«Зерттеу нәтижелері» типіндегі тезисті жазу кезінде мынадай мәліметтерді беру қажет:
қысқаша кіріспе, мәселені қою («мәселені қоя білу» тезисіндегі сияқты, тек қысқа жазылады);
жұмыстың мақсаты (нақты бір нәрсені зерттеу);
зерттеудің негізгі ережелері немесе жорамал (экспериментальды зерттеу жағдайында);
аралық нәтижелер (қажет болған кезде);
түсіндіру (интерпретация) + тұжырымдар.
«Жұмыстың жаңа әдістемесі» типіндегі тезисті жазу кезінде
мынадай мәліметтерді беру қажет:
әзірленген әдістің қажеттілігін шешуге арналған міндеттерді сипаттайтын қысқаша кіріспе, әдіс қолданылатын сала (өзектілігі);
жұмыстың мақсаты (қажетті әдісті әзірлеу);
жаңа әдістің артықшылықтары мен кемшіліктеріне баға беру;
Тезистерді ресімдеу
Тезистерді ресімдеуге қойылатын талаптарды конференцияны ұйымдастырушы комитет белгілейді және оны барлық қатысушылардың назарына жеткізеді. Ұйымдастыру комитеті белгілеген талаптарды қатаң сақуау қажет. Әдетте, тезистің кәлемі 1-2 бет болып белгіленеді. Кейде сөз немесе таңба санымен белгіленеді. Тезистерді ресімдеудің жиі кездесетін талаптары Тітез Ыеүү Котап, 12 шрифт, бір интервал, \А/огсі форматты құжатта, басылған мәтіннің 1 бетінде шамамен 45 қатар немесе 5-7 абзац болады. Бұл ретте парақтың елеулі бөлігін тезистің тақырыбы, автордың аты-жөні мен жұмыс істейтін ұйымы алады. Қысқасы, автордың ойын анық жеткізу үшін аз ғана көлем беріледі. Осы аз көлемдегі мәтінде автордың ойы оқырманға анық жетуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |