өзгерген болмысқа сәйкес келмеуі, яғни артта қалуы мүмкін. Қоғамдық сана болмысты бейнелеп
қана қоймайды, ол бейнеленген нысанды қозғайды, оны өзгертіп, дамытады. Оның күрделі ішкі
құрылымдарының деңгейі мен түрлерін ашып көрсетуге болады. Қоғамдық сананың деңгейлеріне
тікелей бүқараның, жекелеген әлеуметтік топтар өмірінің күнделікті жағдайларынан туатын
қарапайым, эмпирикалық сана және қоғамдық топтардың түпкілікті мүдделерінің рухани көрінісі
ретінде ғылыми-теориялық сана жатады. Қоғамдық сананың түрлері объективтік дүние мен
қоғамдық болмыстың адам санасында бейнеленуін көрсетіп, адамның тәжірибелік іс-әрекеттерінен
байқалып, қоғамның рухани мәдениетінің қүрамдас бөлігіне айналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет