Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы



бет64/131
Дата19.12.2022
өлшемі2,16 Mb.
#58188
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   131
Рефлексия» сияқты үш кезеңнен тұратын базалық модель құрайды. Оқу
үдерісін осылайша жүргізу студенттердің білім алу мақсаттарын өздері анықтауларына, жаңа ақпаратты ізденуде белсенділік танытуларына, алынған ақпаратқа талдау жүргізіп, өз білімдерін толықтыруларына көмектеседі.

90


Ой қозғау кезеңінде студенттер өздерінде бар білімдерін көрсетіп, берілген тапсырма бойынша ұғымдарының бар екендіктерін білдіреді. Бұл кезеңде жұмысты ұйымдастыру студенттердің танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруға, берілген тақырыпты қарастырудың мақсатын айқындауларына мүмкіндік береді.


¥ғыну (тақырыптың мәнін түсіну) кезеңінде студент жаңа ақпаратпен жұмыс істейді, оны жүйелейді, жаңа және ескі ақпарат бойынша сұрақтар қоюды үйренеді.


Рефлексия (ойлану, ой толғаныс) кезеңі студенттерге жаңа білімді бекітуге және жаңа материал туралы өзінің алғашқы ойын өзгертуге мүмкіндік береді. Осылайша жаңа білімді игеріп, ойланып- толғануға, өтілген материалға өзіндік жеке көзқарасын қалыптастыруға болады. Бұл технология бойынша жұмыс барысында студенттер ақпаратпен жұмыс істеудің түрлі тәсілдерін меңгереді, пайымдау жасауға, ой қорытуға, өз көзқарасын қалыптастырып, оны логикалық дәйектермен дәлелдей білуге, өз ойын анық жеткізуге, қарсыласының сөзін мұқият тыңдауға және т.б. үйренеді.

Б.Блум таксономиясы сыни ойлау технологиясында қолданылатын тәсілдердің бірі болып табылады. Таксономия мәтінді оқытудың тиімді тәсілдер жүйесін қолдана отырып, сыни ойлауды дамытумен жалпылама таныстыруға, студенттерге дербес болуға, сыни тұрғыда ойлауға, оқуға жауапкершілікпен әрі шығармашыпықпен қарауға бағытталған әрі студентті топта серіктеспен жұмыс істеуге үйретеді. Блум таксономиясы мәтінге егжей-тегжейлі талдау жүргізуге, сыни пікір айта білуге, оқырманның өз тұжырымын білдіруіне бағыт береді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет