Ізденушінің диссертациясында тұжырымдалған әрбір нәтижесінің (ғылыми қағидасының), тұжырымдары мен қорытындыларының жаңалық дәрежесі.
Ізденуші халықтық лексиканың бір мол тарауы - аймақтық сөздерді жан-жақты мол қамтитын Қытай қазақтарының тіліне зерттеу жасай отырып, олардың құрылымындағы ұлттық болмысты қалыптастыратын тетіктерді анықтайтын тіл білімінің нәтижелерін ғылыми түрде пайымдап, шетелдегі қандастарымыздың сөз қолданыстарының лингвистикадағы орнына жаңаша баға бере алған.
Қытай қазақтары тіліндегі жергілікті тілмен қарым-қатынаста пайда болған аймақтық бірліктерге, фразеологизмдерге, шұғылданатын кәсібіне ^атысты кәсіби сөздерге талдау жүргізіп, олардың әдеби тіліміздің бай лексика-фразеологиялық қорын шебер пайдаланғандығын ашып көрсетіп, нақты мысалдар арқылы дәлелдеп берген.
Алынған нәтижелердің ішкі бірлігін бағалау.
Зерттеушінің материалды логикалық жақтан жүйелі беруі, зерттеу әдістемесі мен алынған нәтижелері, ғылыми әдебиеттерді талдауы тұрғысынан диссертация аяқталған, біртұтас, дербесғылыми еңбекболып табылады.
Ізденушінің қол жеткізген нәтижелерінің тиісті өзекті мәселені, теориялық және қолданбалы міндетті шешуге бағытталуы.
Диссертант ұсынған ғылыми талдаулар мен түйіндер тіл білімінің тіл тарихы, диалектология, стилистика, этнолингвистика салалары бойынша теориялық мәселелерді шешудің ғылыми негізі бола алады деп білеміз. Ізденуші тарапынан жасалған ғылыми тұжырымдарды қазақ диалектологиясы мен әлеуметтік лингвистикаға қосылған үлес деп тануға болады. Сондай-ақ қолданбалы мақсаттарды да жақсы өтейтіндігі дау тудырмайды. Жұмыс нәтижелері тіл білімі бойынша оқытылатын дәрістерді, арнаулы курстарды жүргізуде септігін тигізері сөзсіз.
Диссертацияның негізгі қағидаларының, нәтижелері мен қорытындыларының жариялануының жеткілікті толықтығына растама.
Диссертацияда көтерілген мәселелер халықаралық ғылыми-теориялық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда талқыланып, диссертация мазмұнын ғылыми жақтан ашатын әртүрлі жинақтарда 9 ғылыми мақаласы жарық көрген.
|