Динаева б. Б., Сапина с. М



Pdf көрінісі
бет55/119
Дата26.10.2022
өлшемі5,44 Mb.
#45403
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   119
Практикалық тапсырма
Берілген мақалаға қазақ, орысжәне ағылшын тілдерінде 
аңдатпа жазыңыз.
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА МӘТІНМЕН Ж¥МЫС ІСТЕУ ӘДІСТЕРІ 
АРҚЫЛЫ СЫНИ ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ 
(Б. Блум таксономиясы негізінде)
Бүгінгі таңда жоғары мектеп оқытушыларының азары студенттердің 
сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту идеясына бағытталған. Осыған 
сәйкес оқытудың жаңа инновациялық технологияларын сабаққа енгізу 
әрбір оқытушының басты мақсаты болып отыр, өйткені елімізге заман 
талабына сай қалыптан тыс ойлай білетін, шұғыл шешімдер қабылдауға
89


дайын тұратын, белсенді, шығармашылықпен және сыни тұрғыда ойлай 
алатын мамандар қажет. Сыни тұрғыдан ойлау оқытушы мен студент 
жұмысының тиімді болуында маңызды рөл атқарады.
Сыни ойлау - ойлаған нәтижеге жету үшін танымдық техникаларды 
пайдалану арқылы шығармашылықпен әрі қарай бағыттай ойлану [1, 
15]. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты 
айырмашылығы-білімніңдайын күйіндеберілмеуі. Сыниойлауды дамыту 
технологиясының түрлі тәсілдері оқыту әдісінің стандартты түріне мүлдем 
ұқсамайды. Мұндай сабақтарда студенттер өз бетінше білім алуға, бір- 
бірін тыңдай білуге, тұжырым жасап, ой қорытуға үйренеді, Оқытушы бұл 
ретте үйлестіруші қызметін атқарады: ол студенттерді сырттай бақылайды, 
студенттердің айтқан ой-пікірлеріне өз пікірін таңбай ғана талдау жасап
қажетжеріне түзетулер енгізеді. Осылайша бірлесіп жасалған жұмыс студент 
пен оқытушыны жақындатады, әрбір студенттің езін-езі бағалау деңгейін 
кетереді, студенттердің дұрыс ойлай алу әрекеттерін қамтамасыз етеді.
Сыни ойлау сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін мәселелерді 
айқындаудан басталады. Студентөзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды. 
Қазіргі кезде студенттің өз бетінше жұмыс істеуінің маңызы артты, себебі 
аудиториялық сағаттар көлемінің айтарлықтай деңгейде қысқаруы, осыған 
орай студенттің езіндік жұмысына (СӨЖ) белінетін сағаттың көбеюі 
студенттің ез бетінше білім алуы мен өзін-өзі дамыту қабілетін, ез бетінше 
еркін сыни ойлау дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді [2].
Қазіргі заманғы қарым-қатынас жағдайында қазақ тіліндегі ақпаратты 
оқып түсінуде, алынған ақпаратты жеткізе білуде сөйлеу әрекетінің 
айтылым, тыңдалым, оқылым және жазылым сияқты барлық түрін 
меңгерудің қажеттілігін уақыт көрсетіп отыр. Сейлеу әрекетінің барлықтүрін 
меңгеру деңгейі тілдік қарым-қатынас тәжірибесінде маманның тікелей ез 
мамандығы бойынша мазмұнды әдебиетті оқуымен, мақала, кітап, оларға 
аңдатпа жазу сияқты жазбаша ақпарат алмасуымен, конференцияларға 
тезис жазуымен, мекемелерде ісқағаздарын жазуымен т.б. тексеріледі. 
Сыни ойлау мен сөйлесім әрекетінің белсенділігін арттыратын әрі оның 
теориялық және шығармашылық ойлауын жетілдіруге бағытталған 
бұл оқыту технологиясы білім алушының сөйлеу мәдениеті шеберлігін 
қалыптастыруға бастау болады.
Сыни ойлауды педагогикалық кезқарас тұрғысынан белсенді, 
шығармашылық таным үдерісі ретінде қарастыруға болады. Бұл 
технология арқылы оқытушы аудиторияға берілген мәселені шешу 
тәсілдерін студенттерімен бірлесіп ізденіп, оқытушы мен студенттер 
арасында жағымды ахуал қалыптастыруға мүмкіндік беретін тиімді 
стратегиялар мен әдіс-тәсілдер жүйесін құрастыра алады.
Сыни ойлауды дамыту технологиясының негізін «Ой қозғау - ¥ғыну -
Рефлексия» сияқты үш кезеңнен тұратын базалық модель құрайды. Оқу 
үдерісін осылайша жүргізу студенттердің білім алу мақсаттарын өздері 
анықтауларына, жаңа ақпаратты ізденуде белсенділік танытуларына, 
алынған ақпаратқа талдау жүргізіп, өз білімдерін толықтыруларына 
көмектеседі.
90


Ой 
ңозғау кезеңінде 
студенттер 
өздерінде 
бар 
білімдерін 
көрсетіп, берілген тапсырма бойынша ұғымдарының бар екендіктерін 
білдіреді. Бұл кезеңде жұмысты ұйымдастыру студенттердің танымдық 
қызығушылықтарын қалыптастыруға, берілген тақырыпты қарастырудың 
мақсатын айқындауларына мүмкіндік береді.
Үғыну (тақырыптың мәнін түсіну) кезеңінде студент жаңа ақпаратпен 
жұмыс істейді, оны жүйелейді, жаңа және ескі ақпарат бойынша сұрақтар 
қоюды үйренеді.
Рефлексия (ойлану, ой толғаныс) кезеңі студенттерге жаңа білімді 
бекітуге және жаңа материал туралы езінің алғашқы ойын өзгертуге 
мүмкіндік береді. Осылайша жаңа білімді игеріп, ойланып- толғануға, 
өтілген материалға өзіндікжеке кезқарасын қалыптастыруға болады. Бұл 
технология бойынша жұмыс барысында студенттер ақпаратпен жұмыс 
істеудің түрлі тәсілдерін меңгереді, пайымдау жасауға, ой қорытуға, өз 
көзқарасын қалыптастырып, оны логикалық дәйектермен дәлелдей 
білуге, өз ойын анық жеткізуге, қарсыласының сөзін мұқият тыңцауға және 
т.б. үйренеді.
Б.Блум таксономиясы сыни ойлау технологиясында қолданылатын 
тәсілдердің бірі болып табылады. Таксономия мәтінді оқытудың тиімді 
тәсілдер жүйесін қолдана отырып, сыни ойлауды дамытумен жалпылама 
таныстыруға, студенттерге дербес болуға, сыни тұрғыда ойлауға, оқуға 
жауапкершілікпен әрі шығармашылықпен қарауға бағытталған әрі студентті 
топта серіктеспен жұмыс істеуге үйретеді. Блум таксономиясы мәтінге 
егжей-тегжейлі талдау жүргізуге, сыни пікір айта білуге, оқырманның өз 
тұжырымын білдіруіне бағыт береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет