Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы



бет86/131
Дата19.12.2022
өлшемі2,16 Mb.
#58188
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   131
Жұмыс жоспарын құру

Курстық жұмыстың жоспарын жазуда арнайы бір реттілікті сақтаңыз. Алдымен, жобамен курстықжұмысжоспарын жазып алыңыз. Артынан өз қажетіңізге қарай өзгертуіңізге болады.


Жұмыстың жоспарын құру жауапты кезең болып табылады, себебі кез келген тақырып ерекше бағыттар алып, бірнеше нұсқада жасалуы мүмкін. Бірде теориялық бағыты басым болса, екіншісінде тәжірибелік жағына үлкен көңіл бөлінуі мүмкін. Кейде тақырыптың қазіргі жағдайы, проблемалық мәселелері және тарихы баяндалып қана қойылуы мүмкін. Курстық жұмыстың бағыты қолданылған көрсеткіштер мен тақырыптың ұйымдастырылу деңгейіне байланысты болады.




Курстық жұмыстың жазылуы

Курстық жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыптың мәні мен маңызы ашылып, зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері анықталады. Кіріспе 1-2 бетті қамтуы керек.




Бірінші бөлімде жалпы теориялық әдістемелік аспектілер негізінде ішкі бақылау жүйесін оқып-үйрену қарастырылады: элементтер бойынша бақылау ортасы, бухгалтерлік есеп жүйесі мен принциптері және элементтердің бөлінуі бойынша бақылау процедуралары, кпиент бизнесін тану сұрақтары, есеп тәуекелдік компоненттерініңжоспарланған

118


деңгейін және маңыздылықты анықтау. Сондай-ақ статистикалық, статистикалық емес сұрыптау және іріктеу әдістері қарастырылады. Алынған материалдар негізінде есеп бағдарлама құрылады.


Екінші бөлімде есептік деректер негізінде бухгалтерлік есеп және ішкі бақылауды ұйымдастыру тәжірибесі қарастырылып, шаруашылық процестері мен оның ақпарат көздері, құралдардың жеке түрлеріне жүргізілген есеп нәтижесі келтіріледі. Екінші бөлімнің әр параграфтары жұмыс құжаттарын тіркеумен аяқгалады және оларға талдау жүргізіліп отырады. Келтірілген ұсынымдар нақты және негізделген болуы тиіс. Үсынымдар жекелеген салалық кәсіпорындарда тәжірибе ұштастыру негізінде жасақгалып, баспасөз материалдарын немесе кәсіпорынның ішкі бақылау жүйесі мен талдау есебі жағдайын қарастырып, сонымен бірге ондағы жетіспеушіліктерді анықтайды.

Үсынымдар мен пікірлер есеп жұмысының жасалуы мен нарықтық қатынастарды байланыстыра отырып келтірілуі керек.




Үшінші бөлімде Заң күшіндегі салық заңдылықтары негізінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ерекшеліктері мен шаруашылық субъектінің қаржылық есеп беруіндегі шектеулер келтірілуі тиіс.

Курстық жұмыс 2-3 беттік қорытындымен аяқталады. Мұнда жазылған жұмыс бойынша қысқаша әзіндік ұсыныс, пікір келтіріледі.


Жалпы қорытынды бөлімде қаржылық есептің ұсынымдық тақырыптарға сәйкестігіне қысқаша баға беру, тақырыпты ашып көрсету мен бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйесін жетілдіруде автордың өз ұсынысы жазылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет