Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы



бет65/131
Дата19.12.2022
өлшемі2,16 Mb.
#58188
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   131
Пайдаланылған әдебиеттер:

1 Халперн Д. Психология критического мышления. Сер. «Мастера психологии». - СПб.: Питер, 2000. - 512 с.


2 Копжасарова У.И., Шакимова А.К. Развитие навыков критического мышления как средство совершенствования самостоятельной деятельности студентов. Һйр:/Лалаллл гизпаика.сот.




4.8 Ғылыми монография


Монография - бұл бір мәселеге немесе тақырыпқа толық әрі жан-жақты терең зерттеу жүргізетін, бір немесе бірнеше автор жазатын ғыл ыми жұмыс. Монографияның


ғылыми және практикалық деген екі түрі бар. Ғылыми монография дегеніміз - ғылыми мәселе бойынша

теориялықматериалжан-жақтықорытылыпжазылатыннемесетақырыпқа сыни тұрғыда талдау жасайтын, жаңа ғылыми тұжырымдамаларды жинақгайтын ғылыми-зерттеу жұмысы. Монографияда ғылыми басымдыққа назар аударылады, қоғамды жаңа ғылыми ақпаратпен



91


таныстырады, ғылыми, диссертациялық зерттеулердің негізгі мазмұны I

мен нәтижелерін жариялайды. I Ғылыми монографияның мазмұны тұтастығымен ерекшеленеді және I ол ізденушінің ғылымға қосқан үлесін көрсетеді, білікті ғылыми жұмыс ретінде қарастырылады. Мұндай жағдайда ол диссертациялық жұмысты алмастырады. Диссертация ретінде есептелетін ғылым докторы ғылыми


дәрежесін алуға жазылған ізденушінің жеке монографиясының көлемі жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласында 10 баспа табақган (160 бет), ал гуманитарлықжәне қоғамдықғылымдар саласында 15 баспа табақтан (240 бет) кем болмауы тиіс.




Ғылыми монографияның екінші түрі - бұл диссертацияның негізгі мазмұнын немесезерттеутақырыбы бойынша негізгіжарияланымдардың біреуін жарыққа шығару құралы болып табылатын ғылыми жұмыс. Оған мынадай талаптар қойылады:






  • тиісті мамандық бойынша екі ғылым докторының пікірлерінің болуы;

  • ғылыми-зерттеу мекемесінің немесе жоғары оқу орнының ғылыми кеңесінің ұсынымының болуы;

    • тиражы 300 данадан кем болмауы тиіс;




    • І8ВЫ халықаралық стандарттық нөмірінің болуы.

Диссертация мен монографияның арасында белгілі бір айырмашылықтар бар:


Біріншіден, диссертацияда автордың жеке өзі қол жеткізген ғылыми нәтижелері мен тұжырымдары мазмұндалады.


Монография - ізденушіге, сонымен қатар басқа да авторға тиесілі нәтижелерді, идеяларды, тұжырымдарды мазмұндайтын еңбек.


Екіншіден, диссертация жаңа ғылыми нәтижелерді, тұжырымдарды, деректерді мазмұндаса, ал монография жаңа нәтижелерден де, көпшілікке белгілі әдістемелік, техникалық шешімдер мен дерёктерден де хабар береді.


Үшіншіден, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласын қадағалау комитетінің талаптары бойынша диссертацияның ұстануға міндетті белгілі бір құрылымы мен ресімделу тәртібі болады. Монографияға мұндай талаптар қойылмайды.


Төртіншіден, диссертация - белгілі бір кітапханаларда шектеулі данада сақталатын қолжазба. Монография - бұл Қазақстанның кәсіби баспаларында типографиялық немесе басқа да тәсілдермен дайындалатын тиісті редакциялық баспалық өңдеуден өткен басылым.

Диссертация ресімделуі мен басылуы жағынан мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес орындалса, монографияның құрылымына ондай талаптар қойылмайды.



92


Ғылыми монографияның дәстүрлі композициялық құрылымы: титулдық бет, аңдатпа, шартты қысқартулардың тізбесі (қажет болғанда), кіріспе немесе алғы сөз, негізгі бөлім, тұжырымдар немесе қорытынды, әдебиет тізімі, қосымша, мазмұны.

Монография, ең алдымен, ғалымдарға арналады, сондықтан жарияланымның формасы мен мазмұнына жауап беруі керек. Монографияда материалдың толық және жан-жақты мазмұндалуы, негізгі идеялар мен тұжырымдардың берілу логикасы маңызды болып табылады. Монографияныңтарауларындаматериалдыңмазмұндалуына қойылатын талаптар басқа ғылыми жарияланымдарға қойылатын талаптарға ұқсас.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет