Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы



бет117/131
Дата03.12.2023
өлшемі2,16 Mb.
#133533
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   131
Байланысты:
Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялы сауаттылы ТЫ теориялы

іеру


ІІСТІ


>ІМИ
ідан

лың

нда,

лдік

ілық

қол
гтық


мен
йесі


:інің

піне

Бұлар жұмыстың қол жеткен табыстарын танытып, докторлық диссертацияға қойылатын талаптардың деңгейіне сәйкестігін көрсетеді.



  1. Ізденушінің диссертацияда тұжырымдалған әрбір нәтижесінің, тұжырымдары мен қорытындыларының негізделу және шынайылық дәрежесі.

«Абай мен Шәкәрім шығармалары тіліндегі тілдік дәстүр жалғастығы (когнитивтік аспектіде)» тақырыбындағы зерттеу нақты тілдік деректер мен теориялық еңбектерге негізделген.
Атап айтқанда, зерттеу еңбектегі бірінші нәтиже аталмыш мәселе туралы жазылған, жарық көрген арнаулы әдебиеттерді пайдалана отырып, поэтикалық мәтін тілін когнитивтік лингвистика тұрғысынан зерттеудің теориялық негізін анықтауға арналған тілдік материалдарға қажетті ғылыми әдістер негізінде алынған.

Қазақ тіл білімінде бұрын-соңды арнайы толыққанды нысан ретінде зерттелмеген Абай мен Шәкәрім шығармаларына ортақ негізгі концептілер жүйесін саралап жіктеуі ізденушінің зерттеу қорытындысынан алған екінші нәтижесі болып табылады.


Диссертация тақырыбының көкейкесті мәселесі болып табылатын үшінші нәтиже қазақ тіл біліміндегі таным - мәдениет - тіл үштігінің қағидалары негізінде қос ақын шығармаларындағы әлемнің тілдік бейнесінің көріністеріне тілдік деректер арқылы когнитивтік құрылым тұрғысында ғылыми талдау жасауы диссертанттың жинаған тілдік материалдарға жасаған өзіндікғылыми жіктемесінің негізінде түйінделген.



    • Ізденушінің диссертациясында тұжырымдалған әрбір ғылыми нәтижесі /қағидасы/ мен қорытындысының жаңалық дәрежесі.

Ізденуші тіл тағылымы мен тілдің танымдық тетіктерін тануда Абай мен Шәкәрім шығармаларының маңыздылығын, олардың тілдік сабақтастығы мен танымдық үндестігі, логика-психологиялық, философиялық ерекшеліктері ұлттық құндылықтар мен әлемнің тілдік бейнесінің жоғары көрсеткіші болып табылатындығын ғылыми түрде пайымдап, когнитивтік мәніне өзінше баға бере алған (32-41 б., 41-51 б.)


Диссертант Абай мен Шәкәрім шығармаларына тән ортақ танымдық арналарға негіз болған концептілердің жүйесін 1) жеке тұлғаның өмірді қабылдау сезім-түйсіктеріне орай метафизикал ық, эмоционалды концептілер жүйесі; 2) қарама-қарсының бірлігі арқылы танылатын контрасты концептілер жүйесі; 3) рухани құндылықтар концептісі деген үш топқа бөліп қарастырады. (61-6.) Осы бөліністің негізінде «махаббат», «ар», «иман», «тағдыр», «өмір/өлім» концептілер өрісі түзіліп, қос ақын шығармаларының тіліндегі әлем бейнесі суреттеледі



175


Зерттеушінің «Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы әлемнің тілдік бейнесінің сипаты» атты екінші тарауындағы тірек концептілер жүйесін анықтап, концептуалды талдау жүргізуі назар аударуға тұрарлық дүние. Абай мен Шәкәрім шығармаларында ең ірі концептілікжүйе құрайтын өмір, өлім, алла, ар-ұят, махаббат, иман сияқты концептілер өз ішінде көптеген фреймдер, концепт-сценарийлер, концепт-схемалар арқылы түсіндіріледі (65-74 б., 76-85 б., 87-94 б., 115-130 б.) Осылайша жіктеп бөлуі де зерттеу жаңалықтарының бірі деп ойлаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет