«Абай мен Шәкәрім шығармалары тіліндегі тілдік дәстүр
жалғастығы (когнитивтік аспектіде)» атты
диссертациялық жұмысына
ПІКІР
Зерттеу тақырыбының өзектілігі және оның жалпы ғылыми және жалпы мемлекеттік бағдарламалармен (практиканың және ғылым мен техника дамуының сұраныстарымен) байланысы.
Бүгінгі таңда тіл біліміндегі көркем шығарма тілін прагматикалық, когнитивтік, психолингвистикалық парадигмада қарастыруда біршама нәтижеге қол жетті десе де болады. Жаңа ғылыми парадигмаға сай тілді зерттеуде негізгі назар тілдік тұлғаға аударылады, сонымен байланысты тілді зерттеудің жаңа мақсаттары, маңызды ұғымдар мен тәсілдер, метатілдік теориялық негіздер қалыптаса бастады. Жалпы тіл табиғатын когнитивтік негізде қарастыру үлгісі В.Гумбольдт, Т.А. ван Дейк, Э.Сепир, А.Потебня тәрізді ғалымдардың еңбегінен бастау алады. Бұл ретте жемісті еңбек еткен қазақ ғалымдары Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева, Қ.Жаманбаева т.б. зерттеулері тек этнолингвистика үшін емес, когнитивтік зерттеулер үшін де құнды мазмұнға ие. Яғни қазіргі кезде тілдің жан-жақты қызметі мен оның адам санасы арқылы объективтенуі лингвомәдениеттанымдық, когнитивтік аспектіде зерттелуі өз нәтижесін беріп келеді. Ал тілдік таңбалардың қызметі мен қолданылуы, мағыналарын танымдық деңгейде қарастыруды концептілік құрыльімдар арқылы талдаудың мәні зор. Олай болса, халықтың танымдық-әлеуметтік даму деңгейіне сай тілдің әрбір кезеңдегі даму барысын айқындауға негіз болып табылатын көркем шығармалардың, соның ішінде Абай мен Шәкәрім шығармаларының тілін когнитивтік аспектіде лингвистикалық зерттеудің өзектілігі дау тудырмаса керек, себебі қазақ тіл білімінде Абай мен Шәкәрім шығармаларына ортақ әлемнің концептуалдық бейнесі _ когнитивтік лингвистика тұрғысынан М.С.Баймаханованың еңбегінде алғаш рет арнайы зерттеу нысаны болып отыр.
Қоршаған дүниенің түрлі құбылыстары мен нәрселерінің өзіне тән жалпы мәліметтері бейнеленетін концептілердің пайда болу барысы жүздеген жылдарға созылып жатыр деуімізге болады. Әр ұрпақ
концептуалды жүйенің қалыптасуына, оны тексеріп, түзетіп, қорытып, ал кей кездері мазмұнын түбірімен өзгертіп, өз үлесін қосып келеді. Қазіргі уақытта кез келген концептіні әбден қалыптасып болған деуге ертерек. Олар үнемі өзгеріс үстінде, қатары күн санап толығуда.
Ұлттық тілде бейнеленген концептілер адамның жан-жақты әрекетін айқындайтын ерекше маркерлерге айналады. Әлемнің тілдік бейнесінің ұлттық болмысы әр этноста әртүрлі болуы этностың тәжірибесі мен біліміне байланысты. Өйткені тілдік таңбалардың таңбалаушы қызметіне адамдардың өмірден көрген-білгені, көңілге түйгені негіз болады. Концептіге ұғым енгенімен, ол ұғыммен ғана шектеліп қалмайды, сөзге қатысты барлықақпараттарды қамтып отырады. Сонымен бірге концептінің көрінісі сөз тіркесінде, түрлі дискурстарда, тұрақты тіркестерде, мәтіндерде жүзеге асады. Концепт мәдениеттің ментальдық ұясы болып саналады.
М.С.Баймаханованыңзерттеуінде шешімін тапқан мәселелер, ғылыми тұжырымдар мен пайымдаулар жалпы ғылыми пәндерде (мәдениеттану, елтану, этнография), жалпы бағдарламалардағы когнитивтік лингвистика, стилистика, мәтін лингвистикасы, прагмалингвистика, психолингвистика пәндерінің болашақта жаңа бағытта зерттелуіне, сондай-ақ практикалық талаптарды жүзеге асыру тәжірибесі жаңа ғылыми шешімдер табуға, бағдарламалар жасауға мүмкіндік береді.
Диссертацияларға қойылатын (Ғылыми дәрежелер беру Ережелерінің 8-10-тармағында және ғылыми қызметкерлердің тиісті мамандықтарының төлқұжаттарында) талап деңгейіндегі ғылыми нәтижелері.
Диссертация құрылымы кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиет тізімі берілген. Жұмыстың тараулары мен бөлімдеріндегі нәтижелерді жинақтап айтқанда, М.С.Баймаханованың «Абай мен Шәкәрім шығармалары тіліндегі тілдік дәстүр жалғастығы (когнитивтік аспектіде)» атты диссертациялық зерттеуінің қорытындысы бойынша мынадай ғылыми нәтижелерге қол жеткізілген:
Абай мен Шәкәрім шығармаларының ұлттық таным мен ұлттық құндылықтар жүйесін танытатын тілдік көріністері нақты тілдік деректермен дәлелденген.
Абай мен Шәкәрім шығармаларына ортақ негізгі концептілер жүйесі анықталған.
Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы әлемнің тілдік бейнесінің сипаты тірек концептілер аясында қарастырылып, олардыңтілдік моделіне талдау жасалған.
і, ал
ізіргі
фек.
кетін
сінің
мен
этіне
ады.
;өзге
тінің
эрде
іы.
ыми
ану,
ика,
тика
шық
>уға,
Достарыңызбен бөлісу: |